Барымта

Білә, Елемес өз-өзінен оянып кетті. Көзін іріңнен ажыратып қараса көрші қатыны шашына қылқынып жатыр екен. Содан жүрегі елжіреп бір нәрсені сезгендей апыл тапыл киіне бастады. Содан зытып сыртқа есікті теуе-меуе шыққандағы байқағаны, қашанда көзіне бірінші түсіп кететін тау баласы Ұрыпсоқтың құйрығы қимылдамағанын шегір көзі байқап қалды. Сойти сума болған Елемес иттің тамырын ұстауға мұршасы келместен малдың қорасына ата жөнеліп барса, есік айқаракөз ашық тұр. Жас тезектің соңғы буы ләмішкені жанамалап бара жатқанын көрген пірәдардің қолы қойнына бір тал сөверенді шығарып, екінші қолымен артын қаси бастады. Миынан келген ақпар негізінде бұның түсінгені жылқылары бір жаққа кетіп қалған немесе біреу алып кеткен.
… Көк түтін будақтаған бөлмеде ләмішкінің әлсіз сәлесінен үшеудің сұлбасы байқалады. Жамбасын ауыстырған біреудің саңылауынан бір жартының шылдыраған даусымен қатар:
— білә, штаттағы Елемеске қонақ боламыз ба сонымен!
— зайбалы Сен қорқып тұрсың ба не?
— Жоға, просты обал ма деп тұрмын!
— Солай десиш одан да итіңдіс.
— білә, ана итке беретін қоймалжыңның гәрәнтісі бар мед сукі?
— бар ей, бұқтамаса келген деген анарыжақсы.
Таңертең үш қара қара сораның арасында екі басты жайғастыра бастады. Аракідік жартылықтан бір айналдырып, сабаздарың сасар емес. Артымен келген мәшінеге тауарды артып, көз ұшында қызыл свет ақырында кішірейіп шегір көзден ғайып бола бергенде, штаттың шетінен күнсұлу шыға келді.
Күнсұлу қызған шақта қан шашыраған жерде үймелеп жүрген полицейскилер Олардың «Бонд» деген темекі шегетінін анықтап хаттама түзді.
Ұрыпсоқ қалың ұйқыдан үш күннен кейін оянып басы сынғанымен бәрібір Елемес оны жұмыстан шығарған жоқ. Себебі кеткен малда қайран жоқ екенін сезген болу керек…
Бөлісу:

6 пікір

askerbek
езу тартуға тұрарлық дүние екен.сатирик
Ottegin
Мәтіндегі өріп жүрген қателерді де барымталатса, шіркін, езу тарттыра түсер ме еді…
Әдемі, қонымды тіркестер бар екен, бірақ, іркес-тіркес, үймеленіп кетіп, қораштау көрінді, посттың сиясы кеппегені көзге ұрып тұр. Обшым, зынданға…
asaubota
осы пост 7777-ші болып шығуы керек еді. авторы байқамай нобайларға сақтап, сосын қайтадан сол жерден шығаруды білмей қайтадан ілген екен
Baisaldy
түсіну қиындық тудырады екен, кім не істеп кім нені барымталады?
Ottegin
Басты кейіпкер көрші әйелмен ойнас құрып жатқанда ұрылар малын ұрлап кеткен, "Ұрыпсоқ" лақабы бар жалдамалы киллері де қозғалмаған.

"әңгіменің" Маралы: біреудің әйелін қорығанша, өз малыңды сақта
Baisaldy
Тұқымың көбейгір неме Рахмет, көсегең көгерсін,