Әлемдегі ең қымбат 11 құрал мен құрылғы (гаджет пен девайсты аударған түрім ғо, енді... )

Мына қызықты оқып отырып, мыналардың барлығы менде болса, бір жерім бүрісіп, қорқып жүред шығармын деген ойға кеттім… Сонымен…




Тираннозавр сүйегі бар iPad 2 – $8,1 млн


Әлемдегі ең қымбат ноутбук – алтын корпусты iPad 2 – гаджеттерге премиум-дизайн жасаумен шұғылданатын британдық зергер Стюарт Хьюздың қолынан шықты. Планшетті әсемдеу үшін 24 караттық 2 кг алтын және ежелгі қымбат тас аммолиттің 750 граммы қолданылған. iPad 2-ні әрлеуге жалпы салмағы 57 грамды құрайтын тираннозавр сүйектерінің бөлігі қолданылды. Apple логотипі 53 гауһар тастан құрастырылған. home батырмасының ортасына 8,5 караттық ірі гауһартас орнатылған. Бұл гаджеттің тек екі данасы ғана шығарылған.


Гауһартасты iPhone 4 – $8 млн


Әлемдегі ең қымбат телефон – 32 Гб жадылы iPhone 4 – бұл да Стюарт Хьюздің еншісінде. Телефонның корпусына жалпы салмағы 100 карат шамасындағы 500 гауһартас орнатылған. Тілипонның навигациясы платинадан жасалып, ортасындағы негізгі батырмаға 7,4 караттық бүтін алқызыл гауһартас орнатылған. Телефон корпусының артқы қақпағы алқызыл алтыннан, ол жердегі Apple логотипі 53 гауһартаспен безендірілген. Смартфонға арнайы граниттен жасалған жеке қобдишасы бар. Бұндай Айфон бар болғаны екі данамен белгісіз австралиялық байдың тапсырысы бойынша дайындалған.


Organic Harmony акустикалық жүйесі– $6,95 млн


Әлемдегі ең қымбат акустикалық жүйе Hi-End санатындағы Organic Harmony шектеулі сериямен Shape Audio компаниясында жасалған. Әзірлеушілердің айтуынша оны жасау үшін қымбат та сапалы металлдар қолданылып, нәтижесінде акустикалық дыбыстаудың ең жоғарғы сапасына, құрылғының сапалық және көркемдік сипаттарын қосуға қол жеткізілген. Жүйе Shape Audio президенті Лючиано Паскуареллидің тікелей қатысуымен әзірленген және 5 жолақты белсенді акустикалық жүйе болып табылады. Organic Harmony дыбыс бағытталуы жағынан айналасының барлығын қамтитын сипатқа ие және 3 нұсқада ұсынылады – корпусы 18 карат алтыннан (бағасы $6,95 млн), 925 пробалы күмістен ($416 000) және қоладан ($87 400). Жүйенің құрамына дыбыстау күші 1000 Вт құрайтын D классты дыбыс ұлғайтқыш кіреді.


Supreme Rose телевизоры – $2,3 млн


Әлемдегі ең қымбат 55-дюймдік PrestigeHD Supreme Rose Edition телебизірінің жасалуына Metz и PrestigeHD компанияларының қолдауымен тағы да Стюарт Хьюз қатысқан. Модель бар болғаны 3 данамен шығарылған. Телевизордың рамасы 28 кг алқызыл алтыннан жасалып біркараттық 72 гауһартаспен безендірілген және янтарь мен аметист тастары орналастырылған. Телевизордың арт жағы қолтырауынның терісімен қапталған.


Beats by Dre құлаққаптары – $1 млн


Әлемдегі ең қымбат құлаққаптар Beats By Dre компаниясында әлемдегі алдыңғы қатарлы және атақты бағалы тастар сатушы Graff Diamonds компаниясымен бірлесіп шығарылған. 114 карат гауһартастармен әрленген бұл құлаққаптар арнайы американдық футболдың Super Bowl финалы үшін дайындалды: дәстүр бойынша матчтың үзілісінде жұлдыздар өнер көрсетеді, сол кезде осы құлаққап Мадоннамен бірлесіп, шоу көрсеткен LMFAO тобындағы СкайБлюдың құлағына тағылыпты. Өндірушінің айтуынша бұл сымсыз құлаққаптардың ыңғайлылығы сондай сіз оны таққанда құлаққапты емес тек қана музыканы сезесіз. Құлаққап барқыт бөлігі ультра-жұмсақ, құлақты терлетпейтін матамен қапталған.


Nintendo Wii Supreme ойын консолі (баяғы приставка денди ғо, нақ) – $481 250


Британдықтар қарапайым Nintendo Wii ойын приставкасын екі жарым келі 22 караттық алтынмен қаптау арқылы әлемдегі ең қымбат ойын консолін жасап шығарды. Сонымен қатар, консольдің алдыңғы батырмалары 19,5 караттық 78 гауһартаспен безендірілген. Осы девайсты дайындауға дизайнердің жарты жыл уақыты кетіпті. Осындай приставканың бүгінге дейін тек 3 данасы шығарылған.


Алтын пульт Gold RC1 – $55 000


Даниялық өндіруше Lantic Systems шығарған Gold RC1 қашықтықтан басқарудың әмбебап пульті өзіндік дизайнымен және үйдегі барлық дерлік электронды құрылғыларды басқару мүмкіндігімен ерекшеленеді. Таза алтыннан жасалған пульт алғаш рет 2007 жылы Амстердамдағы METS көрмесінде ұсынылған болатын, содан бері оның бағасы екі есеге артқан.

Magic Mushrooms флешкалары – $16 500-ден $36 900-ге дейін


Швейцариялық La Maison Shawish зергерлік компаниясы әлемдегі ең қымбат Magic Mushrooms USB-флешкалар жиынтығын шығарып, қарапайым флеш-жинақтаушыны байлықтың символына айналдырды. USB-флешкалар гауһартастармен безендірілген саңырауқұлақтар түрінде жасалған. Бұл флешкалардың ең көп сиымдылығы 32 Гб құрайды. Қолданылған бағалы тастарына қарай бағасы $16 500-ден $36 900-ге дейін барады. Ең арзан деген алқызыл саңырауқұлақ 11,34 караттық алқызыл сапфирмен және ақ гауһартастармен көмкерілген. Бағасы $24 400 құрайтын орташа нұсқасы қызыл түсте әзірленген және 11,34 караттық рубинмен көмкерілген. Ал, ең қымбат флешка өзіне жасыл реңк беретін 9,18 караттық изумрудтармен көмкерілген. Дизайнерлердің ойынша, слешкалардың сыртқы пішіні бізді балалық шағымызға қайта оралтып, «Алиса ғажайыптар елінде» ертегісімен ассоциациялануы керек.


Мәңгілік хард-диск – $30 000


Әлемдегі ең қымбат хард-диск Францияда үкімет тапсырысы бойынша радиоактивті қалдықтармен жұмыс істе агенттігі ANDRA – да жасалды. Ол балама жолмен өсірілген сапфир мен платинадан жасалған. Сапфирден жасалған хард диск 1 миллион жыл тұра алады, сол себепті деректердің жоғалу қаупі қисынсыз деп пайымдалуда. Диск 40 мыңға дейін миниатюризацияланған беттен тұрады, ол деректерді тек микроскоп көмегімен оқуға болады.


Гауһартастан жасалған тінтуір – $25 700


Pat Says Now компаниясының гауһартасты тінтуірі– стандартты үшбатырмалы оптикалық USB-тінтуір. Ол 18 караттық ақ алтыннан жасалып, 59 гауһартаспен көмкерілген. Сонымен қатар, тінтуірді өз атыңызды гауһартаспен жазып, меншіктілігін белгілеу мүмкіндігі бар. Тінтуір дизайнының екі нұсқасы бар: «Гауһар гүл» (Diamond Flower) және «Гауһартас шашындысы» (Scattered Diamond) – және алтынның сары, ақ және қызыл түстері ұсынылады. «Гауһар гүл» нұсқасының үстіңгі қақпағы мен батырмалары 750- пробалы ақ алтыннан жасалған. Алтын бұл түсіне платинаға ұқсас бағалы металл палладиймен қосындының нәтижесінде қол жеткізілген. Қорытпадағы палладий көлемі 13%-ды құрайды.


Ноутбуктің қабы – $11 млн


Ноутбукке арналған әлемдегі ең қымбат қап Diamond Laptop Sleeve голландиялық CoverBee компаниясында жасалған, ол әлемнің түкпірлерінен жиналған 8800 сирек кездесетін гауһартаспен көмкерілген. Ішкі жағы Сібірлік бұлғынның терісімен қапталған. Дизайнерлер өз өлімімен өлген жануарлардың терісін қолдандық деп сендіруде. Гауһартастар теріге бекітілсе, ішкі жұмсақ жағы ноутбукты сенімді түрде қорғап, төменгі температураларда жылытатын болады. Бұл қапты жасауға 2 жыл уақыт жұмсалған.

Дереккөз
Бөлісу:

16 пікір

Abilakim
осыларға жоламай-ақ қойғаным жөн секілді))
asaubota
ақшам болса алар едім таза понт үшін
Aldeken
Кечіна, жоғалтып алам деп қорықпайсың ба?
asaubota
жоғалтсам басқасын алар едім

бірақ таза өз еңбегіммен байысам алмауым мүмкін дейім ба?
omarbirat
Гауһартасты iPhone 4 – $8 млн
Дүкеннен отвечаюға бірдеңе-сірдеңелер алып, мына айфонды залогқа тастап кетсең
Aldeken
4 млн доллар кредит алып, залогқа Айфон қоям десең, ия?
bazuka
Бұл қапты жасауға 2 жыл уақыт жұмсалған.
Ноутбуктің қабы – $11 млн
осы жұрттың балдары пысық))
beka95
ехе, бұлай сәнделген девайстың қажеті шамалы, тек мақтану үшін болмаса
ruben
 мыналарды алатындай енді понторез «аллегатор» болуың керек шығар.
ал жасырын ұйымнан болсаң, бар билік өздеріңде болса да, көрсетпеуге тырысасың ғой.
bekkerey
Обложка отделана натуральным черным соболиным мехом из Сибири – дизайнеры уверяют, что использовали лишь мех животных, умерших естественной смертью. Деген сөйлем қайдан кіріп кеткен?
Aldeken
түзетіп қойдым, қырағылығыңызға рыспек
sigma
Сгин (сын есім) бұзылып қалса да бәсін жоймайды ғо.