Салауатты өмір салты ма, әлде саламатты ма?

Көштен қалмайын деп мен де мини блогиадаға қатыспақпын.Әрине, соңғы минуттарда адам ойына не келуші еді?Қарашаның 3-і мен 9-ы аралығында «Салауатты өмір салты» тақырыбына репортаж жасау керек болатын.Бірақ та бұл жазбам репортаж деуге келмес, сонда да бір жарыстың бастамасы ретінде қабыл алуларыңызды сұраймын.
Салауатты өмір салты дегеніміз не? Немесе «саламат» пен «салауат» сөзін дұрыс қолданып жүрміз бе?«Салауат» деген сөз қайдан шыға келгенін қайдам,құллағымыз бұл сөзге тез үйреніп кете барды
.«Егемен Қазақстан» газетіне 2007 жылы «Ақсақалдар айтпады деп жүрмесін» атты материалында журналист Бекболат Әдетовтың «саламат» пен «салауат» сөзінін қалай қолданып жүргендігіміз жайлы былай деп көрсеткен:Салауаттылық. Салауатты өмір салты… Осы сөз, осындай тіркес ғайыптан түскен­дей сап ете қалып, санамызға орныққалы да біршама уақыт болыпты-ау.
Жақында КТК телеарнасынан “салауат­ты шаш” деген кереметті де естідік...

“Салауатты өмір салты” дейтінге біз неге бір дегеннен құлдық ұрып, айрандай ұйи кеттік осы? “Здоровый образ жизни” деген орысшаны осылай бір аударып алып, соған тісті бақадай жабыс­тық та қалдық. Тегі, сол әубаста “салауат” емес, “саламат” деп аударылған болар дейтін ой келеді маған. Саламатты өмір салты. Әуелі солай аударылып, бір білгіш үстінен “жөндеп” жіберген болар деймін ғой баяғы. Әйтпесе “Саламатсыз ба?” деп амандасамыз, “сау-саламат болыңыз” дейміз. Саламат Хайдаров дейтін жақсы ағамыз, белгілі журналисіміз бар. “Саламат” сөзі деніміздің саулығын, тәніміздің (керек десеңіз, жанымыздың да) кіршіксіз тазалығын білдіретіні әмбеге аян. “Сағынып қалдым саламат өмір кешуді”,- дегенде Мұқағали ағамыз да көбінесе осы жағын – жан тазалығы мен тән тазалығын айтқаны екібастан белгілі. Ретті-ретсіз “са­лауатқа” барып ат байлаудың ешбір жөні жоқ.
Ислам дінінде, пайғамбарға салауат деген сөз бар.Ал бұл діни «салауат» сөзімен саламат сөзін алмастырудың не қажеті бар? Біз жарыса жаза кеткен «салауатты өмір салтымызды» «саламатты өмір салтына» алмастыру жөн секілді.Себебі Елбасымыздың өзі қабылдаған «Саламатты Қазақстан» атты Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасында «салауатты» емес «саламатты» сөзін қолданғандығы осының айғағы.

Менің түсінігімдегі «саламатты өмір салтының» нағыз үлгісі білім алатын жоғарғы оқу орным ЕҰУ-нің айналасы.Себебі біздің универ «кіші Венецияда» орналасқан.Олай айтуымның себебі де жоқ емес, бұған «Ақбұлақ» каналы айғақ. «Ақбұлақ» каналы айналасында ЕҰУ мен бірге екі спорт кешені орналасқан.Бірі- "Қазақстан" спорт кешені, екіншісі- «Алатау» спорт кешені. Және күн жылы кезде мұнда байдарка, каноэ есу спортымен айналысатын адамдарды кездестіресің, ал қыс мезгілінде «Ақбұлақ» каналы аппақ мұз айдынға айналып,қала тұрғындары мен ЕҰУ студенттерінің ермегіне айналады.Шанамен сырғанап, коньки тебеді.Студенттердің көпшілігі кешкі уақыттарды осы «Ақбұлақ» жағасында жүгіріп, жаттығу жасап, денелерін шынықтырады.Саламатты өмір салтын қалыптастыруға біздің «кіші Венециямыз» өз үлесін қосып жатыр.Сөз соңында, алыстан арбаламай-ақ университет айналасында спортпен толыққанды шұғылдануға барлық жағдай жасалғандығын айтқым келеді.
Бөлісу:

65 пікір

patick
Репортаж деп еді ғой қойылған талапта
Daniar-Alan
3.
Патик жауап беріпті :)
yerlanospan
0 ұпай.
Тақырып — мықты, холливар түрінде, үлкен даудың шетін шығаруға болар еді-ақ, әттең, репортаж болмай қалыпты(((
NazerkeAbibulla
)))))))) мен үлгермей қалдым, егер рұқсат етсеңіздер келесілерін міндетті түрде репортаж қылып жазамын!
qonyrbai
Сонда осылай мақтасаңдар, оқытушыларың «беске» қорыта ма сессияда?
NazerkeAbibulla
))))))))) мақтанбай-ақ «беске» шығып жүрмін сессиядан.Мұнда сабақтың түк те қатысы жоқ, универ маңайында 2 жатахана бар.Құрбым 6-да, мен 2-де тұрамын.Кешкісін үнемі сыртқа шығып тұратынбыз, яғни «кіші Венецияға».Сол себепті ұнайды «Ақбұлақ» каналы, мен ЕҰУ емес,«Ақбұлақ»каналы жайында айтқым келген, универдің қатысы шамалы мұнда!!!
qonyrbai
Сөйлемдер арасына пробел тастамайтының күдікті екен. Дегенмен, неге ЕНУ-ды сөз ете бересің? Оқытушыларыңның қатысы бар секілді.
AydosRymkul
Адам өзі қалай жасғысы келеді, солай жазады. Оған шектеу қою дұрыс емес! ЕНУ-ды мақтаса демек универ соған тұрарлық болғаны да…
qonyrbai
СПТУ-да оқыған Бабагүл де сол оқу орнын мақтаған, сол жердің қара жұмысына жегілсе де. Оқыған жерін жамандайтын қазақ жоқ.
AydosRymkul
Демек сол Бабагүлдің деңгейі СПТУмен шамалас болғаны да, СПТУ мен ЕНУ дың арасы жер мен көктей…
qonyrbai
Енді Қатонқарағайдан оны қалаға кім жіберсін. ЕНУ-дың орнына ГПТУ болса, бәрің де соны мақтар едіңдер. Көлі болмай, орнына цемент зауыты болса, иттерің шығар еді.
AydosRymkul
Адам оқуға түспес бұрын ЖОО-ның плюс минусын жинайды(басқалар үшін жауап бермей — ақ қояйын бәзбіреулер сияқты, мен өзім солай жасағанмын), содан ЕНУ-дың минусынан гөрі плюсы артығырақ болды. Айпақшы мұнда цемент зауыты жоқ! Итімізде әлі шықпаған!
NazerkeAbibulla
Сіз қайда білім алдыңыз? Мына сіздің жазған сөздеріңіз сол оқу орнының білім сапасының дәлелі болмақ
qonyrbai
Грант пен ақылының студенттері арасындағы білім де қазір ерекшеленіп жүрген жоқ. Оқыған жеріне қарай адамның білім деңгейі өлшенбейді. Қайта сол оқу орынның адамға білім беру жағы есепке алынады. Әйтпесе, менің інім шалғайдағы оқушысы аз мектепте оқыған. Білімі жақсы, шүкір. Ал сендерге ЕНУ тек мақтауды ғана үйрететін сияқты.
AydosRymkul
Өзім де шалғайдағы мектептен келдім Астанаға! Блімдімін демеймін! Өз деңгейінде ұстаздар білгенін үйретті! Соның арқасында сессиядан сессияға Аллаға шүкір деймін «Бестік» деген бағамен өтіп келемін
NazerkeAbibulla
Оқыған жеріне қарай адамның білім деңгейі өлшенбейді. Қайта сол оқу орынның адамға білім беру жағы есепке алынады. Әйтпесе, менің інім шалғайдағы оқушысы аз мектепте оқыған. Білімі жақсы, шүкір.

Қайдан көрдіңіз, мектеп пен универді салыстырған адамды? Аттестатпен жұмысқа орналасу не дипломмен орналасу деген сияқты тупая идея сіздікі
AKY
Қоңырбай, е, жастардың арасынан тісің өтетін жертва тауып алдың ба не, э?
Сонша салғыласқаның не? Мақтаса да, даттаса да өзі біледі а так
Aya
сонайтамын, әлгі салауттылықтың мәнін іздеп он ұпай алған жігіт емес пе. Соған құтырып жүр ғой дим :v
ken
ал тақырып бойынша ше?
AKY
оқыған да жоқпын.
ken
Салауатты өмір салты ма, әлде саламатты ма?
Қайсы?
AKY
Не грузи, пжлста. Сен филолог, вот и ойлан да жауап бер.
qonyrbai
Құтырып жүруім тек бір аптаға ғана созылад.
qonyrbai
Оны да көп көрдің бе, сәулем-ай!? Жаным, Жәмилә, қайда жүрсің? ©
Maqta_qyz
Қозеке, осы жерде қатты шатастыңыз :v
NazerkeAbibulla
Мен «Керек Инфо» сайтына алғаш рет жазып отырмын, біріншіден.Ал екіншіден, осы «Ақбұлақ» секілді канал не өзен, көл болсын жағасында орналасқан Қазақстандағы ЖОО-ларды маған атап көрсете аласыз ба? Репортаж жасауға үлгермей қалдым, фотоға түсіріп, сондықтан сіз мендегі ойды түсінбей отырсыз.Оқытушыларға келер болсақ, олардың қатысы болатын болса универде жұмыс істейтін 30 спорттық секциялар жайлы жазатын едім ғой!
qonyrbai
Қазақстандағы ЖОО-ларды маған атап көрсете аласыз ба?
Ал енді ЕНУ-дың қатысы қанша? СПТУ-да оқыған Бабагүл де дәл осындай пікірде болған. Оқып жүргендер өз дәрежесінде білім ала алса, шүкір, кішівенецияңдыссс.
NazerkeAbibulla
Сіз айтып отырған СПТУ басқа әңгіме, география оқысаңыз елдердің географиялық орналасу ерекшелігі деген болады, сол сияқты универдің географиялық орналасуындағы ерекшелігін атап өттім,қатысы географиялық орналасу ерекшелігінде!
qonyrbai
Әәә. Солай демейсің бе. Әйтпесе, алғашқы сөйлемнен ЕНУ-ды мақтай жөнелдің.
Gastarbaiter
Негізі орынды айтқандары. Өз көзіммен көрдім тізіп жазған игіліктерін. "Қазақстан" спорт кешенінде де болдым. Басқа секцияларын қайдам, бірақ тренажеркалары құсық. Шиелідегі менің залымнан нашар болатұғын. Қысқасы, Астана орталығына лайық емес. Мұның, әрине, авторға еш қатысы жоқ.
Автордың келесі жазбаларын күтем. Мынау, жай амандасқаныңыз болар?
NazerkeAbibulla
)))))) келесі жазбалар міндетті түрде болады
NazerkeAbibulla
Егер ЕНУ-ға әңгімеңіз бар болса, маған емес ректоратқа барып айтыңыз арыз-шағымыңызды!

География терминдерін айта жөнелген едім,әңгімеңіз өзгеріп шыға келді ғой
satibaldi
маған емес ректоратқа барып айтыңыз арыз-шағымыңызды!
— Ректормен жүздесуге жазылып кетсем бола ма?
— Неге?
— Оқу орны чмошный екенін айтып кетейін деп едім.
— Қажеті жоқ, ағай өзі де білед
NazerkeAbibulla
Қазақтарды төрден көрге сүйрейтін әдеті- іштарлық, көре алмаушылық бұрыңғының да, бүгінгінің де айықпас дертіне айналып отырғандығын сіз дәлелдедіңіз!
satibaldi
Қазақтарды төрден көрге сүйрейтін әдеті- іштарлық, көре алмаушылық бұрыңғының да, бүгінгінің де айықпас дертіне айналып отырғандығын сіз дәлелдедіңіз!

Адам танудан алдына жан, тіпті тән салмаған сіңлім болдыңыз. Қырағы көзіңізден менің ішімде қызғаныштың қызыл түлкісі байыз таппай жатқаны таса қалмады. Шынымен де, Университет атындағы Еуразиялық Гумилевтің жетістіктерін жек көремін. Тіпті қосып айтайын — көгеріп-көксемегенін сұрап жалбарынамын Аспан Әміршілеріне.
Бір жағынан, қарғап сілегенім келіп те жатқан сияқты, айталық Университет атындағы Еуразиялық Гумилев биыл әлемдегі TOP500 ЖОО тізіміне кірмей қалды. Еште!
NazerkeAbibulla
аудару.кз — ті пайдаланғаннан саумысыз?
NazerkeAbibulla
Міне біздің Ақбұлақ
серуендейміз
Шедевр!!!
Міне, Ақбұлақ!!! 1-ші курстан естелік
ken
Былай, мұрныңыздың иіс сезуі қалай?))
NazerkeAbibulla
)))))))))))) сіздікіндей
ken
Сөзіңнің жаны жоқ емес
Arys_arlany
«Салауатсыздар ма?». Мен сіздермен амандасып жатырмын!
ken
Тақырыпты плюста. Алдыңғы бетке шықсын.
Arys_arlany
8-ақ бал болды ғой, әле неше керек?
qonyrbai
Қотауәқәқәқәқәқә!
AKY
Сол гребной каналда Байдарка есуден реп болғанда жыртып кетер ең. Сезон емес бірақ қазір.
satibaldi
Советы бывалого дейсің ғой
AKY
Есчо ескекті Гүлайдын есіп отырса, ә? :v
NazerkeAbibulla
))))))) қазір енді мұз боп қатып жатыр.Репортаж болмағанына өзім де өкінемін
satibaldi
Репортаж болмағанына өзім де өкінемін
Қой?
NazerkeAbibulla
Сөздеріңізде мән-мағына шамалы, осылай қыңыр сөйлеп,қисық сөйлейсіздер де… сіздердікі «Сақау алыстан сайрамаса үйіне жеткенде дауысы шықпайды»-ның кебі. Сатыбалды,Қоңырбай, қылжақпас сөздеріңізге мәзсіздер әйтеуір,«Бұралқы сөз — күлуге жақсы» деген осындайда ойыма келеді))))))))
qonyrbai
Ақбұлақ шайқасы кезінде қайда болдың? Әбет дайындайтын повариханы таппадық қо.
satibaldi
«Бұралқы сөз — күлуге жақсы» деген осындайда ойыма келеді
Спиноза ма еді осы?
Daniar-Alan
Қойсаңдаршы ей :) Не троллинг мынау :)