Болашақтың Астанасы — ақылды қала. Дегенмен, қазірден Астана тұрғындарының өмірінің сапасын және әл-ауқатын арттыру, Астананың инфрақұрылымын және қоғамдық қауіпсіздігі деңгейін жақсартуға және жаңғыртуға бағытталған жобалар жүзеге асырылуда. Қазірден Астананы «ақылды қала» деп атауға болатын жобалар бар.
1. Қауіпсіз қала
Бейнебақылау жүйесін кең қолданудың арқасында 2017 жылы қоғамдық орындарда қылмыс деңгейі 21,1 % — ға, көшелерде 32,7 % төмендеді.
Астана аумағында 10 мың бейне камералары орнатылды. Солардың көмегімен нақты уақыт режимінде нөмір белгілерін, жылдамдық режимін, жүргізушілердің көлікпен жолдағы тұтас жолақты, тоқта белгісін, автобус сызығын қиып өтуін анықтау және тіркеу, сонымен қатар қаладағы авто көліктердің санын 99% анықтау жүргізіледі. 6 мың камера 400 қиылыста және қаланың 300 желілік участкесінде, адамдар көп жиналатын орындарда: сауда-ойын сауық орталықтарында, театрларда, спорт ареналарында, музейлерде және тағы да басқа жерлерде 4 мың камера орнатылады.
Қалада фото және видео тіркеу жобасы одан әрі мәліметтерді сараптау Астана қаласының әкімдігімен мемлекеттік –жеке меншік серіктестік бойынша 8,4 млрд.теңге инвестиция көлемімен жүзеге асырылуда және тек қана жеке серіктестер ақшасына қаржыландырылуда.
2. Smart мектеп
Жобаның мақсаты Астана қаласының мектептерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мектеп процесстерін автоматтандыру болып табылады.
Жобаны іске асырудың нәтижелері:
— мектепте оқушылардың қауіпсіздік деңгейін 85% арттыру;
— бөтен адамдардың мектепке кіру жағдайларының 90% алдын алу;
— мектептерде штаттан тыс жағдайлардың 75%-ның алдын алу;
— кітапхана қорын есепке алудың 60% астамын автоматтандыру.
Сервистік модель бойынша қызмет көрсету және инвестицияларды тартудың есебінен елорданың барлық мектептерін қамту жоспарланған
3. Smart емхана
Жобаның мақсаты ішкі және сыртқы процесстерді автоматтандыру есебінен медициналық қызметтердің сапасын жақсарту болып табылады.
Жобаның нәтижелері:
— Емхана дәрігерінің пациентке қызмет көрсету уақытын 10 минутқа дейін азайту;
— Емхананың тіркеу бөлімінде кезекті 30% қысқарту;
— Диагностикалық зерттеулердің жеделдігі мен ақпараттылығын кем дегенде 85% арттыру, медицина қызметкерлерінің уақытын үнемдеу.
4. Smart tickets
Smart Tickets мақсаты – сатуды автоматтандыру арқылы Астана қаласында мәдени және спорттық шараларға билеттер сатып алу үшін қолжетімділікті арттыру және халыққа қолайлы жағдай жасау.
Нәтижесінде:
— Гаджеттерді пайдаланудың арқасында билет сату 30% артады;
— Мәдени және спорт мекемелерінің кассаларына баратын уақыт үнемделеді;
— мекемелердің қаржылық қызметінің айқындылығы қамтамасыз етіледі;
— Мәдени және спорт мекемелердің қаржылық көрсеткіштері мен адамдардың баруы бойынша сараптамалық есептің кез келген нысанын қалыптастыруға болады.
5. Smart payments
Жобаның мақсаты тұтынушыларға барлық төлемдерді жасауға бір шот жасау болып табылады.
Жобада коммуналдық қызметке бірыңғай төлем құжаты арқылы төлеу тетігі қарастырылған.
Smartpayments — электрондық форматта коммуналдық қызметтер үшін төлеу, ол пайдаланушыларға сумен жабдықтау, коммуналдық қалдықтарды шығару, тұрғын үй-пайдалану шығындары, электр қуаты, жылыту, телекоммуникация қызметтері үшін төлем жасауға мүмкіндік береді.
6. Smart көше жарығы
Мақсаты – көшелердегі жарықтандыру құралдарын қуаттылықты реттеуіштермен жабдықтау арқылы көшені жарықтандырудың тиімділігін қамтамасыз ету, көшені жарықтандыруға жұмсалатын эксплуатациялық шығындарды азайту.
Жобаның тиімділігі:
— Шамдарды алыстан басқаруға мүмкіндік беретін бағдарламамен қамтамасыз ету, сондай-ақ, әр шамның жағдайы туралы бөлек мәлімет алу;
— әр шамға түсетін жүктемені басқару;
— өткен жылдардың сәйкес кезеңімен салыстырғанда электр энергиясын 51% артық үнемдеуге қол жеткізу.
— Алыстан мониторинг жасау мен бақылаудың есебінен эксплуатациялық шығындарды азайту, сондай-ақ, бригадалардың шығуын қысқарту;
— Шамдардың құрамында зиянды заттар (сынап) болмағандықтан, оларды арнайы пайдаға асыру қажет емес;
— Смартфонның, планшеттің көмегімен онлайн режимде жарықтандыруды алыстан басқару.
7. е-KСK
«е-KСK» жобасы әр тұрғынның «жеке кабинетті» құруын қарастырады. Қосымша арқылы электрик, сантехник сияқты мамандардың қызметін алу үшін ПИК-ке өтініш қалдыруға болады
е-КСК мобильді қосымшасы арқылы ұялы телефоннан ПИК-қа өтініш жіберуге мүмкіндік береді. Өтініш кепілді түрде адресатқа жетіп, оған нөмір тіркелініп беріледі. Бұдан кейін тапсырыс беруші қосымшадағы барлық өзгерістер туралы хабарландырулармен ақпараттандырылып, жұмыс аяқталған соң оның сапасын бағалай алады.
Астана- күннен күнге дамып, көркейіп келе жатқан жас қала. Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі.
Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында орыс әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады. 1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды. 1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді. 1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді.
Астана — туристердің де назарындағы қала. Келушілер жылдан-жылға көбеюде. Біз бүгін — Астанаға саяхаттап келген туристердің түсірген 20 суретін ұсынамыз.
Астана — ғаламшардағы ең суық астаналардың бірі, Моңғолия астанасы Ұлан-Батырдан жылы, Канада астанасы Оттавадан суық. Мысалға, канадалық Stephen Millar 2011 жылы қаңдар айында Астанадан мынандай суретті жариялапты %)
Ал, испандық Eduardo Arostegui болса былтыр осы уақытта «Астана — үлен қала, барар жерлеріміздің арасы ұзақ. Көлік жалдауға шешім қабылдадық. Астана — Есіл өзенімен бөлініп, 1997 жылдан бері елдің астанасы болып табылады.» деп мына бойжеткеннің суретін жариялапты.
Ал, ұлыбританиялық Wendy болса, 2008 жылы "қазақ мүсіні" деп мына суретті жариялап, Астанада болып жатқан құрылыс нысанын да бір кадрға сыйғызып жіберген екен.
Басқа бір америкалық Peter Gorman болса, 3 жыл бұрын «киілетін мүкін» деп әзілдеп қойыпты %)
Қазіргі таңда Астана дегенде еске Астана футбол клубы мен Astana Pro Team велоклубы еске түседі. Осыдан 5 жыл бұрын Alex Clark мынадай сурет жариялапты 8-)
Ал, дәл сол жерден белгиялық Eric Lafforgue сол жерден "«ҚазМұнайГаз» ҰК-ның штабы" деп сурет салып, сәлем жолдапты.
Тек қана ғимарат суретке түсіруге әуес итальяндық Lorenzo Zucchi екі жыл бұрын Астанадан осындай суретке өзінің архивынан орын берген екен.
Ал, George Georgiev болса 2007 жылы «бетон джунгли» деп таңырқай әзілдеген екен.
Французшадан аударылғанда "ғарыштық арман" атты қолданушы Rêves d'Espace екі жыл бұрын ұлттық архивтың жанынан сурет жариялаған.
Кешкі Астанадан түрік Serkan Keskin айфонынан мынадай сурет жариялапты.
Түнгі Астанаға кезек берсек, abalabana атты туристімізді Қаржы министрлігінен бұрын су шашып тұрған субұрқақ қызықтырған болу керек %)
Жапон Akio 45 2010 жылы мынадай сурет жариялап, «Астана — түнгі қала» деп жазып қойған екен.
Лондондық Jonathan Newell 2011 жылы Бәйтерек туралы «Мифтік Бәйтерек ағашына «Самұрық құсының» салған алтын жұмыртқасы» деп сурет салған екен.
Австралиялық Lachlan Towart 2007 жылы Бәйтерек маңынан мынадай сурет жариялапты.
Ал, 20018 жылы Бәйтерек ішінен неміс Florian Thein болса қазақ қызының суретін жариялаған.
Америкада тұратын измирлік түрік Tan Yilmaz 2012 жылы википедиядан қазақшасынан көшіріп, фликрда «Нұр-Астана мешіті» деп қазақша аралас сурет салса, тайвандық бір қолданушы алдында тұрған домалақ шарға «НЛО-ға ұқсайды екен» деп әзілдеп кетіпті :)
Ал, Сауд Арабиялық ahmed alhammad Нұр-Астана мешітін 2012 жылы басқа ракурста берген екен.
Индианалық Dan биыл ғана «Отан-Ана» монументінен мынадай сурет жариялапты.
Көптеген елге саяхаттаған Valentin Guidal 2016 жылы Астана аэропортынан осындай сурет жариялаған екен.
Не дейміз? Келіп тұрыңыздар!
Өздеріңіз де байқағандай, шетелдіктер Астанадағы ғимараттарға және ерекше мүсіндерге қызығады. Яғни, осындай дүниелер көбейсе, шетелдіктер тағы да ағыла түсетініне сенім мол!
Шын ақшаға покер турнирінің тестілік трансляциясы. Бұл эфир үйдегі арудың кешкі ас ішуді талап етіп, қабағы түйілуінен соң аяқталды. :)
Негізі, басты турнир тағы бірер сағатқа созылып, 2 орынмен аяқталған болатын.
Венгрия еліндегі Дунай жағалауында 60-тан астам жұп аяқ киімдер 70 жылдан бері әлі сақтаулы. Көп адамдар 70 жыл бұрынғы тарихын естігенде жылаған екен. Себебі мыңдаған яһудилер осы жерде атылып, олардың денелері Дунайдың шығысындағы суық суға тасталған екен. Олардың артында ештеңе қалмаған, тек өзеннің қасында тұрған аяқ киімдері ғана сақтаулы…
Көктем. Көшеде келе жатып, небір сұлу мүсінге еріксіз сүйсініп, көттерге көз сүрінеді. Төреғалидің орындауындағы «Сүю оңай ма?» әнімен ыңылдап келе жатасың да, ырықсыз былай деп әндете жөнелгеніңді де білмей қаласың:
Астанада КАЗГЮУ Университетінде MediaNet Халықаралық Журналистика Орталығының Медиа-Мектебі ашылды. Бұл жас мөлшері, мамандығы, дайындалу деңгейі алуан адамдарға арналған тәуелсіз журналистика курстарын қамтитын жоба.
MediaNet Халықаралық журналистика Орталығы 2004 жылдан бастап қызмет етіп келеді, бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 13 жыл ішінде Медиа-Мектептен 1000 жуық адам тәлім алды. Медиа-Мектептің көптеген түлектері редактор, радио тележүргізушісі, продюсер ретінде журналистика саласында жұмыс істеуде.
Медиа-мектеп — бұл 3 ай бойы журналист мамандығының қыр-сырын үйреніп, беделді БАҚ-тарда тәжірибеден өту арқылы кәсіби тұрғыда шыңдалу. Медиа-Мектеп ұстаздары — БАҚ-тың түрлі салаларында қызмет ететін кәсіби деңгейі жоғары мамандар. Өз саласының қас шеберлері кез келген деңгейлі шәкірттерді қазақ және орыс тілдерінде оқытады.
Астанадағы Медиа-Мектеп Конрад Аденауэр атындағы Қордың Қазақстандағы Өкілдігінің қолдауымен ашылды. Жоба әріптесі — КАЗГЮУ Университеті.
Медиа-Мектеп түлектері майталман журналистер мен білікті редакторлардан негізгі білім алып, кәсіби машықтарды үйренеді. Курс бағдарламасында: фактчекинг, медиа құқық, инфографика, мультимедиалық журналистика және басқа да көкейтесті тақырыптар бар.
— Медиа-Мектеп бүгінгі таңда өте өзекті жоба, ол біздің заңгер студенттерімізге практикалық журналистиканың машықтарын үйренуге мүмкіндік береді. Ақпаратты сауатты пайдалану, фактчекинг — бұл юриспруденция ғана емес, журналистикада да кәсіби іскерлік негізі. Сондықтан да осы жобаның Астанадағы алғашқы серіктесті болу біз үшін қуаныш, – деді КАЗГЮУ Университетінің Жоғары құқық мектебінің Директоры Сергей Пен.
Дүниежүзінде демократияның, құқықтық мемлекеттің және әлеуметтік нарықтық экономиканың дамуына өз үлесін қосуды мұрат ететін Конрад Аденауэр атындағы Қордың Қазақстандағы Өкілдігінің қолдауының арқасында Астанадағы Медиа-Мектепте білім алу тегін.