"Фотоаулау". Алғашқы жиын

«Керекке» жазба жазбағалы қашан… Тиіп-қашып, 1-2 пікірді атып-қалып жүреміз тек.
Енді міне «керектің» атынан «Фотоаулауға» қатысқалы жатырмыз. Бүгін брифинг болды, яғни фотоаулаудың қалай өтетіні жайлы айтып, ережесімен таныстырды. Байқауға Kerekinfo.kz Massaget.kz, Yvision.kz Horde.me, және Gonzo.kz сайттарынан блогерлер командасы қатысқалы жатыр. Бүгін әр командаға бір «Samsung Galaxy Camera» фотоаппаратын берді. Samsung Galaxy Camera Барлық суреттерді осы аппаратпен түсіру керек. Біздің командада batyr , rakisheva және мен бар.
Ертең 9:00-де алғашқы тапсырмамызды аламыз.
Ал енді vk-дан алынған суреттермен бөлісейін:

брифинг
брифинг 2

Бізге сәттілік тілеңіздер! Кеттік…
Бөлісу:

18 пікір

batyr
керекинфо үшін шешініп өнерге шомыламыз да сол сәттерді сүретке түсіріп женіске жетеміз. аландамандар! ))
aza
Сәттілік, сайттастар!
asaubota
КерекИнфо үшін алға!
Aya
алға, қазақтар. Шүберекке түйілген жанымыз сіздермен бірге
satibaldi
Sony DCX400-мен түсіріп, сосын өтірік ананың флешіне көшірқоюға болмай ма?
asaubota
 свойствасын қарайтын шығар бірақ?
AKA
Сәттілік! Жеңісті тойлайық бұйыртса!
AKY
Массагеттен қалсаңдар, черт боласыңдар!
asaubota
орыстар айдаймыз, жыртамыз деп жатыр. Массагет ұтсын, біз ұтайық бәрібір болып тұр
rakisheva
Біз ұтсақта, Массагет ұтсада қуанамын. Бастысы өзіміздің блогерлер ұтсақ болғаны
AKY
ее, онда бірігіп ұтыңдар)
monti
 нетіп, бензин шашып отқанда жақсы көресің ә Джордж
Goo
Той біздің ауылда болсын деп тілейік
SaryQazaQ
Андроид роботтың ойыншығы керек, кім тауып бере алады
asaubota
алғашқы тапсырма орындалды. біздің команданың суреті сәтті шыққан менің ойымша. түстердің үйлесімдігі жақсы шыққан.

лайктай отырайық, комент те жазып
vk.com/pbkznx1000
ken
мына мүсін қайда тұр?
rakisheva
Бұл мүсін Шевченко Байсейтова көшелерінің қиылысында тұр