Бүгін -- Халықаралық студенттер күні
Студенттер қауымын бүгінгі мерекемен құттықтаймын! Жалпы, олар жайлы көп нәрсені айтудың қажеті жоқ та шығар :)
Әрі қарай
Алматы-Астана-Алматы

Қайтарға билеттің табылғаны — плацккард. Көршілер, әңгіме:… 67 жасар апайдың хикаялары мен өмірге деген өздік көз қарасы біресе күлдіріп, біресе мұңайтты. Қайнап тұрған өмір — апай осындай адам болса, балалары(қыздары) қандай болды екен деген оймен келдім… Әзірше, өзектісі — апайдың өмірге құштарлығы(агент, екі симкалық сотка + теле2 + далаком, планшеткамда да бар дейді :-) ) МЛМ-ге деген жеке көз қарасы тіпті ерекше — мақсаты өз жүйесін ашу(брендовый зат іздеп жүрсе керек)
Қайшылық
Жайраң қағар сәттері бар мұңның да,
Жәудіркөзім жалған емес, тоқ күлсең.
Бір әкенің қызы болып тудың да,
Бір ақынның өлеңі боп кеттің сен.
Серуендесек екеумізді қимай бақ,
Мұңға батып кетуші едің әз үндім.
Бір сорлының маңдайына сыймай қап,
Бір бақтының маңдайына жазылдың.
Тағдыр солай заманыңды жазғырма,
Кемдік етсем, кермиығым кешіргін.
Бір жүрекке есіміңді жаздың да,
Бір жүректен есіміңді өшірдің.
Көшесімен жүрсең-дағы қаланың,
Көңілімді өміріңе жол қылдың.
Бір жанардың тұтаттың да алауын,
Бір жанардың қоламтасын сөндірдің.
Болмысына еніп кеткем тек күздің.
Көкейімді жегідейін кемірді ой.
Өкпе айтуға қақымыз да жоқ біздің,
Қайшылықтан құралатын өмір ғой.
Әрі қарай
Жәудіркөзім жалған емес, тоқ күлсең.
Бір әкенің қызы болып тудың да,
Бір ақынның өлеңі боп кеттің сен.
Серуендесек екеумізді қимай бақ,
Мұңға батып кетуші едің әз үндім.
Бір сорлының маңдайына сыймай қап,
Бір бақтының маңдайына жазылдың.
Тағдыр солай заманыңды жазғырма,
Кемдік етсем, кермиығым кешіргін.
Бір жүрекке есіміңді жаздың да,
Бір жүректен есіміңді өшірдің.
Көшесімен жүрсең-дағы қаланың,
Көңілімді өміріңе жол қылдың.
Бір жанардың тұтаттың да алауын,
Бір жанардың қоламтасын сөндірдің.
Болмысына еніп кеткем тек күздің.
Көкейімді жегідейін кемірді ой.
Өкпе айтуға қақымыз да жоқ біздің,
Қайшылықтан құралатын өмір ғой.
Құрбан Айт қабыл болсын!

Құрбан айт мерекелерің құтты болсын!
Құрбан шалып, ниет еткендердің ниеті қабыл болғай!!!
"Құдай-ау, қайда сол жылдар..."
Қазір ғой ол…кітаппен онша дос болмай жүргенім. Мектепте оқығанда қысы-жазы ауыл кітапханасынан шықпайтын-мын. Қызықты кітаптары болса, оқып…шаңын сүртіп, ішін жинау керек болса, оған да білек түре кірісіп…Әлі есімде.
Әрі қарай
"Алтын қалам" сайысынан көріністер

Мен
Бірі де есімде қалмады...
Бір аяғымды болып, екінші аяғымды жуа бергенім сол еді, телевизордан:
— Режиссері — Миң Хың Мың — деген сияқты дыбыс шықты.
Экзотикалық есім иесінен тәуір кино ғана күтуге болатынын білетін мен табанымды жуып болғанымша асықтым, амал не,
Әрі қарай
— Режиссері — Миң Хың Мың — деген сияқты дыбыс шықты.
Экзотикалық есім иесінен тәуір кино ғана күтуге болатынын білетін мен табанымды жуып болғанымша асықтым, амал не,
Сенбистің туған күні

Біздің қыздар түрік қыздарын 2-0 есебімен жеңді
фото: Э.Гарвиш
Кеше Әйелдер арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу ойындарының 2-ші турында біздің қыздар түрік қыздарын жеңді. Голдарды Лариса Ли және Бегайым Қырғызбаева соқты. Алда біздің құраманы Германия, Испания, Швейцария сияқты мықты құрамалармен ойындар күтіп тұр.
Құрама сапында 5 қазақ қызы ойнады. Ұлболсын, Бегайым, Мәдина, Сәуле, Әйгерім!
Қыздарға сәттілік алдағы ойындарда.