Такси

Блог - nurbolkarataev: Такси
Қызым тұр-тұр, айнам-ау, ботам-ау тұрағой енді, сабақтан кешігетін болдың ғой, -деді Сәлимә әжей ұйқыда жатқан немересін еркелетіп оятып. Күн кешегідей емес қатты аяз, кеше ауа-райында циклон болады деп еді рас екен. Мына күннің салқындығы бет қаратар емес, түрі жамандеп ас үйдегі таңғы асты әзірлеп өз-өзімен сөйлесіп жүргені. Немересі Айшада ұйқысын қимай әже онда сабаққа бармай-ақ қояйын деді. Жоқ ботам-ау сабақтан қалуға болмайды. Келе ғой күнім шәйіңді ішіп ал, жұмыртқада қуырып қойдым таңғы асыңды іше ғой деді, немересінің асты-үстіне түсіп. Әже сабақтан кешігіп қалмаймыз ба сағат сегізде сабақ басталады деді сағат тілінің 7-ден кеткенін нұсқап немересі үстелге отыра кетіп. Мына күннің аязы қатты, оның үстіне түнімен қар ұйытқып жерді біраз қар басқан маршутпен барсақ кешігетін болармыз, жолдан такси тоқтатып мінерміз деді әжесі.
Әже мен тамақ ішіп болдым, барып киінемін жарай ма деп немересі ас үйден шыға бергені сол еді, әжесінің қызым қолыңды жууды ұмытпа деген дауысы саңқ етіп шыға кетті. Сәлимә әжейде жанталасып ас үйді реттеп, түскі астың тамағын мұздатқыштан шығарғаны сол екен кіре беріс жақтан әже шығайық кешігеміз деген немересі Айшаның даусы шықты. Қазір ботам күте тұр етігіңді кие бер мен қазір киініп алайын деген әжесінің дауысыда ас үй жақтан естілді. Жүр қызым деп әжесі үйдің кілтін алып, қолына немересінің сөмкесін ұстап сыртқа ентелей шыға берді.
Даладағы күннің ызғары 3-ші қабаттағы подьезге жетеді.Төменгі қабатқа түскен сайын желдің ызғары құлақ тесердей ысқырып тұр. Сыртқы есікті аша бергені сол еді қатты желдің екпіні есікті оңай аштырар емес оның үстіне есікке де мұз қатыпты. Әупірімде немересінің қолынан жетелей далаға шығып еді Астананың желі кісіні қаңбақтай ұшыратын түрі бар.Тобықтан асатын қардың қалыңдығыда аяқты адымдап бастырар емес.Немересін жетелей жол бойына шығып такси тоқтатып еді, зулаған көліктердің біреуі бұрылып тоқтайтын түрі жоқ.
Шамамен 10-минуттай уақыт өткенде Лада маркалы ақ көлік келіп тоқтай кетті. Сәлимә әжейде жалма-жан көліктің есігін ашып 34-ші мектепке 500 теңге деді. Ой апа күннің мынандай аязында 500-іңіз не 1200 теңге болады деді әдеттегі бағаны есе көтеріп. Айналайын-ау күнде 400-теңгеге барып жүрген жерім еді дей бергені сол еді, таксидегі жігіттің апа онда басқа такси тоқтатыңыз деп көліктің есігін жабуға ұмтылғаны, немересінің дірдектеген түрін көріп жарайды балам 1200 болсада барайын деп көліктің ішіне бүрсең қағып отыра кетті.
Апа бізге ренішіңіз болмасын жұмыс болса осы такси, отбасы асырау, жан бағу керек дегендей. Қазір бензинде қымбат, оның үстіне ерегескендей мына күннің құтырғанын көрмеймісің?-деп таксиші жігітте күндегі әуеніне сала кетті. Оныңда дұрыс шығар балам деп Сәлимә әжейде әңгімені одан әрі жалғағысы келмей, шаршаулы үнмен жауап қатты. Мектепке жетем дегенше таксиші жігіт біресе музыка қосып, біресе ауа-райын сөз етіп өз-өзімен арпалысып келеді. Арада 15-минут уақытта межелеген мектепке де жетті. Балам-ау анау пешоходтың жанына тоқтай ғой деді, ақшасын таксишіге ұстатып. Көліктен түсіп немересінің қолынан ұстап мектепке қарай жүре бергені сол еді. Жаңағы өздері келген такси көлігі қалың жауған қардан байқамады ма орнынан сәл ұзай бере жолдың шетіндегі бетонға машинасын соғып тұрды да қалды.Осы уақытта Сәлимә әжей немересі Айша екеуі бүрсең қаға, асығыс жүріп мектепке қарай кетіп бара жатты.
Әрі қарай

Шырайлы шығысымызды National Geographic пен BBC-ден көрсетін туынды бағымыз ба, сорымыз ба?

Әлеуметтік желілерден « Голливудтық жұлдыз ҚР-ның азаматтығын алмақшы» деген тақырыптағы жаңалықтарды көзіңіз шалған болар. Екі бірдей елдің азаматы Кэри Тагаваның қандай оймен қазақстандық болғысы келетіндігін жете түсінбедім.
Өскемен қаласына шетелдік бір топ танымал жұлдыздар, атап айтсам, Майкл Мэдсен, Бай Лин, Марк Дакаскас және Эрик Асенов ШҚО жайлы фильм түсірмек оймен келген болатын. Фильмнің нақты қандай жанрда түсірілетіндігі белгісіз. Ал Кэри Тагава туындыға продюсерлік ете отырып, Абай мен Шәкәрім туған өлкеге деген тамаша таңданысын жасырмады.
К. Тагаваның «жапондықтардың түбірі Қазақстанда жатыр, екі ұлттың генетикалық коды бір» деген сөзіне не қуанарымды, не қорқу керек екендігімді түсінбедім. Әрине, жат елдің жұлдызы еліміздің мерейін бір көтеріп тастағанына қуандым. Бірақ түбіміз түрік деп жүріп, бір-ақ сәтте жапондықтармен аталас бола жаздағанымыз көңіліме күдік ұялатты. Үндінің Лакшмиі жердің астына тыныштық бермей, қалың қытай жер бетіндегі жұртты зар қақсатып жүргендіктен бе, тіпті жаңа да жағымды жаңалыққа үркіп қарайтын болдық.
Бір қуантарлығы Ата Заңымыздың үшінші азаматтық бермейтіндігі. Кэри Тагава АҚШ мен Жапония елінің азаматы. Ал өзге елдің азаматы кәмелет жасқа толмаса, ата-бабалары қазақ жерін мекен етіп, белгілі бір себептермен көшіп кетсе және ҚР-ның құрметті азаматы, еңбек сіңірген қайраткері болса ғана мемлекетімізідің азаматы немесе азаматшасы атана алады. Тагава мырзаның 18 жасқа қайта айналып келмейтіні анық. Азаматтық алу үшін қазақстандық туыстарын тауып, шежіресін шегелеп алуы қажет немесе ең кем дегенде халқымыздың әртісі атануы тиіс. Бұлардың біріне де қолы жетпесе, өзге елдің азаматтығынан бас тартуы тиіс. Жапондық жарық жұлдыздың «ағамыз» болып шығу-шықпауы уақыт еншісінде. Ал шырайлы шығысымызды барша әлемге көрсететін болашақ туынды тек туристтерді тартса екен. Дархан даламызға өзгенің «көзін тигізіп», жер дауына ұласпаса игі еді…
Әрі қарай

Омар Хайямнан тәржіме

Омар Хайям рубаяттары
орыс тілінен тәржімелеген
Насыреддин Қожырбайұлы

-1-
Әй ессіз байлығыңды шаш, жұмса,
Ұрылар сөз байласып аштырса,
Саудыраған сүйегің жатар қабірде,
Қазына болмассың көріңнен қайта суырса.
-2-
Пәниді теңедім шахмат тақтасына,
Әрі итеріп, бері жыққан қарамай ақ қарасына.
Біз бір жүрген пешкіміз көптің бірі,
Өлген соң тыға салар қараңғы көр астына.
-3- …
Сен массың шаттан Хайям,
Сен жеңдің шаттан Хайям.
Түпсіз тұңғыйық жұтпай тұрғанда,
Тірлігіңе мүсе тұт татқан Хайям.
-4-
Өмірдің соңғы сыйы махаббат,
Жүрекке соққы болып қадалар.
Соңғы демім қалғанда ерніңнен сүйдір,
Ыстық деміңнің отына күйдір.
-5-
Жұлдызды түні қорқыныш билеп бойыңды,
Түпсіз терең тұңғыйыққа батарсың.
Жұлдыздар сансыз өткенде ағып қасыңнан,
Мәңгілікке, басың айналып жатарсың.
-6-
Өмірме? Базар… досыңды іздеме
Өмірме? Базар… ақсасаң дәрі іздеме.
Өзің өзгерме, жұртқа күлімде,
Бірақ көлгірсу жұрттан іздеме.

-7-
Досым азайды! Күн сайын саған,
Оттың ұшқынын өшіріп бағам,
Қолымды қыссаң әрдайым ойлан,
Сілтесемба деп, -қолыңды маған.
-8-
Өзімнен сұраймын, нені меңгердім, өстім,
Алдымда не тұр… жанталас, тулаума? еш тым.
Күлге айналсам… адамдар айтар,
Өрттің жалыны жанды да өшті.
-9-
Шақырып әтеш таңғы салқында,
Жалт еткен жұлдыз, ақты қарқындап.
Өткен өміріңдей зымырап түнде,
Сезбей ақ қалдың жаның алқымда.
-10-
Тамшы қоштасты теңізбен көз жасын төгіп,
Теңіз тұрды күліп, сыртынан көріп.
Көкке самғада, қайтадан құла,
Бәрі бір толқындарыма кетерсің шөгіп.
-11-
Біріншіден маған сұрамай берді өмірді,
Артынан басталды арпалыс кернеп көңілді.
Енді кет, -дейді, иә келісемін,
Бірақ, байланыс қайда, мағынасы неден көрінді.
-12-
Қақпандар, шұңқырлар жолыма менің,
Жаратқан қойды да жүр алға, -деді.
Бәрін көріп тұрып жалғыз қалдырды,
Бас тартты құтқармай, қалдырмай сенім.
-13-
Өміріңді толтырып қызық кезіңе,
Жүрегіңді толтырып тәтті сезімге.
Жаратқан талап етеді… толған кесеңді,
Еңкейтсеңде төкпе, өмірден безінбе…
-14-
Шарт емес сұлу болып туу деген,
Сұлулық келер саған білу менен.
Жаныңның сұлулығына сөз жетпейді,
Тең келмес оған сыртқы сұлу денең.
-15-
Тебілген допта айта алмас не -иә, не -жоқ деп,
Ұшарда кетер алысқа көктеп.
Бізден сұрамас сұрқия тағдыр да,
Тепкен өзі шешер кім қайда кетпек.
-16-
Сен күнаһар, адастың Хайям?
Көз жасың төкпе аспанға Хайям.
Шындыққа тіке қарап, ажал тос жасқанба,
О жакта түпсіз, не — аяныш асқанға.
-17-
Кеше, патша сарайының басында қарға,
Отыр, тырнағында бас сүйек бар, да.
Қайда кернейшілер, -деп қарқылдап қояр,
Даңқын асырыңдар, мақтаңдар алға!…
-18-
Өлімнен қорықпаң, өмірден қорқың,
Кездейсоқ берген өмірде сор тым.
Қажетпе? күрессіз бере салармын,
Алдымда қазылған беймәлім ор — тым.
-19-
Аруақтардың құпиясына бойлата алған ой-сана,
Жүрегімен сезіне алар кім алдында тұрсада.
Ол асыл тас баға жетпес, өзі сүңгуір, ол теңіз,
Осы сөздің даналығына ой жүгіртіп білсеңіз.
-20-
Тұрлаусыз мынау өмірде жақсылық, жамандық өтер,
Тұрлаусыз мынау өмірде қуаныш, қайғыда бітер.
Өміріміз біздің осындай, күресу немесе бүгілу,
Тек қана өзіңе қатысты, болмасын түңілу.
-21-
Бай болып кәбап жесеңде бәрі өтер,
Таң атпай шарап ішсеңде бәрі өтер.
Диуана қатқан нанын суға езіп,
Үйсіз, күйсіз жүрседе бәрі өтер.
-22-
Бәрі сатылады, бәрін сатады,
Ал, өмір бізге сыртымыздан күліп жатады.
Көріп тұрып соны, қарсымыз таң қаламыз,
Бірақ өзімізде сатамыз, сатыла аламыз.
-23-
Тамшы айтты, -біз мүсәпірміз, біз теңбіз,
Алыс елдің жағасын көре алмас кембіз.
Осы тамшы теңізге қосылдыда,
Айқайлады, -біз терең, біз кеңбіз…
-24-
Жахан денесінің жаны білсең болары ол ақиқат,
Жан сезімің Дүние жанын толтыруы ақиқат.
Бөлшегі ол табиғаттың біле білсең!
Жазмышты бұзып-жарып өтері оның ақиқат.
-24-
Туған жердің топырағынан байланысты үзсең сен,
Не екеніңді білген жақсы, қайда барып түссең сен.
Жоғалтқаның өн-бойыңа жаратқанның еккенін,
Мешітке де барар жолды ұмытарсың білсең сен.
-25-
Асыл адам батыл келер, әрі таза білсеңіз,
Даналардың тәжірибесін еске алып жүрсеңіз.
Жер ананың топырағына қандай тылсым тартады,
Асылдықтың құдыреті ол ойға салып көрсеңіз.
-26-
Артықтығыңды өзгеден сезе білсең. -еркексің,
Істеріңе істеген сене білсең -еркексің.
Сүрінгенде мұқатсаң саған деген құрмет жоқ,
Бақытсызға мейрімді бола білсең – еркексің.
-27-
Қалауым кесел құртын жойсам деймін,
Қалауым жұртан жырақ тайсам деймін.
Сұмдықты болып жатқан көрмеу үшін,
Тағдырдың тауқыметін шайсам деймін.
-28-
Таңға дейін барсыңба, әлде жоқсыңба,
Жақсылықтың дәнін сепсең көпсінбе.
Сұм жалғанда қорғай білің достықты,
Әр бір сәтті қадірлейтін дос мықты.
-29-
Асыл жандар жақсы көрер бір — бірін,
Басқалардың қайғысы мен тірлігін,
Ортақ көріп, қол созуға дайын бол,
Қызғанбасаң өрге басар бірлігің.
-30-
Жүрегіңмен сезе білу, ұға білу қажет ақ,
Бұл пәнидің қызығынан баз кеше білу қажет ақ.
Жаратқанды біліп сезу қасиетін бермесе,
Жаратқанның ұлылығын сезе алмассың ендеше.
-31-
Көздерің жұм жүрек көзше жарқырар,
Дүние өзгеріп, айналаңда жарқырар.
Нәпсеңді тый арыл артық қызықтан,
Нәтижесін көп күттірмей дүние өзгеше жарқырар.
-32-
Жаратқанның саған ғана бергенімен байсың сен,
Жүрегіңді жаралама, қыйындықа төзуді қаламайсың сен.
Назаланба жаныңа басқа ауыр жүк ала алмайсын сен.
Бәрін тастап кетерсіңде, қайта келе алмайсың сен.
-33-
Үстімізден біздердің билік етуге келсең сен,
Жамандыққа бармада ақылға кел сенсең сен.
Кеше еш кім емес ең, ертең еш кім болмассың,
Бүгін өмір сүруді білуден ары аса алмассың.
-34-
Өзгенің айтқанымен қудалаудан аулақ бол,
Адамдар арасында шыдамды, мейрімді бол.
Өзімнің еркімнен тыс жамандық жасадым десең,
Еш жан сенбес ондай ақталуыңа сенің сол.
-35-
Сұрқияны құпияңа жолатпа,
Ақымақты құпияңа жолатпа.
Адамдар арасынан өзіңе көз салда,
Үмітпен үнсіз құпияңа жолатпа.
-36-
Күндіз түні құдайды іздеп жортасың,
Өзіңнен тыс құдайды іздеп жортасың.
Жаратқан айтады әр түрлі сөзіңмен,
Мені іздесең табарсың өзіңнен.
-37-
Азғананға мүсе тұтда түзу өмір сүрсеңші,
Еркін өмір, бостандықтың қадірін сен білсеңші.
Жан адамды күндемей жүр кім байырақ болсада,
Сененде өткен жарлылар көп бұл өмірде сенсеңші.

-38-
Еш біреуге әуре болма бір нәрсені ұқтырып,
Тыңдағысы келмегендер тыңдамайды ешқашан,
Түсінгісі келмегендер түсінбейді ешқашан.
Өзіңізге сенген жандар қажет етпес артық сөз,
Түсінгендер артық сөзді қажет етпес ешқашан.
-39-
Жоқтан бар ғып жер мен күнді тіршілікті жараттың,
Хан мен, қара, маскүнем, естіне құзырыңа қараттың,
Барлық жанды бірдей қылып өмір нұрын септіңде,
Шындығыңа бас игізіп күллі әлемге тараттың,
-40-
Күндіз-түні күнә арқалап мынау жалған дүниеде,
Күндіз-түні аяушылық күтіп жалған дүниеде.
Адамдардан үмітім жоқ жалғыз ғана қыларым,
Пендеңді кеш — күндіз-түні жаратқаннан сұрарым.
-41-
Жаратқанның құдыретіне көз жеткізіп тұралсаң,
Күйкі тірлік құрсауынан жолын тауып шыға алсаң.
Ей жасаған мейріміңді төк, көз қырыңды салғайсың,
Бахытым деп білер еді қамқорыңа алғайсың.
-42-
Мен сенен қашып едім, кешірде қабылда,
Қайырымдылық жасада қамқорлығыңа қабылда.
Маңдайға сызып берген жолыңнан тайдырмассың,
Сыздыңба?! Сол жолмен алға баста табылған.
-43-
Өткен күннің масқарасы қиналтпайды мені,
Күнәға талай батқаным ұялтпайды мені.
Мейірім төксе аллам қорықпаспын күна арқалаудан,
Қыл көпір масқарасы қорқытады тегі.

-44-
Аймен күнге теңер едім сыйынғанды өзіңе,
Ғұмыр бойы құлдық етем дәлел болсын сөзіме.
Сәтсіздіктен қорғадағы, бақыт бізге сыйлашы,
Дүниедегі бар тіршілікті жамандыққа қыймашы.
-45-
Бар қаңғыбас, дімкәспенен кедейлерді білесің,
Бар лажсыз қайғыменен қанжұтқандарды білесің.
Ал, шақырсам ауырудан ыңырсуды есітіп,
Үнсіз қалсам сақаулардың сөйлегенін білерсің.
-46-
Сен кім едің тірілерге сұлулықты сыйлаған,
Әлде жүрек ауыруын, әлде қайғы сыйлаған.
Бізге қуаныш бермесеңде алғысымызды айтамыз,
Сен жүз есе сақисыңғой қайғыменен қыйнаған.
-47-
Егер сүйсең айрылысқанға қайыл бол,
Азаппенен ұйқысыз өтуге дайын бол.
Жүрек қысса жауқазынның бүріндей,
Жанды қыйып қанмен жууға дайын бол.
-48-
Оян қане бүгінгі түн махаббаттың қупиясына арналган,
Бүгінгі түн ғашығыңды аймалауға арналған.
Есік біткен жабылады түнге қарай сыртынан,
Махаббаттың есігі ғана ашылуға арналған.
-49-
Ғашықтықтан өзіңе азап отын жақтым мен,
Күні-түні қайғының азабында тарттым мен.
Қан жылайды жүрегім жаным жатыр жаралы,
Дәрменсіздік бой алып көз жасымды таттым мен.
-50-
Күнам менің сенімімді жоғалтып,
Әулиені ұятынан тындырар.
Осы жүктің ауырлығы тым артық,
Маhшар күні таразыны сындырар.
-51-
Үмітім жоқ дұрыстығына жолымның,
Қателіктен жүрегімде құтқармас.
Ұйқы орнына шарап ішсем толы мұң,
Мәңгі ұйқы еш бір жанды құтқармас.
-52-
Адамзатты ең алғашқы байланысатын жібідағы үзілді,
Кімге сеніп, кіммен дос боп, сүйерсің кімді -түзілді.
Адамшылық жойылғанба, бәріненде безген жөн.
Сырыңды ашпа құр босына мейлің көнбе, мейлің көн.
-53-
Тасқа ұқсап қатты болсам егеп-егеп жоқ қылар,
Балауыздай жұмсақ болсам ерітіп ақ жоқ қылар.
Ал, майыссам тартып қалып адырнадай садақтың,
Түзелсем ақ жебе қылып жауға қарай атқылар.
-54-
Жалғыздықтың достарымнан жақсы екенін түсіндім,
Жақсы, жаман адамдардың көрмеу үшін пішінін.
Жан дүниемді танып алып, өн бойымнан өзімнің,
Арашашы болар едім ар сотына кісінің.
-55-
Жер бетінде бастысына аудармаймыз көңілді,
Таң алдында күндізгі асты, ойламаймыз өмірді,
Бір ғажайып күтемізде көк аспанға көз салып,
Жер бетінен дәметпейміз отырамыз таң қалып.
-56-
Уәдемде бере алмаймын саған, шарап ішпеуге,
Ешкім дағы кедергі емес маған, шарап ішпеуге.
Тыйым болар екі жүзді адамдарға, тек балам!
Даналардың күналарын мойыныма мен алам.
-57-
Жүрегіңе ұяласа махаббат,
Арманыңа ерттеп мініп апарад.
Жүрегіңнен таба алмаса ол орын,
Жүрек соқпай қасірет уын татар ақ.
-58-
Уәде беріп бұл жалғанда тағы содан бас тарттым,
Уәденің жан айқайы біле білсең асқақ тым.
Кеше ғана уәде үшін мен кесені сындырсам,
Ал, мен бүгін кесе үшін сол тыйымды тастаппын.
-59-
Бір бұрышты тапталып ұшып жатқан қалмай түр,
Жыртық көйлек үстінде жылап жатыр раушан гүл,
Қандай кәззап жұлды екен қалдырмады бірде бүр.
Мақтанды жел менмін, -деп «мен мықтымын соны біл»
-60-
Көзден ақан су емес ғой көзжастығы белгілі,
Қайғы үшін шыдамда керектігі белгілі.
Ұзақ өмір сүру үшін зардап шексең мөлшермен,
Не болмаса өмір сүрсең қысқа ғана өлшеммен.
-61-
Ертең Қожа бәріне жауап бересің,
Алла алдына күнәхар боп келерсің.
Белден батқан егер күнаң болмаса,
Қорлық көрмей қылкөпірден енерсің.
-62-
Сұрағыңды қысқа сабақ қолдайды:
Жаратқанның мекен жайы болмайды.
Бол сөздерде мән мағына бар ұгар,
Түсінбесең өз жаныңа үңілде,
Іздеп қара жаратқанға қайдан тұрақ табылар.
-63-
Махаббаттың жолында қамшылама атыңды,
Әлің бітіп құларсың түсіне алмай затыңды.
Махаббаттың отына күйгендерге мін тақпа,
Бөтен жанның жалынын сезе алмассың татымды.
-64-
Дүниенің қызығы ол, бал секілді тоймайсың,
Қаның тасып бірде ыссы, бірде діріл қоймайсың.
Ал, зұлымдар жоқ жұқаның бауырынан кебаб жеп,
Қалай өзін жиренішті қылатынын ойлайсың.
-65-
Көк аспанның дөңгелегі білігіндей диірменнің,
Ескірмейді тасы дағы қарап тұрсаң иіргенін.
Уақыт шіркін көмейіне қанша астықты салсада,
Жалмауызша жалмап жатыр көре алмассың түйілгенін
-66-
Жүрегің ғашығым деп соға алмаса,
Махаббатсыз өмірің құр далбаса.
Ондайларды ойлай бер тірі өлік деп,
Махаббат дүниесіне ене алмаса.
-67-
Қызғаныш сезіміне бой алдырма жаныңа қысымшылық әкеледі,
Басқа жанды кемсітсең өмір саған, жаныңа тұтқын сезім әпереді.
Іс түскенде басына жақыныңның, қол үшін бер шығуға қыйындықтан,
Жақсылығың алдыңнан шығар анық ол жаныңнан табылар сені ұқан.
-68-
Жамандықба жасағаным жақсылық деп ойлаған,
Жақсылықба жасағаным жамандыққа айналған.
Білмей келем не керегін жаныма, о жаратқан!
Тілейтінім жақсылыққа толы болсын от басыммен айналам.

-69-
Саған деген құмарлықтан душар болдым қайғыға,
Күндіз-түні сол қайғыдан бақытсызбын айыбына.
Сол құсадан жан қыйналып қан жылайды жүрегім,
Көз жасымды төктімдағы әлсіз қалдым білемін.
-70-
Жүрегің ғашығым деп соға алмаса,
Махаббатсыз өмірің құр далбаса.
Ондайларды ойлай бер тірі өлік деп,
Махаббат дүниесіне ене алмаса.
-71-
Қызғаныш сезіміне бой алдырма жаныңа қысымшылық әкеледі,
Басқа жанды кемсітсең өмір саған, жаныңа тұтқын сезім әпереді.
Іс түскенде басына жақыныңның, қол үшін бер шығуға қыйындықтан,
Жақсылығың алдыңнан шығар анық ол жаныңнан табылар сені ұқан.
-72-
Жамандықба жасағаным жақсылық деп ойлаған,
Жақсылықба жасағаным жамандыққа айналған.
Білмей келем не керегін жаныма, о жаратқан!
Тілейтінім жақсылыққа толы болсын от басыммен айналам.
-73-
Саған деген құмарлықтан душар болдым қайғыға,
Күндіз-түні сол қайғыдан бақытсызбын айыбына.
Сол құсадан жан қыйналып қан жылайды жүрегім,
Көз жасымды төктімдағы әлсіз қалдым білемін.
-74
Ер жігітше айтар сөздің мән-мағанасын баянда,
Өз сөзіңнің қожасы боп мән-мағанасын баянда.
Бекер саған қос құлақпен жалғыз тілді бермеген,
Екі рет тыңдап тоқ етерін жалғыз рет баянда.
-75-
Өзіңменен айрылысарда табылмаса емші егер,
Отқа оранып жанып кетем өмірімді кел шегер.
Өзіңменен кездескенде бұл пәнимен қоштасам,
Қызық емес маған жарық күндіз өлім келсе егер.
-76-
Қыйындықты көп көргендер биіктерге шыға алар,
Бір пұт тұзды тауса білген бал қадірін ұға алар.
Көздің жасын көл қылғандар шынайы ғып күле алар,
Өлім дәмін татқан жандар шындап өмір сүре алар.
-77-
Кейбіреулер раушан гүлдің сезе алмаса талшығын,
Ал, біреулер тау шөбінен ала білер бал шырын.
Кейбіреулер болмашыны мәңгі бақи ұмытпас,
Біреу үшін жан қыйсаңда ұға білмес бар шыным.
-78-
Жаны төмен адамдар,
Тұмсығын созар биікке.
Қайдан ұқсын надандар,
Кеткен соң сіңіп сүйекке.
-79-
Сұлу болу сұлу болып туу емес білсеңіз,
Сұлулықты үйрену қыйын емес көрсеңіз.
Жаны әсем адамдарға қалай жаның сүйсінбес,
Сырты сұлу жандар оған тең келмейді сенсеңіз.
-80-
Кісіге етпе жамандық қайта соғар өзіңе,
Құдығыңа түкірме су ішерсің көзінен.
Төмен жанды кемсітпене боларын білмессің,
Іс түскенде басыңа зар боларсың сөзіне.
-81-
Сатқындық қылма досыңа одан өткен жоқ қайғы,
Сүйіктіңді жоғалтпа қайта айналып соқпайды.
Өзіңді өзің алдама уақыты келсе ұғарсың,
Сол өтірік басыңа ораларын боп қайғы.
-82-
Құлқыныңның құлы болу маңдайыңа жазғанба,
Өміріңнің қожасы бол тағдырыңа алданба.
Бұл өмірде қу құлқынды тойдыра алған адам жоқ,
Дүние түбі жеткізбейді мынау бес күн жалғанда.
-83-
Аузын бақан көп нәрседен құтқарар,
Көк мылжыңның күні қараң боп қалар.
Кіп кішкентай тіл құдыретін қараңыз,
Талайларды бұл өмірден жоқ қылар.
-84-
Жаны асылдар жақсы көрер бір-бірін,
Басқа жанның қайғысына ортақ боп,
Өзіңді ұмыт үндеме,
Егер келсе құрметке бөленгің,
Өзгелерді күндеме.
-85-
Батылдықпен қорқыныш, асылдықпен азғындық,
Өн бойыңа берілген әуел бастан ол қылық.
Алла берген сол қылық жаман болсын не жақсы,
Өле-өлгенше бойыңда өзгерместен қалмақшы.
-86-
Күндеме күшті менен бай болғанды,
Шықан күн батуы хақ бұл жалғанды.
Бір жұтым ауадайын қысқа өмірді,
Пайдалан қарыз үшін, -деп қалғанды.
-87-
Мағыналы өмір сүру үшін білу керек ғажап зат,
Екі маңызды ережені еске сақта адамзат.
Кез келгенді жегеннен аш жүргенің көп артық,
Кез келгенмен жүргеннен жалғыз жүрген көп артық.
-88-
Өркөкірек оқымысты есектердің ішінде,
Тырысқайсың көрінуге оқымысты есек пішінде.
Әйтпесе бұл ақымақтар есек емес жандарды,
Кіналайды нұқсан келтірді, -депүлкенменен кішіңе.
-89-
Дана болғың келсе егер басқаларға жұмсақ бол,
Даналығың өзгенің ауыртпасын жанын сол.
Тағдыр қаталдығымен күресуде батыл бол,
Көңліне тиме кісінің ауыртпалық болар ол.
-89-
Мәңгі өмірді бәрібір сатып ала алмасаң,
Күлкілі ғой өмір бойы тырнақтап жинапқармасаң.
Ал, өмірді уақытша саған берген ғой,
Уақытыңды бос өткізбе қалғаны оныңдалбаса.
-90-
Жүрегіңнің ыстығын сүймесіңе бергенше,
Жалғыз жүріп өмір сүр одандағы, өлгенше.
Баға жетпес сезімді көрінгенге беріп алданба,
Кездескендеқалауың сүйе алмассың жалғанда
-91-
Тек бүгінгі күнмен өмір сүретінге,
Ертеңгі күнді шыдамсыз күтетінге.
Қараңғылық күзетшісі айқайлайды:
Ей ақылсыздар,
Екі жақтада сыйақы жоқ білесіңбе.
Әрі қарай

Оскар 2018: Кім жеңеді?

Киностан: Оскар 2018: Кім жеңеді?4 наурызда Америка киноакадемиясының «Оскар» киносыйлығы үлестіріледі. Биыл фавориттердің үздік үштігінде:
  • Гильермо дель Тороның «Су пішіні» фэнтези-мелодрамасы — 13 номинация
  • Кристофер Ноланның «Дюнкерк» әскери драмасы — 8 номинация
  • Мартин Макдонахтың «Эббинг, Миссури шекарасындағы үш билборд» драмасы – 7 номинация.
Енді биыл «Оскарды» кім алады деген сұраққа жауап іздеп көреміз. Болжамды осыған дейін үлестірілген әртүрлі киножүлделер негізінде жасайтын боламыз:

Сонымен біздің болжамды түйіндесек, тізім былай болады екен:
Үздік фильм, үздік актриса, екінші пландағы үздік актер, үздік түпнұсқа сценарий — «Эббинг, Миссури шекарасындағы үш билборд» (Фрэнсис МакДорманд, Сэм Рокуэлл, Мартин МакДона)
Үздік актер — Гари Олдман («Ауыр кезең»).
Екінші пландағы үздік актриса — Эллисон Дженни («Мен, Тоня»).
Үздік режиссер — Гильермо дель Торо («Су пішіні»)
Әрі қарай

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед сарапшылар қауымдастығымен кездесті

Блог - nur_otan: «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед сарапшылар қауымдастығымен кездесті

Сөз, ой бостандығы қазақ қоғамы үшін әрқашан болған, бола да береді. Қазақ халқының тарихы мен мәдениетінде мұндай деректер жетіп-артылады.

Кеше елордамызда «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед сарапшылар қауымдастығымен кездесті. Бұл еркін жиында қағаз жүзіндегі баяндамалар мен жалықтыратын есеп берулердің бірі де болған жоқ. Бүгінгі ел өмірінде орын алып отырған ең көкейтесті мәселелер төңірегіндегі еркін пікір алмасу, қызықты кеңес болды. Қоғамда ойып алатын орындары бар саясаттанушы, мәдениеттанушы т.б. құралған сарапшылардың кейбіреуі өз ойында жүрген түйткілді мәселерді ортаға салса, енді біреулері нақты ұсыныстар мен жобаларын алдыға тартты. Кейбір сұрақтар сол арада шешімін тауып та жатқаны жасырын емес.
Қорытындысында Мұхтар Құл-Мұхаммед түрлі мәселелерді қарастырып, соларды бірігіп шешудің механизмдерін табуға жұмыс жасайтын арнайы Сарапшылар кеңесін құруды ұсынды.
Әрине, түрлі пікірлер, позитивтер мен негативтердің де болатынын жоққа шығармаймыз. Әр адамның әр түрлі пікір білдіретіні заңдылық. Қалай десек те, партия өзінің модернизацияға дайын екенін танытып отыр.
Әрі қарай

1896 жыл, Германияның Цюрих қаласында болған оқиға.

1896 жыл. Германияның Цюрих қаласындағы политехникалық училищеде жаратылыстану ғылымы бойынша дәріс өтіп жатқан бір профессор өзінің студенттерінен «Құдай бар ма?» — деп сұрады. Студенттердің бірі орнынан ұшып тұрып «Әрине, құдай бар» — деп жауап берді. Профессор әлгі студентке жақындай түсіп, келесі сұрағын қойды:
— Егер құдай бар болса, онда әлемдегі жанды-жансыз, көзге көрінетін және көрінбейтін жаратылыстың барлығын да құдай жаратқан ғой, солай ма?
— Иә, солай.
— Адам бойындағы мейірім, иман, ізгілік, махаббат сезімдерін де құдай жаратқан ба?
— «Әрине, әлгінде өзіңіз айтқандай, жанды-жансыз, көзге көрінетін және көрінбейтін жаратылыстың барлығын құдай жаратқан, ендеше бұл қасиеттерді де адамға құдай дарытқан» — деді студент ерекше көтеріңкі үнмен.
— Ал енді, осы жақсы қасиеттермен бірге адамдардың бойында зұлымдық, жауыздық, іштарлық, жек көрушілік, күншілдік сияқты жаман қасиеттер де бар ғой, бұлар да жаратылыстан тыс емес, сонда бұл қасиеттерді де құдай жаратқаны ғой?
— «Мүмкін...» — деген студенттің дауысы енді бәсең естілді де, одан әрі ол жарытып ештеңе деместен, күмілжіп төмен қарап еді, профессор өз сөзін әрі қарай жалғады.
— Мүмкін дейсің бе? Ал осындай жаман қасиеттерді де құдай жаратқан болса, онда сол құдайдың өзінің бойында жақсы қасиеттермен бірге осындай жаман қасиеттер де болғаны ғой, себебі, табиғаттың іргелі заңына сүйенсек, ешнәрсе жоқтан пайда болмайды емес пе, әркім өзінде барды ғана береді ғой.
Әлгі студент еш жауап қата алмастан үнсіз тұр. Енді өз біліміне масаттанған профессордың дауысы көтеріңкі шықты:
— Ал, егер жаратушы құдайдың өзінің бойында осындай жақсы да, жаман да қасиеттер бар болса, онда құдайдың адамнан, яғни жұмырбасты пендеден айырмашылығы кәне? Көрдіңіздер ме, қымбатты менің шәкірттерім! Құдайға сенудің дұрыс емес екенін, діннің барлығы ойдан шығарылған аңыз екенін айтушы едім ғой, соны мен бүгін сендерге тағы да дәлелдеп тұрмын.
Осы кезде аудиторияда отырған басқа бір студент: «Профессор мырза, сізге бір сұрақ қоюға рұқсат етіңіз» — деді.
— Әлбетте
— Табиғатта суық деген жаратылыс бар ма?
— Әрине, бар. Сен немене, мүлдем тоңып көрмегенбісің?
Аудиториядағы өзге студенттер ду күлді. Оны елемеген жас жігіт сөзін жалғады.
— Қателесесіз профессор мырза, табиғатта суық деген жаратылыс жоқ, тек жылу деген жаратылыс бар. Жылу оттан пайда болады, яғни жылуды тудырушы көз, ол – от. Ал суық ештеңеден пайда болмайды, суықты тудырушы көз табиғатта жоқ. Суық деген ұғымды адамдар жылудың жоқтығын немесе жылудың аздығын сипаттау үшін қолданады. Басқаша айтсақ, қай жерде жылу жоқ немесе қай жерде жылу аз сол жерде өздігінен суықтық орнайды. Жаратылыстағы қай нәрсенің де бар екенін оның энергиясымен өлшейміз, ал физика ғылымында жылу энергиясы деген өлшем бар да, суықтың энергиясы деген өлшем жоқ қой, демек, суық деген жаратылыс жоқ.
Енді профессор үнсіз қалды. «Тағы бір сұрағым бар» — деді жас жігіт.
— Табиғатта қараңғылық деген жаратылыс бар ма?
— Бар әрине. Түн деген қараңғылық емес пе?
Бұл жолы профессордың жауабы сенімсіз естілді, студенттер де әлгіндей ойсыз күлкіден тыйылып, жым-жырт тыңдап қалған.
— Сіз тағы да қателестіңіз профессор мырза, табиғатта қараңғылық деген жаратылыс жоқ, тек жарық деген жаратылыс бар. Жарықты тудырушы табиғи көз бар, ол – от. Ал қараңғылықты тудырушы көз жоқ. Қараңғылық неден пайда болады? Қай жерде жарық жоқ немесе аз, сол жерде қараңғылық орнайды. Қараңғы деген ұғымды адамдар жарықтың аздығын немесе жоқтығын сипаттау үшін қолданады. Ғылымда жарықтың энергиясы, жарық толқыны, жарықтың массасы деген өлшемдер бар, ал қараңғылықтың энергиясы, қараңғылықтың массасы деген өлшемдер жоқ. Олай болса, қараңғылық деген жаратылыс жоқ. Ал, енді әлгі сіздің сұрақтарыңызға жауап берейін. Зұлымдық, жауыздық, іштарлық, т.б. толып жатқан жаман қасиеттерді құдай жаратқан жоқ. Құдай отты жаратты, оттан тарайтын жылу мен жарық сәулені жаратты, адам бойындағы мейірім мен махаббатты жаратты. От жоқ жерде өздігінен суықтық пен қараңғылық орнайтыны сияқты, қай жерде махаббат жоқ, қай жерде мейірім-шапағат жоқ, қай жерде адамның адамға деген ізгі қарым-қатынасы жоқ, қай жерде имандылық жоқ, сол жерде зұлымдық та, жауыздық та, арамзалық та, ұятсыздық та, іштарлық та, күншілдік те өз-өзінен пайда болады.
Әлгі профессор боп-боз болып сазарып, көзін бір нүктеден алмастан, үнсіз, меңіреу күйде орнынан қозғалмай қалды. Ал профессорға ұтымды жауап берген жас студент – кейіннен әлемге әйгілі ғұлама болған, салыстырмалылық теориясын ашқан, фотоэффект құбылысын ашқан, физика ғылымы бойынша үш жүзден астам еңбектер жазған Альберт Эйнштейн болатын.

Аударған Алмат Рахметов.
Әрі қарай

Сен жайлы, 4 - бөлім

Сағат 4:15. Жұрт ұйқыда, тəтті түстерін көріп жатыр. Ал менде ол да жоқ. Ұйықтамай сені ойлаумен, сағынумен уақыт өткіземін. Түннің жарымында істейтін дым жоқ болғандықтан əзірге жалғыз алданышым 17ші канал MuzLife арнасы. Негізі сценарий бойынша осы уақытта сенімен сөйлесіп отыруым керек еді. Талай ғашық солай түндерін ұйқысыз өткізіп, өздерінің шынайы махаббаттарының лəззатына батқан, болашағына жоспар құрып, мəңгі бірге болуды армандаған. Білесің бе, ғашықтар неге түнді таңдайды? Себебі, түнде əлем ұйқыда, оларды тіпті жоқ деп есептеп, екеуі ғана қалады. Ештеңеден қорықпайды, қауіптенбейді. Түнде жұлдыздар қатты жарқырайды. Сенің көздерің тəріздес. Түн тыныштық. Жан рахатын сезінудің, сырласудың уақыты. Əрі қарай кетпей-ақ қояйын, əлі он сегіз жоқ…
Саған оралайық. Өте керемет, мінсіз жазылғалы жатқан сценарийді бұзғаныңды білесің бе? Саған не болғанын білмеймін. Бар білетінім мені мойындағың келмейтін сияқты. Өзіңе лайықты көрмедің бе, жоқ əлде артыңнан еретін жұрттың сөздерінен қорқасыңба менің сөздерімді аяқсыз қалдырдың. Мен сені барлық жаманшылықтан қорғайтын едім ғой? Егер сен қолыңды берсең… Е, давай онда, мен жаттым!-деп Бекзат сөзін аяқтап, жатты.
Әрі қарай

"Ой-Зерек" радиобағдарламасының 2017 жылғы 25 қарашасындағы шығарылымында қойылған сұрақтар

«Ой-Зерек» радиобағдарламасының 2017 жылғы 25 қарашасындағы эфирінде жартылай финалдық кезеңнің екінші ойыны өтті. Қонаққа келген «Жаңа астаналықтар» командасы ойынды 3:8 есебімен аяқтады.
< — Иә, иә, тігінен.
Бір әңгімеде грек өнертапқышы Цезарьмен жаңа бір зат, құрылғының жобасын талқылап жатады. Цезарь ИКСтің орнына РИМ болатындай етіп жасауын сұрайды. ИКС-ті атаңыз.

Білгір Андрей Козлов шотландтық Чарльз Маклиннің жаңа кітабын сенімді дереккөз деп атайды. Атап айтқанда, онда хересті сақтау мен бурбонды сақтаудың айырмашылығын, немесе «бөшкелік сусын күштілігі» деген не екенін біліп алуға болады. Бұл кітаптың атауы танымал дереккөздің атауын сөзбен құбылтқаннан шыққан. Кітап атауын табыңыз.

Өз әріптестерін ол кәсібилер мен әуесқойларға, кәсіпқойларды өз кезегінде жинаушылар мен әдістемешілерге бөліп жіктеді. Жинаушылардың ішінде ол суретін салушылар мен сипатын жазушыларды, ал әдістемешілердің ішінде философтар, жүйелеушілер және атау қоюшыларды айрықшалады. Оны атаңыз.

«Гриффиндер» мультсериалының кейіпкері Кубада жұреді. Бірде оның жанынан салтанатты түрде америкалық туды алып бара жатады, ол соны ОСЫЛАЙ ІСТЕУ үшін пайдаланады. «Жел қызы» фильміндегі алып қашу оқиғасы клубтағы таныстықтан, дәлірек айтсақ, жігіттердің қызға ОСЫЛАЙ ІСТЕУІнен басталады. Бұл жалпы қисынды, себебі танымайтын адамдар да бір-біріне ОСЫЛАЙ ІСТЕЙ береді. Қазнеттің қылжақбас блогері Сатыбалды Кербабаев «Мүшейра: Тозақта ОСЫЛАЙ ІСТЕУ» атты қисық жазбасында «Тозақтың ыстығы сонша, ...» деген сөйлемді, аталмыш жердің ыстығын мейлінше әсерлі жеткізетін сөйлеммен аяқтау керек деп шарт қояды. ОСЫЛАЙ ІСТЕУді бір әріптен басталатын екі сөзбен атаңыз.

Джеральд Дарреллдің кітабында грек Еврипид туралы баяндалады. Ол өлгенше ішіп, аулада ұйықтап қалады. Кітап кейіпкерлерінің бірі қысқалық үшін Еврипидті осылай атауға болады дейді. Қалай?

Сахара шөлінің жиегі «Сахель» деген сөзбен аталады. «Сахель» сөзінің аудармасы (африкалық) елдің атауына да кіреді. Қазақ тіліндегі аудармасының омомнимі бар. Атаңыз.

Бұл сұрақта жасырын тұрған бір ғана ұғым бар. Кейде ОНДА екі «альфа» болады, мұндай жағдайда ОЛ коалиция деп аталады. Жапонияда ұйымдастырылған «ОЛ» 1997-жылдан 2007 жылға дейін созылды. ОЛ – биологиялық топтың атауы.

Қазақ жұмбағын шешіңіз.
Қимылы оңдырмас,
Кiшкене қоңырбас.

1976 жылы Делиді абаттандыру бойынша бағдарлама аясында қаланың ескі, лас түкпір аудандары қиратылып, квартал тұрғындары өздеріне жаңа тұрақ іздеуіне тура келді. Аңыз бойынша, сыйықсыз үй-жайлар әр жерлерде пайда бола бастады, бірақ ол жерлерге арнайы келген үй бұзушы мекеме өкілдері ештеңе таппай қала берді. Бұл кварталдың тұрғындарының көбінің айналысатын ісін, кәсібін атаңыз.

Өзінің ескі корсетіне сыймай қалған кейіпкер қызды Рэй Брэдбери ОҒАН теңейді. Басқа шығармасында Брэдбери ОЛ туралы жазған үзіндісінде «жасыл, алтын және қара қою құбылған дақ» деп сипаттайды. (Бұл сипат Абайдың «Тоты құс түсті ОЛ» деген шумақтарына жақын.) ОНЫ атаңыз.

Бір журналистке АЛЬФА жиегінде ғана жасыл жолақ созылған кепкен күзгі жапырақты есіне түсіреді. Кеңестік жазушының АЛЬФА туралы кітабы „Басымен төмен төңкерілген бір ай“ деп аталады. Баз Лурманның нұсқасындағы «Альфа» 2008 жылы шықты. АЛЬФАны атаңыз.


Аудионұсқаны мына жерден табасыздар.
Жалпы Қазақ радиосының тікелей эфирін мына сілтемеден тыңдауға болады.
Әрі қарай