Не айтатыны бар, өткен ғасырдан бері түз баласы боп кеттік. Ойылда бастауыштан өтіп, шетінен қырып келе жатыр едім, ортаңғы ұлды қос рәдителдің ешқайсысы зәру көрмей, 10 жасымда қалаға оқуға аттандырып жіберді.
Түскен жерім дарынды балалар мектеп-интернаты деп аталады. Кәдімгідей емтиханмен қабылданған пысықтардың қатарынанбыз. Жыл он екі ай — үш қабатты, ескі, бірақ сыры кетсе де сыны кетпеген ғимараттамыз. Өтірік айтам, жыл он екі ай емес, оқу жылы бойына. Интернат — қызыл сары, тіпті оранжды сырланған, оның өзі ескіріп, кей тұсының кірпіші көрініп жатыр. Жергілікті атқамінер шпаналар фасадын одан әрі сорлатып кететіні бар. Бұл жатақханамыздан 100 метрде мектеп тұр, ол да бояушы, бояушы дегенге орай, сәбіз түстес қып сырланған. Ғимараттың ескі екеніне, Екінші Дүниежүзілік соғыста атқыштар бригадасының штабы болғанына мемлекеттің мұртын балта шаппайды. Мұрты жоқ, одан бөлек саяси тұтқындар салудайын салған екен ғимаратты, әлі 100 жыл қызмет қылатын сияқты.
Пикассоның қайсыбір «туынды» делінетін қуындысы 18 миллион долларға кетті дегенді естіп, ақымақтық дендеп бара жатқан адамзат үшін жалғыз қ ам жеп, күйіп-пісіп отырғам. Ал зомбидар әрі қарай: "...өзін белгісіз боп қалуды жүн көрген сатып алушы — Далидің қуындыларының аукционында рекордтық шығынға дайын екенін" айтқанда, жүйкем сыр берді:
Осы уақытқа дейін кенгуруларды циркте бокстасатын сүйкімді жануарлар деп ойлап келіппін. Бірақ мына төбелесі қатаң екен. Бас жағы кенгурулардың кәдімгі секеңдеген тебістері, қызық жерлері 4:30-да басталады.
Соңғы кездері әлеуметтік желілердегі ММА қауымдастықтарынан айына бір рет Австралиядағы аңдардың төбелестері туралы жаңалықтар еститін болып жүрмін. Қыркүйектің басында бір жаңалық естіген едім: бір қабан сыраға тойып алып, бір сиырмен төбелескен екен Видеосы жоқ, өкінішке орай.
Бұл мақаланы өзге қауымдастықтарға да шығаруға болатын еді. Мәселе, «Менде бір керемет сюжет бар», «Тек қана футбол»…
Бірнеше жыл бұрын қазақстандық бір танымал футбол клубы 3 миллион доллар шамасындағы сомаға Ганадан легионер алдырады. Трансфер аяқталып, Эссьен мен Гьянның жерлесі жасыл алаңдарды жайқалтып доп тебеді деп күткен қауым ол азаматты жоғалтып алды. Сол кездің өзінде оның жасы 35-ке таяған еді.
2011 жылдың қыркүйегінде аквабайк спортының әлем чемпионы Френки Запата жаңа құрылғыны ойлап тапқан болатын. Бірнеше сынақтардың видеосын Ютубке ілгені сол-ақ екен, экстремалдардың «шатыры кетіп», әлемді арбаған жаңа әуестік пайда болды.
Сатыбалдыдан қалысам ба? Ақыры мені шәкірт қылып алмады, демек өзіне тең тұтты деген сөз.
Менің осы жобада үш шәкіртім бар екен. Соның екеуінің осы сайтта бір-бір ғана жазбасы бар. Оның өзі: «Назгүлге шәкірт болғым келеді» деген бір пікір. Болғың келсе болдың, құттықтаймын!