Euro 2012 Fantasy Football ойыны басталды
Euro 2012 турнирінің басталуына 60 күн қалды. Еуропа Чемпионатын одан сайын қызықты қылу өз қолыңызда. Фэнтези ойынына қатысып, өз командаңызды құрып алсаңыз чемпионатты қарау қызықтырақ болады. УЕФА биыл да жанкүйерлерге Фэнтези ойынын ұсынуда. Ойын тәртібі бұрынғыдай, сізге берілген виртуал ақшаға футболшылар сатып алып, өз командаңызды құрасыз. Олардың ойын барысында жинаған ұпайлары сіздің командаңызға жазылады. Үздік командаларға бағалы сыйлықтар беріледі. Мысалы SHARP 3D-теледидары, Blue-ray плеері, adidas-тан Predator аяқкиімі, Canon PowerShot камерасы және т.б сыйлықтар.
КерекИнфо да осы ойын ішінде өз лигасын құрады. Өзара жарысатын боламыз.
Толық ақпарат: ru.euro2012fantasy.uefa.com/
(бірақ қазақтар әрине ештеңені оқығысы келмейді )
— Ойыншының дардай атына мастанып, соның әсерімен таңдамаңыз. Мысалы, Криштиано Роналдоны алайық. Алғашқы ойындары немістермен. Немістердің қорғанысын оңайлықпен өте қою қиын… Дей тұрғанмен, ұзақмерзімді перспективада Португалия ақтық бәстерге дейін ілгерілейді-ау деген ойыңыз болса, таңдауыңызды тәрк етуге еш себеп жоқ.
— Командаларды мықтап зерттеңіз. Негізгі құрамда кім ойнайды, кімдер «лазаретте», қай ойыншы қандай формада, белгілі турда құраманың ойынға деген мотивациясы қай дәрежеде… т.с.с. мәселелерден хабардар боп жүруге тырысыңыз.
— Капитаныңызды сайларда мейлінше көрегенділік танытуға тырысып бағыңыз. Алған ұпайын екі еселейтін болғасын абай болу шарт. Капитан міндетті түрде шабуылшы болуы шарт емес. Кейде мақтаулы Руни гол соқпай, бір ойында 2 ұпай әкелуі мүмкін де, есесіне ортанқол құрамадағы голкипер қақпасын аман сақтап, бірнеше сейв жасап, пенальти қайтарып, 12-15 ұпай жинауы мүмкін. Немесе, қорғаушы: қорғаушы гол соқса, соғылған голы үшін шабуылшыдан көбірек ұпай алатынын есте сақтаңыз.
— Сізге берілген «ақшаны» оптималды кәдеге жаратыңыз. Әрине, он бір адамның бәрі сайдың тасындай іріктелген болуы мүмкін емес! Көрпеге қарай көсілу дегенді жақсы меңгерген болсаңыз, командаңызды қиналмай жасақтайсыз.
— «Джокерді» көбісі ұмыт қылады. Бекер! Әдетте, әр турдан кейін екі тегін трансфер жасауға құқылысыз. Джокер болса сол турда құраманы толықтай тегін жаңалауға мүмкіндік береді.
Тағы алып-қосарларың болса, бөлісе отырыңдар.
«Трансферный джокер
На весь турнир вам дается 1 трансферный(ых) джокер(а). Джокер позволяет сделать бесплатно неограниченное количество в конкретном туре.»
Ережеге қарасаң, бірінші турға дейін және үшінші турдан кейін ғана шексіз трансфер жасауға құқылысың. Джокер бұларға қосылған үшінші мүмкіндік. Негізі, бірінші турдан кейін пайдаланған дұрыс деп ойлаймын. Бірінші ойындарда командалардың бабын көресің, негізгі құрам ойыншыларының перформансына қанық боласың. Қажетті ақпаратты жинайсың, жалпы айтқанда.
КерекИнфо лигасының коды: 439587-91066
ойындарға болжам жасайсың, ұпай жинайсың. Турнир предикторы деген бар, барлық ойындарға болжам жасап шығасың, соңында жеңімпазды анықтайсың. менде финалға Испания мен Германия шықты.