Моңғол күресі
Моңғол күресі — (монг. Бөх, бөхийн барилдаан) моңғол халқының ұлттық күресі. Моңғолия, Бурятия мен Тываға жақсы тараған.
Күресте әртүрлі әдістер қолданылады. Палуандарға ерекше күрес киімі кигізіледі: басы қайрылған ұлттық етік – «монгол гутал», шолақ шалбар – «шуудаг» және жеңі бар өзіндік көкірекше(зелетке), бірақ кеудесі ашық келген – «зодог».
Моңғол күресінің өз жоралары, ережелері және өзіне тән ерекшеліктері бар: Бұрындары белдесулер уақытпен шектелмейтін(қазір шектелетін болды), салмаққа қарамайды, күрес ашық алаңда жүре береді. Табаны мен білезікке дейін қолнан басқа дене мүшесі кімдікі бірінші жерге тисе, сол палуан жығылады. Әр палуанның жеке көмекшісі(секунданты) болады – «засуул». Алысып болғаннан кейін жеңілген палуан жеңімпаздың көтерілген оң қолының астынан өтуі керек. Бұл оның өзінің жеңілгенін мойындағанның белгісі. Ал жеңімпаз болса дәстүрлі бүркіт биін билейді.
11 мен 13 шілде аралығында өтетін ұлттық мереке «Надом» кезінде 512-ден бастап 1024-ке дейін палуан күреске қатысады. Жұп-жұбымен белдеседі. Ұтылғаны жарыс жолынан шығып отырады. Сондықтан турнир 9, кейді 10 турға дейін жетеді – «даваа». «Давааларды» өтуіне байланысты атақтар беріледі:
• «начин» — «қыран» — 5 турдағы жеңісі үшін.
• «харцаг» — «қаршыға» — 6 тур шыдағаны үшін.
• «заан» — «піл» — 7-ші турға аман-есен жеткені үшін.
• «гарьд» — «гаруда»(киелі құс) – 8-ші турдың атағы.
• «арслан» — «арыстан» — 9 тур бойы қарсылас шыдатпағаны үшін.
• «аврага» — «алып» — не 10 тур бойы жеңіске жеткен адамға(1024 адам қатысқан кезде), немесе «арыстан» атағы бар палуанға(521 палуан қатысқанда) беріледі.
дереккөз
Жеңімпаздың бүркіт биін билеуі
Жеңілгенді жер көтереді. Оң қолының астынан өтіп жатыр.
Моңғол палуаны
Ана басындағы моңғолдардың бөркі, студент кезімде досым сыйлаған сондай тек қысқысын(қалың, мықты, бастысы жылы), атын ұмытып тұрмын)))
сурет
Хотя, «арслан» деген моңғолдың да, қазақтың да сөзі емес, арабтікі (маған біреу солай деген; «жабайы аң» деген мағына береді-міс).
«Харцаг» дегенге "қарсақ" елестеп кетті
Анау билейтін ритуалдары қызық осы күрестің. Тывалардың да күрестері осындайға ұқсайды ғой деймін.
қазақтарды да қатыстыра бере ма сонда?
олимпиадаға қатысқан
Шотландықтардың киіммен күрескендерінен моңғолдардың трусимен күрескендері әлдеқайда ма дим))))