17-ойыншы. Педритодан Педроға дейін

Діттеген мақсатынан адаспау үшін адам алған бағыттан таймауы керек. Ол өзін әрдайым жетілдіріп, ештеңені назардан тыс қалдырмағаны жөн. Міне, бұл нағыз мақсат!

(Ямамото Цунэтомо, «Хагакурэ»)


PedroХамелеон түсін өзгертеді демесеңіз, ағаштан ағашқа секіріп жүретін белсенділер қатарынан емес. Тұрған орнында сағаттап қимылдамастан құрбандығын күтумен болады. Ал сәті келгенде тілін жып еткізіп, жемтігін аулай қояды. «Барселона» клубының шабуылшысы Педро дәл осы хамелеон секілді. Ол ешқашан жарқырап көзге түскен емес. Голды да көп соқпайды. Әйтеуір командаға ойнайды, каталондық клубтың ДНК-сы бар демесеңіз, алып бара жатқан таланты да жоқ. Тек хамелеон секілді керек кезде, дәл уақытында қимылдайды.

Жетістікке жету үшін 1 пайыз талантың мен 99 пайыз еңбек керек деген сөзді бүгінгі біздің кейіпкеріміз дәл келеді. Педроны ешкім талантты деп есептемеген, әлі күнге дейін көптеген жанкүйерлер әлі сондай пікірде. Месси, Роналду, Бэйл, Неймар секілді «жұлдыздар» тұрғанда, Педро олардың көлеңкесіне қалып кетеді. Ол тіпті қорғаушымен жеке дара шыққанда алдай алмауы мүмкін. Бірақ, оның шыдамдылығы мен толассыз төккен тері ақталды.
Әрі қарай

Бытықана


Бытықана — су бойында өсетін жәндік. Ара секілді топ болып ұшады, бірақ денелері масадан да кішкентай болады. Еділдің суы көктемде жайылғанда, сумен бірге келеді. Мамыр айының басынан бастап, су қайтқанша — маусымның ортасына дейін болады.

Бытықана Еділден бөлініп шығатын Қиғаш өзенінің бойында тұратын қазақтарға жақсы таныс. Бұл жергілікті халық үшін жыл сайынғы құтылмас науқанға айналғалы қашан, тіпті қалыпты болып кеткен. Бірақ басқа өңірдің тұрғындары үшін бұл катастрофа болып көрінуі әбден мүмкін. Бытықананың шаққан жері көпке дейін қышып, ашып тұрып алады. Бірақ маса шаққандай ісіп, жараға айнала қоймайды.
Әрі қарай

Қазақша сөйлеуді алдымен өзімізден бастайық!

Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту үшін алдымен өзіміз таза сөйлеп үйренейік. Ең оңай және қарапайым жаттығу: ай, күн аттарын қазақша айтуға дағдылану.

Ай, күн ең жиі орысша айтып жіберетін сөздеріміз. Егер осыларды қазақша айтып үйренсек мида үнемі сигнал тұрады, басқа сөздерді де барынша қазақша айтуға тырыса бастайсың.

Әрі қарай

"Фотоаулау". Алғашқы жиын

«Керекке» жазба жазбағалы қашан… Тиіп-қашып, 1-2 пікірді атып-қалып жүреміз тек.
Енді міне «керектің» атынан «Фотоаулауға» қатысқалы жатырмыз. Бүгін брифинг болды, яғни фотоаулаудың қалай өтетіні жайлы айтып, ережесімен таныстырды. Байқауға Kerekinfo.kz Massaget.kz, Yvision.kz Horde.me, және Gonzo.kz сайттарынан блогерлер командасы қатысқалы жатыр. Бүгін әр командаға бір «Samsung Galaxy Camera» фотоаппаратын берді. Samsung Galaxy Camera
Әрі қарай

Жирен шаштылар жайлы "аңыздар" және дәйектер.

Неліктен біз жирен шаштылар (қызғылт, күрең деуге келіңкірейтін түс) жайлы әңгіме қозғап отырмыз. Себебі, арамызда жирен шашты адамдар көп емес. Бұндай шаш иелеріжер шары бойынша шамамен 100 адамнан 2 көрсеткіші бойынша кездеседі екен. Сонымен:
1. Көне гректер жирен шашты адамдар өлгеннен соң вампирге айналады дегенге сенген екен.
2. Орта ғасырлардағы ағылшындар арасында жирен шашты балалар анасының етеккірі келіп жүрген кезіндегі жыныстық қатынас әсерінен туған деген түсінік қалыптасқан. Қызық үшін тексеріп көрулеріңізге болады))))
3. 7-8 ші ғасырларда (рим цифрларымен жазғым келмеді) сиқырға қатысы бар жандарды аулаған тұста алдымен осы жирен шаштылар ұсталған екен.
4. Көне Римде жирен шашты құлдар басқа құлдарға қарағанда қымбатырақ сатылған.
5. Жирен шаштар бірінші сарғайып, содан кейін барып ағарады екен.
6. Паркинсон ауруымен ауыруға басқаларға қарағанда екі есе бейімдірек.
7. Жирен шашты әйелдер қызуқандылау болып келеді.
8.Жирен шаштылар арасында жүргізілген сұрау бойынша олардың 71 пайызы өздерін батылмын деп есептейтіні анықталды.
9. 19-шы ғасырда өмір сүріп, тұнбалар мен қайнатпалар жасаудың хас шебері атағына ие болған Джордж Чепмен күшті удың құрамында жирен шашты адамның майы болу керек деп есептеген.
10. Нерон, Елена Троянская, Клеопатра, Елизавета Iханшайым, Наполеон, Оливер Кромвель, Эмилия Дикинсон, Антонио Вивальди, Томас Джефферсон, Винсент Ван Гог, Марк Твен, Джеймс Джойс, Уинстон Черчилль, Галилео Галилей сынды жирен шашты адамдар тарихқа өз атын жазып кеткен.

Дереккөз
Әрі қарай

Халықаралық тегін қоңырау қалай шалуға болады? 5 түрлі нұсқа.

Сәлем бердік! Бүгін Facebook әлеуметтік желісінде осындай бір пост көріп сіздермен бөлісуді жөн көрдім.

Халықаралық телефон шалу үшін, Қазақстан операторлары қомақты қаржы алады… Неше түрлі, негізгі мақсаты жасырын тарифтер ойлап табады  Ал батыс елдерін алатын болсақ, мысалға АҚШ та, интернет деген су тегін дүние. Көшенің кез келген бөлігінде, парктерде, сіздерді таң қалдырайын, қала аралық автобустардың ішінде де тегін wi-fi орнатылған. Өзім 2011 жылы New York те болып, осыған куә болдым.
Әрі қарай

Мақта қыз бен мысық (мюзикл)

Интернеттен қазақша мультфильмдер іздеп отырып, бір күні «Мақта қыз бен мысық» киноның бас жағын көріп қалдық. Енді жалғасын таба алмай жүр едік. Бүгін киноны түсірген Алтынбек Әбішев деген азаматтың өзінен сұрап алдым. Толық нұсқасы бар екен.



Бурабайда 10 күнде түсіріліп шыққан бұл фильмнің сценарийін Алтынбектің қызы жазған екен. Балаларға көрсетіп көріңіз, түрлі мультқаһармандар жиналған бұл фильм оларға ұнайды деген ойдамын.
Әрі қарай

Қой сүйеді баласын "қоңырым" деп...

Зайсан ауданы, Қалихан елдімекеніндегі Ақжон жайылымында байыс тұқымды саулықтар төлдеп жатыр. Жартылай қылшық жүнді, қысқа, құм мен шөлге төзімді, қоңын мойны мен сүбесіне жинайтын байыс қойлары үшемнен тууда. Қара Ертістің бойындағы Ақжон жайылымына барып, керемет көріністі тамашалап қайттым.

Атам қазақта сиыр егіз туса біреуін туған-туыс, көршісіне сыйлаған, ал жылқы егіз туса жамандықтың белгісі, соғыс болады деп сенген. Ал қойдың егіз тууы жақсылықтын нышаны болып саналады.
Әрі қарай

Сайт ашқыңыз келе ме? Тегін әрі әдемі, тез әрі сапалы сайт иесі болудың жолы

Естеріңізде болса, алдынғы тақырыпта Сайттың не екенін, оның құрылысын, хостинг және домен не екенін, CMS деген не екендігі жайлы жазған болатынмын. Бұл пост, сол сайттың иесі болу үшін не істеу керек екендігі туралы болады.
Демек, сізге сайт керек: жеке блог, қызығушылығыңыз туралы сайт, өз компанияңыз сайты, интернет дүкен т.б. неше түрлі мақсаттарға арналған сайт. Ол сайтқа қол жеткізу үшін сізде екі түрлі жол бар:
1. Веб студияға немесе жеке веб мастерге ақша төлеп жасату.
2. Өз қолыңызбен жасау
Бірінші жолы жайлы бұл постта әңгіме қозғамаймыз. Бәріміз білетіндей бұл жол оңай, бірақ қандай да бір қаражатты талап етеді.
Бізді қызықтыратын екінші жол. Яғни өз күшімізбен жасау. Сайт жасауды өте оңай деп айтуға болмайды. Сайт қиын болғаны сайын оның сапасы да жақсы бола береді. Ал біздің алдымыздағы мәселе, көп уақыт және қаражат жұмсамай сапалы сайт жасау. Бұл жердегі сапалы деген сөзге сәйкес болу үшін, сайтымыз мына шарттарды қанағаттандыруы керек:
Әрі қарай