Салауатты өмір салты ма, әлде саламатты ма?

Көштен қалмайын деп мен де мини блогиадаға қатыспақпын.Әрине, соңғы минуттарда адам ойына не келуші еді?Қарашаның 3-і мен 9-ы аралығында «Салауатты өмір салты» тақырыбына репортаж жасау керек болатын.Бірақ та бұл жазбам репортаж деуге келмес, сонда да бір жарыстың бастамасы ретінде қабыл алуларыңызды сұраймын.
Салауатты өмір салты дегеніміз не? Немесе «саламат» пен «салауат» сөзін дұрыс қолданып жүрміз бе?«Салауат» деген сөз қайдан шыға келгенін қайдам,құллағымыз бұл сөзге тез үйреніп кете барды
.«Егемен Қазақстан» газетіне 2007 жылы «Ақсақалдар айтпады деп жүрмесін» атты материалында журналист Бекболат Әдетовтың «саламат» пен «салауат» сөзінін қалай қолданып жүргендігіміз жайлы былай деп көрсеткен:Салауаттылық. Салауатты өмір салты… Осы сөз, осындай тіркес ғайыптан түскен­дей сап ете қалып, санамызға орныққалы да біршама уақыт болыпты-ау.
Жақында КТК телеарнасынан “салауат­ты шаш” деген кереметті де естідік...

“Салауатты өмір салты” дейтінге біз неге бір дегеннен құлдық ұрып, айрандай ұйи кеттік осы? “Здоровый образ жизни” деген орысшаны осылай бір аударып алып, соған тісті бақадай жабыс­тық та қалдық. Тегі, сол әубаста “салауат” емес, “саламат” деп аударылған болар дейтін ой келеді маған. Саламатты өмір салты. Әуелі солай аударылып, бір білгіш үстінен “жөндеп” жіберген болар деймін ғой баяғы. Әйтпесе “Саламатсыз ба?” деп амандасамыз, “сау-саламат болыңыз” дейміз. Саламат Хайдаров дейтін жақсы ағамыз, белгілі журналисіміз бар. “Саламат” сөзі деніміздің саулығын, тәніміздің (керек десеңіз, жанымыздың да) кіршіксіз тазалығын білдіретіні әмбеге аян. “Сағынып қалдым саламат өмір кешуді”,- дегенде Мұқағали ағамыз да көбінесе осы жағын – жан тазалығы мен тән тазалығын айтқаны екібастан белгілі. Ретті-ретсіз “са­лауатқа” барып ат байлаудың ешбір жөні жоқ.
Ислам дінінде, пайғамбарға салауат деген сөз бар.Ал бұл діни «салауат» сөзімен саламат сөзін алмастырудың не қажеті бар? Біз жарыса жаза кеткен «салауатты өмір салтымызды» «саламатты өмір салтына» алмастыру жөн секілді.Себебі Елбасымыздың өзі қабылдаған «Саламатты Қазақстан» атты Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасында «салауатты» емес «саламатты» сөзін қолданғандығы осының айғағы.

Менің түсінігімдегі «саламатты өмір салтының» нағыз үлгісі білім алатын жоғарғы оқу орным ЕҰУ-нің айналасы.Себебі біздің универ «кіші Венецияда» орналасқан.Олай айтуымның себебі де жоқ емес, бұған «Ақбұлақ» каналы айғақ. «Ақбұлақ» каналы айналасында ЕҰУ мен бірге екі спорт кешені орналасқан.Бірі- "Қазақстан" спорт кешені, екіншісі- «Алатау» спорт кешені. Және күн жылы кезде мұнда байдарка, каноэ есу спортымен айналысатын адамдарды кездестіресің, ал қыс мезгілінде «Ақбұлақ» каналы аппақ мұз айдынға айналып,қала тұрғындары мен ЕҰУ студенттерінің ермегіне айналады.Шанамен сырғанап, коньки тебеді.Студенттердің көпшілігі кешкі уақыттарды осы «Ақбұлақ» жағасында жүгіріп, жаттығу жасап, денелерін шынықтырады.Саламатты өмір салтын қалыптастыруға біздің «кіші Венециямыз» өз үлесін қосып жатыр.Сөз соңында, алыстан арбаламай-ақ университет айналасында спортпен толыққанды шұғылдануға барлық жағдай жасалғандығын айтқым келеді.
Әрі қарай

Wi-fi router-дің таралым сигналын арттыру жолдары.

Осы кездегі адамдар интернетсіз жүру мүмкін емес шығар. Сондықтанда  әр мекеме, әр отбасы жіпсіз модемдік таратылатын интернет жүйесін пайдаланады. Айтпағым Wi-fi Router-дің таралымын тиімді кедергісіз пайдалану жолдары. Wi-fi Router-дің бір кемшілігі өзінің шекткеулі  ортадағана интернет жүйеін таратып жұмыстайтынында.
Егер сіздің үйіңізде Wi-fi Router-дің тарату жүйесі әлсіз, жетпей жатса онда мына бірнеше тәсілдер көмектеседі.   Wi-fi Router-дің орны Router-дің орналасқан жері биігірек жан жағы ашық барлық бөлмеге ортақ жерде орналасқаны дұрыс.Сонда сізге сигнал қабылдау өте жақсы пайдасын тигізеді
Блог - KhanagatNurbol: Wi-fi router-дің таралым сигналын арттыру жолдары.
Блог - KhanagatNurbol: Wi-fi router-дің таралым сигналын арттыру жолдары.
. Көршілердің Wi-fi Routerінен қорғану Сізге ұқсас көршілерде Wi-fi Router-ді қолданса сіздің үйдегі интернет таралымына бөгет болады. Шешімі Wi-fi Router-дің таратылым сигналдарында көптеген арналар бар себепті Wi-fi Stumbler  немесе Wi-fi Analyzer ді пайдаланып сырттан таратылатын сигналдарға бөгет болуға болады.
Блог - KhanagatNurbol: Wi-fi router-дің таралым сигналын арттыру жолдары.
Басқада тоқ артық жалғаулардың зияны Wi-fi Router-таралым сигналдарының нашарлауына теледидар, үйдегі жіпсіз телефон байланыстары, қысқа толқынды пеш т.б электр өнімдері әсер етеді. Мүмкін болса солардан алысырақ ұстаған жөн.
Блог - KhanagatNurbol: Wi-fi router-дің таралым сигналын арттыру жолдары.
Өзіңіз одан басқада пайдаланып көруге болатын тәсілдер.
Жоғардағы тәсілдердің пайдасы тимей жатса өзіңіз Wi-fi Router-дің таралым шегін қолдан арттырып көруге болады. Ең тиімдісі пайдасын тигізген ол Windsurfer. Оны қолдан сусынның қабын қиып жасауға болады. Суретте көрсетілгендей  антенна орнына орналастырса сигнал таралымын арттырады.
Блог - KhanagatNurbol: Wi-fi router-дің таралым сигналын арттыру жолдары.
Wi-fi Repeater DD-WRT программасын пайдаланып Wi-fi Repeater жасау. Бұл бұрыңғы router арқылы таралған Wi-fi дың жылдамдығы қатты артып кетпей үйіңізге толығымен сигналды таратып тұрады.
Блог - KhanagatNurbol: Wi-fi router-дің таралым сигналын арттыру жолдары.
Негізі осылаай…
Әрі қарай

«Керек тілші» блогерлер арасындағы репортаждар конкурсы

Блог - asaubota: «Керек тілші» блогерлер арасындағы репортаждар конкурсы

Конкурс туралы:

Блог - asaubota: «Керек тілші» блогерлер арасындағы репортаждар конкурсы«Нұр Отан» партиясының қолдауымен өтетін блогерлер арасындағы репортаждар байқауы.
Өту уақыты: 2014 жыл 03 қараша — 30 қараша
Қорытындысы және жүлдегерлерді марапаттау: 2014 жыл 5 желтоқсан

Байқау 4 турдан құралады, әр аптаға 1 тур. Әр турда қатысушыларға бір тақырып беріледі. Сол тақырып бойынша блогерлер өздері қалаған форматта репортаждар жасайды, Әр тур сайын материалдарды қазылар алқасы бағалайды, барлық тур бойынша ең көп ұпай жинаған 3 блогер жеңімпаз атанады. Жюри жазбаларды 10 баллдық жүйе бойынша бағалайды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Конкурс мақсаты:

Қазақ блогосферасын және азаматтық журналистиканы дамыту. Блогерлердің азаматтық журналистика саласында шеберліктерін шыңдау, оларды ынталандыру, блогосферада тұлға ретінде қалыптастыру, аймақтардағы жаңалықтарға назар аударту, жетістіктерді және мәселелерді көрсету.

Конкурс талаптары:

1. Kerekinfo.kz сайтына тіркелген кез келген блогер қатыса алады.
2. Конкурсқа ұсынылатын жазбалар репортаж форматында болуы тиіс.
3. Репортаж тақырыбы ұйымдастырушылар тарапынан берілетін тақырыпқа сай болуы қажет.
4. Жазбалар сайттағы «Керек тілші» айдарында жариялануы тиіс.
5. Берілген уақыттан кешіктірілген жазбалар конкурсқа қатыстырылмайды.

Жүлделер:

1-орын: Ноутбук, жеңімпаз дипломы, арнайы ескерткіш сыйлық;
2-орын: Планшет, жеңімпаз дипломы, арнайы ескерткіш сыйлық;
3-орын: Смартфон, жеңімпаз дипломы, арнайы ескерткіш сыйлық.

Қосымша сыйлықтар:

Әр турдың үздік блогеріне, яғни бір турда ең көп ұпай жинаған қатысушыға ескерткіш сыйлықтар беріледі.

Қатысушыларға берілетін тақырыптар және орындалу мерзімдері:

— Салауатты өмір салты (2014 жыл 03-09 қараша)
— Қоғам (2014 жыл 10-16 қараша)
— Кәсіпкерлік (2014 жыл 17-23 қараша)
— Мәдениет (2014 жыл 24-30 қараша)

Конкурстың қазылар алқасы:

— Аршат Оразов (Kerekinfo.kz сайтының администраторы)
— Ерлан Оспан (Kerekinfo.kz сайтының модераторы)
— Данияр Закираев (Kerekinfo.kz сайтының модераторы)
— Абылайхан Калназаров (лингвист, мәдениеттанушы)

Бағалау критерийлері:

— Жазбаның берілген тақырыпқа сай болуы;
— Жазбаның өзектілігі, бұрын еш жерде жарияланбауы;
— Жазбаның сауаттылығы, грамматикасы және орфографиясы;
— Техникалық безендірілуі, шрифттердің және иллюстрациялық суреттердің дұрыс орналастырылуы.

Қорытынды:

Жеңімпаздарды марапаттау а.ж. 5 желтоқсан күні «Нұр Отан» партиясы ғимаратында өтеді. Конкурсты ұйымдастырушылар және партия өкілдері жеңімпаздарды марапаттайды.
Әрі қарай

"Қазақтелекоммен" өткен үш күн: Абай елі

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Абай елі

Семей!..
… жазда Қызылордаға бардық блогтурмен. Қызылорда туралы ойымызды өзгерткен еді сол сапар. Жоқ қазақы орта екенін білетінбіз. Бірақ… көшесінде талы жоқ, иттер әжетханаға кезекке тұратын, бір шеті космодром… құрыған, қуарған дала деп ойлайтынмын. Сөйтсем, менің Созағым қуарған дала екен оның жанында :)
Ал Семейде «көшеде мутанттар жүреді» деген өз-өзіме қалыптастырып алған аңызымды қалаға кіргеннен бұзды. Жол бойы қарағайлы орман, дәп бір Бурабайда жүргендейсің.
Қонақүйге түсе салып Көкбөрі екеуміз таңғы шәй ішуге кафе іздеп шықтық. Көп ұзағамыз жоқ, бірден табылды. Іштегі апай шәй беріп жатып, Семейлік емес екенімізді аңдады ау деймін қала туралы айта келіп «Семей үлкен ауыл ғой»,-деп қойды.
10-дар шамасында қалаға шықтық. Жол бойы тарихи ғимараттар көптеп көзге шалынды. Бірақ, түсіп арнайы суретке түсіруге уақыт тығыз болды.
Семейлік "Қазақтелекомшылар" өздері арнайы бізге деп пісірген тортпен қарсы алды ;)

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Абай елі

Сіздерге бір құпияны ашайын ба ;) Еуразия кіндігі тіпті де Астана емес, географиялық тұрғыдан — Семей. Тағы бір ақпарат па? Мінекейіңіз: Семей байланыс орталығы. Дәл осы жерде ең алғаш рет телеграф (1873), ең алғашқы телефон (1910), алғашқы интернетке қосылды (1993) және… KZ ДОМЕНІ ПАЙДА БОЛДЫ. Ия, ия анау суреттегі ғимаратта Павел Гусев пен Алексей Остроухов деген амиголар KazNIC (алғашында — RelcomSL) деген компания құрып қазір бәріміз пайдаланып жүрген kz доменін тіркеді. Сонымен қазнеттің отаны — Семей :)
Айтпақшы, KazNIC сол кезде "Қазақтелекомның" ғимаратының 1-2 бөлмесін жалға алып отырған :)

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Абай елі

Бұл орталықта ID TV, ID NET, ID Phone секілді қызметтерді қоса аласыз. ID-орталығында әр клиент кез-келген ақпарат алып қана қоймай, жұмыс істеу қабілетін де көреді. Семейдегі ID-орталығының бір бұрышындағы сөреде әлемдік, қазақ және орыс класиктерінің кітаптары қойылыпты.

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Абай елі

Бұл 40 жылдардан бастап жұмыс істеген АТС. 70 000 абонентті телефонмен қамтамасыз етіп тұр. Осы жерде 25 жыл жұмыс істеген Тимофей Кремнев бұрындары секундына 2 килобит деген мега жылдамдық болғанын айтады. Ал екінші суреттегі көлемі тоңазытқыштай ғана болатын қондырғының жылдамдығы 120 мегабит (!). Ең қызығы футбол алаңы болатындай ғимаратта тұрған АТС-ті жаңа жылға дейін екінші суреттегідей 3-ақ қондырғыға ауыстырады. Яғни бүкіл 70 000 абонент 1 ш.м.-ге ғана сиып кетеді. Бұл техника, сәбби ;)

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Абай елі

Онан соң Абай атамызға тағзым етіп, Семей құрбандарына арнап соғылған стелаға бардық. Стела өзен арасындағы аралда орналасқан екен.

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Абай елі

Бородулиха селосы Семейден 60 шақырым жерде орналасқан. 37 000 адам тұрады. "Қазақтелеком" өнімдерін 7 000 адам қолданады екен. Орташа айлық 30 000 ғана болатын өңірде 7 000 абонент тамаша көрсеткіш ойымша. Селодан 60 шақырым жерде орналасқан Жаскент ауылына кабель тартылып жатыр екен. Жолай тағы да 3 ауылға соғып өтеді. Егер осы жоба ойдағыдай жүзеге асса қолданушылар 100 пайызға цифрлік технологияны игереді деген сөз.

Ертеңіне… ертеңіне 6-да тұру керек. Алда Өскемен :)
Әрі қарай

Мен үшін Қазақстанның алғашқы символдары

Бұған дейін де жазып едім негізі: Менің өскен ауылым Қазақстан территориясында болғанымен, Ресейдің медиа-ықпалын көбірек көрді. Өйткені, бізге отандық телеарналар 2004 жылы ғана келді. Сондықтан да шығар, орыс арналарынан "Қазақстан", "қазақ" деген сөз естілсе, селк етіп құлағымызды түріп, кейін естімегендермен бөлісіп: «Телевизордан Қазақстан туралы айтты», — деп қуана айтып жүретінбіз.

Мектеп жасындағы Patick те "үлкен жерден" кеш жететін жаңалықтарға, өзгерістерге сусап жүретіндердің бірі еді. Осы орайда, бала кезімде есте қалған, біздің ауылдың тұрғындары үшін Қазақстан символы болған тұлғалар туралы айтсам деймін.

1. Василий Жиров.
«Мә, Жиров деген боксер шығыпты. Керек болса Тайсонмен де төбелесемін депті. Чемпион мира екен», — деген әңгімені түнгі балық аулауға шыққан жігіттер айтып отыратын.
Блог - patick: Мен үшін Қазақстанның алғашқы символдарыФотосурет: sports.ru




















Оны экраннан көретін күн де келді бір жылдары. Ресейдің Бірінші арнасы Василий Жировтың бір америкалықпен жекпе-жегін трансляциялады. Түн ортасында болғанына қарамастан, трансляцияны күтіп жаттық. Қателеспесем, Вася ұпай санымен жеңіліп қалды. Бірақ оның алып денесі, жолбарыс түстес формасы, комментатордың «Балхашский тигр» деп атағаны кәдімгідей үлкен әсер етті. Ол менің Қазақстанмен байланысы бар алғашқы қаһарманым еді. Іштей ол боксшылардың бәрін жеңіп, атағы жер жарса екен деп соның тілеуін тілеп жүретін едім.

2. Сергей Филимонов
2004 жылғы Олимпиада ойындарының трансляциясын көрдік. Әрине, ресейлік телеарналар өздерінің спортшылары қатысқан жарыстарды көрсетті. Жалғыз «алтын» алған Бақтияр Артаев екенін білемін, бірақ оның төбелесін көре алмадық. Георгий Цурцумианың күресін шет-жағалап көрсеткендей болды. Бірақ, маған рух берген — ауыр атлет Сергей Филимонов.
Блог - patick: Мен үшін Қазақстанның алғашқы символдарыФотосурет: vestnik-belovo.ru





















Әлі есімде — алшаң басып шыға келеді де, штанганы ешбір қиналыссыз көтеріп тастап, алшаңдаған күйі кетіп қалады. Өзі үнемі күлімдеп тұрады. Алған күмісі мен үшін алтын медальмен бірдей болды.
Орыс комментатор «Сергей Филимонов» деген есімді трансляция кезінде бәрінен де көп қайталағандай болды. Жүрек лүп-лүп етіп, таңертең бәріне айтып беруге асықтым сол түні.
Өкінішке орай, Сергей спортпен тез қош айтысты.

2000-шы жылдардың басында спортшыларымен ғана емес, өнерлі жастарымен де таныла бастады. Солардың бірі:
3. Дильназ Ахмадиева
Блог - patick: Мен үшін Қазақстанның алғашқы символдарыФотосурет: tengrinews.kz



















2002 жылы Дильназ «ОРТ» телеарнасынан жыл сайын көрсететін Юрмаладағы «Новая волна» сахнасына шыға келгенде, бөлмеде теледидар көріп отырған 10 адамның 9-ы ауыздарын ашып, не таңғаларын, не қуанарын білмей жеңіл-желпі шок алғаны есімде. Неге тоғызы? Өйткені біреуі үйдің қожайыны. Өзі өте қиқар адам еді. Көрші-көлем шағын ауылдағы теледидары бар жалғыз үйге жиналғанда, үйде кім қожайын екенін көрсеткісі келіп, жұрттың қалағанын емес, өзі көргісі келген арнаға ауыстырып жібереді. Отырасың сосын, "қызық болып жатқан каналға" ауыстыруын Құдайдан тілеп. Неге құдайдан? Өйткені әлгі қожайын өлсе де ауыстырмайды.
Сөйтіп, көршінің теледидарынан үзіп-жарып, концерттің шет-жағасын көргендей болдық. Мен үшін Қазақстанды эстрада саласынан алғаш танытқан Дильназ Ахмадиева. Кейін музыка дүкеніне, Интернетке қол жеткеннен кейін оның әндерін, әнші туралы мәліметтерді іздеп жүретін болдым.

4. Иван Бреусов
Блог - patick: Мен үшін Қазақстанның алғашқы символдары
















Бұл бір енді үлкен дастанға татырлық әңгіме. Қазақстандық әнші Ресейдің «Фабрика звезд-4» реалити-шоуында пайда болысымен-ақ, бар шаруа кейінге қалды. Әр жұманың кешінде шоудың қатысушылары концерт береді, қорытындысында бір адам жарыстан шығарылады. Иван Бреусов «Фабрикада» 6 аптадай болды (егер қателеспесем). Шоудан шығып қалғандағы ауылдың күйзелісін көрсеңіз — мектепте сол күні сабақ өтпеді, мұғалімдер мен оқушылар сабақ үстінде Иванды талқылаумен болды.
Кейін «Фабрика звезд» қатысушылары айтқан әндердің жинақтары шықты. Иванның «Сердце скажи» әні хитқа айналды. Күнделік-дәптердің мұқабасында суреттері шығып, соны ұстау сән болды. Очм, ақпараттық изоляция кезіндегі осындай болмашы нәрселердің барлығы үшін біз үшін үлкен жаңалық, қуаныш еді.

Иван Бреусовтың жарыстан шығатын күнгі әні («Сердце скажи»):


P.S. Айтпақшы, Қазақстан арналарын көретін, үлкен ауылдарда тұратын ағайын «Тоғысқан тағдырлар» деген отандық сериал шықты, керемет деп мақтайтын. Ресейдің «Граница. Таежный роман», «Участок», «Улицы разбитых фонарей» секілді треш-сериалдарын көріп жүрген біз үшін әлгі қазақы сериал туралы есту таңсық та қызық еді. Кейін, оған да қол жетті. Бір сериясын көргеннен кейін ештеңедан құр қалмағанымды түсіндім, «Участогым» бәрібір артық екен.
Әрі қарай

ЖАЙДАРМАН, Жоғары Лига, жартылай финал, 2 - күн, 6.10.2014

Жоғары лиганың бірінші күнгі ойынында жүргізуші Есен ЕЛЕУКЕН «биылғы финалда тек үздік 4 (!) команда ғана ойнайтын болады» дегенде «ооу» десіп қалғамыз. Амал не, кейде Есен ЕЛЕУКЕННІҢ де дегені болмай қалатын кездер болады…
Әрі қарай

День музыки

Сначала было слово. Один из книг от одного из апостолов Христа (точно не знаю, гуглить лень) начинается так. По-моему, в этом и есть вся проблема человечества. Слово — это спор, спор — это драка, драка — война, война – смерть и страдания. Конечно, это слишком грубый пример, но не суть.
Әрі қарай

Имаш кубогы - 2014

Блог - aza: Имаш кубогы - 2014
Кешегі ойын туралы айтқым келеді. Астана қаласы әкімінің кубогы туралы.
ҰНАДЫ: 1) Сөзсіз бұл ойын ашқан жаңалық — Жұлдызды жігіттер. Жалпы, Жайдармандағы екінші әскери құрама. Байланыс жігіттері жеткен жетістікке жетеді, басып озуға да қауқарлы. Кеше формалары ғана ұнамады(ол форма менің есіме Жаңаөзендегі қанды қырғынды түсіреді),
Әрі қарай

Асқар тауым

Адамға өнер қайдан дариды? Неге, мысалға, мен домбыра тарта алам, бірақ, сурет сала алмаймын? Әлгі, қазақтың "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" деген сөзі рас-ау. Маған домбыра тартуды үйреткен әкем. Үйреткенде отырғызып қойып, мәжбүрлеген жоқ. Өзі қолы босаса (ал, қолы босай бермейді, дәлірегі, бос отыру дегенді білмейді) күй тартып, ән салады, содан құлаққа сіңген ғой. Бірақ, менікі енді ол кісінің қасында далбаса. Құнт жоқ.
Әрі қарай