Қандастар сайтына қадам тастаңыз

Төрткіл дүниедегі барша қазақтар тіл табысып, ой ортақтастырып, ұлтымыздың ұлттық құндылықтарын одан ары тереңдетсе деген тілекпен Қандастар атты сайтты күзден бастап іске қосқан едік.
Түркілік түсті бастан кешірген қазақтың тарихы, мәдениеті, әдебиеті көркемдік идеялық нәрімен, эстетикалық қуат тегеурінімен қоғамдық әлеуметтік және тәрбиелік терең мән-мазмұнымен ерекшеленетіні ақиқат. Олай болса халық еншісіндегі бұл сайтымыз да осы құндылықтарымыздың бояуын солғындатпау мақсатында қандастарымыздың қазынасы болмақ.
Қандастар сайтының басқа сайттарға қарағанда бір ерекшелігі қолданушы қатарна кірген, яғыни, сайтқа тіркелген әр қандай қандасымыз өзінің көкейінде жүрген ойларын сайт мазмұнына қоса алады. Сондай–ақ, түрлі жаңалықтар мен қатар, дүниенің төрт бұрышында жүрген Қандастардың әдеби, мәдени, жақтарындағы түрлі мәтериялдарды көре аласыз. Сонымен қатар. Ұнтаспа (mp3) Бейне клиптерді (mp4) де көре аласыз. Сондай-ақ шетелдегі, еліміздегі қазақтың ақындар айтысын да тамашалауларыңызға мүмкіндіктерңіз бар.

Қандастар сайтына кірем
Бөлісу:

15 пікір

satibaldi


aikarakoz
satibaldi
Жәй, әңгіме айту жиіліктері маған скандинав халықтарының бір әфсанасын еске түсірді…
aikarakoz
Анау сайтқа кіріп ем, ештеңені меңгере алмадым
aikarakoz
«Төрткүл» деген — менің ауылым ғой  
Nurshat
«Төріткіл әлем» деген сөз бар.
zhanibek_nurish
, бұл логотип па?
satibaldi
Иә, шаңырақта қаззақ ұлтының ДНК коды жасырылған.
zhanibek_nurish
Жасырынғанына дау жоқ…
Керекте дизайнерлер бар болса логотипке алар-қосарларыңыз бар ма? Үлкен көк Қ-ға өзгерту енгізу қажет пе деп ойлаймын. Бірақ, қандай екенін білмеймін,
asaubota
идея жақсы болғанымен орындалуы нашар сияқты. қытай қазақтары стилінде жасалған.
meirzhan
Сәттілік! Басқа әліпбиді қолданатын қазақтар сайтты қалай пайдаланады екен?
Nurshat
Сәттілік Қандастарға!!! Мөлдір мен Көкжалдың диалогы КЗ, КЗ Қазақша Агентке ұқсап кетеді екен.
zhanibek_nurish
Сәтті жобалардың біріне айналғай!!!