ЖАСТАР ПАРЛАМЕНТІ


Жастар қашанда елдің басты күші болып саналған. Олар ел саясатына белсенді араласуы керек, ел экономикасына қызығушылық танытуы тиіс. Осы мақсатта 2003 жылы құрылған Жастар Парламенті бүгінгі күнге дейін өз қызметін жүйелі түрде атқаруда. Аталмыш ұйым Қазақстан Республикасы Парламентінде практикадан өтетін жас студенттердің осы ісін ары қарай жалғастыру мақсатында құрылған. Яғни, Жастар Парламентінің мойнына артылған жүк, ҚР Парламентінікінен кем емес. Құрамы Төраға, Спикер, Аппарат жетекшісі, сонымен қатар олардың кеңесшілері мен орынбасарларынан құрылған топ, бірнеше шаралар мен айтулы істерді де атқарып үлгерді. Ең алғаш Жастар мәслихаттарына сайланғандардың 64 пайызы — ерлер, 8 пайызы -жұмысшы жастар, 14 пайызы-ауыл жастары, 41 пайызы-жастар ұйымдарының өкiлдерi болған.
Жалпы Жастар Парламенті немен айналысады? Жастар Парламенті елімізде қабылданып жатқан заңдарға араласуға, сол жайында өз пікірін білдіруге, оны талқылауға құқылы. Мәселен, ҚР Парламентінің талқылауға берген заңдарының арасында «Жастар саясаты туралы», «Тауар биржасы туралы» заң жобаларын және т.б. атап айтуға болады. Бір сөзбен айтқанда, Жастар Парламенті –еліміздегі бүкіл жастардың ойын, көзқарасын, қалауын, ұсынысын билікке жеткізуші ұйым. Ол Қазақстан жастарының заң шығаруға араласуына тікелей жол ашады. Сондай-ақ, бұл ұйым қайырымдылықпен айналысады, жыл сайын еліміздегі өзгеде студенттік ұйымдармен дөңгелек үстел, конференциялар өткізіп тұрады.
Бұл ұйымға кез келген 18 жас пен 29 жас аралығындағы ҚР азаматы мүше (депутат) бола алады. Жастар Парламенті Депутатын сайлауда оның жеке сипаты, яғни жынысы, ұлты, діні т.б маңызды фактор болып табылмайды.
Бөлісу:

16 пікір

FaraOn1
64 пайызы — ерлер, 8 пайызы -жұмысшы жастар, 14 пайызы-ауыл жастары, 41 пайызы-жастар ұйымдарының өкiлдерi болған.
127 пайыз уверенсіз ба?)))
jebe_92
ол әр түрлі категориялар бойынша алынған ғой. мысалы,64 пайызы — ерлер болса, қалғаны әйелдер деген сынды.
satibaldi
Үлкен болвандар қарық болмай жатқанда, кішкентай болвандар дебаттәрізді ақиқат іздегенсымақ, сосын тапқансымақ айтыс-тартыстан әріге барады деп ойламаймын.
meirzhan
Үлкендер ақиқатты іздеуге тырыспайды да, олар өмір шындығы мен заңдылықтарына, қазіргі саясатқа мойынсұнғандар. Ал кішілер ақиқатты іздеуге кішкене болсын тырысады, бұндай «жастар парламенттері» үлкен саясаттың ойыншығы екенін білсе де.
jebe_92
қалай болған күнде де, сөзбен тындырып отырғаннан гөрі жоғары ғой
jebe_92
неге олай пессимистік түрде қарайсыз?!
satibaldi
Себебі сол баяғы қарғыс атқыр гүл.
jebe_92
олай демеңіз, артыңыздағы біз сияқты жастарға да сеніңіз
satibaldi
Нашар бауырым, нашар. Барлығы нашар.
serjan
Жазба неге сұрықсыз емес соған таңданып отырмын.
satibaldi
Қызыл зонаға енгізілген, әрине, сонда жіберіледі міндетті түрде.
jebe_92
неге сұрықсыз болуы керек?
SaryQazaQ
14 жас пен 30 жас аралығы. Жақында жастар бір жасқа қартайды
asaubota


кезінде біз де осындай неше түрлі нәрселерге сенетін едік.

кейін саған да күлкілі болады, қатты күлгеніме айып епте енді.
jebe_92
бастамасы жаман емес
satvaldo
дааааа, жасың жЭрмада…