"Қазақтелекоммен" өткен үш күн: Абай елі

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Абай елі

Семей!..
… жазда Қызылордаға бардық блогтурмен. Қызылорда туралы ойымызды өзгерткен еді сол сапар. Жоқ қазақы орта екенін білетінбіз. Бірақ… көшесінде талы жоқ, иттер әжетханаға кезекке тұратын, бір шеті космодром… құрыған, қуарған дала деп ойлайтынмын. Сөйтсем, менің Созағым қуарған дала екен оның жанында :)
Ал Семейде «көшеде мутанттар жүреді» деген өз-өзіме қалыптастырып алған аңызымды қалаға кіргеннен бұзды. Жол бойы қарағайлы орман, дәп бір Бурабайда жүргендейсің.
Қонақүйге түсе салып Көкбөрі екеуміз таңғы шәй ішуге кафе іздеп шықтық. Көп ұзағамыз жоқ, бірден табылды. Іштегі апай шәй беріп жатып, Семейлік емес екенімізді аңдады ау деймін қала туралы айта келіп «Семей үлкен ауыл ғой»,-деп қойды.
10-дар шамасында қалаға шықтық. Жол бойы тарихи ғимараттар көптеп көзге шалынды. Бірақ, түсіп арнайы суретке түсіруге уақыт тығыз болды.
Семейлік "Қазақтелекомшылар" өздері арнайы бізге деп пісірген тортпен қарсы алды ;)

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Абай елі

Сіздерге бір құпияны ашайын ба ;) Еуразия кіндігі тіпті де Астана емес, географиялық тұрғыдан — Семей. Тағы бір ақпарат па? Мінекейіңіз: Семей байланыс орталығы. Дәл осы жерде ең алғаш рет телеграф (1873), ең алғашқы телефон (1910), алғашқы интернетке қосылды (1993) және… KZ ДОМЕНІ ПАЙДА БОЛДЫ. Ия, ия анау суреттегі ғимаратта Павел Гусев пен Алексей Остроухов деген амиголар KazNIC (алғашында — RelcomSL) деген компания құрып қазір бәріміз пайдаланып жүрген kz доменін тіркеді. Сонымен қазнеттің отаны — Семей :)
Айтпақшы, KazNIC сол кезде "Қазақтелекомның" ғимаратының 1-2 бөлмесін жалға алып отырған :)

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Абай елі

Бұл орталықта ID TV, ID NET, ID Phone секілді қызметтерді қоса аласыз. ID-орталығында әр клиент кез-келген ақпарат алып қана қоймай, жұмыс істеу қабілетін де көреді. Семейдегі ID-орталығының бір бұрышындағы сөреде әлемдік, қазақ және орыс класиктерінің кітаптары қойылыпты.

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Абай елі

Бұл 40 жылдардан бастап жұмыс істеген АТС. 70 000 абонентті телефонмен қамтамасыз етіп тұр. Осы жерде 25 жыл жұмыс істеген Тимофей Кремнев бұрындары секундына 2 килобит деген мега жылдамдық болғанын айтады. Ал екінші суреттегі көлемі тоңазытқыштай ғана болатын қондырғының жылдамдығы 120 мегабит (!). Ең қызығы футбол алаңы болатындай ғимаратта тұрған АТС-ті жаңа жылға дейін екінші суреттегідей 3-ақ қондырғыға ауыстырады. Яғни бүкіл 70 000 абонент 1 ш.м.-ге ғана сиып кетеді. Бұл техника, сәбби ;)

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Абай елі

Онан соң Абай атамызға тағзым етіп, Семей құрбандарына арнап соғылған стелаға бардық. Стела өзен арасындағы аралда орналасқан екен.

Блог - Daniar-Alan: Қазақтелекоммен өткен үш күн: Абай елі

Бородулиха селосы Семейден 60 шақырым жерде орналасқан. 37 000 адам тұрады. "Қазақтелеком" өнімдерін 7 000 адам қолданады екен. Орташа айлық 30 000 ғана болатын өңірде 7 000 абонент тамаша көрсеткіш ойымша. Селодан 60 шақырым жерде орналасқан Жаскент ауылына кабель тартылып жатыр екен. Жолай тағы да 3 ауылға соғып өтеді. Егер осы жоба ойдағыдай жүзеге асса қолданушылар 100 пайызға цифрлік технологияны игереді деген сөз.

Ертеңіне… ертеңіне 6-да тұру керек. Алда Өскемен :)
Бөлісу:

12 пікір

GuldenBayzakova
біздің қазақтіліді блогерлердің осындай турға қатысып, пост жазғаны қуантады. Қазақтелеком соңғы кездері ондай шараларды жиі ұйымдастырады, бұл да дұрыс
ademi_alem
ертеңіне 6-да тұру керек. Алда Өскемен :)
Өскемен туралы қашан жазасыз ааааа?
MERmukhanov
Еуразия кіндігі Жидебайда еді баяғыда барғанда
patick
Нәщар пост, говно, авторды зынданға — бұл жерде мүлдем айтылмауы тиіс.
zholantai
Орташа айлық 30 000 ғана болатын өңірде
сонда ондағы ең төменгі айлық мөлщері қанша болғаны?
Tyulpan
ой, Жөке, оны айтсақ, еске түсірсек жылағымыз келеді… Семейдің сонда тұрып жатқан халқы мықты-ақ…
Tyulpan
күшті пост. рахмет біздің Семейді танытып жатқандарыңызға ))