“м”-”ж” қашан “ә”-”е”-ге ауысар екен…
“
Жамбыл облысынан қалаға келген бір ақсақал қуығы сыздаған соң дәретханаға кірмек болыпты. Сөйтсе, дәретхананың сыртындағы “М” және “Ж” деген жазуды көріп, қайсына кірерін білмей: “Жамбылдан келгендер “Ж”-сына кіруі керек болар” деп әйелдердің дәретханасына кіріп кетіпті” деген анекдот болушы еді баяғыда. Өткенде Түркістан шаһарына барып, Шәуілдірге қарай жол жүріп бара жатқанда дәретхананың сыртындағы (суретте) “ә”, “е” деген жазуларды көзім шалып қалды. “М”-”Ж”-сын әдейі өшіріп тастапты. Қай қазақ жазса да, риза болдым. Расымды айтсам, қазақ болып туып, қазақ жерінде өмір сүріп жүрсем де, мұндай “қазақша дәретхананы” бірінші рет кездестірдім…

туалет үшін әдемі шешім екен анау, қиып қоя қойған а?
Ендігі мәселе, Түркістан жаққа барудан әлі жалыққан жоқсың ба? Жұмыс бабы ма?
сосын сыртқа шықсаң, киміңе иіс сіңіп қалған. ең дұрысы, мүндай тойлеттерді пайдаланбаған абзал.
есіме түсіп кеттідәрет сындырып тұрған адамның арқасы да түсіп қалған ба?)))))