Қазақ алфавитінің латынша ең дұрыс технологиялық нұсқасын ұсынамын

Блог - nurbekbolatov: Қазақ алфавитінің латынша ең дұрыс технологиялық нұсқасын ұсынамын
Бұл әліппе несімен ыңғайлы, тиімді: Қазақ алфавитының латын жазуына көшуінің басты мақсаты – ол дамып жатқан сандық технологияға сай келетін латын қарпінде алфавит құрастыру еді. Бұрын шыққан нұсқалардың кемшілігі технологияға сай емес және басқа(латын алф.) мемлекеттерге барғанда бәрібір өзгеріп кететіні. Мәселен, «Ғани(Ǵani), Әділ(Ádil), Өсербай(Óserbai)» деген есімдер қарапайым әлем қолданатын Инстаграм желісінде(акаунты) қате жазылады. Технология дәйекшені оқымайды. Оның дәлелі Түрік елінің есімдерінің технологияда және европада қате жазылуы. Екіншіден, (менің нұсқамда) басқа мемлекеттер де біздің есімдерімізді қаз қалпында жазатын болады(оқылуын бізден сұрайтын болады))). Сонысымен ыңғайлы.
*C,c – «Ц» әрпі төл әрпіміз болмағанымен, одан айрылмауымыз керек. Цемент, Центр, Циркул т.б сөздерді бар. «Сентр» деп айта алмаймыз. Оны біз де, шет елден келгендер де центр деп айтамыз. Жалпы «ц» әрпі басқа тілден енген сөздер үшін керек.
*Kh,(*h) – «Х» әрпі «Kh» және «H» деп таңбалағанымен айтылуы бірдей. «Kh» деп – дауыссыз дыбыстардан кейін, «U,u» әрпінен кейін және адамның атының бас әрпінде жазылса деп ұсынар едім. Қалған жағдайда H деп жазылады. «Khamit», «Halal», «Rahman», «Hat», «Ahmet», «Abylaikhan», «Nuhrkhat», «Askhana».
*Sh – «Ш» әрпі ешқандай дәйекшесіз осылай қалу керек. Тек адам аттарының бас әрпі немесе қысқарған жерлерде қалай жазылатынын білмеймін. «Ш» әрпі қалай жазылса қалған қосарланған дыбыстарда «Ш» әрпіне қарап жазылатын болады.
*Zh – «Ж» дыбысы да «Ш» дыбысы сияқты.
*U,u — «У» әрпін «ý» деп жазу қате болады. «У» әрпі бүкіл әлемде «U» деп жазылады. «ý» деп жазатын болсақ тағы да сол технология түсінбей «Қауын», «Ауыр», «Наурыз» т.б. сөздеріміз қате жазылатын болады. Ондай символдар табу оңай, бірақ технологиямен санасуымыз керек.
**Ae – «Ә» әрпі осылай жазылу керек. Бұл қосарланған дыбыстар европаның бірқатар мемлекеттерінде бар дыбыс. Кейбір тілдерді «ә» дыбысы болғанымен олар «а» деп жазып, қай жерде қалай оқылатынын біледі. Бізде ондай ереже жоқ. Ал бізге ең тиімдісі «ae» деп жазу керек, дәйекшемен жазатын болсақ, технологияда әріп «а»-ға айналып кетеді.
**Gh – «Ғ» дыбысы да «Ә» дыбысы сияқты.
**Nh – «Ң» әрпінің бұндай нұсқасы латын америка тілдерінде бар. Тек оларда «nh»(нь) деп келеді. «Ng» деп жазуға да болады, бірақ бізде ағылшындар секілді ереже жоқ болғандықтан бізге тиімсіз, ең дұрысы осы – «nh».
**Oe – «Ө» дыбысы да «Ә», «Ғ» дыбыстары сияқты.
**Ue – «Ү» дыбысы да «Ә», «Ғ», «Ө» дыбыстары сияқты.
***J,j – «І» әрпін «J» деп алуымның себебі, «J» әрпі әр тілде әртүрлі дыбыс береді: «Х, Й, Ж» сияқты. Кейбір тілдерде жазылады, бірақ оқылмайды. Осы жазылып оқылмайтын нұсқа бізге жақынырақ. Өйткені «І,і» әрпі көптеген тілде жоқ. Егер «j» деп белгілейтін болсақ, мысалы: «бір», «екі», «сәбіз» деген сөздерді «бjр», «екj», «saebjz» деп, яғни «і»-ні үн шығару арқылы деп шетелдіктерге қазақ тілін үйрете аламыз. «Saebiz»-ден жойыламыз)). Оның үстіне «и, й» әріптерін жайына қалдырамыз)). «и, й» әріптерін «I,i» деп белгілеуіміз шарт, өйткені И(й)-ден басталатын адамдардың аттарынан өзіміз шатасатын боламыз.
***Uh – «Ұ» әрпі. U әрпінен кейін h әрпін жазу арқылы белгілеу керек. Бұл нұсқа араб тілдерінде бар дыбыс: «оғ», «уғ». Яғни тек ереже қою арқылы жаза аламыз. «Nuhrkhat», «Buhlt». Егер «Ұ»-ны «U» деп белгілесек, онда шетел сөздері, адам аттары дұрыс жазылмауы мүмкін. Барлық тілдегі «U»-ды «Ұ» деп өзімізге бұрғанша, одан да өзіміз «uh» деп «ұ»-ны белгілеуіміз керек. Сонда ғана қай мемлекетте болмасын «Nuhrsuhltan» деп жазылып, оқылуын бізден сұрайтын болады. Көп елдерде ондай тәсіл бар, жазылуын оқи алмай тұрсақ та — олар қалай айтады солай оқимыз.
Рахмет!
Әрі қарай

Өмірге...

Блог - Inyaz: Өмірге...

Талай қызық, сансыз түрлі кереметті көрсеткен,
Терең толғап, талай сұмдық құпиялы сыр шерткен.
Рахмет, өмір деген толассыз бір сын-сағат,
Ақ – қараның ара-жігін ажыратып, өлшеткен.

Қайғысымен қуанышын қатар қойған көңілге,
Салыстырған арамдықты адалдық пен сенімге.
Адам дейтін алыптарға берген үлкен мүмкіндік,
Рахмет ұлы керуен таңғажайып өмірге!
Әрі қарай

Грецияда Коринт Каналы туралы не білеміз ?

Коринф каналы — Грециядағы Эгей Сароникалық шығанағы мен Коринфтік Ион теңізі шығанағын байланыстырады. Пелопоне түбегін материкпен байланыстыратын Коринфтегі Isthmus арқылы қазылған. Бұл канал атауы қаланың құрметіне берілген. Аралдың батыс жағында орналасқан Коринфт каналының ұзындығы 6,4 шақырым, ені 21,3 метрді құрайды. Каналдың екі жағында орналасқан жердегі жартастар максималды биіктігі 63 метрге жетеді. Коринф каналы қазіргі заманғы кемелерге қызмет ете алмайды. Негізінен арна қабырғалары табиғи әк тастан құралған. Арна арқылы бір рельстік және үш жол көпірін өтеді. Сонымен қатар, арнаның екі жағында суасты көпірлер де жұмыс істейді. Коринф шығанағының б.з.д 602 жылдары басталған ежелгі Коринфтік шығанағын Сароникпен байланыстыру жұмысы 2500 жыл өткеннен кейін шындыққа айналды.

Блог - assar: Грецияда Коринт Каналы туралы не білеміз ?

Коринф каналы құрылысы алдында Эгей теңізінен Адриатикаға дейінгі теңіз жолдары 400 километрді құрады, өйткені ол Пелопоннес айналасында бүгілуі керек. Сондықтан, мұндай құрылымды құру қажеттілігі көне замандарда грек халқының алдында үлкен мақсат болды. Алдымен 7 ғасырдың аяғында Коринфтің Периантері басқарған арнаны салу әрекеті басталды. Дегенмен ол заманның техникалық мүмкіндіктері мұндай ірі жобаны іске асыру жеткіліксіз болды. Жоба Ұлы Александр сияқты, Рим императорлары Юлий Цезарь және Калигула мен Нерон сияқты танымал адамдармен тығыз байланыста болды. Б.з. 67 жылында Император Нероның жобасы іске қосылды және жоба Қордың Қорғаныс шығанағының жағынан алғашқы 3000 метрді құруға көмектесті., бірақ жоба тоқтатылды. ақыр соңында, Нерон 69 ғасырда Римге оралғаннан кейін көп ұзамай көз жұмды. 1882 жылы құрылысы заманауи Коринф каналы басталды. Жобаның авторы атақты француздық сәулетші Фердинанд де Ледиспс — Суэц болды. 1893 жылы 28 қазанда құрлысты француздық француздар жасаған болатын. Алайда, саяхат жолдары сол күнге дейін жалғасып келе жатқан таңғажайып кезеңді құрды. Канал жылына 15 мың кемелерді өткізеді. Арнаның таралуына, навигациялық мәселелерге және жиі көшкіндерге байланысты, мұнда ешқашан кеме қозғалысы анықталмады. Қазіргі уақытта канал негізінен туристік ретінде қолданылады. Әсіресе ескі жол көпірінен арнаның әсем көрінісі көрінеді. Ал кешке арнаның қабырғаларын жарықтандырғанда, таңғажайып ұмытылмас көріністерді көруге болады.

Блог - assar: Грецияда Коринт Каналы туралы не білеміз ?

Блог - assar: Грецияда Коринт Каналы туралы не білеміз ?

Блог - assar: Грецияда Коринт Каналы туралы не білеміз ?

Блог - assar: Грецияда Коринт Каналы туралы не білеміз ?Блог - assar: Грецияда Коринт Каналы туралы не білеміз ?

Блог - assar: Грецияда Коринт Каналы туралы не білеміз ?

Блог - assar: Грецияда Коринт Каналы туралы не білеміз ?

Блог - assar: Грецияда Коринт Каналы туралы не білеміз ?

Блог - assar: Грецияда Коринт Каналы туралы не білеміз ?

Блог - assar: Грецияда Коринт Каналы туралы не білеміз ?

Блог - assar: Грецияда Коринт Каналы туралы не білеміз ?

Сурет уикипедия арқылы алынған.

Ақпараттың түпнұсқа сілтемесі www.ritebook.in/2014/02/Narrow-Shipping-Channel-Corinth-Canal.html
Әрі қарай

Кітап оқудың 10 ережесі

ТИІМДІ ОҚУДЫҢ 10 ЕРЕЖЕСІ

Кітап оқу үрдісін қалайша тиімді етуге болады? Белгілі бір кітаптың назарыңызға лайықты екенін қайтіп түсінуге болады? Оқыған нәрсені қалай ұзақ уақыт есте сақтауға болады?

1. Кітаптар тізімі
Адамдардың көбісінде кітапқа деген қызғаныш пен енжарлық араласқан біртүрлі сезім бар. Біз кітап сатып алуды, оларды сөрелерде жинағанды ұнатамыз, бірақ сирек оқимыз. Оқылмаған нәрсе жиналған сайын оқу құштарлығы да төмендей береді.
Алдын ала кітап сатып алмаңыз. Бір немесе екі кітап сізге жеткілікті. Қалғандары оқу тізімінде тұрып, өз уақытында оқылады. Сүреттермен безендерілген, қымбат басылымдарды аз сатып алуға тырысыңыз. Бұл жақсы сыйлық, бірақ өзіңізге емес.

2. 50 бет ережесі
Өмір тым қысқа, уақытты тек қызықты кітаптарға құртқан жөн.
Қызықсыз және пайдасызды тезірек ысырып тастауға тырысыңыз. Ол үшін кітаптың алғашқы 50 бетін оқыған жеткілікті. Алғашқы 50 бетте тартып әкетсе, соңына дейін солай болады, әкетпесе — ондай боп тұрады өмірде.
Жаман кітаптарға екінші шанс бермеуге тырысыңыз. Жыл сайын айналаңызда жүздеген, мыңдаған жаңа әрі қызықты кітаптар басылып шығады.

3. Кім жазды және не жайлы
Оқу алдында кітаппен танысыңыз: аутыр және кітап туралы оқыңыз, мазмұнын зерттеңіз. Осылай сіз оқуыңызға дұрыс бағыт бересіз.
Оған қоса, оқудан бұрын өзіңізден сұраңыз: Кітаптан не білгіңіз келеді, ол қандай пұрабілеміңізді шешуге көмектесе алады? Бұл оқу барысында сізге керекті мәліметтерді алуға көмектеседі.

4. Әлтернатив форматтар (қағаз кітаптың сан түрлі баламалары)
Кітап оқу тəсілдеріне келгенде əлем аянып қалмаған. Заман талабына сəйкес кітаптың алуан түрлі форматтары бар: мақалалар, аудиокітаптар, подкастар, инфографиктер, лонгридтер және дайджестер.

5. Қарындашпен оқыңыз
Қолыңызға қарындаш ұстап қана кітап оқуға кірісіңіз. Кітап оқып жатып маңызды жолдарды не дәйексөздерді белгілеп отырмасаңыз — оқығаныңыздың бәрі босқа.

Кітаптан мағына іздеп, сабақ алып отырмасаңыз, ол жай қана сөздер жинағы боп қала береді. Ал құмда шашылған аз алтынды ажыратып ала алмасаңыз, онда оқудың керегі не?

Кітап бетін оқыған кезде керекті сөздерін белгілеп, астын сызып, өз ойларыңызды еркін жазып отырыңыз. Кітапты тігілген қағаздар жинағынан биігірек зат етіңіз. Осындай саналы оқылған кітап қана шынымен сіздің кітебіңіз бола алады.

6. Күніне кемінде 30 бет
Әр адамның оқу ырғағы өзінше. «Марафоншылар» айлап оқиды, басылымның әр түйірін үзіп. «Спринтерлер» кітапты бірнеше күнде жүгіріп шығады. Алайда оқудың оңай да әмбебап формуласы бар. Ол сізді оқуға ынталандырып, қызығушылығыңыз бен күшіңіз аяқталмай тұрып оқып бітіруге көмектеседі.
Күніне бір сағаттан аз емес және тәулігіне 30 беттен кем емес оқуға тырысыңыз. Осылайша аптасына бір кітаптан оқисыз. Бұл жылына 60 кітап — өте жақсы көрсеткіш!

7. Жанырларды араластырамыз
Әркімнің сүйікті жаныры бар. Алайда детектив романдар не бизнес-әдебиетке тым үңіліп кетсек, шамадан артық кетіп қаламыз. Тіпті күшті кітаптар шаттандырмай кетеді.
Ондайда жанырды ауыстыру пайдалы. Кітаптарды көктейіл құрамдастарындай араластырыңыз. Нон-фикшіннен кейін қазақ классикасының бір томын, одан соң фантастиканы, ал сосын келіссөздер жайлы оқыңыз.
Әдеби жанырларды кезектестіре білу — тоныста болудың және оқырмандық ой-өрісті дамытудың өте жақсы әдісі.

8. Оқығаныңыз туралы жазыңыз
Егер тиімді оқысаңыз, сізде оқығаныңызға қатысты сетаттар, үзінділер мен ойлар жинақталады. Бұл бағалы мәлімет, нағыз кітап өзегі.
Өз кітап блогыңызды ашыңыз. Оқығаныңызға пікір жазыңыз, сетаттармен бөлісіңіз. Оқу тізімін жариялаңыз, жаман басылымдарды балағаттаңыз, жақсыларды мақтаңыз. Бұл үшін Facebook та жарайды. Ешқандай арнайы жазушылық әбілеттер қажет емес.

Осылайша сізде сетаттар мен үзінділерді сақтайтын жер пайда болады, ал достарыңызда – сізді жақсы көруге қосымша себеп.

9. Белгілемелерді қайта оқу
Кітап белгілемелерін қайта оқып отыруды дағдыға айналдырыңыз. Кітаптың бірнеше бетін қайырып қойсаңыз, онда сізге кітап қорыңызды іріктеп шығу үшін жарты сағат та жеткілікті болады.
Қайталау — білім атасы. Осылайша негізгі едейлерді тәжірбиеде қолдану оңай болады.

10. Оқығаныңыз туралы пірезентешін жасау
Кітапта оқығанды ұмытып қалмау үшін ол туралы достарыңызға айтып беріңіз. Өз достарыңыз арасында не отбасында тіпті «семенарлар» өткізуге болады.

Сонымен, жоғарыдағы кеңестерге кішігірім қортынды жасаса, мынадай болмақ:
— Кітап жия бермеңіз, күніне кем дегенде 30 беттен оқып отырыңыз.
— Кітап туралы алғаш 50 беті бойынша ой түйіңіз.
— Түрлі жаныр және балама форматта оқып көруге ұялмаңыз.
— Міндетті түрде сетат көшіріп, жазба жасап отырыңыз.
— Олармен блогта бөлісіп, таныстарыңызға пірезентешін жасап отырыңыз.
Әрі қарай

ҚПЛ-2018. Маусымалды болжам

Бүгін Қазақстанның футболдан 27-чемпионаты басталады. 12 команда қатысады. 3 айналымнан тұратын турнир 11 қарашада аяқталады. Биыл да нашар алаңдар, ұпай шегерулер, бапкер қуулар сиқты келеңсіз оқиғаларға куә болатын бұл чемпионаттың нәтижесі қалай болмақ? Соны сараптап көрейік.

Футбол, тек қана футбол!: ҚПЛ-2018. Маусымалды болжам

Фавориттер
Фавориттер анық. 1-орын Астана, 2-орын Қайрат. Яғни негізгі талас осы екі команда арасында өтеді. Қаржы жағынан да, құрылым жағынан да, ойыншылар бойынша да бұл екеуіне тең келер ешкім жоқ әлі. Астанада Стоилов кеткенімен, негізгі формасы сақталды. Бірнеше жыл қасында болған Бабаян ойын өрнегін бұза қоймас. Ал Қайратта «рухани жаңғыру» маусымы. Жастарға кезек береміз деген клуб Аршавин атаның жанына Глебті де шақырып жатыр екен. Екі жақ та басты шабуылшыларынан айрылды. Кабананга мен Гоудың орны әзірше толтырылмады. Трансфер терезесі әлі ашық, жақсы шабуылшы алынады деп ойлаймын. Қайраттың старты нашар дейміз, биыл жақсы бастап кетсе — маусым бойы еркін жүретін болады. Дегенмен Астана биыл алматылық жастарға чемпиондықты бере қоймас.

Еуроаймаққа талас
Қалған 10 команданың негізгі мақсаттары 3-4 орындарға іліну болады. Одан арғысына ұмытлу қиын. Бірақ бұл жерде негізгі талас Ордабасы, Ертіс, Тобыл арасында болады деп ойлаймын. Иә, дәл сол былтырғы үздік бестікке кіргендер. Бұларға биыл күшейген Қайсар қосылуы мүмкін. Биатлондағыдай жарыс болғалы тұр: төрт команда бірінен бірі қалмай көпке дейін бірге барады. Бұларға басқалары жете алмайды. Соңғы айналымда бір бірлеп арақашықтықтары ашыла бастайды, біртіндеп үзіле бастайды. Финишке қарай белгілі болады үздік екеу. Біреуіне қола медаль, біреуіне Еуропа Лигасына жолдама. Қолаға фаворитім — Ордабасы. Биылғы құрамдары мықты. Тек ішкі мәселелері ушығып, бапкерлерін кетіріп тынбаса.

Аутсайдерлер
Қауіпті аймаққа қаржысы аз командалар кіретіні анық. Әзірше олар: Қызылжар, Жетісу, Ақжайық, Шахтер. Чемпионат басында Ақтөбе бұл аймақтың тұрақтысы болады. Былтырғыдай кесте соңында да интрига болайын деп тұр. Нақты «фавориттер» анықталғаннан кейін қашу процесі басталады. Старт нашар болса да, Ақтөбе екінші айналымда Атыраудың қасына барып, ортаңқолдар тобына қосылады. «Украиналық» Ақжайық маусым ортасында украиналықтары бапкерімен бірге кетіп қалмаса, бұл топтан шығып, Батыстың 3 командасы турнир кестесінің ортасын ұстап тұрады. Қызылжар соңғы жағынан «чемпиондықты» ерте бастан гарантиялап қояды деген ойдамын. 1-лигаға қалған 2 жолдамаға талас қырғын болмақ. Бұл жерде футболи емес факторлар үлкен роль ойнамақ. Басшылықтың ақша кесулері, ұпай шегерімдері, бапкерлердің ойыншыларымен бірге орта жолдан кетулері сияқты.

Жеке болжамым бойынша турнир кестесі:
  1. Астана
  2. Қайрат
  3. Ордабасы
  4. Ертіс
  5. Тобыл
  6. Қайсар
  7. Ақтөбе
  8. Атырау
  9. Ақжайық
  10. Шахтер
  11. Жетісу
  12. Қызылжар

Ойын сапасы артып, жылдан жылға қызық болып келе жатқан чемпионатымызда сүйікті командаларыңызға сәттілік тілеймін!
Әрі қарай

Сарымсақтың пайдасы

Бұл адам күнде таңертең аш қарынға сарымсақ жеген және оның ерекше тәжірибесі немен аяқталғанын көрейік.


Блог - assar: Сарымсақтың пайдасы

Егер сіз денсаулығыңыздың өзгеруін және жақсаруын қаласаңыз, ол мақсатқа жетудің ең жақсы жолы қандай? Мүмкін сіз диетаны теңестіріп, зиянды тағамдарды тұтынуды тоқтатқан шығарсыз. Бәлкім, сіз кешенді витаминдер қабылдауға кірісесіз бе, бірақ не үшін босқа ақша жұмсау керек?

Бұл адам жер бетіндегі ең пайдалы өнімдердің бірін тұтыну арқылы өзінің денсаулығын жақсартуға шешім қабылдады. Тақырып әрине сарымсақ туралы. Осы кісі күн сайын аш қарынға бір сарымсақты жеп отырған!

Нәтижені білгіңіз келе ме? Бұдан әрі қарай қараңыз!
1. Сарымсақ түрлі бактериялық инфекциялармен күреседі!


Блог - assar: Сарымсақтың пайдасы

Сарымсақ саңырауқұлақ инфекцияларының қаупін төмендетеді.

2. Қан қысымын қалыпқа келтіреді.


Блог - assar: Сарымсақтың пайдасы

3. Артериялардың бітелуін және қартаюын тежейді.


Блог - assar: Сарымсақтың пайдасы

4. Рак клеткаларына қарсы күресуге көмектеседі


Блог - assar: Сарымсақтың пайдасы

5. Антиокоагулянт ретінде әрекет етеді, қан құрамында пайда болуын алдын алады.


Блог - assar: Сарымсақтың пайдасы

6. Сарымсақ — салқын тигенге қарсы жақсы құрал.


Блог - assar: Сарымсақтың пайдасы

7. Бауыр ауруын және жүрек-тамыр ауруларын болдырмауға көмектеседі


Блог - assar: Сарымсақтың пайдасы

8. Қандағы холестерин деңгейін бақылауға мүмкіндік береді


Блог - assar: Сарымсақтың пайдасы

9. Иммунитетті күшейтеді


Блог - assar: Сарымсақтың пайдасы

10. Нерв жүйесінің жұмысын жақсартады


Блог - assar: Сарымсақтың пайдасы

Сарымсақты үнемі пайдаланудың арқасында адам әлдеқайда сау және күшті болады.

Егер сіз сарымсақты бағаламасаңыз, онда оған деген көзқарасыңызды өзгертудің уақыты келді!

Әрі қарай