Иятсыз мұғалім

Дене шынықтыру мұғалімі келген екі-үш ай ішінде мектептегі барлық қатындарды құртты. Алдымен бүкіл облыста тапшы, әкімнің жеке өзі қаладан жалынып-жалпайып әкелген информатика мұғалимасын жүкті қылды деген сыбыс шықты. Байғұс қыздың (ендігәрі — қатынның) сабақ кезінде «бүгін физ-ра бола ма сендерге, ағайларың қалай?» деп, сұрастыруы жаман еді.
Сөйтіп жүргенде орыс тілінің практикантының іші де сыр берді. Дене шынықтыру сабағына келіп, айтуға ұмытып кеткен тапсырмасын айта беруінің түрі жаман еді. «Нағыз ұстаз» деуші едік әуелде, қайдағы: д.ш. күні басқа мұғалім болса — келмей кететінінен әлденені аңғарды анайы қауашағымыз. О қыз да (әрі қарай — қатын) бетін басып, келген жағына безіп кетті.
Сосын ел:«апаларын, әжесін, мақанын, інілерін, сіңлілерін жеткізем деп, отырып қалған ғой» дейтін қимия мұғаимасы да үйіне күдікті маршрутпен қайтуды шығарды. Әлгімен қолтықтаспағанмен, күлісіп-сықылықтасып. Оқиғаны модельдеуге келгенде алдымызға жан салмайтын біз, бұл жараса қалған екеудің түндегі қылықтарын өзіміз елестетіп алып, «Ох ағай, ох дон Жуан, ох Темірғали*» деуді шығардық.
Сосын сыпсың коллективке жайылып, арты — мектеп директорының д.ш. мұғаліміне ультиматум қоюына ұласты. «Енді д.ш.-дан Жора ағайларың беретін болады» деген кезде, қыздар көрерге көз керек ағайларынан айырылғанына ах ұрып, жігіттер тегін сексуал пантазиядан айрылғанына қынжылды.


* — жергілікті Казанова, бір бастаңғыда мұрнын шүйіре беретін бір бастықтың қызын тура моншада басжіверіпті деген сыбыс бар.
Әрі қарай

Шашыңызды күте білесіз бе?

«Игіліктің ерте-кеші жоқ» деп шаш күтіміне қатысты өз кеңестеріммен бөліскім келеді.
Суреттер интернеттегі әртүрлі сайттардан алынғанмен, оларға қатысты ойым өзімдікі. Сіздер де, әсіресе қыздар қауымы біле жүрсін деген ниетпен жазып отырмын.
"Қыздың көркі-шаш" деп халқымыз бекер айтпаған. Бір кездері қиыла-қиыла шолтиып, кейін қайта сәнге айналған орташа, ұзын шаштарды күтудің жолдары көп, қиындықтары да аз емес.
Төменде түрлі құралдарды сипаттай келе, шаш күтіміне өз көзқарасымды білдіремін.
Әрі қарай

Махаббат кездейсоқтықты сүйеді



Менің ойымша кездейсоқ оқиғасыз махаббат болмайды. Әркімнің өз махаббат хикаясы бар, өз кездейсоқтықтары бар. Еш нәрсе бостан босқа болмайды. Өмірді қызық қылатын да осындай сәттер.

2011 жылы шыққан мына «Махаббат кездейсоқтықты сүйеді» фильмінің тақырыбы да махаббат және кездейсоқтық. Ешнәрсе айтқым келмейді. Тек айтайын дегенім Бұл фильмді қараңыз! және жалғыз қарамаңыз.

Фильмді онлайн қарау Орыс тіліндегі аудармасымен / Түрік тілінде
Фильмді түсіріп алу
Әрі қарай

В тобы


Топтық кезеңде бейтарап жанкүйерлердің назарын жаулайтын В тобы болатынына күмән жоқ. Мамандардың пікірінше дат футболшылары үшін бұл турнир топтық кезеңмен аяқталады. Негізгі талас қалған үш құраманың арасында өтеді.
Әрі қарай

Футболға барайық: Қазақстан-Қырғызстан


Ертең, 1 маусым күні Алматының орталық стадионында Қазақстан-Қырғызстан жолдастық кездесуі өтеді. Басталуы 19-00. Кіру тегін екен.

Футбол сүйер қауым болып қарап қайтпаймыз ба? Кімдер барады, қай жерге жиналамыз, соларды талқылайық?

Сурет: sports.kz
Әрі қарай

Қытай барлау қызметі (пресс-портрет)

Атауы: ҚХР Мемлекеттік Қауіпсіздік Министрлігі



Ішпиеннің қара көзілдірік, келісті кәстөм киіп, «Боңд! Джеймс Боңд!» деп, өзін маңғаздана таныстыратын обрызын наққа жіберген қай елдің барлаушылары екен десең — осы қытайлар нақ.

Қытайда әрбір шаруа, кедей-кепшік, манақ — барлығы барлаушы. Жаңа ғана «нихаулап» жік-жаппар бов жүрген дачыңның бамбук күзеушісі, ертеңіне сені «нехуйлап», Мао амигоның табытына жолатпауы мүмкін. Cаған қойылған «саяси сенімсіз» деген диагноз таң атқанша батыс ұйғырдан ішкі Мұңғұлияға дейін жетіп үлгіреді. Тоқетері, бұл елде сатушы да, массажист те, минетші де, күзетші де — барлығы ішпиендер. Потенциалды ішпиен емес, шынымен ішпиен. Тіпті кейбір
Әрі қарай

“м”-”ж” қашан “ә”-”е”-ге ауысар екен…


Жамбыл облысынан қалаға келген бір ақсақал қуығы сыздаған соң дәретханаға кірмек болыпты. Сөйтсе, дәретхананың сыртындағы “М” және “Ж” деген жазуды көріп, қайсына кірерін білмей: “Жамбылдан келгендер “Ж”-сына кіруі керек болар” деп әйелдердің дәретханасына кіріп кетіпті” деген анекдот болушы еді баяғыда. Өткенде Түркістан шаһарына барып, Шәуілдірге қарай жол жүріп бара жатқанда дәретхананың сыртындағы (суретте) “ә”, “е” деген жазуларды көзім шалып қалды. “М”-”Ж”-сын әдейі өшіріп тастапты. Қай қазақ жазса да, риза болдым. Расымды айтсам, қазақ болып туып, қазақ жерінде өмір сүріп жүрсем де, мұндай “қазақша дәретхананы” бірінші рет кездестірдім…
Әрі қарай

Танымал алаяқтар ондығы: №1. Виктор Люстиг


Виктор Люстиг (1890-1947) — Эйфель мұнарасын сатып жіберген адам.

Люстиг адамзат тарихындағы ең талантты алаяқтардың бірі саналады. Ол үнемі афералар ойластырумен болған, 45 бүркеншік есімі болған және бес тілде еркін сөйлей алған. АҚШ-тың өзінде Люстигті 52 рет тұтқындаған, бірақ қашан да дәлелдің жетіспеуінен босап шығады. Бірінші Дүниежүзілік соғыс болғанға дейін алаяқтық жолмен трансатлантикалық круиздерде лотореялар ұйымдастырады. 1920-жылы АҚШ-қа көшіп барып, бір-екі жылдың ішінде банкттер мен жеке тұлғаларды алдап, он мыңдаған долларды қалтаға басқан.
Әрі қарай