The ТЕРМИНатор: Асталависта, "мәтіналғы"!

Әу баста информатика терминдерінің «мәліметтер қорын» жасап тастап, оның толтырылуын жайбарақ бақылап отыру перспективасы мықты ұнаған еді («жұмысы аз, рақат емес пе?»).
Бірақ, соңғы онжылдықта белең алған, бер жағы – берекетсіз аударма болса, ар жағы – қарапайым көргенсіздікпен ұштасып жатқан қазақша терминдердің табиғатын саралай отырып, олардың қолданысқа енбеуінің себебі – әншейін өзімбілемдік пен менмендікте жатқанын түсіндік. Информатика терминдері, көптеген кәсіпқой мамандардың сүзгісінен өткен тұщымды өнімнен гөрі, бір адамның солосы тәрізді сезімдер қалдырады.
Ендеше, терминдерді аударудың немесе аудармаудың басқаша әдісіне көшсек дейміз. Оның түпқазығы – керекинфошылардың көзқарасы болмақ. Әрі ұсынылған терминге қатысты пікірлер де үнемі қадағаланады. Бұл – барлығы болмағанмен, көпшілік қолдайтын, айтуға ұят емес терминдердің өмірге келуіне септігін тигізеді ме деген дәме бар. Және терминдерді «Керекинфошылар бекіткен!» деген айдармен бөлек кестеге жинап отырмақпыз.
Терминдерді әліппе ретімен емес, қолданыста жиі қолданылатындар ретімен ұсынуды жөн көріп отырмыз.
«Төл тіліміздің көсегесін көгертейік!» деген ұран тастап, революциялық рух беруден аулақпыз. Жәй, қолыңыз тигенде қарап, өз пікіріңізді білдіріп қойсаңыз да үлкен қолғабыс.
Іске сәт!
Әрі қарай

Қазақша фастфуд

Блог - Nurgisa: Қазақша фастфуд

Асты арқауымыз қып алдық. Отыз күн оразада да іптәрға арқау сол ас. Таңғы ас, түскілік, кешкі ас деп трапезаны үш мәрте қабылдау әлемдік өлшем бола тұра, түнгі оннан кейін кейде тәбет ашылып, тоңазытқыштың ішін алай да дүлей ақтаратынымыз бар. Мұның ағаттығы жоқ: қашанда жүрек жалғамаққа нәрлі нәрсені қош көру бұрыс пиғыл емес. Ағза қалады екен, оған да ұю шарт. Қомағайлана бәрін жапыра берген де жарасымсыз дегенмен.
Әрі қарай

Қалжыңдоттар



Әйелінің мысығынан құтылайын деп күйеуi мысықты қапқа салып үйiнен 2 км. алысқа апарып тастапты, үйiне келсе мысык үйiнде екен, қайтіп қапқа салып 2 км оңға, 5 км тiке, 15 км солға… апарып тастапты, сөйтiп үйiне әйелiне телефон соғып: «Мысық үйде ме?» деп сұраса, әйелі «Ия!» деп растайды. Күйеуі ызаланып «Трубканы бершi албастыға, мен адасып қалдым», деген екен.
Әрі қарай

Астана 15 қыркүйекте «Дүниежүзілік тазалық күні» акциясына қосылады

15 қыркүйек күні аталмыш акцияға әлемнің 150-ден астам елінен 380 млн.-ға жуық адам қатысады деп күтілуде, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Астана жаңалықтары: Астана 15 қыркүйекте «Дүниежүзілік тазалық күні» акциясына қосылады


Қоқыстардың көп мөлшерде пайда болуы қазіргі заманның өзекті мәселелері болып отыр. Жылсайын біздің ғаламшарда 4 млрд. тоннаға жуық қалдық пайда болады.


15 қыркүйек күні біздің елорда «Дүниежүзілік тазалық күні» халықаралық әлеуметтік-экологиялық акциясына қосылады. Акция 2008 жылы Эстония елінен бастау алған, онда 50 000 ерікті 5 сағаттың ішінде елді 10 000 тонна қоқыстан тазартқан.


15 қыркүйек күні аталмыш акцияға әлемнің 150-ден астам елінен 380 млн.-ға жуық адам қатысады деп күтілуде.


Осы акцияның бірегейлігі, акцияны барысында қалдықтар сұрыпталып қайта өңдеу зауытына жөнелтіледі.


Осы жоба азаматтық бастамамен тазалықты сақтау, жаңа экологиялық мәдениетті құруда.


Елорданың барлық тұрғындар мен қонақтарын біздің қаламыздың экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосуға шақырамыз.


Сарыарқа ауданы:


Сарыбұлақ өзенінің бойында (жиналу орны «Алланың гүлі» мешіттің қасында);


№ 14 мектеп;


Алматы ауданы:


— «Нұрлы жол» вокзалының аумағында (жиналу орны «Нұрлы жол» вокзалының қасында);


— № 37 мектеп.


Сол жерде құрал-саймандар беріледі.


Акцияның өтетін уақыты: 9.30-дан 13.00-ге дейін.

7889 танысу порталына анкетаны дұрыс жазу

Бүгін біз сіздерге 7889 танысу порталына анкетаны қалай дұрыс жазу керек екенін түсіндіретін боламыз.

Блог - inlab: 7889 танысу порталына анкетаны дұрыс жазу

7889 танысу порталына кез-келген байланыс операторынан хабарласа аласыз. 7889 порталына хабарласқан бетте сізге міндетті түрде тілді таңдау мүмкіндігі ұсынылады. Егер сіз қазақ тілін таңдаған болсаңыз кейінгі барлық әрекетіңіз тек қазақ тіліндегі аудиторияда іске асатын болатын. Анкетаңызды қазақша жазсаңыз, қазақ тілді аудитория ғана сіздің анкетаңызды тыңдайтын болады, әрі ОНЛАЙН ЧАТ қызметін қолдану барысында тек қазақ тілді аудиториямен сөйлесе аласыз.
Ал егер орыс тілін таңдасаңыз, сәйкесінше барлық қызметтер тек орыс тілінде іске асатын болады.
Егер сіз тілді қате таңдап, анкетаңызды қазақ тілінде жазған болсаңыз, портал модераторы сізді сіздің анкетаңыз жазылған тілдегі аудиторияға ауыстыратын болады.


7889 номеріне хабарласқаннан кейін қазақ тілін 1 номерін басу арқылы таңдайсыз. Тілді таңдағаннан кейін сізге порталды қолдану ақысы туралы ақпарат берілетін болады. Порталды қолдану күніне 20 теңге тұрады. Алғашқы үш күн сіз порталды ТЕГІН қолдана аласыз. Порталға жазылу арқылы сіз 7889 дауыстық танысу порталымен бірге meet.kz қосымшасын, сайтын тегін қолдана аласыз. Ол жерде сіз өз суреттеріңізді салып, басқа да танысушылар туралы толық ақпарат алып, суреттерін бағалай аласыз. Өзіңізге ұнаған адамның суретін ғана көріп қоймай, оған хат жаза аласыз.

Сіз келісім бергеннен кейін сізге порталға жазылғаныңыз туралы SMS хабарлама келеді. Хабарлама келгеннен кейін сіз қызметті бір күн тегін қолдана аласыз.
Егер сіз қызметтен бастартқыңыз келсе 7889 нөмеріне «СТОП» сөзін жазып жіберсеңіз болды. Сізде қызмет өшірілетін болады.

Сізге хабарлама келгеннен кейін порталды толықтай қолдана аласыз. 7889 номеріне хабарласып тілді таңдағаннан кейін сізге толықтай меню оқылатын болады.

  • 1. Анкеталар
  • 2. Бейін
  • 3. Дауыстық хабарламалар
  • 4. Онлайн Чат
  • 5. Қызмет туралы ақпарат

Анкеталардың тыңдау үшін 1 номерін тергесін сізге өз бейініңізді жазуға тура келеді. Батырмаларды басу арқылы өз жасыңызды енгізіңіз. Туған күн / ай / жыл. Ары қарай анкетаңызды жаза аласыз. Дауысыңыз анық естілетіндей етіп, тыныш жерде жазған дұрыс. Анкетаны жазған кезде есіміңізді, жасыңызды, қай қаладан екеніңізді, өз қызығушылығыңызды айтыңыз. Өзіңіз іздеп жүрген адамыңыз туралы ақпаратты толықтай айтып кетсеңіз болады. Анкетаны жазу барысында номеріңізді айтқан болсаңыз өзіңіз хабарласып тұрған номеріңізді айтуға тырысыңыз. Егер сіз басқа номерден хабарласып, анкетада басқа номер айтсаңыз анкетаңыз өішіріледі. Себебі біз өз порталымыздың танысушылар үшін ҚАУІПСІЗ болғанын қалаймыз. Номеріңізді айтпасаңызда болады, себебі сізбен танысқысы келген адам сіздің анкетаңызды тыңдағаннан кейін портал ішінде сізге дауыстық хабарламаны еш қиындықсыз қалдыра алады. Портал ішінде дауыстық хабарлама арқылы еркін сөйлесулеріңізге мүмкіндік жасалған.
Егер анкетаңыз дұрыс жазылмай қалса, қайта жазу мүмкіндігіңіз бар. Анкетаңыз дұрыс жазылмай өшірілген болса сізге ол туралы хабарлама келеді. Қайта порталға хабарласып анкетаңызды дұрыстап қайта жазу мүмкіндігіңыз бар.
Анкетаңыз сақталғаннан кейін танысуды жалғастыра аласыз. Ұнаған адамыңызға хабарлама жіберіп, онлайн чат қызметін қолдана аласыз. Қызмет 24/7 уақыт сіз үшін қол жетімді. Сізге дауыстық хабарлама келген жағдайда, сізге ол жайында SMS хабарлама келеді. Солай сізге келген бірде-бір танысушының хабарламасын жіберіп алмайсыз.
Блог - inlab: 7889 танысу порталына анкетаны дұрыс жазу

ОНЛАЙН ЧАТ. Бейініңізді жазып біткеннен кейін сіз онлайн чат қызметін қолдана аласыз. Ол жерде сіз бір бөлмеге түсесіз, әр бөлмеде 10 адамға дейін адам отырады, ол жерде еркін араласып, сөйлесе аласыз. Чатта ұрсысып, балағат сөздер айтуға, музыка қосуға тиым салынған. Егер бұл ережелерді бұзған болсаңыз модератор сізді чатты қолдану мүмкіндігінен айыра алады.
7889 порталын толықтай қолдану өз қолыңызда. Егер қандайда да бір сұрақтар туындаса 8 /727/ 3110611 нөмеріне хабарласып ақпарат ала аласыз.
Әрі қарай

«Астана - қоғамдық кеңістікке деген өзіндік ыңғай қалыптасатын алдыңғы қатардағы қалалардың бірі

Астана жаңалықтары: «Астана - қоғамдық кеңістікке деген өзіндік ыңғай қалыптасатын алдыңғы қатардағы қалалардың бірі

Ресейдің белгілі урбанисі, әлеуметтік жобалау сарапшысы Святослав Мурунов қаланы дамыту және заманауи дәуірдің ерекшелігі мен жаһандық қаланың немен өмір сүретінін талқылады. Мәскеулік қонақ Астана туралы өзінің пікірін бөлісті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мәскеулік урбанист көбіне қоғамдық кеңістіктерді жобалайды. Оның жоба тізімінде Қазан, Сочи, Саратов, Ярослав, Калуга сияқты қалалар бар. С. Мурунов астанаға бірнеше рет келген. Әлемдегі ең жас астананы мәскеулік урбанист үлгі ретінде посткеңестік кеңістіктегі «жаһандық мақсаттар қала-астананың концепциясын қалыптастырды» деп баға берді.

«Астанаға келер болсақ – меніңше бұл посткеңестік кеңістіктегі жалғыз ғана мысал. Яғни жаһандық мүдделер мен Қазақстан мемлекетінің ұлттық мақсаты концепция қалыптастырып, қала-астана идеясын алып келді. Демек, жоба басталарда-ақ акцентті осыған негіздеген», — деді мәскеулік қонақ.

Сондай-ақ Мурунов қоғамдық кеңістіктер қазіргі кезде постиндустриалды экономикада бірінші орынға шыққанын айта кетті. «Себебі, жаңа құндылықтарды жасау мен технология тікелей түрлі мәдениеттер арасындағы алмасу мен коммуникацияның тығыздығына, жылдамдығына байланысты», — деді урбанист.

«Қаладағы саябақ – ол жай ғана саябақ емес, ол шығармашылық кластер. Университет – ол жай тұрған ғимарат емес, ол күрделі бірлескен ғылыми қызмет, музей – ұжымдық толғаныс, рефлексия, кино – тәрбие, кітапхана – әлемді құрылымдау картинасы, т.б. Барлық қоғамдық институттар қаланың тұрақты дамуы үшін маңызды жайттар», — деді ол. – Осыған байланысты, Астана – қоғамдық кеңістікті дамытудың стратегиялары біріккен, қалалықтарды тәрбиелеуде, қоғамдық кеңістікті қайтадан заманауи қадаммен жасауды ойлана отырып және бірегей өзіндік қалып беруге, сондай-ақ қоғамдық әлеуетті өсіріп, оның мазмұны мен басқарудың жаңа формасын іздеудегі алғашқы қалалардың бірі».

Сонымен қатар С. Мурунов қазіргі таңда әлеуметтік, модерация, тарту және ой салатын жоба мен қоғамдық-мәдени орталықтар және қоғамдық кеңістік мәселесі бойынша Урбанистика орталығын салу туралы талқылау жүріп жатқанын жеткізді.
Әрі қарай

Елорда кинотеатрларында балаларға арналған қайырымдылық көрсетілімдер ұйымдастырылады



Елдің әлеуметтік саясатын жүзеге асыру, халық арасында меценаттықты насихаттау, сондай-ақ, мәдениетті жоғарылату мен әлеуметтік бейімдендіруге қолдау көрсету мақсатында бүгін «SOS балалар ауылы» мен «Бала асырап алуды қолдау орталығының» 176 тәрбиеленушісі үшін «Монстры на каникулах 3» мультфильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтті. Шара бастамашысы – Астана әкімдігі, елорда кинотеатрларының желісі мен «Q-group» компаниясы, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астанада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында алғаш рет «Кедергісіз Қазақстан» жобасы бастау алды. Оның аясында елорда кинотеатрларында бір ай көлемінде әр сәрсенбі сайын жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және аутизм ауруына шалдыққан балалар үшін мультфильмдердің тегін көрсетілімі ұйымдастырылатын болады. Жобаның басты мақсаттарының бірі – әлеуметтік бейімдеуге қолдау көрсету.

«Бастауын бүгін алған жоба Астана қаласының жастарын, аутизмге шалдыққан балаларды әлеуметтендіруге бағытталған. Оның арқасында балалар өздерінің сүйікті мультфильмдерін кинотеатрларда тегін тамашалай алады. Осылайша біз қоғам назарын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тағдырына аудартқымыз, олардың жақсылыққа деген сеніміне, қоғам тарапынан махаббатты, қолдау мен қамқорлықты сезінуіне мүмкіндік бергіміз келеді», — деді қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин.

Айта кетейік, қазіргі таңда Астана әкімдігі мен «Kinopark Theatres» кинотеатрлар желілері арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумды бекітуге қатысты мәселе шешіліп жатыр. Бұл өз кезегінде мультфильмдердің қайырымдылық және ерекше күтімге мұқтаж балалар үшін бейімдендірілген көрсетілімін тұрақты түрде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Әрі қарай