«Керек тілші» блогерлер арасындағы репортаждар конкурсы

Блог - asaubota: «Керек тілші» блогерлер арасындағы репортаждар конкурсы

Конкурс туралы:

Блог - asaubota: «Керек тілші» блогерлер арасындағы репортаждар конкурсы«Нұр Отан» партиясының қолдауымен өтетін блогерлер арасындағы репортаждар байқауы.
Өту уақыты: 2014 жыл 03 қараша — 30 қараша
Қорытындысы және жүлдегерлерді марапаттау: 2014 жыл 5 желтоқсан

Байқау 4 турдан құралады, әр аптаға 1 тур. Әр турда қатысушыларға бір тақырып беріледі. Сол тақырып бойынша блогерлер өздері қалаған форматта репортаждар жасайды, Әр тур сайын материалдарды қазылар алқасы бағалайды, барлық тур бойынша ең көп ұпай жинаған 3 блогер жеңімпаз атанады. Жюри жазбаларды 10 баллдық жүйе бойынша бағалайды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Конкурс мақсаты:

Қазақ блогосферасын және азаматтық журналистиканы дамыту. Блогерлердің азаматтық журналистика саласында шеберліктерін шыңдау, оларды ынталандыру, блогосферада тұлға ретінде қалыптастыру, аймақтардағы жаңалықтарға назар аударту, жетістіктерді және мәселелерді көрсету.

Конкурс талаптары:

1. Kerekinfo.kz сайтына тіркелген кез келген блогер қатыса алады.
2. Конкурсқа ұсынылатын жазбалар репортаж форматында болуы тиіс.
3. Репортаж тақырыбы ұйымдастырушылар тарапынан берілетін тақырыпқа сай болуы қажет.
4. Жазбалар сайттағы «Керек тілші» айдарында жариялануы тиіс.
5. Берілген уақыттан кешіктірілген жазбалар конкурсқа қатыстырылмайды.

Жүлделер:

1-орын: Ноутбук, жеңімпаз дипломы, арнайы ескерткіш сыйлық;
2-орын: Планшет, жеңімпаз дипломы, арнайы ескерткіш сыйлық;
3-орын: Смартфон, жеңімпаз дипломы, арнайы ескерткіш сыйлық.

Қосымша сыйлықтар:

Әр турдың үздік блогеріне, яғни бір турда ең көп ұпай жинаған қатысушыға ескерткіш сыйлықтар беріледі.

Қатысушыларға берілетін тақырыптар және орындалу мерзімдері:

— Салауатты өмір салты (2014 жыл 03-09 қараша)
— Қоғам (2014 жыл 10-16 қараша)
— Кәсіпкерлік (2014 жыл 17-23 қараша)
— Мәдениет (2014 жыл 24-30 қараша)

Конкурстың қазылар алқасы:

— Аршат Оразов (Kerekinfo.kz сайтының администраторы)
— Ерлан Оспан (Kerekinfo.kz сайтының модераторы)
— Данияр Закираев (Kerekinfo.kz сайтының модераторы)
— Абылайхан Калназаров (лингвист, мәдениеттанушы)

Бағалау критерийлері:

— Жазбаның берілген тақырыпқа сай болуы;
— Жазбаның өзектілігі, бұрын еш жерде жарияланбауы;
— Жазбаның сауаттылығы, грамматикасы және орфографиясы;
— Техникалық безендірілуі, шрифттердің және иллюстрациялық суреттердің дұрыс орналастырылуы.

Қорытынды:

Жеңімпаздарды марапаттау а.ж. 5 желтоқсан күні «Нұр Отан» партиясы ғимаратында өтеді. Конкурсты ұйымдастырушылар және партия өкілдері жеңімпаздарды марапаттайды.
Бөлісу:

23 пікір

asaubota
құрметті сайттастар, осы конкурсқа қатысуға шақырамын бәріңді. егер осы жолы өзімізді көрсете алсақ келесі жылы бұдан да зор конкурстар болады. репортаж дегені үркітіп тұрған шығар? репортаж болғанда адам өзі барып көрген нәрсені жазуы керек. ол мәтін, сұхбат, очерк, фотореп, видео бола ма өзі біледі
ademi_alem
Осы жазбаны кешеден бері қайта-қайта оқып отырмын қатысқым келіп, бірақ тәуекел ете алмай. )))))) Ой көп, бірақ ойды іске асыру үшін баламен үйден шыға алмаааай.
zholantai
репортаж болғанда адам өзі барып көрген нәрсені жазуы керек.
уот, міне қалай, ал мен не событие бар ед, не событие болатын ед деп ми қатырып отырм
Aya
О, мен қатысамын :)
zholantai
Блогиададан шет қалғаныңыз аздай, бұ жолы қалыс қалсаңыз кешірілмейтіндей-ақ жағдай болатын еді, :)
Aya
сонайтамын, бүгіннен басталып кетіпті ғҰә) Сіз қатысасыз ба?
zholantai
иә, сізбен бір додаға түсу мүмкіндігін жіберіп алуға болат ма екен :)
Aya
жүрегім соғып бараДДД:)
Ispek92
Нұр Отан болғасын қатысып жатырсың-ау десем, қанша пайызы шындық?))
Ispek92
Сұрайын дегенім бұл жерде Нұр Отанның тарапынан(күлкілі естіледі екен) ықпал бола ма, бағалау жағына, мысалы, мен өз қаламның(ауылымның) қал-ахуалы жағдайы жайлы жақсы жақтарын емес, жетіспей жатқан жақтарын көрсеткім келсе, оларға ұнамауы мүмкін ғой. Уобшым не айтқым келгенін түсінген шығарсыз?)))
MERmukhanov
жюриде адекваттар отыр, к*тін ашып тастай бер, Іспек
zholantai
аяма, аянып қалма :)
Daniar-Alan
Қайта сол қызық Піспек! Тапа әас!
asaubota
үлгеріңдер еу!
ademi_alem
Үлгеруге тырысып жатырмыз.
zholantai
9-қараша күні «Здоровое поколение» деген велопробег болад, содан фотореп жасайм, репортаж болсын дед, репортаж болад со :)
Daniar-Alan
12-ге дейін үлгер :) Әйтпесе каретаң асқабаққа айналады :)
zholantai
теңеуінің түрін :) ок,
qonyrbai
Насыбайдың бағасы қаншадан боп жатыр?
zholantai
шымның астына бастырып қойғаны — 40 теңгеден :)
Sunshine
қызықты жоба… жиі ұйымдастырылса екен !:)
asaubota
бәрі өз қолдарыңда. белсенділік танытсаңдар бәрі де болады :)
AlmasNakhypbek
Әр турдың ұпайлары апта соңы беріле ме әлде барлығы 4 турдан кейін бе?