Емтихан

Жүректі сонда сөйлеткем,

Шыға алу үшін талаптан.

Емтихан алды бойжеткен,

Махаббат дейтін сабақтан.

Кетірмей естен бұл шақты,

Сәттерді сонау санадым.

Оқытқан да жоқ кітапты,

Оқыдым оның жанарын.

Жатқандай нақты сонда мән,

Құрақтай балғын желкілдеп.

Бір сынақ берді ол маған,

Сүюге мысал келтір деп.

Санаға жетпей жаңа ақпар,

Бұл сауал аздап тұсады.

Сауалға жалғыз жауап бар,

Өзіңіз дедім мысалы.

Сынағым берді жемісін,

Керемет болды ой, неткен!

Үнсіздік деген – келісім,

Енді үнсіз қалды бойжеткен.

Алаулап кетті от денем.

Түсінбес жайды өзге ешкім,

Тағдыр жолында көптеген,

Емтихандарға кездестім.

Қуанам өте сол үшін,

Бастадым ердің оң ісін.

Бұл менің – алғаш жемісім,

Бұл менің — соңғы жеңісім.
Бөлісу:

17 пікір

satibaldi
Шедевр! Міне мынау весшь!
balzaminka
Сатекесі, пряникке көштіңіз бе?
VKM
сатыпалды айтса, шедевр болады. Зуб даю
satibaldi
Немене, үйіңнен зат ұрладым ба әлде жұмыс орныңнан А4 қағаз алып кетіп пе едім? Менде не ақың бар?
VKM
 мен сіздің талғамыңызды жоғарыыыыыыыыыыыыыыыы бағалап отырмын ғой. Немене быт-шыт боласыз?
satibaldi
964 адаммен жалғыз алыстым, кінә қойма нақ!!!
VKM
Өмірдегі өз жолыңызды өзіңіз таңдап алдыңыз, кім кінәлі,964 адаммен алысқаныңызға?
Басқадай имидж таңдаңыз, мысалы: мудрая сова ролін )))
satibaldi
965 адаммен деп айтып жүрем-ау деймін енді, мазамды алма!
boztorgai
уа пәлі-ай деген сөздерің
кем емес ат пен шекпеннен ©

ақындарды шабыттандырып отыру керек, негізі
Kasymolzhas
Рахмет! Бағалауларыңа.
Nurgisa
Автордың тегтегі «тема ғой» дегеніне қарағанда, жаман дүние болмауы керек сияқты.
Zamirka-san
Өте жақсы жазылған екен, жоғары деңгейде.Шынымен өзің жаздың ба?
edige
ON.KZ де окыдым осыңды… жаксы жазылган…
/шынымен озің ба десең я /
edige
Осы қазақта Қасым дегендердің барлығы сондай дарынды келеді екен деп қалдым.
e_zhalgas
Әдемі!
Жазылғанның барлығы жеңіл сезім сияқты сипатталып келіп, соңғы қатармен жауапкершілікке толы берік сеніммен:
Бұл менің — соңғы жеңісім.
деуіңде бір мән жатқан сияқты
Kasymolzhas
Ия. Расымен де жеңісім ғой. Шынымен де өзің жаздың ба дегендерің не? Біреу жазып берсе жақсы ғой.