Тамаша сылтау айтуда өнер

Сылтау айту да өнер
Кейбір адамдар сылтау айтпақ түгілі, сөз айта алмай қалады.Ал басқалар сөз ептілігімен сылтауды шынымен болғандай айтып сендіріп жатады.Мәселен сен сабақтан немесе жұмыстан кешіктің сол кезде қандай сылтау қолданамыз қә бастадык бөлісе отырайық
Әрі қарай

Қазақ тілі жайлы кішкене ойым

Сәлемім сіздерге «Керек инфо»! Тіл туралы жазғым келді.Қазақ тілі жайлы.Жалпы, адамзаттың тілін әр түрлі тұрғыда қарастыруға болады.Мысалы, «тауар» есебінде.Егер тауар сөреде тұра берсе, не болады?Әрине, сақталу мерзімі өтіп кетеді, пайдалануға жарамай қалады.
Сол сияқты,"Қазақ тілін" тауар ретінде қарастырсақ, тіліміз сұранысқа ие ме?Қаншалықты сұранысқа ие?Қандай салаларда аз қолданылады? Неге ол салада қазақ тілі дұрыс дамымай жатыр?
Сіздің ойыңыз қандай?
Әрі қарай

Қай жерімді көрсетейін?

Қарағандыда Қайрат деген лирик ақын бар. Жүрісі де, тұрысы да періште. Сол Қайраттың келіншегі босанып перзентханаға түседі. Қайратта ес жоқ, жарты Қарағандыға жар салып қойған. Күнде артынып-тартынып презентханаға келеді. Қайраттың келіншегі де мәз. Жас ана нәрестесін емізіп отырса, палатаға дәрігер жігіт кіреді. “Сіз бе, бәленшекең”,-дейді ақ халатты абзал жан. “Йә, менмін”. Хал-жадайыңыз қалай деп сұрастырады дәрігер. Әдеттегі процедруа. Келіншек дәрігерге: “Төсімді көрсетейін бе?”-дейді. Жо-жоға деп азар да безер болады дәрігер. “Онда астымды көрсетейін бе?”-дейді ыңғайланып. “Мен Қайраттың жолдасымын, атым Жанат, осында практикаға келгем. Қайрат тапсырған соң кіргенім ғой”,-депті жас жігіт қызарақтап.
Әрі қарай

Еден жуушы дәметіп қалмасын

Бір жылдары оқытушылықтан кетіп басқа жерден нан тауып жегем. Сол кезде болған оқиғаны әңгімелеп берейін. Сегізінші наурызда ер қызметкерлер әдеттегідей мерекелік дастархан жайды. Әдемі-әдемі тілектер айтып, тәтті-дәмдіден ауыз тиіп, “жырғап” отырмыз. Бір уақытта бастығымыз Жәкең:”Мына Исекеңе (орынбасары) қыздарды құттықтағалы отырмыз, ана еден жуатын келіншектерге де сыйлық алайық, құрметімізді білсін деп едім, Исекең “И гүл!” деп қосты, ер екен»,-деді әңгіме бастап. Дүкен аралап жүріп Исекеңе осы еден жуушыларға қорап кәмпит пен торт алсақ қалай болады деп ақылдасып ем, бұл кісі баяғы әуеніне басып “И гүл!” дейді. Исекеңнен қайран жоқ. Еден жуушыларға ыдыс-аяқ сервизін сатып алып тұрсам, ол “И гүл!” дейді танбастан. Исеке, гүл әпергеніміз қалай болады, басқаша түсініп қалмай ма? Еріндерін қып-қызыл ғып бояп ап, күнде кабинеттен шықпай жүрмесін деппін сасқанымнан”,-деп күлдіргені бар.
Әрі қарай

Түнгі кезектегі медбикелер ермегі. Әзіл

Студент кезімде дұрыс тамақтанбай, асты талғамай тамақтанғандықтан уланып аурухана түстім.
Хәлім жаман. Арнаулы палатаға жатқызыпты. Есімді еміс-еміс білем. Көз алдым тұман. Дәрігерлер дауысы күңгірлеп естіледі.
Үнемі жарық бөлмеде жатам. Күн мен түнді шатастырып алдым. Бәрі тынышталған уақытта аяқтың бас жағын бір нәрсе қытықтатып мазалай бастады. Қытықтың келуі де кетуі тез (3-5 секундтай лезде басылып қалады). Екі-үш тәулік өтті. Есіме келе бастадым. Аяғымның бас жағының қытықтың келуіне «не себеп?» деп ойлана бастадым.

Сөйтіп «аяғымның бас жағын не қытықтатады?» деген оймен жатқанда медбикенің дауысы шықты. Көзім жұмулы ұйықтаған болып жатырмын.
-Әне біреудің аяғы дәл менің жігітімдікіндей болатын шығар, -ішімнен ойланып жатырмын, "қызық, менім аяғым кімдікіне ұқсас екен?" деп. Көп кешікпей жауап алдым. Сөйтсем түнгі кезектегі медбикелер тоқыма тоқумен шұғылданыпты. Күйеулеріне тоқып жатқан жүн байпақтарын аяғыма кигізіп өлшеп жүріпті.

Бір жеті бойы аяғымның бас жақтары осылайша қызмет еткені (есіме түскен сайын тер шығады еріксіз). «Медбикелерді ренжітпеймін» деп қаншама аяқ табаныма қытық келсе де үндемей шыдап қозғалтпай жататын болдым

Пікір: «Мен мәйітханаға апарар алдында бирка тағып жатыр ма деп, зәре-құтым қалмай оқыдым аяғына дейін.» satibaldi
Әрі қарай

Әйел тағдыры. Алтынай

Жұмыстан кешеуле шығып қалдым, қара күздің кеші. Түн басы. Аспанды қара бұлт басқан. Түстен кейін түйілгеннен кейін себездегені болмаса, ауырлап төңіп тұрғаны. Қала көшелерінің ығы, желден сақтағанымен күздің түнінің суығынан сақтамайды.

Көшенің сол жақ бойымен биіктігі екі метр кірпіш қабырға созылады. Оң жағында ескі үйлер. Өскеменнің тар көшелеріңің бірі. Дәл машина жүретін жол шетімен жүргенің. Машина жүргізушілеріне сенесің, алдыңнан тура шықса қашарыңа жер жоқ. Оның үстіне бүкіл көшенің үш жерінде басында, аяғында, орта шеті жарықтандырылған. Жарық деген аты, сарғайып тұрған шырақтар. Жұмыс бабы болмаса, немесе жағдай келмей арзандау пәтер демесе өзіме тұрғылықты пәтерім бұл маңайдан жалдамас едім. Осы маңайдың үйлерінің ауласын күндіз қиып өткенде де онша ұнатпайтынмын, жаң-жағынды біріне-бірі іргесі түйіскен бес қабатты Хрущев заманының үйлері, өзіңді қамалып қалған секілді сезінесін. Осы маңай қала бойынша тынышсыз болып саналатын. Сондықтан болар кірпіш қабырғаны жағалап жүргенді жөн көрдім.

Көше қаланың орталық проспектісіне түйісіп аяқталады, оның бойымен трамвай, автобус жүреді. Маршруттық автобустың соңғы рейсіне асығыспын. Шапшаң аяғымды басып жүріп келем. Көше соңы көрінеді, бағаннан үстінен жанған шамнан жарық түскен жерден өтіп бара жатқанымды пайдаланып қолсағатқа қарадым 20:50. Сағат 21-00-ге дейін автобус аялдамасына жетуге тиіспін, әйтпегенде автобусқа үлгермеймін.

Көше соңындағы үй проспект бойындағы үймен бұрыш жасайды. Бір-екі қадам жасап оң жаққа бұрылып көшені қиғашынан қиып өтіп проспектке шығам, алдымда автобус аялдамасы, автобусқа үлгеретін шығармын. Көшені қиғаштап өте бергенде соңымнан:

-Парень, остановись, можно Вас..-деген дауыс шықты.

Көшенің ар жағынан өтіп барып соңыма қарадым.

Қараңғыдан әйел адамның сэлуетті бөлініп шығып маған қарай бет алды. Кідіріп тоқтағанға қорқасың. Кім мүмкін кімдер қандай оймен тоқтатқалы тұрғанын кім біледі. Теріс айналып қадамымды жеделдете бергенімде.

-Пожалуйста, помогите, -деді, аяғының алысы шалынып жүргендей болды.

Шынымен көмек сұраған болып көрінген соң, тәуекел етіп әйел адамды тосып алдым. Орта бойлы қазақтың келіншегі.

-Помогите, можно позвонить, единицы есть, у меня телефоне батарея села.

Қолында ұстаған телефонын маған ұсынды. Орысша таза сөйлегенімен қазақ тілін білетінін байқаған соң.

-Телефон бар, бірақ бере алмаймын SIM картада пароль тұр, оны жатқа білмеймін, -дедім.

-Вы тогда, мені таксиге салып жіберіңізші.

-Асығыспын.

-Көріп тұрсыз ғой, мен маспын, жаңа ана үйдің ауласында жігіттер мені машинасына сүйреді.

Біраз кідіріп не айтар, не істерімді күтті де, тыңдауға көңіл бөлгенімді байқаған соң, әрі қарай ойын жалғастырды.

-Үйде мамам күтіп отыр, бағана қайтып баруым керек болғам, менде ақша бар, -деп иығына асылған сумкасына изеді, -таксиге салып жіберіңізші, сіз жақсы адамсыз ғой, мен көріп тұрмын, -деді. Сөзі өтті, проспектке бойына шығып таксилерді қарастыра бастадық, бірақ такси таба алмадық. Келіншек:

-Пиво ішесің бе?

-Жоқ, ішпеймін, -екі көзім жан-жақты шолу үстінде.

Келіншек тоқтаусыз сөйлей берді.

-Менім сумкамда үлкен пышақ жатыр, -дегенде бетіне тура қарадым, көңілім оған ауғанын байқап, ойын жалғастырды.

-Повар болып істеймін, құдашамның үйіннен келем, салат жасап беруге шақырған, құдаларын күтіп жатыр, құдаша салат жасағанымды көріп «қолың қимылына көз ілеспейді» похваливает словами, мен арақ іше алмаймын, қазақтарды білесің ғой, коньяк іштірді, басыма шығып кетті, сен мені тастамайсың ғой, -үндемедім тек қасына еріп жүре бердім.

Айтқан сөздерінен тұратын жері бір-екі аялдамалық жер екені белгілі болды. Алдымыздан трамвай тық-тық етіп өте шығып жүрісін баяулатып тоқтады да жолаушыларын түсіріп әрі қарай жүре берді. Трамвай тоқтаған аялдамадан әрі қарай өттік. Жекеменшік үйлер арасына кететін көшеге тура шықтық.

-Мен мына көшеде тұрамын. Мамам айтып қояды «менім көзім тірі жүргенде күйеуге шық» деп, мені кім алады, екі балам бар, күйеусіз он жыл тұрамын.

-Сенің жасын нешеде?

-Отыз екіде.

-Патцан екенсің, мен отыз сегіздемін –дей бергенде арт жағымыздан бізді қуып жетіп алған еркек дауысы:

-Алтынай сенбісің?

Біз тоқтап қалдық. Келіншек:

-Көршім ғой, онымен ары қарай барам, -деп. Қасымызға келген еркек қолтығынан ұстап жүре берді. Теріс бұрылып кері қарай жүре бердім, тек еркектің бір сөзі құлағымды шалып қалды –«монша жағып қойдым» деген, жол-жөнекей естілген сөз ойдан шықпай біршама жағдайды көз алдыма суреттеді.

Осы оқиғадан кейін біраздан соң екі баласы бар отыз сегіз жастағы әйелге үйлендім. «Бақыт не екенін білмептім, бақытты болғым келеді» деп қолын созған еді.

Жалғыз басты әйелдер тағдырлары елдің тағдыры болып кетпеске кім кепіл. Жандары татулығы жоқ елде не болмақ. Әке-шешесін бірге көрмеген бала не болмақ. Кеткен бе біздің бойдан татулық?
Әрі қарай

Әйел жақсы бітірсе - ұл табады

Әйелдер мен еркектердің табиғатындағы айырмашылықар туралы айтпаған ауыз, жазбаған қол қалмады. Ал сол айырмашылық дүние есігін ашқаннан да емес, одан ерте, әкенің белінде жатқан шақтан тамыр алады екен.
Әрі қарай

ЖАСТАР ПАРЛАМЕНТІ


Жастар қашанда елдің басты күші болып саналған. Олар ел саясатына белсенді араласуы керек, ел экономикасына қызығушылық танытуы тиіс. Осы мақсатта 2003 жылы құрылған Жастар Парламенті бүгінгі күнге дейін өз қызметін жүйелі түрде атқаруда. Аталмыш ұйым Қазақстан Республикасы Парламентінде практикадан өтетін жас студенттердің осы ісін ары қарай жалғастыру мақсатында құрылған. Яғни, Жастар Парламентінің мойнына артылған жүк, ҚР Парламентінікінен кем емес. Құрамы Төраға, Спикер, Аппарат жетекшісі, сонымен қатар олардың кеңесшілері мен орынбасарларынан құрылған топ, бірнеше шаралар мен айтулы істерді де атқарып үлгерді. Ең алғаш Жастар мәслихаттарына сайланғандардың 64 пайызы — ерлер, 8 пайызы -жұмысшы жастар, 14 пайызы-ауыл жастары, 41 пайызы-жастар ұйымдарының өкiлдерi болған.
Жалпы Жастар Парламенті немен айналысады? Жастар Парламенті елімізде қабылданып жатқан заңдарға араласуға, сол жайында өз пікірін білдіруге, оны талқылауға құқылы. Мәселен, ҚР Парламентінің талқылауға берген заңдарының арасында «Жастар саясаты туралы», «Тауар биржасы туралы» заң жобаларын және т.б. атап айтуға болады. Бір сөзбен айтқанда, Жастар Парламенті –еліміздегі бүкіл жастардың ойын, көзқарасын, қалауын, ұсынысын билікке жеткізуші ұйым. Ол Қазақстан жастарының заң шығаруға араласуына тікелей жол ашады. Сондай-ақ, бұл ұйым қайырымдылықпен айналысады, жыл сайын еліміздегі өзгеде студенттік ұйымдармен дөңгелек үстел, конференциялар өткізіп тұрады.
Бұл ұйымға кез келген 18 жас пен 29 жас аралығындағы ҚР азаматы мүше (депутат) бола алады. Жастар Парламенті Депутатын сайлауда оның жеке сипаты, яғни жынысы, ұлты, діні т.б маңызды фактор болып табылмайды.
Әрі қарай

Ата-әжеммен сұхбат

Алдымызда 9-мамыр жеңіс күні келе жатыр. 1941-1945 жылдар аралығында біздің ер-жүрек батыр аға-апаларымыз ерлік көрсетті. Сол көрсеткен ерліктері біздің мәңгі жүрегімізде қалады. Менің атам мен әжем де соғысқа қатыспаса да, көрген адамдар.Атам мен әжемнен өзім сұхбат алған болатынмын.
Атаммен сұхбат: Мен соғыс басталған кезде 9 жаста болатынмын. Менің әкем балықшы еді. Әкемді соғысқа шақырды. Мен оны өзім шығарып салдым. Адамдар біреулер әзілдеп жатыр біреулер жылап жатыр. Сосын атымды жетектеп үиге қайттым. Үйге келсем үйдегілер жылап жатыр екен.Менде қосылып жыладым. Сөйтіп ұйықтап қалыппын.
Әжеммен сұхбат: Кішкентай кезімде үстімізден бомба түсіп кетпесін деп қорқатын едік. Кешке жақын терезелерді есіктерді жауып қойамыз. Шамды сөндіріп ұйықтаймыз. Үстімізден қарға сияқты самолеттер зуылдайды. Бір кезде сарт еткізіп бомба құлайды. Бомба түскенде терезе сынып кете жаздайды. Кешкі тамаққа не жейміз деп ойлайтын едік. Үйдің қасында балық завод бар еді. Содан 3-4 балық сұрап жейтін едік.
Осылай ата-әжемнің қалай қиналғандарын білдім. Елімізде тыныштық орнасын. Ешқашан соғыс болмасын. Бәріміз бейбітшілікте өмір сүрейік.Қазақстан Алға!!!!!
Әрі қарай