"Ой-Зерек" радиобағдарламасының 2017 жылғы 25 қарашасындағы шығарылымында қойылған сұрақтар

«Ой-Зерек» радиобағдарламасының 2017 жылғы 25 қарашасындағы эфирінде жартылай финалдық кезеңнің екінші ойыны өтті. Қонаққа келген «Жаңа астаналықтар» командасы ойынды 3:8 есебімен аяқтады.
< — Иә, иә, тігінен.
Бір әңгімеде грек өнертапқышы Цезарьмен жаңа бір зат, құрылғының жобасын талқылап жатады. Цезарь ИКСтің орнына РИМ болатындай етіп жасауын сұрайды. ИКС-ті атаңыз.

Білгір Андрей Козлов шотландтық Чарльз Маклиннің жаңа кітабын сенімді дереккөз деп атайды. Атап айтқанда, онда хересті сақтау мен бурбонды сақтаудың айырмашылығын, немесе «бөшкелік сусын күштілігі» деген не екенін біліп алуға болады. Бұл кітаптың атауы танымал дереккөздің атауын сөзбен құбылтқаннан шыққан. Кітап атауын табыңыз.

Өз әріптестерін ол кәсібилер мен әуесқойларға, кәсіпқойларды өз кезегінде жинаушылар мен әдістемешілерге бөліп жіктеді. Жинаушылардың ішінде ол суретін салушылар мен сипатын жазушыларды, ал әдістемешілердің ішінде философтар, жүйелеушілер және атау қоюшыларды айрықшалады. Оны атаңыз.

«Гриффиндер» мультсериалының кейіпкері Кубада жұреді. Бірде оның жанынан салтанатты түрде америкалық туды алып бара жатады, ол соны ОСЫЛАЙ ІСТЕУ үшін пайдаланады. «Жел қызы» фильміндегі алып қашу оқиғасы клубтағы таныстықтан, дәлірек айтсақ, жігіттердің қызға ОСЫЛАЙ ІСТЕУІнен басталады. Бұл жалпы қисынды, себебі танымайтын адамдар да бір-біріне ОСЫЛАЙ ІСТЕЙ береді. Қазнеттің қылжақбас блогері Сатыбалды Кербабаев «Мүшейра: Тозақта ОСЫЛАЙ ІСТЕУ» атты қисық жазбасында «Тозақтың ыстығы сонша, ...» деген сөйлемді, аталмыш жердің ыстығын мейлінше әсерлі жеткізетін сөйлеммен аяқтау керек деп шарт қояды. ОСЫЛАЙ ІСТЕУді бір әріптен басталатын екі сөзбен атаңыз.

Джеральд Дарреллдің кітабында грек Еврипид туралы баяндалады. Ол өлгенше ішіп, аулада ұйықтап қалады. Кітап кейіпкерлерінің бірі қысқалық үшін Еврипидті осылай атауға болады дейді. Қалай?

Сахара шөлінің жиегі «Сахель» деген сөзбен аталады. «Сахель» сөзінің аудармасы (африкалық) елдің атауына да кіреді. Қазақ тіліндегі аудармасының омомнимі бар. Атаңыз.

Бұл сұрақта жасырын тұрған бір ғана ұғым бар. Кейде ОНДА екі «альфа» болады, мұндай жағдайда ОЛ коалиция деп аталады. Жапонияда ұйымдастырылған «ОЛ» 1997-жылдан 2007 жылға дейін созылды. ОЛ – биологиялық топтың атауы.

Қазақ жұмбағын шешіңіз.
Қимылы оңдырмас,
Кiшкене қоңырбас.

1976 жылы Делиді абаттандыру бойынша бағдарлама аясында қаланың ескі, лас түкпір аудандары қиратылып, квартал тұрғындары өздеріне жаңа тұрақ іздеуіне тура келді. Аңыз бойынша, сыйықсыз үй-жайлар әр жерлерде пайда бола бастады, бірақ ол жерлерге арнайы келген үй бұзушы мекеме өкілдері ештеңе таппай қала берді. Бұл кварталдың тұрғындарының көбінің айналысатын ісін, кәсібін атаңыз.

Өзінің ескі корсетіне сыймай қалған кейіпкер қызды Рэй Брэдбери ОҒАН теңейді. Басқа шығармасында Брэдбери ОЛ туралы жазған үзіндісінде «жасыл, алтын және қара қою құбылған дақ» деп сипаттайды. (Бұл сипат Абайдың «Тоты құс түсті ОЛ» деген шумақтарына жақын.) ОНЫ атаңыз.

Бір журналистке АЛЬФА жиегінде ғана жасыл жолақ созылған кепкен күзгі жапырақты есіне түсіреді. Кеңестік жазушының АЛЬФА туралы кітабы „Басымен төмен төңкерілген бір ай“ деп аталады. Баз Лурманның нұсқасындағы «Альфа» 2008 жылы шықты. АЛЬФАны атаңыз.


Аудионұсқаны мына жерден табасыздар.
Жалпы Қазақ радиосының тікелей эфирін мына сілтемеден тыңдауға болады.
Бөлісу:

4 пікір

asaubota
Сахара шөлінің жиегі «Сахель» деген сөзбен аталады. «Сахель» сөзінің аудармасы (африкалық) елдің атауына да кіреді. Қазақ тіліндегі аудармасының омомнимі бар. Атаңыз.

Мерей, мен бұл сұраққа Қуаныш немесе Шоқан деп жауап беріп көрсем ше? ;)
Sebastian
Рахмет! Winepedia енді сүйікті сайтыма айналады