кофе.

Кофені мүлдем ішпеймін дейін десем, айына, екі айда бір рет Латте мен капуччиноны ұрттап тұрам, ал енді ішемін дейін десем, кофеішкіштердің күлкісін келтіргім келмейді. Бірақ, бізде, кез келген кофеханада кофені дұрыс дайындамайтын сияқты. Сосын, мұз қосылған, десертке жақындай кофе мүлдем кезіктірмедім. Жалкое подобиелері бар әрине, анау жаман жаман кофе қиқымынан жасалған сусындарды кофе деп айтуға келмейді.
Төмендегі кесте кофемандар үшін пайдалы болар.
Бөлісу:

11 пікір

ken
күніге ішіп жүрген кофемнің ыдысының сыртында «кофе» деп жазылып тұр. егер ол кофем кофе болмаса, онда неге сыртына кофе деп жазып қойған?
Aizhantabyn
кофе деп емес, кофейный напиток деп тұрған жоқ па?
Marationok
кофе сусыны ол кофенің дәндерінің былайша айтқанда дәндерден қалған қоқысты қайнатады да, көбігін алып, кептіріп, түйіршікті кофе ретінде бәнкіге жабады
satibaldi
айына, екі айда бір рет Латте мен капуччиноны ұрттап тұрам
Ал терезеден Елисей алқабында әрі-бері қыдырыстаған мадамдар мен мүсүйелер көрінбейтіні қандай өкінішті
Нескафе, пакетигі 20 теңге, и нечего тут ғылым устраивать
Aizhantabyn
сіз де арақ ішіп отырғанда,қызыл алаңда жүрген «суровый» мұжықтар көрінбейтіні қандай өкінішті!!!
salta
мен кофені өте жақсы көремін. Айжанның айтқандары дұрыс, кофе жасай алатындар аз, дегенмен де Астанада бір-екі жерді білемін, керееееемет дайындайды. КофеНовва деген кафеде мысалға… ал, пакеттегі кофені жаным жек көреді, бірақ кейде ішуге тура келед))))
Aizhantabyn
нескафенің кофесі мүлдем ұнамайды. анау джейкобс деген ниче так.
Gastarbaiter
Дарақы Назғұл ағай айтты тақырыбы кіші әріппен жазылған жазбаны оқысаң, «концлагерьдің түбінде шірисің» деді.
Қорқып отырм
Marationok
Өзіңіз кофенің дәндерін сатып алып, даяламайсыз ба кофені?
sigma
Үлкен бокалға тең қылып су мен сүт(3.2%) құйып, екі қасық ұнтақ қант, екі қасық тез еритін кофе ұнтағын салып, әбден араластырған сұйық не деп аталады? Мен сондай ішем жұмыста.