Қандастар сайтына қадам тастаңыз

Төрткіл дүниедегі барша қазақтар тіл табысып, ой ортақтастырып, ұлтымыздың ұлттық құндылықтарын одан ары тереңдетсе деген тілекпен Қандастар атты сайтты күзден бастап іске қосқан едік.
Түркілік түсті бастан кешірген қазақтың тарихы, мәдениеті, әдебиеті көркемдік идеялық нәрімен, эстетикалық қуат тегеурінімен қоғамдық әлеуметтік және тәрбиелік терең мән-мазмұнымен ерекшеленетіні ақиқат. Олай болса халық еншісіндегі бұл сайтымыз да осы құндылықтарымыздың бояуын солғындатпау мақсатында қандастарымыздың қазынасы болмақ.
Қандастар сайтының басқа сайттарға қарағанда бір ерекшелігі қолданушы қатарна кірген, яғыни, сайтқа тіркелген әр қандай қандасымыз өзінің көкейінде жүрген ойларын сайт мазмұнына қоса алады. Сондай–ақ, түрлі жаңалықтар мен қатар, дүниенің төрт бұрышында жүрген Қандастардың әдеби, мәдени, жақтарындағы түрлі мәтериялдарды көре аласыз. Сонымен қатар. Ұнтаспа (mp3) Бейне клиптерді (mp4) де көре аласыз. Сондай-ақ шетелдегі, еліміздегі қазақтың ақындар айтысын да тамашалауларыңызға мүмкіндіктерңіз бар.

Қандастар сайтына кірем
Әрі қарай

Euro 2012 Fantasy Football ойыны басталды



Euro 2012 турнирінің басталуына 60 күн қалды. Еуропа Чемпионатын одан сайын қызықты қылу өз қолыңызда. Фэнтези ойынына қатысып, өз командаңызды құрып алсаңыз чемпионатты қарау қызықтырақ болады. УЕФА биыл да жанкүйерлерге Фэнтези ойынын ұсынуда. Ойын тәртібі бұрынғыдай, сізге берілген виртуал ақшаға футболшылар сатып алып, өз командаңызды құрасыз. Олардың ойын барысында жинаған ұпайлары сіздің командаңызға жазылады. Үздік командаларға бағалы сыйлықтар беріледі. Мысалы SHARP 3D-теледидары, Blue-ray плеері, adidas-тан Predator аяқкиімі, Canon PowerShot камерасы және т.б сыйлықтар.

КерекИнфо да осы ойын ішінде өз лигасын құрады. Өзара жарысатын боламыз.

Толық ақпарат: ru.euro2012fantasy.uefa.com/
Әрі қарай

Қарағандыда жаңа тұрғызылған үй құлады.

Кеше түскі 12 шамасында Қарағанды қаласында жаңадан салынған (элитный) тұрғын үй құлап қалған.
Бұл қиын заманда ең басты проблема баспана мәселесі болып тұрған кезде қаншама адамды баспанасынан айырған кім?
Құлаған үйдің шығынын кім қайтарады?
Кінәлілер қазір қайда?
Бейшара қарапйым халықтың күйі не болмақ деген сауал еріксіз әркімнің ойына келер.
Құлаған үй





Мұндай жағдайды көрген адам жаңа салынған үйден пәтер алу қорқыныш тудырады екен. Сан бар жерде сапа бар деген желеумен осындай үйлердің қаншасы тұрғызылды. Әлі қаншасы тұрғызылады…

Хан Шатыр. Кептер. Дуэт.

Кеше кешкісін дүкен аралау мақсатында Хан Шатырға барған едік. Қыздар, жақсы скидкалар болып жатыр. Викусь, сен была права)))) Тағы бір заход жасау керек боп тұр))) Ақша бітіп қалды кеше)))
Әрі қарай

Өнерпаз квн командасы

“Өнерпаз” КТК Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының актер шеберлігі мен журналистика мамандығы оқушыларынан құралған ұжым. Команда 2009 жылы құрылып, содан бері өз шеберліктерін шыңдап келеді.Атырау қалалық мектеп лигасында өнер көрсетіп, азулы клуб ретінде танылып қалған ұжым, енді Республикалық лиганы бағындыруды мақсат етуде. Команда мектепаралық лигадан басқа, аудандық КТК сайыстарында барып олжа салып жүрді. 2010 жылы Құрманғазы ауданының әкімі кубогын иеленді.2011 жылғы Атырау қаласының мектеп аралық чемпионы атанды.
Әрі қарай

Барымта

Білә, Елемес өз-өзінен оянып кетті. Көзін іріңнен ажыратып қараса көрші қатыны шашына қылқынып жатыр екен. Содан жүрегі елжіреп бір нәрсені сезгендей апыл тапыл киіне бастады. Содан зытып сыртқа есікті теуе-меуе шыққандағы байқағаны, қашанда көзіне бірінші түсіп кететін тау баласы Ұрыпсоқтың құйрығы қимылдамағанын шегір көзі байқап қалды. Сойти сума болған Елемес иттің тамырын ұстауға мұршасы келместен малдың қорасына ата жөнеліп барса, есік айқаракөз ашық тұр. Жас тезектің соңғы буы ләмішкені жанамалап бара жатқанын көрген пірәдардің қолы қойнына бір тал сөверенді шығарып, екінші қолымен артын қаси бастады. Миынан келген ақпар негізінде бұның түсінгені жылқылары бір жаққа кетіп қалған немесе біреу алып кеткен.
… Көк түтін будақтаған бөлмеде ләмішкінің әлсіз сәлесінен үшеудің сұлбасы байқалады. Жамбасын ауыстырған біреудің саңылауынан бір жартының шылдыраған даусымен қатар:
— білә, штаттағы Елемеске қонақ боламыз ба сонымен!
— зайбалы Сен қорқып тұрсың ба не?
— Жоға, просты обал ма деп тұрмын!
— Солай десиш одан да итіңдіс.
— білә, ана итке беретін қоймалжыңның гәрәнтісі бар мед сукі?
— бар ей, бұқтамаса келген деген анарыжақсы.
Таңертең үш қара қара сораның арасында екі басты жайғастыра бастады. Аракідік жартылықтан бір айналдырып, сабаздарың сасар емес. Артымен келген мәшінеге тауарды артып, көз ұшында қызыл свет ақырында кішірейіп шегір көзден ғайып бола бергенде, штаттың шетінен күнсұлу шыға келді.
Күнсұлу қызған шақта қан шашыраған жерде үймелеп жүрген полицейскилер Олардың «Бонд» деген темекі шегетінін анықтап хаттама түзді.
Ұрыпсоқ қалың ұйқыдан үш күннен кейін оянып басы сынғанымен бәрібір Елемес оны жұмыстан шығарған жоқ. Себебі кеткен малда қайран жоқ екенін сезген болу керек…
Әрі қарай

Сайлау

4 март «День выборов президента Российской федераций». Самизнаетктоны сайлап жатқанын білеміз бәріміз. в общем Алматыда болып қалғаннан кейін жандосова төртке бардым. шамамен 1 сағат өчередьте тұрдым. ішке кірдім. онда тағы 15-20 минут очередь. избирательный участоктың ішіне кірдім. сол жақта отырған кісіден фотоға түсіруге болама деп сұрадым. «А вы кто? — Я пришел голосовать». избирательдерді түсірмесеңіз болады деп, әйтеуір рұхсат берді.
Әрі қарай

Жүректің жалынымен сүйгізе алмағанның несі жігіт...

Шынымен болып жүрсе жаның ғашық,
Сен маған жалынбашы, табынбашы,
Ер мінезді жігітті ұнатады
Осы бір қарындасың.
Сен менің жүрмеші әсте "құлым" болып,
(кей әйел жақсы көрер ерлері жағынғасын,
Менің мұндай аурудан жаным қашық).
Онсыз да өзіңсің ғой барым асыл,
Онсыз да өзің менің қанымдасың, жанымдасың,
Ешқашан саған деген ақ жанымды
Қалмайды сағым басып.
Орынсыз маған, жаным, иілмеші
Ер жігітке лайық мұның несі!
Және де керек емес жиі әкелген
сый -сауқат, киім кешек!
Менің ең жек көрерім- жасандылық,
Сүйерім-ащы шындық. Тұрса дағы ол
Көзіме бей уақытта жас алдырып.
Қалдырма тілегімді тасаңда ұмыт.
Әдемі сөздер айтпа есілдіріп,
Кінәң болса жүресің несін бүгіп.
Тек шындықты кел — дағы — кешірім күт!
Жағынба сен!
Жүректің жалынымен сүйгізе алмағанның несі жігіт!
Сен маған әзіл айтып күлемісің,
Жанымда қамқоршым боп жүремісің?
Сағынып алыс жолдан келемісің?
Алғашқы ардай таза тілек үшін
Тек шын болсын әр ісің — керегі сол.
Сонда мен шын мәнінде серігіңмін,
Сонда мен сіздің үйдің келінімін.
Сонда мен жайсаң көлдің жағасымын,
Өзіңдік сонда менің бар асылым!

Фариза Оңғарсынованың осы бір «Тілек» өлеңі жаныма, табиғатыма жақын. Жігіттердің ер мінезді, өр тұлғалы болуларын мен де тілеймін. Олардың әйелдерден бір саты жоғары тұратынын барша әйел заты мойындайтыны белгілі.
Бір айтыскер ақын қарсылас қызына "ұрысыңызбен ұтқаныңызбен, жынысыңызбен бір саты төмен тұрасыз"-деген екен.Осындай жігіттер көп болса игі. Менің тілегімді де орындайтын жігіт бар екеніне сенемін, күтемін, күтудемін…
Әрі қарай

Адам қасиетін тусінбеу неге жеткізеді?

Күндердің күнінде жайық жағалауында таза ауамен тыныс алып жүрдім.Бір екі жастардың бір-бірімен ұрсысып жатқанын көрдім. Сыртқы келбеттерінен қарасам, екеуі әлемдегі ең тату жұп секілді.Содан екеуінің керісіп жатқан сөздерін шала естіп, ішімнен ойландым. Шіркін осылар танысқанда бір-бірін ұнатты, сүйді бірақ ішкі сырын білмеді.Оның себебі жүрек лүпілін тыңдамауы шығар. Әлде мінездері жағынан ба екен? Жоқ. Олар үнемі сөйтіп бет жыртысып қалған болар.Екеуі ертен үйленсе, отбасы құрса, ұрысқан әртүрлі оқиғалардың бәрі артта қалмақ.Мен ойлаймын қазіргі кезде қанша жұрт ажырасып тынып жатыр. Неге? Бұл мәселе қараусыз қалады.Тіпті ойыма не келіп кетті?! Мүмкін бір-бірін сүйседе отбасы құрған ол адамның бақыты емеспе? Өйткені әрбір жанның өмірдің мәні қызығы отбасының тату тәттілігі.Осы кезде отбасын құрған адамдар жүрек мейірімдері жарысу үшін демек тәрбиенің өсуінен шығар.
Әрі қарай

кофе.

Кофені мүлдем ішпеймін дейін десем, айына, екі айда бір рет Латте мен капуччиноны ұрттап тұрам, ал енді ішемін дейін десем, кофеішкіштердің күлкісін келтіргім келмейді. Бірақ, бізде, кез келген кофеханада кофені дұрыс дайындамайтын сияқты. Сосын, мұз қосылған, десертке жақындай кофе мүлдем кезіктірмедім. Жалкое подобиелері бар әрине, анау жаман жаман кофе қиқымынан жасалған сусындарды кофе деп айтуға келмейді.
Әрі қарай