Экспо-2017 сайтындағы қателіктер

Блог - Daniar-Alan: Экспо-2017 сайтындағы қателіктер

Жалпы «жылаңқы» посттардан хош көрмеймін өзім. Бірақ…
EXPO — 2017-ні барынша жарнамалап жатыр. Жан-жақты. Логотипін жасап, оны халыққа таңдатып жатыр. Құптарлық-ақ дүние. Бірақ ресми сайтында қате көп секілді. Жалпы техникалық қателерінен (кері санақ ағылшынша, мәзір арқылы мына бетке өтсең автоматты түрде орыс тіліне ауысып кетеді т.б.) басқа жазу, әріп қателері көп секілді…
Әрі қарай

Анталия музейі

Түрік еліне барып дем алғандардың қатарына қосылып, Анталияда болып қайттық, сол елдегі жеке өзіме ұнағаны — Анталия музейі. Сол музейде фотосуреттерді екрін түсіруге болады екен, соны пайдаланып, қолымыздан келгенше фотоаппарат-қорапшаның шүріппесін басқыладық, сапасы жағынан өзіміз күмәндіміз, дегенмен, нендей сурет жасағанымызды (іліп аларлық дегенім ғо ) сіздерге ұсынып отырмыз:
Әрі қарай

Қонақта салған голдың "дәмі" тәтті болады

Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңдері де басталып кетті. Бұл іріктеу кезеңі еліміздің осы додаға түскен футбол клубтарына әзірге сәттілік әкелуде. «Астана» ФК санамағанда әрине. Футболшыларымыздан тек жеңіліс күтіп үйреніп қалған біздер бұнда батпан құйрықты күтпеген едік. "Өтсе «Ақтөбе ғана өтер», «Шапса біразға дейін солар ғана шабар» деген самарқауық та болды. «Ертіс» командасынан «Левскийге» екі гол соғатын ерлікті ешкім күтпеді мысалы.
Әрі қарай

USB модем және Linux роутер

Тың игеру: USB модем және Linux роутерАуылда интернет қатық, әрі қымбат. Қазақстанымыздың түкпір-түкпірлеріне кең жолақты интернет жетті деп ауыз толтырып, көкірек соғатын қазақтелекомға қаладан бес шақырым жердегі ауылға интернет түгелі жай телефон әкеле алмай отырғаны үлкен сын. Бірнеше рет барып, табалдырықтарын тоздырғам, биылғы жоспарға қосамыз деп шығарып салды соңғыда. Дегенмен телеком қашан келеді деп отыра берген де болмайды, қазтранскомға да жазғам. Олар кетәрі емес тек қымбат, неге дегенімде қасыңдағы үйлерге өзің таратып, пайда көрмесең деп қысқа қайырды.
Әрі қарай

СӨЙТЕР МЕ ЕКЕНБІЗ?

Блог - Satira: СӨЙТЕР МЕ ЕКЕНБІЗ?Е-е-е-й, күлдір, күлдір кісінетіп, күреңді мінер ме екенбіз, күреңді қойшы, бәрінен, «Джипті» мінер ме екенбіз… «Персик» тағып, алтыннан, қымбаттан киер ме екенбіз… Бай баласы сияқты, долларға бас иер ме екенбіз… Жоқшылықтан күйзелдім, пиццадан ауыз тиер ме екенбіз… Диплом бар, жұмыс жоқ, кім айтар қазір көңіл тоқ, жұдырық түйер ме екенбіз… Анам ауру, сан кесел, жегеніміз вермишель… бай болып кетсем, шіркін-ай, Дубайда жүрер ме екенбіз, «Протон» кетіп жерімнен, біз де бір күлер ме екенбіз… Есік алдында малым жоқ, кейде жейтін наным жоқ… адам сияқты өмір сүрер ме екенбіз!
Қотыр- қотыр… қышиды, денем кейде ысиды… Байқоңырға өзіміз, иелік етер ме екенбіз, көйлегін қыз жуғанша, күйеуге тиіп бір күні, мүгедек бала туғанша, бақытқа жетер ме-е-е-е, екенбіз! Жүргенше осылай қиналып, барша қазақ жиналып, Путинге жетіп барайық, бір шара қымыз алайық, үйінде қымыз ішкізіп, мәселесін қарайық, «ну ладно...» дегізіп, аман-есен тарайық! Тым болмаса осылай, қиялға жетер ме екенбіз! Жалтақтай берсек Ресейге, мәңгүрт болып кетерміз… Доқ көрсетсе Жириновский, бірдеңе нетіп… нетерміз!
Е-е-е-й, ор қояндай жүгінтіп, аш күзендей бүгілтіп, көкпар болса есекпен, таңдап мінер ме екенбіз, сол есекке мінген соң, қызыл қоңыр папкі алып, Астананы төске алып, министр болар ма екенбіз… Жұмыртқа тисе бетіме, журналист қашырар ма екенбіз… Неміске кеткен қымызды, кері артар ма екенбіз, аңға шығып бір күні, динозавр атар ма екенбіз! Қыста жылу болмаса, пәтерде тоңар ма екенбіз, қыз кіндігі көрінсе, бұ қазақ оңар ма екенбіз! Бір түрлі сұңқиып, орысша ұрсып, бұртиып, адамгершілігі азып кеткен, өзіне орды қазып кеткен, ғарышкер Мұсабаевпен бір үйде қонар ма екенбіз…
Е-е-ей, ауыл-ауыл жол қылсам, Қызылқұмды көл қылсам, терроршыны жинап ап, шеттерінен нөл қылсам, арамдарды жинап ап, өз алдына ел қылсам, Машинам болса «мерседес», доңғалағын майласам, алдыма келсе шпион, шандырдай шандыр шайнасам, көк байрағым қолымда, бұрқ-сарқ қайнасам, Астана жақты жайласам, «Бие» деген фирма ашып, желілеп бие байлатсам, күнде жиын, күнде той, «Мұзартыңды» ойнатсам, ауыл әкімін сайларда, дені түзуін сайлатсам, мұнай берген дәулетті көтеріп тұра алар ма екенбіз?
Әрі қарай

Ирямек Құрысын. Стархана

"… Мен сендерді жек көремін. Әрқайсысыңды.

Қымбат косметиканың, пластикалық операциялардың арқасында ілініп-салынып әрең тұрған беттеріңді жалаңаштар ма еді… Маскаларыңды дыр-дыр жыртып… Қулық-сұмдыққа, аярлыққа толы, ертең Құдай алдына барғанда шыжғырылып тұрып күйдірілетін шынайы жүздеріңді қазір-ақ елге көрсетер ме еді, а..?

Міне, Адамстар, жоқ, Топастар отбасы келе жатыр..."

— Ооо, Мики! Балақайларыңды құшақтап келіп қалыпсыңдар ғой!
— Ой, тыныш, тыныш, Том, біздің Агоның маған бөтен еркек сөйлесе қалай үріп, мазаны алатынын білесің ғой!
— Сәлем, Джорд, қал қалай? Астына түспейсің бе, презентация басталып қойды дейді.
— Ә, жоқ, Мики, мен осында тұра тұрайын.
— Қалауың білсін.
Әрі қарай

Тойдың көркі - көкпар

Кезінде қазақтың бірде бір тойы көкпар, күрессіз өтпеген. Еліміздің белгілі азаматы Бекболат Тілеухан өзінің отбасындағы қуаныш және Астана күніне орайластырып Астана маңындағы Балқарағай жерінде үлкен той өткізді. еліміздің үздік көкпаршылары қомақты жүлдені сарапқа салған сайыстан видеоблог.

Әрі қарай