Ерте тұру ерекшелігі мен қиындықтары..

Негізі таңертең ерте тұрсаң өте көп шаруаны бітіресің. Байқауымша неше түрлі табысты,іскер адамдар таңмен өте ерте тұрады екен. Ерте тұрсаң өзіңді жеңіл сезінесін, көп ісіңді жасап, өзіңе риза боласың. Бірақ мен ешқашан ерте тұра алмаймын. Аса маңызды бір жерге бару керек болса немесе емтихан болмаса қиын. Мен керісінше таңға дейін ұйқысыз отыра аламын. Талай солай таңды атырғам. Бірақ одан кейін басың ауырып, шаршайсың аздап. Таңертең ерте тұрудың тағы қандай пайдасы бар? Таңнан бастап жоспар кұрып, ойлануға болады, медитация немесе жаттығу жасап, жүгіріп келуге болады. Бүгін интернеттен таңертең қалай ерте тұруға болатынын іздеп көргем. Егер тағы біреуде сондай мәселе болса деп менде бөлісе кетейін деп ойладым. Сонымен:
1) Қандайда бір керемет себеп керек ерте тұру үшін. менде тек емтихан болмаса былай көп ештеңе әсер етпейді
2) Қатарынан 4-5 оятқыш қою керек.
3) Ерте ұйқыға жату керек.
4) Оятқышты сенен алыс жерге қою керек. Бір оятқыш шықты деп естідім, шырылдағанда жүгіріп қашады екен… сен сөндіру үшін қуып ұстап алу керек екенсің.Сондай алу керек.
5) Төсектен оятқышты ести сала атып тұру керек, ерінбей.
6) Таңертең өзіңе арналған сыйлық дайындап қоюға да болады екен. Мысалы, шоколад, тәтті торт секілді. Немесе киноның басын қарап, жалғасын таңертеңге қалдыру.
Сіздер ерте ояну үшін қандай әдіс қолданасыз? Мен осы әдістерді бүгіннен бастап қолданамын. Кімде сондай жағдай болды? Сіздер де бөлісе отырыңыздар.
Бөлісу:

39 пікір

askerbek
Интернет келгелі бері, ерте тұруды қойдық, нақ
izbasar
2) Қатарынан 4-5 оятқыш қою керек.
осы дұрыс емес-ау. Біріншісі, екіншісі, үшіншісі деп сеніп жата бересің.
madikon
ия бірақ 1-2-ін автоматты түрде өшіріп тастайсың да,3-не көңіл аударып бастайсың.
ken
Ерте тұрудан менде проблем жоқ. қанша кеш жатсам да тұра берем.
Будильнигiм шырылдайды. Оянам, будильниктi тоқтатам, тұрам.
Ең тиiмдi жолы просто тұра салу керек.))
beka95
бірақта, кеш жатып ерте тұру зиянғо. күнделікті режим бұзылады, сонымен қатар ішкі органдарға да әсері бар. мысалы мидың жұмыс істеу қабілеті азая бастайды. негізі Askerbek дұрыс айтады. интернет, компьютер келгелі ұйқы азая бастады. менде де ерте тұруда қиындықтар бар… түнімен интернетте отыру, таңертең ұйқы қанбай, көзді тырнап ашу… ыыы, аздап болсын режим жасап, ретке келу керек.)))
madikon
сол қалай қиын десеңізші...қаз 5 минут..қаз 2 минут… бір қарасаң неше сағат өтіп кеткен…
Daniar-Alan
Негізі таңертең ерте тұрсаң өте көп шаруаны бітіресің.
не дид?
madikon
мысалы сабақ оқып тастауға болады, ойыңа жақсы әсер ететіндей керемет кітап оқуға болады, көпқой.
Daniar-Alan
мен әдетте 7.30-ға қоям шырылдағышты. 8 ден 10-кеткенде тұрам  5-минут,5-минут деп жата берем … 9-25-те жұмыста болам… бастыққа обал-ақ…
madikon
енді бір рет болсада ерте сағат 5 немесе 6-да оянып қараңыз. сосын мен жазғандағыдай Your text to link... осыны орындап қараңыз. сол күн керемет болады.
Daniar-Alan
көргенмін 5-6 рет 5 пен 6-ның арасында тұрып  Просты онан соң қайта юхтап қалмау керек екен. Әйтпесе күні бойы белің ауырып жүреді.
пы-сы: ұйқы тәттірек…
asaubota
ерте тұруым өте қиын. бірақ бір темір себеп болған кезде қиналмай атып тұрамын.
madikon
анау әдістерді қолданып көріңіз.
Daniar-Alan
ал жеңгей ше одмин… шай қойып, шығарып салу керек қой?
asaubota
мен өзім оянбасам ешкім оята алмайды. тек пахан болмаса
beka95
хехе)) дәл айттың. паханның бір жоғары тонда айтылған сөзі болса болды, атып тұрамын хД))
qyzylordalyq_jigit
йопдгдк, 50-60 мың алатындар әлі де көп қо ел ішінде, емааа
qyzylordalyq_jigit
басқа тақырыпқа кетіп қалыпты
Barsa
Ұйықтар алдында әйеліме нешеде тұру керектігімді ескертіп қоямын. Кез-келген оятқышыңнан артық.
madikon
кереметсіз ғой… жеңгей оп-оңай ерте ояна алама?
007
түнде нешеде жатсамда таңертең 7 30 да автоматты түрде оянам соған қалыптасып алыппын демалыс күндері қиынырақ болады бірақ
Gastarbaiter
Вахтада бірден переключка кетеді. Күнде 5-30-да тұрамын.6-да машинада болам. 6-30 жұмыс.
Демалыста енді сот жоқ. Кейде түні бойы ұйқтамай, Таңертең күнді қарсы алып, таңғас ішіп 8-30 да бір-ақ ұйқтаймын
ademi_alem
Кейде түні бойы ұйқтамай, Таңертең күнді қарсы алып, таңғас ішіп 8-30 да бір-ақ ұйқтаймын
ужас ))))))))
Aidakonya
Унемi ерте турып алам сагат 5:30-дарда бугiнде мiне осы, барi уйыктап жатыр, а мен босам уже шай iшiвалып интернет шукылап отырмын, ерте туру и ерте уйыктау ауруынан айрыла алмай койдым
SaZhaM
Жалғыз мен осындаймын ба десем… Дәл осындай әдет менде де бар. Тіпті жексенбі күні де таң атпай тұрып аламын ғой. Бұрын студент кезімізде вешірден кейінгі таңда достарым ашуланатын еді, жатшы-ей деп…
Ұйқысына қарап адамдар бозторғай және жапалақ болып екіге бөлінеді екен. Соған қарағанда бозторғайға жатамыз-ау…
madikon
таңертең тұра алмай өліватқаннан сондай ауру жақсы ма деп қалам…
temir1986
Егер шаруам қауырт болса таңертең ерте тұра алам. Ал асығыстық болмаса сол 8 де дегендей. Бірақ бір көзім жеткені ерте тұрып қимылдап, шаруа жасасаң таңғы асың дәмді болады екен.
madikon
қалай оңай кеш дегенде 8де тұрасыз?????????????????
temir1986
егер бесте тұрам десем бесте тұрып жүре берем
madikon
қандай әдіс қолданасыз????
Adiletshu
Таңертең тұру проблема. Кейде 12-1-ге дейін ұйықтаймын. Ертең бір жаққа барам деп пландап қойып, таңертең нуинақ деп жата берем
madikon
 таныс жағдай…
bazuka
жеті он бес пен жеті жарым аралықта тұрам ұйқыдан.
007
Мана сайттарды ақтарып отырып бір мәліметке көзім түсіп кетті… Насыбай атса ұйқы қашат дейді ертеде жылқышылар түнде ұйқтап қалмас үшін насыбай атқан дейдібірақ жиіркенішті
сілтеме dinislam.kz/publ/nasybaj_atyp_ulanu_adamdardy_densauly_ynan_ajyrady/12-1-0-521
madikon
қойш ужс қо, қалай ерте тұрғым келсе де насыбай атпас едім… бір рет атам тартқанын көргем насыбайды… бір километрден қаштым… иісі кәпір.
007
шалдар неге әтештен ерте тұрып алатыны енді белгілі болған сияқты