Қой сүйеді баласын "қоңырым" деп...
Зайсан ауданы, Қалихан елдімекеніндегі Ақжон жайылымында байыс тұқымды саулықтар төлдеп жатыр. Жартылай қылшық жүнді, қысқа, құм мен шөлге төзімді, қоңын мойны мен сүбесіне жинайтын байыс қойлары үшемнен тууда. Қара Ертістің бойындағы Ақжон жайылымына барып, керемет көріністі тамашалап қайттым.
Атам қазақта сиыр егіз туса біреуін туған-туыс, көршісіне сыйлаған, ал жылқы егіз туса жамандықтың белгісі, соғыс болады деп сенген. Ал қойдың егіз тууы жақсылықтын нышаны болып саналады. Шаруа қожалық жетекшісі Жеңісбек Кәрібаев:
-Бас-аяғы 1650 қой бар. Бір айға жуық уақытта 800 бас қойдан 1010 қозы алдық. Алдағы уақытта енді екі жүзден астамы төлдейді. Қозылардың кейбірі қоңырқай түсті болып туылғанмен, екі жарым айдан кейін ақ түсті болып шыға келеді. Ақ түс бояуға да ыңғайлы, сол себепті қолынан іс келетін адам бұл қой терісін пайдаға жарата алады, — дейді.

Тоғыз саулықтан туған жиырма жеті қозы аяғынан тұрып, ойнақтап жүр. Қой екі емшекті болғанмен, сүтін үш қозысына да жеткізеді. Алдымен екі қозысын тойдырып алып, ұзақ уақыт өтпей тыпыршып тұрған үшінші қозысының жанына барып емізгені — көрген адамның мейірімін оятып, сүйсіндіретін керемет көрініс. Сол көріністерді сіздер де тамашалай отырыңыздар:
Тууға дайындық :)

Басы шықты:

Қозының басы шыққаннан кейін…

Қозысының үсті-басын тазалап жатыр:

Бірер сәт бұрын қорғансыз болып жатқан қозы арада ұзақ уақыт өтпей ойнақтап шыға келеді екен:

Сақманшылар қозыны көтеріп алып, көлікке апарады:

«Анасы» мен «баласын» көлікпен туылған қозылардың жанына апарады:

Үшемдер:

Қызыл «галстукті»қозы:

Бірі маңыраса, бәәәрі маңырайды :)))))))))))

Қоңыр қозы:

Олар сондай сүйкімді:

"Қалды" қозы:

Бір-екі апталық ғұмыры болса да, көргеннің көңілінде қалатын әдемі дала гүлдері:

Осылайша күнді де батырдық…

Тақырыпқа қатысы жоқ сурет:

Мен көп нәрсе түсінбеймін.Соңғы уақытта кей көріністерді түсіріп жүрмін, соны орналастыруды да білмеймін ғой ғаламторға…қойлар, қозылар шулағаны «Абай жолын» еске түсіреді маған. бір суреттеген жерлері бар ғой — солары ))
іссапармен бардыңыз ба, әлде жай сапар ма? ))) қара қойлар жоқ па сонда? )) 3-еуден босанатынын оқып, таң қалудамын ))
САҚПАH II көне.Тас атуға аpналған ойыншық құpал. Ол сақпан тасындай атылды (Сматаев).
айтпақшы мына қойлар Елдібай тұқымы емес пе, біз жақта мәліш қойлар… Елдібай көкемнің үйінде көп болатын. қазір қалмады олардан.
Қалдықозының үстіндегі қошақан зыта жөнелуге дайын тұрған сияқты)))
студент болғанда бір ауылдағы туыстарымыздікіне бардық та. сүйтіп, әлгі менің ағайындарымның балалары қораның тесігінен сығалап, бірдеңені тамашалап әуре болып жатыр екен. мен де қарайын деп сығаласам, ештеңе көрінбейді. «не қарап тұрсыңдар» десем, қарап, қызып кеткен әлгілер ештеңе айтар емес. содан ары қарап, бері қарап тұрғанда «туды!» деді. сөйтсем бар емес па, сиыр екен туып жатқан. ал мен дұрыс емес тесіктен қараған болуым керек, көре алмай кеттім-ау не болса да ))
туып деген жаман естіліеді, аха? «босанып» деп айтқым келіп кетеді. жатыр деген соң, солардың ішінде қалай үлгеріп түсірдіңіз дегенім ғой ))Мынау бір кездері сіз жүрген жердің бір жыл бұрынғы көрінісі:
бір шетелдік айтады да «Атыраудың масасы масалардың ішіндегі ең қиыны, шыдау мүмкін емес. Голландияның да масалары артта қалып қояды» деп ))
туған жердің бал қызы бұрымыңмен буындыр.
туған жердің бұлағы толқыныңмен ат мені,
туған жердің жыланы шырылдатып шақ мені.
туған жердің шеңгелі тырна аямай бетімді,
туған жердің желдері аузыма құй отымды.
туған жердің доңызы қан жосақып жарып кет,
туған жердің қоңызы домалатып алып кет,
туған жердің қасқыры кемір ақын сүйегін.
туған жердің МАСАСЫН сағынамын сүйемін )))