Өмірге...

Блог - Inyaz: Өмірге...

Талай қызық, сансыз түрлі кереметті көрсеткен,
Терең толғап, талай сұмдық құпиялы сыр шерткен.
Рахмет, өмір деген толассыз бір сын-сағат,
Ақ – қараның ара-жігін ажыратып, өлшеткен.

Қайғысымен қуанышын қатар қойған көңілге,
Салыстырған арамдықты адалдық пен сенімге.
Адам дейтін алыптарға берген үлкен мүмкіндік,
Рахмет ұлы керуен таңғажайып өмірге!
Бөлісу:

1 пікір

Botik
ну "құпиялы сыр" деген енді… «шындыққа толы ақиқат» сияқты ғой) ал қайғы мен қуаныш бірінің үстіне бірі емес, қатар қойылса, әрине, шығыс септігі жалғауымен емес, шылаумен жазылады)