Мен үшін Қазақстанның алғашқы символдары

Бұған дейін де жазып едім негізі: Менің өскен ауылым Қазақстан территориясында болғанымен, Ресейдің медиа-ықпалын көбірек көрді. Өйткені, бізге отандық телеарналар 2004 жылы ғана келді. Сондықтан да шығар, орыс арналарынан "Қазақстан", "қазақ" деген сөз естілсе, селк етіп құлағымызды түріп, кейін естімегендермен бөлісіп: «Телевизордан Қазақстан туралы айтты», — деп қуана айтып жүретінбіз.

Мектеп жасындағы Patick те "үлкен жерден" кеш жететін жаңалықтарға, өзгерістерге сусап жүретіндердің бірі еді. Осы орайда, бала кезімде есте қалған, біздің ауылдың тұрғындары үшін Қазақстан символы болған тұлғалар туралы айтсам деймін.

1. Василий Жиров.
«Мә, Жиров деген боксер шығыпты. Керек болса Тайсонмен де төбелесемін депті. Чемпион мира екен», — деген әңгімені түнгі балық аулауға шыққан жігіттер айтып отыратын.
Блог - patick: Мен үшін Қазақстанның алғашқы символдарыФотосурет: sports.ru




















Оны экраннан көретін күн де келді бір жылдары. Ресейдің Бірінші арнасы Василий Жировтың бір америкалықпен жекпе-жегін трансляциялады. Түн ортасында болғанына қарамастан, трансляцияны күтіп жаттық. Қателеспесем, Вася ұпай санымен жеңіліп қалды. Бірақ оның алып денесі, жолбарыс түстес формасы, комментатордың «Балхашский тигр» деп атағаны кәдімгідей үлкен әсер етті. Ол менің Қазақстанмен байланысы бар алғашқы қаһарманым еді. Іштей ол боксшылардың бәрін жеңіп, атағы жер жарса екен деп соның тілеуін тілеп жүретін едім.

2. Сергей Филимонов
2004 жылғы Олимпиада ойындарының трансляциясын көрдік. Әрине, ресейлік телеарналар өздерінің спортшылары қатысқан жарыстарды көрсетті. Жалғыз «алтын» алған Бақтияр Артаев екенін білемін, бірақ оның төбелесін көре алмадық. Георгий Цурцумианың күресін шет-жағалап көрсеткендей болды. Бірақ, маған рух берген — ауыр атлет Сергей Филимонов.
Блог - patick: Мен үшін Қазақстанның алғашқы символдарыФотосурет: vestnik-belovo.ru





















Әлі есімде — алшаң басып шыға келеді де, штанганы ешбір қиналыссыз көтеріп тастап, алшаңдаған күйі кетіп қалады. Өзі үнемі күлімдеп тұрады. Алған күмісі мен үшін алтын медальмен бірдей болды.
Орыс комментатор «Сергей Филимонов» деген есімді трансляция кезінде бәрінен де көп қайталағандай болды. Жүрек лүп-лүп етіп, таңертең бәріне айтып беруге асықтым сол түні.
Өкінішке орай, Сергей спортпен тез қош айтысты.

2000-шы жылдардың басында спортшыларымен ғана емес, өнерлі жастарымен де таныла бастады. Солардың бірі:
3. Дильназ Ахмадиева
Блог - patick: Мен үшін Қазақстанның алғашқы символдарыФотосурет: tengrinews.kz



















2002 жылы Дильназ «ОРТ» телеарнасынан жыл сайын көрсететін Юрмаладағы «Новая волна» сахнасына шыға келгенде, бөлмеде теледидар көріп отырған 10 адамның 9-ы ауыздарын ашып, не таңғаларын, не қуанарын білмей жеңіл-желпі шок алғаны есімде. Неге тоғызы? Өйткені біреуі үйдің қожайыны. Өзі өте қиқар адам еді. Көрші-көлем шағын ауылдағы теледидары бар жалғыз үйге жиналғанда, үйде кім қожайын екенін көрсеткісі келіп, жұрттың қалағанын емес, өзі көргісі келген арнаға ауыстырып жібереді. Отырасың сосын, "қызық болып жатқан каналға" ауыстыруын Құдайдан тілеп. Неге құдайдан? Өйткені әлгі қожайын өлсе де ауыстырмайды.
Сөйтіп, көршінің теледидарынан үзіп-жарып, концерттің шет-жағасын көргендей болдық. Мен үшін Қазақстанды эстрада саласынан алғаш танытқан Дильназ Ахмадиева. Кейін музыка дүкеніне, Интернетке қол жеткеннен кейін оның әндерін, әнші туралы мәліметтерді іздеп жүретін болдым.

4. Иван Бреусов
Блог - patick: Мен үшін Қазақстанның алғашқы символдары
















Бұл бір енді үлкен дастанға татырлық әңгіме. Қазақстандық әнші Ресейдің «Фабрика звезд-4» реалити-шоуында пайда болысымен-ақ, бар шаруа кейінге қалды. Әр жұманың кешінде шоудың қатысушылары концерт береді, қорытындысында бір адам жарыстан шығарылады. Иван Бреусов «Фабрикада» 6 аптадай болды (егер қателеспесем). Шоудан шығып қалғандағы ауылдың күйзелісін көрсеңіз — мектепте сол күні сабақ өтпеді, мұғалімдер мен оқушылар сабақ үстінде Иванды талқылаумен болды.
Кейін «Фабрика звезд» қатысушылары айтқан әндердің жинақтары шықты. Иванның «Сердце скажи» әні хитқа айналды. Күнделік-дәптердің мұқабасында суреттері шығып, соны ұстау сән болды. Очм, ақпараттық изоляция кезіндегі осындай болмашы нәрселердің барлығы үшін біз үшін үлкен жаңалық, қуаныш еді.

Иван Бреусовтың жарыстан шығатын күнгі әні («Сердце скажи»):


P.S. Айтпақшы, Қазақстан арналарын көретін, үлкен ауылдарда тұратын ағайын «Тоғысқан тағдырлар» деген отандық сериал шықты, керемет деп мақтайтын. Ресейдің «Граница. Таежный роман», «Участок», «Улицы разбитых фонарей» секілді треш-сериалдарын көріп жүрген біз үшін әлгі қазақы сериал туралы есту таңсық та қызық еді. Кейін, оған да қол жетті. Бір сериясын көргеннен кейін ештеңедан құр қалмағанымды түсіндім, «Участогым» бәрібір артық екен.
Бөлісу:

21 пікір

zholantai
Дильназ Ахмадиеваны эфирден көрсеткенде көз алмай қарап қалатын едім, мықты, мықты
zholantai
Сергей Филимонов қазір қайда?
patick
Ресейде кен орнында БелАЗ айдайды екен
zholantai
өкінішті
Adiletshu
Мүмкін өзіне ұнайтын шығар. Мүмкін бала кезіндегі арманы шығар. Менің бір сыныптасым тракторист болуды армандайтын
patick
Жігіттер, Филимонов туралы бөліктегі сілтемеге өтсеңдер себептерін спортшының өзі айтқан
zholantai
меніңше мәжбүр болған
Adiletshu
Танир Сагир Филимонов алайын деп тұрған алтынды алып кеткені есімде. Сол олимпиададан кейіін көрінбей кетті
AKY
Рахаттанып қараған Новая волналарым Дильназ бен Мақпал қатысқан жылдар.
Кейін байқаудың құсықтығына көз жеткізіп қарамай қойдым.
AKY
Жировтың бір жеңген зекпе-зегін көргем. «ВАСЯ» деп жас балдар айғайлап отқаны есімде ринг сыртынан
MERmukhanov
Филимонов оның алдында Б категориясында жүр еді, азамат. Үштөбе ме, Үржар со жақтікі ау дейм. Танер Сагер шанс қалдырған жоқ, негізі.
Вася Қазақстанда Алекс Гонзалесті 10 секундта талдырды ау дим)))

ken
Жекпе-жекті ТВдан көрсетуден бір күн бұрын Алекс Гонзалес Хабардағы «Бетпе-бет» бағдарламасының қонағы болған. Бағдарламаны «бай-қуатты болайық!» деп қоштасатын журналист жүргізген.)
Adiletshu
Нұртөре Жүсіп
MERmukhanov
Нұртөре Жүсіп Хабарда бағдарлама жүргізген жоқ. Ол — Жас Алаш, Айқын газеттерінің бас редактоы болған журналист.
Жүргізген Нұртілеу Иманғалиұлы болатын.
Adiletshu
Бәсе. Иманғали бар еді ғой деп түсінбей қап едім
SaryQazaQ
Мен үшін тек қана Василий Жиров тұлғалық символ болды. Қалғандарынан түк хабарым болмапты. Оның өзінде телеарналардың жарнамасының арқасында деп ойлаймын, өйткені Жировты бұрын естімегенмін, төбелестерін көрмегенмін. Алекс Ганзалеспен болған жекпе-жекке президент қатысып, тікелей эфирден бірнеше канал қатарынан көрсетті. Жер-көкке сыйғызбай мақтады. Жеңісіне қуанғаннан бірде жазып, бірде қойып жүрген шала күнделігімен үлкен әріптермен Жировтың Ганзалесті қашан, қалай жеңгенін жазып қойдым. Жировтың суреті бар дәптерлер пайда болды. Бірақ одан кейін Жировтың жекпе-жегін көрмедік, үн-түнсіз жоғалып кетті
Marco
Салмақ қосам деп бабын жоғалтып алды ғой. (((
Marco
Жиров Гонсалеспен шығатын күні мамам ет асып, арнайы күткеніміз есімде. Ұрып жыққаннан кейін ғана жедік) Жеңгебегенде қайтер едік)
Adiletshu
Мен сол күні хоккей ойнап келгем. Денемді суық алып қапты. Қайта-қайта сигім келе береді. Мен туалетке барып келгенше басталып кетер деп, есіктің алдына шаптыра салғам
Marco
Бақтияр чемпион болатында үйдегі екі кішкентай ініммен қатар отырып қарадым. Гимн ойнағанда екеуін орнынан тұрғызып қойып, тыңдағаным есімде)
MickThatsMyNick
Рахат-Лукум, Нұрлан мен Мұрат, АБК, А-Студио, Перекресток, көп қо символдар тағысын тағы, есіме түспей отқандары қаншама. Керісінше, Бахтиярдың шыққаны маған рух берді, соңғы үміт, соңғы спортшы, соңғы жекпе-жек, соңғы және алғашқы алтын. Сол кездегі ностальжи гимнді айтшиш елжіретіп жіберетін.)