"Әйелдер құпиясы информ" қарақшы газет пе?

«Ана мен бала» сайтында 27 шілде күні жарияланған "Шілденің шіліңгір ыстығында" атты мақала "Әйелдер құпиясы информ" газетінің 30 шілде күнгі санында рұқсатсыз көшіріліп басылыпты. Авторы деп Мақпал деген біреуді қыстырып қойыпты. Егер редакция сол Мақпалды тауып бермесе, онда өздеріне бәле боламын. Газеттің паспортында «Автордың мақаласы редакцияның көзқарасын білдірмейді» деген шаблонды қыстырып қойыпты. Қызықтырмайды. Төменде мақаланың суреті бар.

Бұл газетті қарақшылық әрекеттерге байланысты тағы біраз тексеріп көруге болады екен.
Телефон соғып редакторымен сөйлестім. Бірақ ол (Сандуғаш МЕЙІРБЕКОВА) жолда кетіп бара жатқандықтан кейін хабарласатын болды.
Бөлісу:

8 пікір

sammita
Закооо, жарайсың!
«Автордың мақаласы редакцияның көзқарасын білдірмейді» деген бұл жерде жүрмейді, бұл көзқарас емес, ұрлық қо((
sammita
"өзім қолданып нәтижесіне көз жеткіздім"
деп жазыпты Мақпалка))
KILYZAMAN
Өзі шағын — бремянкама сыйатындай типография қанша болды екен ә?
Zako
Бұл газеттің редакторына телефон соғып, болған жағдайды айтып, ескерттім. Ол "қазір сөйлесе алмаймын, жолда келе жатырмын" деп, кейін соғуға уәде берді де телефонын сөндіріп қойды. Кешке қарай соның бір танысы хабарласып, кешірім сұрады, оған кешіретіндігімді, алда тағы қайталанатын болса, кешірім болмайтындығын айттым.

Жалпы, бір мақалаға бола соттасатын, кешірім сұрағандарды да аямайтын тым қатал болмадым. Бірақ ақша істеудің таптырмас сәті болатын
sammita
осындай «Ана мен бала» деген газет бар екен. 2011 жылдан бастап шығатын сияқты. Алматыдан көрдім.
Аттас сайтқа қатысы бар ма екен.
bazuka
бұл туралы өткенде Зако жазды
sammita
ааа оқымаппын.