Жаңа функция: Бөлме



Жаңа функция қосылды. Бөлме деп аталады. Facebook, Вконтактелерде бар ғой Wall, Стена дегендер соның бір нұсқасы. Қабырға, жар дегеннен гөрі Бөлме деп атауды жөн көрдім.

Әр қолданушының профиль бетінде бөлмесі болады. Сол бөлмеге барып, туған күнімен немесе басқа қуанышымен құттықтауға болады. Басқа да жазу немесе фото қосуға болады, оған пікірлер жазуға болады.

Бөлмедегі жазулар тікелей эфирге де шығады.

Оффтоп, флуд азаяды деп ойлаймын осы функция арқылы. Біреуге қоятын сұрағыңыз болса да Бөлмесіне барып қоюға болады.

Бірге тест жасайық, қате жерлерін түзетуге тырысайын.
Әрі қарай

Оқысаңыз, балалар...

Шетелде білім алсам деген жандардың назарына төмендегі ақпаратты ұсынсам деймін. Болашақтан өзге де стипендиялар бар екенін бірі білсе, бірі біле бермейді.
Әрі қарай

Мен тыңдайтын әндер тізбегі.

Айстың бастаған эстафетасын жалғастырып көрейін, жалпы мпүште әртүрлі жанрдағы әндер бар, тек қана қазақша тындаймын деп те айта алмаймын, бірақ қазір тек қазақша әндердің үштігін ұсынамын.
Әрі қарай

Көтібар атамыз көтін ашып жүрген бе?

Ел аузында жүрген соңғы жаңалықтардың бірі: бір шенеунік Қарашаш, Сұлушаш, Алтыншаш деген қазақ қыздарының есімдері қазақ қыздарының шаштарын ашық қылып жүргендігіне дәлел депті-міс.
Шшшшш айтатын сөз қалмағанда адамдардың дінді әңгіме қылатындары бар. Егер сол шенеуніктің сөздеріне қарасақ, Қазақ халқы қыздарына есімді шаштары шыққанда қоятын болғаны. Ақиқаты олай емес. Қазақ перзентіне есімді дүниеге келген сәтте немесе бір апта ішінде қойған қойып та жатыр. Жаңа туылған қыз баланың шашы сұлу, қара, алтындай сары болмайды.
Әрі қарай

Мендегі еліктеушілік...

Шынымды айтсам...(бейне бір үнемі өтірік айтып жүрген адам сияқты) осылай бастағанды жек көрем…
Блогортаға келгелі бері азды-көпті осындағы жігіт қыздармен араласып та үлгердік. Тіпті, өте жақсы дос болып та алдық. Ол үшін бәріне ризамын. Шебер жазу сауаты немесе сондай бірдеңе болмаған соң ба, өз жазбаларымның ішінен біршама еліктеушіліктер байқадым… Байқадым да шайқадым. Мүмкін енді мәселенің барлығы мен де емес шығар… Деп өзімді алдап қою да жоқ емес. Әйтеуір, осында кейбіреулер сияқты өзімді реклама жасау үшін жүрмегенімді білем.
Әрі қарай

Емтихан

Жүректі сонда сөйлеткем,

Шыға алу үшін талаптан.

Емтихан алды бойжеткен,

Махаббат дейтін сабақтан.

Әрі қарай

Аңғармай сөйлеген ауырмай өледі

Әскерге жана келген кезіміз болатын.Бізді алғаш әскери тәртіпке үйретіп жүретін Артықбаев деген сержан күнде жатарда
«Тағы да бір күн өтті»- дейді сонда бәріміз айғайлап «Ну и пуст» деуіміз керек.Ол «Завтра новый день» дегенде бәріміз бірден айғайлап «А нам похи» деуіміз керек.Осылайша күндер өтіп жатты.Бәріміз орысшаға тіліміз келетініміз бар келмейтініміз бар әлгі сөздерді жаттап алдық.Кешке сержант Артықбаев кезекшілікте болған кезде үнемі осы сөздерді қайталап айтып жүрдік.Бір күні кешке бәріміз ұйқыға жаңадан жатқан кезіміз болатын.Ротаның командирі журнал толтырып жүріп«сегодня какой день»деді.Сонда арамызда орысшаны мүлдем қақпайтын Досжан деген досым сержан Артықбаевтың үйретіп жүргенімен шатастырып «А нам похи» демесі бар ма."Қандай күн болсада сендерге похи ма не?" деп ашуланған командиріміз «сендерге похиды көрсетейін»- деп түнімен ОЗК кигізіп плацта жүгіртіп қойған еді.
Әрі қарай

"Әйелдер құпиясы информ" қарақшы газет пе?

«Ана мен бала» сайтында 27 шілде күні жарияланған "Шілденің шіліңгір ыстығында" атты мақала "Әйелдер құпиясы информ" газетінің 30 шілде күнгі санында рұқсатсыз көшіріліп басылыпты. Авторы деп Мақпал деген біреуді қыстырып қойыпты. Егер редакция сол Мақпалды тауып бермесе, онда өздеріне бәле боламын. Газеттің паспортында «Автордың мақаласы редакцияның көзқарасын білдірмейді» деген шаблонды қыстырып қойыпты. Қызықтырмайды. Төменде мақаланың суреті бар.
Әрі қарай