Салмақты әзілдің жеңісі - "Экспресс" 2012 чемпионы

  • КВН


Биылғы ҚазКВН чемпионы ақтөбелік «Экспресс» командасы. Жоғары лигаға биыл ғана шыққан команданың финалға жетуінің өзін жетістік көріп, финалда көп ешкім жеңіс күтпеген еді. Алайда «Экспресс» 5 қарсыласын артта қалдырып, биылғы жылғы чемпиондықты жеңіп алды.

«Экспресс» салмақты, ойландыратын әзілімен ерекшеленген команда. Осы жеңісті салмақты әзілдің жеңісі деп бағалаймын. Арзан әзіл жеңілді. Бұл оқиға қазақша КВН-ға революциялық әсер береді деген ойдамын. Бұдан кейін командалар жеңіләзілдікті қойып, әзіл сапасына көңіл бөледі деген сенімдемін.

Жеңістерің құтты болсын «Экспресс»!

сурет: instagram.com/p/Sf8o--mby2/
Әрі қарай

Моңғол күресі



Моңғол күресі — (монг. Бөх, бөхийн барилдаан) моңғол халқының ұлттық күресі. Моңғолия, Бурятия мен Тываға жақсы тараған.

Күресте әртүрлі әдістер қолданылады. Палуандарға ерекше күрес киімі кигізіледі: басы қайрылған ұлттық етік – «монгол гутал», шолақ шалбар – «шуудаг» және жеңі бар өзіндік көкірекше(зелетке), бірақ кеудесі ашық келген – «зодог».

Моңғол күресінің өз жоралары, ережелері және өзіне тән ерекшеліктері бар: Бұрындары белдесулер уақытпен шектелмейтін(қазір шектелетін болды), салмаққа қарамайды, күрес ашық алаңда жүре береді. Табаны мен білезікке дейін қолнан басқа дене мүшесі кімдікі бірінші жерге тисе, сол палуан жығылады. Әр палуанның жеке көмекшісі(секунданты) болады – «засуул». Алысып болғаннан кейін жеңілген палуан жеңімпаздың көтерілген оң қолының астынан өтуі керек. Бұл оның өзінің жеңілгенін мойындағанның белгісі. Ал жеңімпаз болса дәстүрлі бүркіт биін билейді.
Әрі қарай

Жас журналистке көмек керек!



22 жастағы Қонысбек сіз бен біздің көмегімізге зәру. Көрермендерін күн сайын таңертең таңғы бағдарламамен бірге оятататын «Қазақстан-Ақтөбе» телекомпаниясының тілшісі Қонысбек Рысмағанбетов аты жаман ауруға шалдыққан. Дәрігерлер Қонысбекке бүйрек рагі («феохромоцитома») диагнозын қойған (“рак надпочечника и опухоль вненадпочечниковый локализации”). Ел медицинасының бұл ауруды емдеуге толық мүмкіндігі жоқ. Израиль мамандары Қонысбекке көмектесуге әзір. Израильдегі Шиба клиникасында ота жасату үшін оған 16 миллион 500 мың теңге қаржы қажет…
Әрі қарай

Сәлем, 90-шы жылдар!


Қазіргі экшн-боевиктер өткен ғасырдың дүниелерімен салыстырғанда анағұрлым «ақылды» болуға тырысатыны рас. Сюжеттегі әр детальды нақты көрсетуге, әр диалогты барынша өмірдегідей мәнді етуге ұмтылады. Оқиғалар шытырманданып, көрерменді демалтудан бұрын ойлантып тастайтын кездер де жетерлік. Бірақ Саймон Уэст өзінің "Медальон" ("Ұрланушы"; «Stolen») фильмінде ондай нәрселерге бас қатырмапты.
Әрі қарай

Жанкүйердің ішкі толғанысы

Кешегі финалда күмістің қалтада тұрғаны айдай анық болды, өкініштісі сол боксшымыз алдын ала соған мойынсұнғандай көрінді. «Қоланы жаныңды салып аласың, ал күмісті жеңіліп аларсың» деген осы…
Финалдағы Әділбектің көрсеткен "өнеріне" қарапайым жанкүйер ретінде көңілім толмады. Ол мүмкіндігін көрсете алмағандай.
Теледидар алдында телміріп отырғандағы ішкі ойым:
«2 раундтың ұпайын көріп тұрсың, тең түстің, енді 3-ші раундта барыңды сарқып қимылдасайш! Күшіңді, мықтылығыңды, шеберлігіңді не үшін, кім үшін сақтайсың, егер де шешуші сәттерде дүйім жұрттың алдында көрсете алмасың?!
Түуһ, Серік Сапиевтің жеңісі рух беруі тиіс еді ғой. Мына сылбырлығына жол болсын?!
Жә, олай болмағанның өзінде бұл жәй бір кездесу емес, 4 жылда бір келетін Олимпиада ғой, не тосатыны бар, құдай-ау?! Мұндай мүмкіндік күнде бола бермейді ғой! Әрекет жасап қал, Әділбек! Қарсыласқа бірінші қимылдауға мұрсат берме, жолыңды бердің бе ол арқаланып кетеді! Финалға шықтың екен алтын үшін, жеңіс үшін барыңды сал! Аямай соқ, соқ! Қажет пе, шайқас! Өй, көп болса, көзің көгерер — жігітсің шыда! Жарысқа дейінгі төгілген тер мен жұмсалған күштің, кеткен уақыттың садағасы! Тіпті нокдаун болғанның өзінде — тұр қасқайып, тізең дірілдемесін! Күшің сарқылып бара ма, дымыңды білдірме — мысыңмен баса біл қарсыласты! Ол бір соққы жасады ма, ақың кетіп барады — міндетті түрде 2 рет соқ! Сонда ғана ең биік тұғырдан орын аласың! Сонда ғана жеңістің тәтті жасының дәмін татасың! Сонда ғана батыр болып елге ораласың!»
Эх, ойға не келіп не кетпейді, алайда қолда тұрған алтын еді… бір ғана соққы жетпеді...Өкініштісі де сол!

Пы.сы. Олимпаиданың кай медалі болса да үлкен жеңіс, спортшы жемісі деп бағалаймын! Бәрі де құтты болсын!
Әрі қарай

Қариялар шатаспайды...

Алматыдан Есікке дейінгі жол бірталай. Ондайда серігің – музыка. Немесе радио.
Сол күнгі кешкі тікелей эфир тақырыбы – ауылдан қалған естеліктер туралы болатын.
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,
Бұдан артық рахат табылмайды.
Бұлдырасын өткен күн сағымдай бір,
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы
(Мұқағали) демекші, тыңдармандар хабарласып, әркім өз ауылының естеліктерінен, балалық шағының тәтті сәттерінен сыр шертіп жатты…
Эфирдің әдемі көңіл-күйін атам «бұзды»
Әрі қарай