Халықаралық тегін қоңырау қалай шалуға болады? 5 түрлі нұсқа.

Сәлем бердік! Бүгін Facebook әлеуметтік желісінде осындай бір пост көріп сіздермен бөлісуді жөн көрдім.

Халықаралық телефон шалу үшін, Қазақстан операторлары қомақты қаржы алады… Неше түрлі, негізгі мақсаты жасырын тарифтер ойлап табады  Ал батыс елдерін алатын болсақ, мысалға АҚШ та, интернет деген су тегін дүние. Көшенің кез келген бөлігінде, парктерде, сіздерді таң қалдырайын, қала аралық автобустардың ішінде де тегін wi-fi орнатылған. Өзім 2011 жылы New York те болып, осыған куә болдым. Бірақ ол кезде, бүгін айтайын деп отырған сервистерді білмедім, тек google talk пен қоңырау шалатынмын. (АҚШ ішінде тегін, бізге 7-8тг/мин).

Енді тақырыпқа көшейін!

1-сервис
Evaphone

Бұл сайтта сіз кез — келген елге, телефон нөмірін теру арқылы қоңырау шала аласыз. Ағылшын тілін білмейтіндер үшін, орысша интерфейс те қарастырылған. Бірақ сайтта лимит бар. Бірнеше қоңыраудан кейін ақша төлеуге тура келеді.

2-сервис

PokeTalk

Бұл сайттан қоңырау шалу үшін, микрофон мен наушник болса болғаны. Ұялы телефонмен де хабарлсуға болады. Лимит- 10 минуттан айына 50 қоңырау.

3-сервис

CallEasy

Бұл сайтта тек бір ғана шектеу бар: хабарласу құны 5 евроценттен төмен елдерге ғана тегін.

4-сервис

FreeCall

Бұл сервиспен қолдану үшін, арнайы қосымша бағдарламы орнату керек. (Windows, Linux, Mac). Тегін sms те жіберуге болады. Лимит 1 аптаға 300 мин.

5-сервис

MediaRing Talk

Тегін қоңырау кейбір глобалды «региондаға» ғана. (АҚШ, Орталық Азия, Канада, Австралия...) Телефон шалу үшін ұялы телефонды да қолдануға болады.

Тегін болса бәрі жақсы ғой ))
Бөлісу:

4 пікір

bizbike
керек жазба екен, жалғасы бар ма? шетелдегі тегін дүниелер туралы, мені әсіресе Түркия мен Ресей (Мәскеу) қызықтырып тұр
asaubota
тексеріп көру керек екен
SerikkazyKakybalanov
тексеріп көрдік, бәрі ақша сұрайды
omarbirat
Viber орнатып алдым жақында. Әлі тексеріп көрмедім. Сөздеріне сенсек, Вайбер орнатылған телефондардың арасында тегін қоңырау шалып, хабарлама алмасуға мүмкіндік бар. Телефонның шотынан ақша алынбайды, тек трафикке кетуі мүмкін. 3G пакетін сатып алсаң немесе Wi-Fi болса, өте арзанға түсетін сияқты.