Махаббат және жаза (жаңа сериал)



16 тамыздан бастап 31-арна жаңа түрік сериалының көрсетілімін бастайды. Басты рольдерде «Большая ложь» сериалынан таныс Мурат Йылдырым және «Асмалы Конактың» Бахары Нургюль Йешильчай.

Сериал туралы қысқаша:

Ясемин атты жас жарнамашы қыз біраз жыл бұрын апасының күйеуге шықпай біреуден аяғы ауыр болып қалып, аборт кезінде қайтыс болуына байланысты әкесіне уәде береді үйленгенше ешкіммен жатпауға. Құда түскен жігіті де бар. Бір күні жігітін және өзінің ең жақын құрбысын төсекте жатқан жерлерінен ұстап алады. Ашуланып бір барға кіріп кетіп, өзін алғашқы кездескен еркекке бермекші болады. Осылайша ол Савашпен кездесіп, сол түні бірге болады. Ертеңіне Ясемин ол жерден қашып кетеді.

Саваш Стамбулда университет бітірген, карьерасы бар, әдет-ғұрыптарды ұнатпайтын Түркияның шығыс аймағынан шыққан жігіт. Отбасынан барынша алыс тұрғысы келеді. Әкесінің жұмбақ өлімінен кейін, әкесінен қалған лас істерді жойып, фирманы қайтадан модерн стильде жасақтағысы келеді. Бір жағынан ағасының жесірі Чичек атты жеңгесіне де үйленуі керек дәстүр бойынша.

Бір күні ертеңіне істеген ісіне өкініп қалған, қалған өмірін тек карьерасына арнағысы келген Ясемин екеуі қайтадан кездесіп қалады, жұмыс бабымен. Екеуінің арасында кішкентай болғанымен үлкен байланыс бар. Өйткені Ясеминнің сол түннен кейін аяғы ауыр…

Сериал туралы қысқаша видео:
Бөлісу:

112 пікір

Aldaspan
Осы түрік сериялдары да түсіріле береді екен!!! Ал біздікілер, соларды көрсетуден еш жалықпайтын сынды. амал қанша??? жастардың санасы улануда, кітап оқымауда, инетклубқа баруда! себебі де түсінікті!!! киноның салдары…
meirzhan
еш жалықпайтын сынды. амал қанша???
«Адам болып өмірде жаралғанша» деп кетсей
blackbeard
Жігіт «Eskipasalilar» филміндегі Nusret деген персонажға ұқсайтын сияқты ма? Қалай өзі?
TERISKEY
не а, Нүсрет ол басқа ғо, түрі біраз сұстылау.
monti
неге оларда бәрі андай*повзрослому? әлде расымен Туркияда келеңсіз* жайттар көп болып тұрады ма? әлде сцеранийдің солай задумкасы ма? ну типа көрермен көп болсын іштері ашып отсын деген мағына ма?
ужас напряг, Фатмагул бітсе мынау тагы андай басталад десей.
Бұларда школьный темадағы сериалдар жоқ па? Мысалы Корей/Жапон сияқты. былай көргім келеді шын. қызық ғой, «школын танып, халқын біл» — деген мақал ұстанып жүрмін мен соңғы кезде
мектепті сериалдар болса, аттарын айта салсаңыздар плз инеттен көріп алатын
Анау Денис дегенді 1-2 сериасын көріп қағам онда да ну енд андай*
asaubota
Лицей дәптері деген керемет сериал болып еді кезінде. Эмре Алту деген әнші де ойнады. мектеп сериалдарынан сол ғана есте.
vebred
Түріктің әйгілі «Махаббат пен жаза» телехикаясында бас рөлді сомдаған Мұрат Йылдырым кезекті мәрте «Үздік актер» болып танылды.Бұл жолы көрермендер пікірін Ayakligazete.com. журналы анықтады. «Телевидение жұлдызы-2010» сауалнамасына қатысушылардың дауыс беруіне сәйкес, талантты актер Мұрат Йылдырым, «Махаббат пен жаза» филімінде сомдаған Саваш рөлі үшін «Үздік ер адамның рөлі» номинациясында бірінші орынды иеленді. Сауалнамаға 786 320 оқырман қатысқан, дауыс беру бірнеше номинация бойынша 364 үміткердің арасында өткізілді.
Мурат Йылдырым – түрік телетоптамаларының жарық жұлдызы. Ол «Барлығы менің балам», «Үлкен өтірік», «Аси» филімдерінде сомдаған кейіпкерлерімен миллиондаған көрермендердің жүрегін жаулап алды. 32 жасар актер инженер-механик білімін алған. Кішкентайынан өнерге ғашық Мұрат театр үйірмесіне қатысады. Студен кезінде әуесқой театрда ойнаған ол, «Біз бірге қалуға тиіспіз»(1999) телехикаясына түсуге шақырылған болатын. Соңғы 10 жыл ішінде Түркияның ең үздік актрисаларымен бірге көптеген картиналарда басты рөлдерді сомдады. Соңғы жұмыстарының бірі «Махаббат пен жаза» фильмінде ол тамаша актриса Нұргүл Ешильчаймен бірге өнер көрсетеді. Бұл телетоптама соңғы жылдарды түрік кинематографиясындағы үздік жобалардың біріне айналды. Америкалық Гирне Университеті Жүлдесінің қорытындысы бойынша бұл телехикая «ТВ-дағы үздік хикая» ретінде танылды.
«Махаббат пен жаза» — бұл отбасылық дәстүрдің заңдарына бағынып өмір сүруге мәжбүр, екі жас туралы. Алғашқы бөлімдерінде-ақ, көрермендер алдында күрделі қарым-қатынас, адамдардың қилы тағдыры және махаббат әлеміне саяхат басталады.
Үйлену тойына бірнеше күн қалғанда жас қалыңдық Ясминь күйеу жігітті өзге әйелдің құшағынан табады. Осыдан кейін махаббаттан көңілі қалған ол күйеу жігіттен қайтсе де кек алуды ойлайды.Бұл жолда оған бейтаныс ер адам барда кездеседі. Бірге өткізген түннен кейін, екеуінің бойында екі түрлі сезім оянады: махаббат пен өшпенділік. Бардағы бейтаныс жан – Саваш-аса бай әрі, қадірлі отбасының мүшесі. Сол керемет түннің естелігі – қолындағы тұмардың жұмбақ иесін іздейді. Алайда, отбасында болған қайғылы жағдайдан кейін, ата дәстүріне сай, ағасының жесірі — жеңгесіне үйленуге мәжбүр.
Хикая басты кейіпкерлерінің тағдыры тағы тоғысады. Бұл жолы олар қиын таңдау жасап, құпияларды ашып, шым-шытырық күреске түсулері тиіс. Осы кезде, отбасылық жанжалдар секілді, міндет пен менмендік кейіпкерлер тағдырына араласып, ең маңызды сұрақ туады… Атадан балаға қалған дәстүр жастардың кенеттен ұшқындаған махаббатына кедергі бола ала ма?
Zere
Уау! Керемет жазыпсыз!
Gulistan
Фатмагүл немен бітеді екен?
Nurgisa
Ол әлі толықтай түсіріліп болған жоқ-ау деймін…
rakisheva
Енді ваааааааааааще түрікше сериял кормим. Фатмагуль бірінші және ен сонгысы болды. Барлык настр.мды куртыты  Не в тему бітіп
vebred
Ол не в тему біткен жоқ))). Алғашқы маусымы ғана аяқталды. Түкрияда түсірілімдер біткен соң, 31 арнадан қайтадан көрсетіледі. Бұл сериалды түсірген «Листопадты» түсірген компания ғой, өздері үзіп-үзіп түсіріп бере береді ))
dark_nazgul
Көрмейм. Көрмейм. Көрмейм. Көрмейм. Көрмейм.
Балам мектепке барады, мен сериал көріп отырсам, кім сабақ оқытады оған.
Көрмейм. Көрмейм. Көрмейм.
Тек… анда санда қосып, Мурат Йылдырымға қарап тұрам.
sammita
Мүлдем түрік, кәріс сериалдарын көрмегем.
AKY
Қызық сериал секілді. Мен қарайм
Nurgisa
Кеше премьерасын ел қатарлы қарадым. Далбаса болып көрінді. Қарамайды екенмін бұны.
vebred
Нұреке, сабыр, сабыр))! Астың бетін ашып көре сала, дәмін татпастан ат-тонын ала қашпас болар, қазекемде ондай салт жоқ еді ғой))!!! Көріңіз, мүмкін алғашқы ұрттағаннан кейін, дәм-татуы көңіліңізге қонып қалар...
Nurgisa
@vebred, сіз осы 31 арнада қызмет етпеймісіз? Уж больно жақсы жарнамалап жатырсыз өнімдерін, імно (ішкі меннің негізді ойы)
vebred
Саваш яхтадағы сол түннен кейін ғайып болған қызды асыға күтеді. Ол — Ясминнің жүрегіне жол бастар тұмар деген сеніммен, періште бейнесіндегі алқаны жанынан тастамайды. Сондай-ақ, отбасылық кәсіпті дөңгелетіп әкетуге күш салады. Үлкендердің қарсы болуына қарамастан, контрабандалық бизнестен бас тартып, адал жолмен ақша табу жоспарын іске асыруды бастайды.

Ясмин ұл босанады. Алғашқыда баласын қолына да алғысы келмей, тіпті сәбиді бөтен отбасына беріп жібермек те болды. Алайда, бөпесінің жылаған ащы дауысын естіген оның бойында аналық сезімі оянды. Ол баласының дүниеге келуімен бірге өмірге деген құштарлығы оянып, бойында күш, болашаққа деген сенім мен бақытты болсам деген арман пайда болғанын түсінеді.
Саваштың анасы Шахнұр ханым немерелі болуды армандап, ұлын оның марқұм ағасының келіншегімен жақындастыруға барынша күш салуда. Тіпті, ұлының басқа әйелге ғашық екенін және өз арманынан ешқашан бас тартпайтынынан мүлде бейхабар. Ал Саваштың жеңгесі Чичек әлеуметтік желі арқылы бір жігітпен танысып, онымен жақын қарым-қатынас орнатуға талпынуда. Алайда, Саваштың отбасы оған жол берер ме екен? Жаңа жұмысында ұлының әкесін көрген Ясмин қандай күйде болады? Ясминді махаббатқа қайта сендіру үшін Саваш не істей алады? Қалыптасқан қағидалармен күрескен Чичек кішкентай ғана жеңіске қалай қол жеткізеді. <ahref=«www.31.kz/kz/projects/serials/lubovi_nakazanie/news/document15683.phtml»>
Пікір түзетілген: 25 тамыз 2011, 15:57
vebred
махаббат пен жаза

бул фильм ешкымге, нақтырақ айтсақ, керешілерге ұнамаған секілді. Бірақ, Қазақстан арнасындағы Денизден әжептеуір тәуір. Өзіндік бір қазақ қоғамына ұқсас тұстары да бар. Тым арзанқол хикая емес. Сонысымен де көруге тұратын секілді, қол боста
AKY
Менің әке-шешем қарайды
Zilola
менiн апкем мен сiнiлiм кiрiп кетiптi осы сектага. оларды айналдыра алмадым, демек сурьезный сериал ))
asaubota
менің енеме ұнады және әйелім қарайды. негізі сюжеті нашар сериал. бұрыннан жұрт мезі болған тақырыптар. яғни қала мен түркияның шығысындағы консервативтік көзқарастардың тайталасы. екі дұшпан отбасы. махаббат, қызғаныш, кедергілер… уфффф жалықтым. тек актерлері жақсы, қымбат актерлар.

Нұргүл екеуіміз бір университетте оқыппыз, бір жылы түсіп. бірақ әрине бір бірімізді танымаймыз
Nurgisa
Нұргүлі қайсы, Ясемин бе?
Негізі, Ясемин де, Саваш та жарытып жатқан жоқ, контрөтірік…
Ойлап ем, қос ғашықтыкіне куә болғасын Чичекжан барып суға батып, өзіне қол салар ма екен деп. Қателесіппін. Сериал жалғасатын болды.
Gulistan
ее, не болды соңғы сериясында?
Мен Бораның айтқан өтіріктеріне сенетін Саваштың апасын аяймын.
Nurgisa
Бора барып тұрған антұрған емес пе еді: ісі насырға шапқан ол жымысқы пиғылы жолында Назанның көз жасын аса ойлап, қаймығып жатқан жоқ. Назан күйеуі қайтыс болғалы дәстүр жолы деп, аза тұтып біраз жыл үйде қамалып қалған қыз, оның үстіне білімі жоқ. Оңай алданады. Еркек құшағынан мақрұм қалған ол тағы бір мәрте сүйікті болудан, «дәм» сезужен кетәрі емес. Ал сол кезде… Саваштың шешесі құбыла түсіп, Ясминді "қабылдайтынын", оған оң қабақ танытатынын жайып салады ұлына. "Әкел" дейді, «сырға салайық», понимаешь ли. Сөйтіп Ясмин мен шешесі сыланып-сипанып келеді, бастапқыда өзара сыйластық элементтері басым болады. Дастарқан басына жайғаса берулері мұң екен, сырттан оқ боратылады, терезелер сетінейді, сынады… Үй иелері де, қонақтар да үстел астын паналайды. Әрине, серия дәл осы мезетте зеендтенеді.
asaubota
Бора роліндегі актердың бұрын бір сериалдағы жағымсыз кейіпкер Джем Акманды ойнағанын sigma білсе, Khan білмес. яғни сондай жаман рольдер жарасады оған.
Zilola
жуке агашы астында деген сериал го, Ылмаз бен Фелиздiн жанын алушы.
meirzhan
Осы сериалдарды («дениз», «Фатмагүл») жақсылап көруге тырыстым. Адамдардың не үшін қызығып көретінін білгім келді. Бірақ түіне алмадым.
«Мың бір түн» мен «Көкжалдар мекенінен» ғана жақсы қабылдадым.
monti
«Мың бір түн»
менде осы сериалД жақс көрдім, шынайы шыққан, көзіңнен жас тоқтамайд барлық сериасында да))) Шехризатқа ғашық боғам))) бірақ кейін бір сериалдан түрін көріп шошып кеттім, ана жақта арық сұлу сияқТ ед, нау сериалда ужасна макяж(бар боса) очм онша мес
meirzhan
Түрін ғана ұнатқан болуың керек  шын ғашық болсаң ужаснасына қарамас ең.
monti
түріктердің грамотно* түсірлірген сериалы сол ғана ма деп қалдым, бәрі керемет актерлерде мықты ойнап шықты. мықты ойынына ғашық болғам шығармын, киім кю стиліде өзгеше болып еді/сұлу шықты меніңше
meirzhan
Әли Кемальдың әкесінен бастап Шехрезаттың баласына дейін бәрі жақсы ойнап шықты.
monti
сенде тығлып жыладың?)))
meirzhan
Тығылатын несі бар. Бұндай актерлік шеберлікті, керемет сценарийлі сериалды көріп жылаудың еш сөкеттігі жоқ. Жыламаған тас жүректер ғана.
Zere
Шынымен жылайсың ба?!
monti
кеше осы ерлердің(әсресе түріктердің) жылағаны жайлы айтып Ясминді көріп отырып))) прикол ұстадық, ужасна, басқа/басқа түріктер енд жылай қоймас не керек деп?(жөнді/жөнсіз жылайтын жерлерін қосып), ал енд корейдіктерге сенуге болатын шығар))) нәзіктеу халық ғо
Gastarbaiter
Жыламаған тас жүректер ғана.
негізі осы махаббат тақырыбы жынды бизнес
meirzhan
иә, көзден шыққан әр жасты тамшылардың ютубтегі видео просмотр санына теңеуге болады. салыстырмалы түрде
Zere
Не дид? Егер 20 млн просмотр болса ше? Жылауық болғаның ба? )))))
meirzhan
Махаббат тақырыбының бизнеске айналғанының сандық көрінісін жаздым.

Жылаудың шындығы туралы айтар болсам, есімде нақты жоқ. Блокнотқа жазып отыратын әдетім де жоқ еді. Бірақ еске «7 жизней» фильмінің әсерлігі келіп отыр.
Zilola
зайтун агашы алкабы жайлы да телехикая бар екен. менiн аке шешем турiк-карiс хикаяттарынын барлыгын тугендемесе аландайтын шакка жетiптi ))
Erkekyz
Монтидің
менде осы сериалД жақс көрдім, шынайы шыққан, көзіңнен жас тоқтамайд барлық сериасында да))) Шехризатқа ғашық боғам))) бірақ кейін бір сериалдан түрін көріп шошып кеттім, ана жақта арық сұлу сияқТ ед, нау сериалда ужасна макяж(бар боса) очм онша мес
айтқаны осы сериал шығар деп отырмын. Бергузар Корел жанұясымен түскен соң қызық шығар деп ойлағанмын, бірақ тартпады.
Айтпақшы, «пора тюльпанов» немен бітті екен? Көргендер айтв жіберіңдеріңіздерш.
Мына сериалға келсек кешкі аста мамам көріп жүрген соң, бәріміз көріп кеттік. Өте ұзаққа созылып кететіні жаман Чы.
Мен үшін еш сериал «Под сенью лип» пен «Июньская ночь» қа жетпейді
asaubota
vebred сериалды сериал қылатын факторлардың бірі жарнамалық үзіліс емес пе? неге сендер тек әр он бес минут сайын қосасыңдар? түсірушілер сериалды өнер үшін емес коммерциялық мақсатта түсіреді ғой. жарнамаға арнап кей моменттерді солай әдейі түсіреді. сол кезде жарнама болып, қызық жерін үзіп жіберіп, көрерменді одан сайын қызықтыра түсу үшін. осылай істелсе жарнаманы да қарайтын болады көрермен және сериал да қызықты болады. маған бәрібір ғой тек көрермен ұсынысы ретінде айтып жатқаным ғой.
Zilola
кейде сериал арасында жарнама емес, жарнама арасында сериал коретiн кездер болады. Шынымды айтсам жарнамасыз коргендi калаймын.
vebred
Асау бота оның рас енді… бірақ, қолдан келер лаж жоқ…. дегенмен, сериалдың әрбір сәтін аңдып отырғаннан гөрі, белгілі бір уақыт аралығында (радиодағы секілді) жарнама қою өте ыңғайлы, оның үстіне сетка солай жасалады, есеп беруге де ыңғайлы. Тағы бір қызығы сол сериалдар мен жарнамаларды эфирге беріп отырған жандардың бір де бірі ол өнімдрді өздері көрмейді.
asaubota
сосын барып 31 жылайды алған сериалымыз ақшаны ақтамады деп, Көкжалдар мекені мысалы. әрине сондай менеджмент болса сөйтеді. жарнама менеджменті де болуы керек деп ойлаймын. тек біздің телевизионщиктер әлі профессионал деңгейге жеткен жоқ әлі.
Zere
Ясмин баласы бар екенін қашан айтады? 100-ші сериясында ма? )) Қанды ішіп бітті ғой ))))
Nurgisa
))))) сенің де жының келіп жүр ме? Оған өзі айтпай, екеуі өзара «косяктарын» үшінші тараптар арқылы, естірқұлақ, қырыққұлақ, ұзынқұлақ арқылы естісе таң қалмаймын. Тегі, өсек аңдыған бәлелер ғой нұқыл.
Zere
Әй білмим, қалай айтса да, естісе де тезірек болса екен. Әйтпесе мың құбылып, айналып келіп «Жаным, күнім, сүйем, сүйем» дей бергендерінен шаршап кеттім. ))
Gastarbaiter
Шаршасаң айтысқа қатыс Саған арнайылап хиджап тақырыбын сайлап қоям
Zere
Қой, мен ондайды қойып кеткем. )))
Gastarbaiter
Бәсе ауылда көрінбейсің.©
Gulistan
«Эзель» туралы ешкім рецензия жазған жоқ па? Мен үшін қызық сериал осы болып тұр. Өзім басынан бастап қарамаған соң оқиға неден басталғанын білмей қалдым.
Асаубота, Нұрғиса, сендерге қалай?
asaubota
Ертең жазам, қаз автобуста кятрм.
estetika91
Біздің админ осы түрік сериалдарының фанаты ма деп қалдым)
asaubota
қатты фанаты емеспін. тек сценарийі жақсыларын ғана қараймын.
vebred
Махаббат пен жаза"

«Махаббат пен жаза» сериалының негізгі оқиғалары Түркияның шығысында орналасқан Ван қаласында өтеді. Бұл өзге қалалардың арасында табиғатының әдемілігімен ғана ерекшеленбейді, сондай-ақ, бұл қала әу баста көптеген ежелгі мәдениеттердің даму орталығы болған.

Ван – тұрғындары ата-баба дәстүрін қатаң ұстанатын Түркиядағы қалалардың бірі. Мұнда тек дәстүрге ғана бағынады. Фильм режиссері Құдрет Сабанжының фильмді дәл осы тарихи қалада түсіруіне түркі болған негізгі себеп те, осы болуы мүмкін. Картина салт-дәстүрлерді ұстанудың күрделілігі мен жаңа буынның оған қарсылығы және жас жігіттің ғасырлар бойы қалыптасқан қағидаға қарсы тұруға талпынуы жөнінде.
Мұрат Йылдырым ойнайтын хикаяның басты кейіпкері Саваш Балдар да осы қалада туып, ержеткен. Ол дәулетті де, қадірлі отбасының мүшесі. Кәмелетке толған соң, Саваш шетелге оқуға кетеді. Алайда, тағдырдың жазуымен ол туған жеріне оралады. Әкесі мен ағасының қайғылы қазасынан кейін, ол әулет иесі ретінде өз ағасының жесіріне үйленуге мәжбүр болады. Өзі басқа қызды сүйетініне қарамастан, отбасын ұят пен келіннің әкесінің кек алуынан қорғау мақсатында, Саваш отбасылық тәртіптерге мойынұсынуға мәжбүр болады. Осылайша, ол екі әулеттің арасындағы өшпенділік пен қантөгістің алдын алады. Ол сондай-ақ, өзінің махаббат пен сезім туралы түсінігін толықтай өзгерткен әйел — Ясминге ғашық, және өз арманынан бас тартпақ емес. Ол қызды он екі ай бойы іздеп, ақыры табады. Саваш Ясминге жүрек сырын ашады. Ясмин үш рет келісім береді. Алайда Ясмин оның өмірі туралы бар шындықты білмейді. Саваш тіпті ұлы бар екенінен де бейхабар. Олардың алдында алдап-арбау, зымияндық, өтірік пен сатқындық күтуде. Махаббаттың бар екенін мойындаған екі жас. Өткен өмірдің құпиясы олардың махаббатына қарсы тұра ала ма? Олар бірге болуы үшін үнемі күресе ала ма? Өз жолдарында кездескен барлық сәтсіздікті жеңе ала ма?

Әлемдегі миллиондаған көрерменнің жүрегін жаулаған хикаяның жалғасын «31 арнада» көріңіздер. «Махаббат пен жаза»! Жұмыс күндері 20:00-де!
asaubota
қазір 2-ші маусымын беріп жатырсыздар ғой. бұрынғы іш пыстырарлық Надия мен оның жігіті кетіпті әйтеуір. сериалға енді Чичектің ағасы қосылды. сонда да іш пыстырарлық сериал. не болатынын алдын ала біліп отырасың, оқиғалар өте жәй өрбиді.

Фатмагүлдің жаңа сезонын қазірден бастап алып, аударуға кіріссеңіздер деген тілек айтамын. біз мында уже жаңа сезонын қарап жатырмыз, қызық болып жатыр.
Onlasyn
оқиғалар өте жәй өрбиді.
Сен Денизді көрсей ))
vebred
Орынды ұсыныс болды-ау мұныңыз!  Фатмагүлдің екінші мауысымын сағынып отырған жұрт көп секілді…
asaubota
Махаббат пен жаза ішпыстырарлық болғаны соншалық соңғы серияларына атыс-шабыс, наркотик, мафияларды қосыпты және жаңа кейіпкерлерді. бұл не деген сөз? сериал қызық болмай көп адамдар уже қарамай жатыр деген сөз. 31-канал осы жолы лох болып қалған сияқты
araika
сол көптің бірі менмін
Gulistan
Кешегі серияда күтпеген оқиғалар болды.
Одан бұрын айтқым келгені — Ясминнің іс -әрекеті, алдында Саваш түрмеде жатқанда онсыз да есінен танып жүрді, жұмысын да тастап, мең-зең күйде болды. Енді ше? Саваш шықты түрмеден, қиындықтар артта қалып барады, бірақ әлі сол бір күйі, сондай бір пассив, жынымды келтірді.
Савашпен селтектеп ана үйге неге барды екен? — Ең болмаса, кемпірмен де ұрысқан жоқ маңқиып отырды да қойды, ал ана жақта баласы қызулап, байғұс шешесі шыр-пыр болуда.
Ендігі эпизодта -сол баяғы батыр Саваш, ешкімге тіс жармай, фабрикаға өзі барып, Ахмет Моранмен кездеспекші болады, онымен дәу арланға тап болады. арлан емей немене, қытымыр сәтте тік ұшаққа отырып кете салу анау-мынаудың қолынан келе қоймайды, оның үстіне есірткі бароны. Оның қасында тіпті Ахметің де мүләйімсіп қалады.
Шешуші сәт келіп, Ахмет сотқа өзі бар қылмысын мойындамақ болған кезде қалтарыстан Мұстафаның оған оқ атуы — кульминация болды. Явуздың негізгі ойын білдік. Жас баланы алдап-арбап, ақыл беріп, әкесін өлтірткені әрі тапқырлық, әрі сұмдық деп ойлаймын.
asaubota
кеше үйдегілер қарап жатқасын әр жерінен қарадым. сериал дым «жүрмей» бара жатқасын түсірушілер тағы бір жұлдыз актрисаны қосыпты ғой.

андай криминалды сахналары өте күлкілі  Түркияда бұл сериалды ешкім қарамаған шығар.

сендер әлі қарап жүрсіңдер ме?
Nurgisa
Соңғы сериясын қарап қойғасын ба, баяу сериал болғасын қарауды доғардым. Соңында Саваш пен Ясемин ұлдары Өмер мен қыздары Масалмен тату-тәтті ғұмыр кешеді. Чичек Хаканға тұрмысқа шығып, Явуз өледі
asaubota
сол жазғаныңа әлі пәленбай серия бар ғой. бір серияда бітіре салуға болар еді.
Gulistan
Оның дұрыс енді, тым созылыңқы. Соның өзінде екі сағат
Gulistan
"Қыналы қар" сериалындағы Назардың ролін сомдаған актриса ғой жаңадан қосылған.Мен қарап жүрмін Эзель екеуін.
Нұрғиса, рахмет білеміз не болатынын, тықпалай бермеші, өтінем. Мәселе мен мен үшін немен бітетіні емес, қалай өрбитінінде болып тұр, әйтпесе Сатыбалды айтпақшы, «түбінде бәрібір өлеміз».
Nurgisa
 просты, сериал кешке ең маңызды уақытты ұрлайтын сияқты болып көрінді маған. Көргісі келетіндер жалғастыра береді ғой. Фатмагүл құтқарып жатыр әзірге.
Gulistan
Нұрғиса, Назарды көргің келмей ме? Фанаты болып едің ғой кезінде.
Nurgisa
Саған бір қызықты айтайын, Гүлістан: Астанада жаңбыр жауса жер көгереді кейбір ұлттық арналардың таратылымы «кедір-бұдыр» болып, картинка кідірістеп қалады. Кеше әйтпесе адам сияқты көріп келе жатыр едік, несін жасырайын )))
Gulistan
Көр де тұр, Фатмагүл де ұрлап жатыр. Сенуіңе болады, сериал болып жатқанда бірнеше шаруаны тындырып үлгерем, тек құлақ түрік болсын деймін.
Nurgisa
Құлақ та, сана да түрік болып бара жатыр  Қазақ боп тұрған "Қазақстан" арнасы ғана
Janasil
Кейде Асекеңді Қазақстандағы Түріктердің мәдениетін насихаттаушы ма деп қаламын. Арнайы дайындалған.
Nurgisa
Иә, как положено жеті жыл арнайы дайындықтан өтіп келгені бар, оның рас.
TERISKEY
Deniz ne bop ketti? )
Onlasyn
Өздері түсінбей қалды не боп кеткенін
Gulistan
қарындасың қарамай ма?
Gulistan
Алдыңғы сериясын өткізіп алғандықтан, кешегісінде кейбір жағдайлар түсініксіз болды.
Саваш Иранға кетем деп жатты, оның барлық әрекеттерін камерамен жіті қадағалап отырған Бешир нағашысы Паланың баласын ұстап алып, Паланың өзін бопсалай бастайды, не Савашты өлтіруі керек, не болмаса Халдун өледі.Ақыры, өз баласына бүйрегі бұрған әкесі жиеніне қол жұмсауға бел буады. сонымен Пала айдалада Савашқа жауыздық жасап, оқ атты!
Интрига, интрига! «Не болды? Саваш өле ме?» деп кеше бір танысым смс жазыпты, құдай-ау, мен қайдан білем, өлсе сериал бітеді, өлмесе бәрі жалған болып шыққаны да. Соған сонша қиналатындарды түсінбеймін.
Тағы бір жері — Омер ыңылдап жылай береді, қызуы көтеріліп, әжесін әлекке салады. Ясмин Явуз мырзамен жиналыста, бірақ өзі алабұртып отырады.Оның үстіне, өткен кеште Саваш Иранға кететін шешімін айтқанда, келіспей, екеуі ренжісіп, айырылысқан. Бұл аяғы ауыр екенін айта алмай, жылап отырып қалды. Келесі күні баланы алдыртатын болып, ауруханаға барады. Анау-мынау деп отырғанда, мамас Омердің ауырып жатқанын айтады. Ендігі бір кадрде Омердің лейкемиямен ауыратындығы, өзіне тете інісі не қарындасы болған жағдайда, соның жұлынын ауыстырып салу арқылы аман сақтап қалуға болатынын айтады. Ясмин ой үстінде…
Сонымен, Саваш өлі ме, тірі ме? Оны бүгінгі сериалдан көресіңдер.
vebred


Саваш өлмепті. Тіпті Пала екеуінің анау мықтыны қалай алдағандары, қызық әйтеуір. Қазір бұл сериалдағы ең тартымды Хакан ғана секілді. Сосын Чичектің тағдыры қалай өрбиді екен деген ой ғана. Байғұс Назан солай алданып жүре берер ме екен, әлде Бораның оңбағандығын білер ме екен. Соңғы Саваштың басынан өткен жағдайларға сол Бораның қатысы жоқ па екен? Қалай Өзі. Ал, Назардың рөлін ойнаған қыз, мұнда кім болып жүр?? Севгидің серіктесі ме? Ол қыз анау Бораның агенттігінде де жұмыс істеп еді ғой)). Тек ол кезде шашы тым бұйра болатын.
asaubota
бұл сұрақтардың жауабы мына жерде: www.kerekinfo.kz/blog/5190.html
Gulistan
Кеше қарай алмадым. Бірақ бір көз салғанда, бәрі аңырап жатты ғой. Әсіресе, кемпір боздағанда, сай -сүйегің сырқырайды екен.Ия, Пала расымен жақсы сытылып кеткен бұл жағдайда.
a63a1
немен аяқталатынын білсем көрмес едім
Nurgisa
a63a1
Қос ғашық тату-тәтті ұзақ өмір сүріп, мақсат-мұраттарына жетеді.
Рахмет! Осығой менің білгім келгені
Gulistan
Борадай иттің қасында Назан қалай жүреді, түсінбеймін, оның иттігі бір төбе ғой!
Gulistan
Бұл сериал да шекше шұбатылып, бітіп болмады. Екі күн қатарынан жұрттар Явузды Саваш "әне атады, міне атады" деп күтумен шаршады.
Nurgisa
Соңғы сериясында өледі, 63-ші. Саваш атайын деп тұрғанда полиция жетіп кеп, «Саваш мырза, тапаншаңызды тастаңыз» деп қылмыстан баз кештіріп, өздері атып жібереді Моранның жүгәрмегін.
Шахнур Балдарға тәнті боласыңдар алдағы серияларда. Үш-төрт ай ғұмыры қалған ол енді баяғы қателіктерін түсініп, бала-шағасының қамын жайластыруды басты мақсаты етінеді. Хакан мен Чичек, күтілгеніндей, үйленеді.
Gulistan
Хакан Пелиннің құрығынан шыға алмай, аһ ұрып жүргеніне қарағанда, биыл үйлене қоймайтын сияқты.
Бора мен Джейданың иттігін айтам-ау! Пала да ақымақ, сүттей ұйып отырған ошағын бұзып…
Nurgisa
Пала есін жияды. Бәрі сабасына түседі. Енді, Түркиядағы бүгінгі орта жастан асқандардың кризисін көрсеткілері келген шығар. Тіпті, Пала мен Фидан сияқты жұптарда да жоқ жерден салқындық, сатқындық орын алу ықтималдылығын. Бұл жерде енді Пала Джейданың арам ойының құрбаны болды. Джейда аңқаулығын пайдаланды, анығы.
Gulistan
Джейда алқа таққанда, Фиданның башмақ кигені дұрыс емес қой:)
Nurgisa
:))))) Фидан ол тәпішкілерді лаақтырып тастады. Қоқысқа :)))))
Zhan
Туу, Нұрғиса, тәпішкі лақтырған сәттерге дейін қалт жібермей көрдің бе ей. Сорпа ғана пісіре ме десем, сериалдың да хас шебері екенсің ғо
Gulistan
Андай алқаның қасында, әрине тәпішкелер ештеңе де тұрмайды.
Nurgisa
:)))))) сол жері есіме түссе күлкім келе береді :))))
Фидан байғұс кольені тығып қойған жерінде көріп қойғанда, сыр білдірмей, күткенін айтам да. Оңай емес қой Джейданың мойнынан көру. Мықты қатын екен. Фидан.
Gulistan
Алқаны берер деп ойлаған мезеттегі жүзі қандай! Жайнап, шалының асты-үстіне түсіп…
Маған орамал таққандары ұнайды.
Nurgisa
Иә, орамалдары мықты. Маған пәстельдегі бельелары ұнады. Жақсы жарнамалай алып жатыр деп ойлаймын. Бір сериясында кока коланы да жарнамалады жақсылап тұрып. Кәдімгідей. Продакт плейсмент те, баяғы.
Gulistan
Бірақ асханада жүретін келіншектер тым қарабайыр, орамалдарын қалай болса солай түйе салған.
Nurgisa
Енді, оларың асханада как положено сықиып киініп алса, Ясмин мен Джейдадай құлпыра қалса, ас үйде тамақ істегендері жараспас еді. Қала берді, ана жұмыссыз тұрған ахранадағылар тиісіп бәле бола ма деп ұсқынсыздандырған ғой сценаристер.
Gulistan
Кеще тағы қарай алмадым.
-Оңбаған Явуз түрмеден ұашып кетіпті.
-Хакан Савашқа Чичек туралы айтқанда, анау бұртивп ренжіп қалған деседі.
-Пала ванға «ойланып келуге» кетіпті, Джейда іздеп таба алмай жүр.
-Паланың ұлы әкесінің Джейдамен түскен суреттерін көріп қойыпты.
-Саваш серігінен айырылған.
-Назан "қуып" кетіпті.
Қызықтың бәрі соларда екен ғой:)
Nurgisa
жақсы, қуанышты күн тумайды әлі :) әйтпесе бітуіне тура келеді :)
dark_nazgul
Бітті ау әйтеуір)))
соңғы жағы мылжа мылжа болып кетті)
Саваштың шашы өсіп, соңғы серияларында қаракөл қозыға ұқсап қалды.
Хаканның қызы Ляраны ойнаған қыз «Жаңбырлы маусымдағы» (қазір астанадан болып жатыр) Наз емес пе?
Erkekyz
Ия, сол Наз меніңше де. Үп-үлкен қыз болып қалған, ия?
Соңы онша болмады. Ванға тойға барамыз ба деп дайындалып отсақ, 10 жыл өтіп кетті дейді((.
Gulistan
Еш қызықсыз. Явуз да тез өле қалды. Тойды көрсетпеді.
«10 жылдан соң» деп титрда көрсетсе де, Саваш мен Ясмин дым өзгермеген…
monti
апа өліп қалд па сонда? :( Шахнұр Балдар :)
былай бітті/ау, уф, амал который көрліп қалушы еді кейде)))
Ван деген қалаларын расында жаман фонда берд :(
Ayanat
Сериал туралы қысқаша:
Кішкене мәдениетті түрде жазуға болар еді ғой.Не маскара «еркекке бермекші болады»,"үйленгенше ешкіммен жатпауға" деген создер. Казақ халқы созге бай халық. Басқаша жеткізуге болар еді.
meirzhan
Турасын айтқанның не айыбы бар? жасанды мәдениеттіліктің қажеті қанша? галстук киіп қатайып отырайық сол )
Nurgisa
Риза, «Махаббат пен жаза» Өзбекстанның қаһарына ұшырапты ғой?! Сериалдағы "Өзбекстандағы экономикалық қылмыстары үшін депортацияланған бизнесмендер" туралы айтылғаны үшін. Ask ve Ceza кесірінен енді барлық түріктілді сериалдарға табу… Табу қиын енді. Өзбектер адам сияқты өмір сүретін болды енді.