Жаңа функция: Бөлме
Жаңа функция қосылды. Бөлме деп аталады. Facebook, Вконтактелерде бар ғой Wall, Стена дегендер соның бір нұсқасы. Қабырға, жар дегеннен гөрі Бөлме деп атауды жөн көрдім.
Әр қолданушының профиль бетінде бөлмесі болады. Сол бөлмеге барып, туған күнімен немесе басқа қуанышымен құттықтауға болады. Басқа да жазу немесе фото қосуға болады, оған пікірлер жазуға болады.
Бөлмедегі жазулар тікелей эфирге де шығады.
Оффтоп, флуд азаяды деп ойлаймын осы функция арқылы. Біреуге қоятын сұрағыңыз болса да Бөлмесіне барып қоюға болады.
Бірге тест жасайық, қате жерлерін түзетуге тырысайын.
Аптасына 1 рет бөлмені жинастырып отыру керек.
Просса, мындағыдай саты-саты болып астына жазылса деген ой ғұә.
неге менің бұрышымда жазылған пікірге мен жауап жаза алмаймын? жауапты қайда барып жазамын?
бір кісі досының үйіне келсе досы үйінде жоқ екен. содан есігіне «есек» деп жазып кетеді. біраз уақыт өткенде досымен кездескенде «алдында мен сенің үйіңе бардым» дейді. досы «я білем» дейді. "қайдан білдің" десе досы «есікке атыңды жазып кетіпсің» деген екен.
стенаның қызметі осындай нәрсе ғой.
Зал дегеннің қазақшасын білмей тұрмын.
Ал, жатын бөлме — жеке әңгімеге арналған бетше. Бірақ, шын өмірде жатын бөлмеде не болып жатқанын құдай көріп отырса, жекеде не болып жатқанын мына жақта админ көріп отырады.