Шашыңызды күте білесіз бе?

«Игіліктің ерте-кеші жоқ» деп шаш күтіміне қатысты өз кеңестеріммен бөліскім келеді.
Суреттер интернеттегі әртүрлі сайттардан алынғанмен, оларға қатысты ойым өзімдікі. Сіздер де, әсіресе қыздар қауымы біле жүрсін деген ниетпен жазып отырмын.
"Қыздың көркі-шаш" деп халқымыз бекер айтпаған. Бір кездері қиыла-қиыла шолтиып, кейін қайта сәнге айналған орташа, ұзын шаштарды күтудің жолдары көп, қиындықтары да аз емес.
Төменде түрлі құралдарды сипаттай келе, шаш күтіміне өз көзқарасымды білдіремін.
Сонымен шампуньдер (сусабындар) парады:
Репейный шампунь — Ошаған сығындысымен дайындалған шампунь.
Шаштың түбін қатайтып, түсуін азайтады-мыс. Қолданғаныма 1 апта болды, ұнайды.

Shiseido Tsubaki жапон шампуні. 10 балдық жүйемен 10 қояр ем. Иісі керемет, шашты жақсы ашады.

Alfaparf шампуні — жаздың ыстық күндерінде шашты құрғап кетуден сақтайды:

Сәйкесінше кондиционері:

Сонымен шампуньдер ауылынан қосымша бальзам-маскаларға ауысайық. Кондиционер шаштың жұмсарып, жақсы таралуына көмектеседі, қорғаныш әсері бар. Ал маска- қорек көзі. Шашыңыздың типіне байланысты маска да өзгеріп отыруы мүмкін. Шашым қалыпты болғандықтан, аптасына екі рет жуып, он күнде бір рет маска қолданамын.
Pantene — Жарнаманы қажет етпейді Жаққанда жеңіл, майлы емес.Әсерін тез байқауға болады.

Body Shop-тан мактың майы экстракты қосылған маска, иісі керемет. Шашты қатайтады.

«Золотой шелк» шаштың түбін қатайтын, өсіруге бейімдейтін бальзам:

«Золотой Шелк» шаш өсіруге арналған май — шаш жуар алдында 40 минут бұрын жағып, кейін шайып тастайсыз.Әсері бар.

Frulatte — арган майы қосылған, шатың барлық типіне баратын маска. фен, спрей, лактан кейін шашты жақсы «емдейді».

Шаш жуылғаннан кейін де жалғасады сылап-сыйпау
Ұзын шаштың үлкен проблемасы — ұштану, соған ем ретінде қолданылатындар —
Body Shop-тан жүзім майы қосылған серум:

Indola Innova Repair Split Ends — крем-серум:

оңтайлы тарақтың болмауынан шашымыздың арты кейде тартылып жұлынады, соны басу үшін:


және:



Тарағыңыз да сапалы болсын! Вody Shop массажкасы:


Біз шашымызды осылай күтеміз. Ал сіз?
Бөлісу:

153 пікір

Gulistan
Қай қауымдастыққа салсам болады?
Armanjan
Жігіттерге көрінбейтін жерге жіберсең дұрыспа деп ойлаймын. Қыздар өздерімен өздері ғана әңгімелесіп дегендей. (тек сенің пікіріңді ғана оқыдым)))) )
Marco
Сорри, брат, бірақ, жұмыс ыңғайы солай болып, мұндай тақырыпты мен де қарайтын болдым)))
Daniar-Alan
 ияяяя… түсінемм… бізде барлығы әйелдер, мен жалғыз. күні бойы есітесің осы әңгімелерді…
aikarakoz
Мен шашымды қалай, немен күтетінімді кешке сюретке түсіріп салайын
alisha
Шашыңыз жылтырап, жарқырап тұрсын десеңіз жарты сағатқа майонезден маска жасаңыз да, кейін жақсылап шампуньмен жуыңыз.

Ең жақсысы «Ряба» майонезі. Тәжірибеде тексерілген!
Daniar-Alan
PS: айранмен де болад
sammita
дұрыс, себебі ішінде уксус, сүт ұнтағы бар.
aizhan
майонезден меніңше, тез майланып кететін болады, не рискую
alisha
Ешкім мәжбүрлемейді ғой енді Өзім қолданып жүрмін, шашым майсақ емес, сосын бұл масканы айына бір мәрте жасаса жетіп жатыр.
sammita
Мына Репейный шампунның иісі жағымды, шашты жақсы ашады, бірақ қатайту/түсуін тоқтату сияқты әсерін өзім байқамадым. Азия елдерінің косметика өнімдері бізге лайық келетінін ескерсек, ұсынған жапон шампунын қолданып көрер едім. «Пантин» т.б. сияқты миллиондап сатылатын өнімдерге қызығушылығым жоқ, әдетте алғаш шыққан топтамасы жарнама ретінде күшті болады да, кейін құны да төмендеп ұнамай кетеді. Жалпы құрамын оқып, пайдасын аңғаруға болады. Шөптер сығындысы, бал, түрлі майлар т.б. қоспалар реті құрамда алғашқы 1-6-шы орында жазылса пайдасы бар деген сөз. Әр адамның ерекшелігін ескерсек қажеттілігіне қарай бұндай өнімдерді таңдау мүмкіндігі мол екені қуантады дегенмен.
«Натура Сиберика» деген ресей өнімдері бар жаңадан шыққан, шашқа, теріге арналған.
sammita
маған шашты жуғаннан кейін 2-3 тамшыны алақанмен ысқылап шашқа жағып жылтырататын күшті май рекомендеңіздер))))
asaubota
ваннада не тұр сомен жуа саламын. әйелім не әкеледі, обшым сол маған да жарай береді

арнайы шампун сатып алып жүру западлолау шамалы
Gulistan
Джігіттер солай ғой. Бірақ қыздардың шашақа салғырт қарағандарын қаламас едім.
Gastarbaiter
Жігіттер шаштарын таза ұстаса, уақытылы күзеп тұрса оның өзі жетістік әзірге
Gastarbaiter
Мен де қазір жуатын шаш та қалмады Былай вахтаға алып кететін шампуньді Альмира таңдайтын боп кетті. Шашыма жақпай қалған күні әңгіме айтам, «Мынау болмайд нақ, келесі жолы Нивеаны сумкама салма» деп.
Korkem
түүү осы боқтамайтын адамыңыз бар ма осы?
Gastarbaiter
Альмираның сүйікті сөздері ғой, Көркем-ау «Нақты» менен жиі қолданбаса, сирек қолданбайды
Gastarbaiter
Офтоп үшін кешірім өтінемін, марқұм Солай.Де-де
«Жүн күтімі немесе Гениталийлер гигиенасы» деп аталатын еді, алғашқы троль тақырыбым
Эх, Маратханда базасы болғанда ғо-о-ой, уақыт мәшинесіне мініп серуендеп қайтатын
Zilola
есімде сол бір кез
aizhan
ммм… күшті тақырып!)) мен шашымды жуарға дейін «табиғи» маска жасап қоям, әдетте: жұмыртқаның сарысы мен бал араластырып, жарты сағаттай ұстаймын
сосын жуғанда да тырнақ тигізбей, саусақпен ғана жай сипалап жуамын қазіргі шампунь — пантин, слияние с природой, одан жақсысы жоқ-ау дейм, біздің рынокта
сосын міндетті түрде бальзам, тоже пантин) бальзамды бірақ тек шаштың ұшына жағамын
кебуге аз қалғанда міндетті түрде спрей, жеңіл таралуы үшін, тоже пантин 
тарағым да кстати бодишоптан бірақ аса ұнамады, қаттылау
Adiletshu
Не деген азап. Оданша айранмен жуа салмайсызба. Әсері бірдей
aizhan
дешево и сердито деп па?)
Gastarbaiter
Қалалықтарға 100 пайыз натурал айран табу қиын. Дешевый вариант деп айта алмаймын.
Gulistan
Ана маска жасауға ерінер едім, бірақ саулық үшін не істемейсің
19852407
Мхм, мен де пантиннің фанаты едім, шауманы қолданып көрі, нап қалды қатты, қазір соған ауыстым. Жып-жылтыр етеді шашты
Erkekyz
Анооу Репейная сыворотканы жағып турамын оқта-текте. Соны жағып жүргенімде шашым шамалы өсті(бірақ айтатындай емес), қазір ерінем, сосын жуғаннан кейін шашым көтерілмей аздап майланып қалады. Сәйкесінше шашым өспей тоқтап қалды.
Былтыр Астанада жүргенде суына шашым түсіп, содан Эвалардың репейноесін жақтым, тоқтады+өсті+жуғаннан кейін майланбайды.
Шампунь проблема еді, бірақ қазір Elseve полное восстановлениемен жуып жүрмін, ұнайды. 4-5 күнде бір жуамын шашымды. Маскадан рецепты бабушки Агафьидікімен жуып тұрам ойыма тура келгенде, ол деген жарты жылда бір рет)))). Биыл дым күтпедім шашымды, қайта былтыр бал, жұмыртқадан(көршілерден арнайы қолдікін сатып алып))) маска жасап түрушы едім. Ол да болса мелировкадан кейін.
Сол биыл жасау керек еді, түсуді көбейтіп жатыр.
Erkekyz
Золотой шелкті мақтағандар көп. Бір байқау керек екен.
aizhan
жапон нампуньдарын мақтап жатады осы, шисейдо қалай екен?)
Gulistan
Шисейдо күшті, камелия сығындысы бар шампунь бәріне ұнауы мүмкін деп ойлаймын.
sammita
Шисейдо шампуні қайда сатылады? қанша?
Gulistan
Оны өткен жылы Жапонияға барғанда бір супермаркеттен алғанмын, бағасы да онша қымбат емес.400-600 теңге арасында.Ал бізде сатыла ма екен, ол жағынан хабарым жоқ. іздеп көрейін.
sammita
мына сілтеме күшінде ме екен. интернет дүкенге тапсырыс беруге болады дейді.
Gulistan
уоу, мынау күшті екен. Қарап шығайын.
sammita
Beautymania-де бар екен бұның өнімдері.
Gulistan
Саммита, рахмет! Сен берген сілтемемен кіріп, біраз заттар көрдім.Мен қолданатын шампунның барлық сериясы бар екен. егер Атырауға жеткізе алса, жаңа екі түріне тапсырыс бермекшімін.
sammita
мен Астанадан іздеп көрмекпін.
Korkem
сол жоғарғы сілтемеде бағалары удай ғой, сіз айтқан 400-600 тг емес?)))))
sammita
Жапониядан алған сол бағаға, бізде әрине қымбат болады. Әрі сілтемеде жеке өнім емес, шампунь-бальзам-кондиционер сияқты жиынтықпен сатылады.
Korkem
әәә онысы да бар екен ғой. Инетернет-магазиндерден зат алып көрмеппін. Сенімді ме екен өзі?
sammita
о жағын білмеймін, қыздар айтсын білетін.
меніңше 400-500 теңгеге емдік, пайдасы бар жақсы өнім іздеу мүмкін емес. Күнделікті пайдаланатын шампунь болмаса тек.
Korkem
Сөзге араласқанға сізді қыз екен деп жіберіп отырсам))) жігіт ағасы екесіз))))
sammita
білетін қыздар дедім ғой.
Gulistan
Кімді айтасың? Саммита ма?
енді импорт мәселесіне келгенде, баға бірнеше есе үлкен болады ғой.
Бағасы қымбат болғанмен, ұзаққа жетеді.
Gulistan
Мен алып көрдім, көңілім қалған жері жоқ.
Korkem
Енді сізге күнімді түсіруден басқа амал жоқ сияқты)))
Gulistan
Саммита, мен мына наборға тапсырыс беріп қойдым:
Tsubaki Spa
Korkem
Мен жалғыз-ақ «Джонсон Беби» сәбилер сусабынан пайдаланамын. Нәтижесі ғажап, түспейді, оңай таралады.
rakisheva
«Активатор роста волосты» қолданып көрген адам бар ма?! Шынымен шашты өсіреді ме екен сол қызық маған
Korkem
Онсыз да өзіңіздің шашыңыз әдемі емес пе еді?
rakisheva
Ұзыыыыыыыыыыыыыыыын қылып өсіргім келіп жүр
Gulistan
Өсіргенін байқамадым, бірақ шаш түбін қатайтады. Ол да жаман нәтиже емес.
MickThatsMyNick
Шашымды тақырлап алдыртып тастағаннан кейін, оның өсуін күте алам.)
aikarakoz
Шашымды керемет күтемін деп айта алмаймын. Былтыр сарғайтам деп, әбден күйдіргенім бар.

Қазір қызыл Эльсевпен жуам. Кондиционері де керемет. Ұнайды. Сіңілім — Дав сусабының табынушысы. Ең бірінші тұрған Қытайдан алынған сусабын, кереметтігін айтып жеткізе алмайм… Осы шампуньды іздеп жүрміз, құтысын сол үшін сақтап жүрмін.


Айтпаса да, түсінікті шығар .
Шашыма Қытайдан алдырған маска жағатынмын. Қазір ол таусылып қалды . Инеттен бір масканы оқып қалдым. Соны жасап көрем ертең. Сосын жазармын осында.
AKY
мен розовый эльсевпен жуып, қой сүтінен жасалған бальзаммен нетіп жүрмін. хнамен бояп көрдім, расымен пайдасы зор, тағы боясам ба деп жүрмін.
Gulistan
«Кефирный» бальзамы керемет қой.
satibaldi
Шашыма Қытайдан алдырған маска жағатынмын
Бәсе, әйтеуір қысқарып барады…
Gastarbaiter
Шаш бояуға тым қатты берілмеңдер, ең сұлу шаш ол дені сау шаш.
19852407
ақ түсіп кетце бәрібір бояйды қыздар
AKY
ақ түспесе де бояп жүрміз құдайдың өзі сақтасын, шашым өзіме ұнайды, бәлендей артық күтімсіз-ақ өсе береді, кекілімді кеше қисам бүгін жыныма тиіп көзіме түсіп тұрады
Gastarbaiter
Шашын аппақ қылып бояйтындар да бар.
Негізі қысқа, уақытша эффект тудырып, ұзақ мәңгі зиян келтіретін химияға әуес болмаған жөн.
Aya
Тауда өсетін қалақайдың қайнатпасы қайызғақ кетіруге, шашты қатайтуға, өсіруге емдік қасиеті бар. Еппен тамырынан үзіп алып, қайнатасың. Шамамен 2о минуттай.Содан соң шай түстес дайын болған тұнбасымен шашыңды шайсаң жып-жылтыр, әддемі болады
Korkem
қалақай крапива ма? ол шашты сарғайтып жібереді ғой, есесіне.
Aya
Ия, өз шашым қоңыр болғасын ба, сарғайтатынына мән бермеппін. Қайта маған ұнайды. Пияздың қабығының тұнбасымен ылғида шашыңды шайып тұрсаң,қызартуға септігін тигізеді
Korkem
иә, оны да кезінде жасағанмын. Пайдасы шаш етектен болса да иісі жаман еді)))
Aya
Әдемілік үшін шыдайсың да))
Korkem
Бірақ, әдемілік кімдер үшін?
Aya
өзің үшін, сүйген махаббатың үшін
Korkem
сүйген махаббатың үшін
ол сұлулықпен қатар әдееемі иісті қалайды)))
Aya
шамасы сіздің көңіліңіз қалып кеткен сияқты ғо, осы пияздың қабығына байланысты, ааа?))
sammita
қалақай тауда ғана емес барлық жерде өсе береді ғой. үй маңы тола қалақай еді. Монша үшін бу сыпыртқысын да жасайды, ревматизмнен ем дейді.
Aya
Ашық алаңқайда өскен қалақайлар усыз түрі. Оның емдік қасиеті болмайды. Тауда, тоғайдағы көлеңкеде өсетін улы қалақай түрі таптырмас ем. Керек десе рактың, құрт ауруының өзін жазбаса да, алдын алуға септігін тигізетіні жөнінде бір жерден көзім шалып қалғаны бар
sammita
тоғайдағы көлеңкеде өсетін улы қалақай
уот, тоғай түгілі қалың орман да бар бізде
Zilola
Мына сусабынды венгр танысып әкеліп берді
негізінен бұған дейін, Сиос сусабыны мен кәріс дүкенінен алынған сусабын мен бальзаммен жуамын, өзім қолданамын, басқаларға да қолдануға кеңес беремін!
Adiletshu
Басымды моншадағы, душтағы кез-келген сұйықтықпен жуа салам
sammita

соңғы шампуным осы, өте ұнады иісі де, әсері де.
Gulistan
мынаны салондарда қолданатын сияқты.Бағасы қанша?
sammita
Монамиден алғам, 2500 т.
Gulistan
Негізі қымбат. Мен Бьютимания сертификаттары арқасында осындай шампуньдерді алып қалам, әйтпесе ақша қимас едім.
Zhan
Шампуннің түр-түрімен шашымды жуып көрдім. Соңғы тоқтағаным «Нead and shoulders „мынау “Пантин» шашыма жақпады, «Нивеа» мен «Елцев» жұмсартып жіберді, кейбір шампуньдардан шашың қатып қалады. «Wash and go» да жақсы, бірақ бұдан да шаршадым.
Gulistan
Нивеа мүлде жақпайды шашыма, ХШ-ны мүлдем жолатқым келмейді.
сенің шаштарың бұйра болғандықтар, арнайы «бұйра шаштарға арналған» сериясын байқап көрмедің бе? Бьютиманияда жақсы дүниелер бар, бірақ қымбаттау енді
satibaldi
Қыздар, жекеге жазыңдар, термоядролық сусабынның рецепті табылды өткенде құрылыс басында. Салқын, құдықтан алған қасаң суға жусаң да шашың шайдай ашылады. Рецепті: кәуділгі кір сабын + қайсыбір ыдыс жуатын сұйықтық (атауы құпия, тек жеке өтінішпен айтам).
sammita
бұрыыын жуатын кір сабынмен, ол кәдімгі 70%-дық таза кір сабын еді ғой, кеңестік))
Gulistan
Кір сабынмен денені, шаш жууды түсінбеймін.
Gastarbaiter
Түсінетін дәнеңесі де жоқ, оны адамдар философиялық ұстанымының кесірінен немесе эстетикалық түйсіктен қолданбайды.
Gulistan
Мүмкін. Бірақ мен иісін жақтырмаймын.
Rozatai
неге, Гүлістан? Иіс сабын да тұнып тұрған химикат қой. Мысалы, маған иіс сабын мүлде жақпайды. Тек қана кір сабын!  (шашты онымен жумаймын, құрсын)
Gulistan
Мен иіссабынды қолданбаймын. Тек қана гель!
Rozatai
ааа, енді түсінікті
sammita
иә, тек қана гель не пенка)
Gastarbaiter
Гельдер қазақтың нарығында пайда болғанға дейін жуынбадыңыз ба?
sammita
біз о кезде сәби болдық, қажеттілік болмапты теріні күтетін)) ол кездегі туалет сабынына дәл қазіргідей небір қоспалар қосылмаған шығар бәлкім.
Rozatai
соны мен де ойлап отырмын. Гельді тек салқын сумен шайынғанда ғана пайдаланады екенмін. Міне, мынау:
sammita
бұлар душқа арналған гель. Гель для умывания, пенка для умывания дегенмен жумаса бет терісі құрғап кетеді сабыннан. Косметологтар сабынмен жууға қарсы. Енді әркімге әрқалай шығар.
Rozatai
аа, мен денені жууға арналған гельді меңзедім. бетті гельмен жуамыз ғой. Сабынмен жусаң, қабыршақтана ма, қалай?
Gastarbaiter
Крем-скрабтар жақсы бет жууға. Үш-төрт күнде бір рет. Ал күнделікті жай сумен жуынып, немесе тоникпен тампонның көмегімен жуына салуға болады.
Gulistan
Өзің скраб қолданасың ба?
Gastarbaiter
Тұрақты емес, кейде ғана
sammita
Крем-скрабтар жақсы бет жууға
өзің айтып отырғандай оны күнделікті қолданбайды, аптасына 1 рет, бұл пилингке, терінің майын, кірін, өлі теріні кетіруге арналған құрал. жуынуға арналған емес.
Gastarbaiter
Күнделікті крем-гельдер бар.
sammita
енді сол ғой күнделікті крем-гель. Крем-скраб емес. Қандай марканы қолданасың, әсері қалай жаза отыр
Скрабпен тазартар алдында бетіңді булап ал шәйнекке жақсылап. Абрикосовые косточки не грек жаңғағы сүйектері қосылған Чистая линия жақсы скраб))))
Gulistan
Маған да «Чистая линияның» скрабы ұнайды.
Gastarbaiter
Еркектердің терісі әйелдердікінен бөлек екені рас па? Әлде әсері бірдей бола ма?
Мен тап қазір Гель+Скраб+Маска Гарньер Паур Начюрелзды қолданватырм. Салицил қышқылы мен минералдар күші деп қойыпты әйтеуір. Маска ретінде үш минут ұстап тұруға шыдамаймын, шайып тастаймын бірден.
Оның үстіне артынша қырынатыным бар, скрабтан кейін қырыну азап Жай жай уқалаймын енді, әйтпесе бетіңнің бір қабатын сылып алады. Одан кейін бетіңе алмас жолата алмайсың, қырынбақ түгіл
sammita
терісі бөлек дейді кім білсін, еркектерге арналған косметикалар бар ғой өзің білесің. Масканы 3 минут ұстауға шыдамаймын дейсің, негізі көбі 15-20 минуттық қой))
Gastarbaiter
Егер Марко сияқты бетіммен ақша тауып жүрсем шыдар едім. Ал былай қызығушылық жоқ.
Gulistan
Ер адамдарға жуынып, қырынып жүрсе жеткілікті сияқты. Шектен тыс сипаланса, біртүрлі
Gastarbaiter
Қызметіне байланысты шығар. Бұрын презентация, бизнес кездесулерге жиі барып, келіссөздер жасап, адамдармен көп жұмыс жасайтын кезде өзіме көбірек көңіл бөлетінмін.
Қазір далада, сосын техниканың ортасында жүрген соң тек қажетіме орай минимуммен шектелем.
Gastarbaiter
Қаз гельдің түр түрі бар. Бет жуатын, көт жуатын, аяқ жуатын, емшек жуатын бәріне арнайы өз гельдері бар.
Ваннадан екі сағат жатып, мастурбация жақсы көретіндерге арналған гельдер де бар.
Ал маған гельдер керісінше, өзінің қолдануға ыңғайлылығымен ұнайды. Тез жуынып-шайынып шығу керек болғанда, мачалкаңды сабындап, одан үстіңе жағып, жатқанша, гельді құя ғоясың. Тез шайылады. Зыр етіп бес минутта шайдай ашылып шығасың. Бұл жағынан гельге басымдық бердім.
Ал моншаға барғанда гель аздық қылады. Тым жұмсақ. Бұл жерде капиталды тазалық керек, гель тек теріңдегі шаңды шайып өтеді, ал иіс сабын/кір сабын тереңірек тазартады.
СОндықтан моншада сабын, душта гель жақсы деп ойлаймын.
sammita
беттегі макияжды тазартқан соң бет шаятын гельді айтам. Сосын азанда бетті сергітеді умывалкалар (көбік, мусс). Ал скраб, маска, душ гелі, сұйық сабын, банное мыло бөлек ол.
Gastarbaiter
Пемза да жақсы кейбір беттерге)))
Gulistan
Кішкене кезімізде анамыз немен жуындырғаны есімде жоқ, бәлкім сабын шығар. Ол кезде бізден кім не сұрады дейсің
Әйтеуір, есімде қалғаны — әжем не өз шешем белімізден қысып алып, басымызды табаққа/тазикке төмен қаратып қойып жуатын. Сол процесті жек көргенім соншалық, бақырып жылайтынмын. Не деген азап десеңші?! Ол кезде гигиеналық құралдар көп дамып кетпеген. «Яблоко» деген шампунь болды, соның иісіне бола ғана басымды жууға баратынмын.
aikarakoz
Кеше бір маска жасадым шашыма. Нәтижесі керемет болды. Енді соны дәстүрге айналдырмақ ойым бар
Gulistan
Қандай маска?
aikarakoz
Құрамы: 5 дана бөдене жұмыртқасы, 3 қасық коньяк, 3 қасық бал, 3 ампула алоэ сығындысы (дәріханада бар), 2 қасық зәйтүн майы. Барлығын араластырып, шаштың түбінен бастап, ұшына дейін жағасыз. Басыңызға целлофан  киіп, 2-3 сағаттан соң сусабынмен жуып тастайсыз.  болады.
sammita
аттың құйрық-жалын жууға арналған шампуньдерге қалай қарайсыңдар? конский шампунь деп іздеп көрсеңдер күшті пікірлерге тап боласыңдар)))))))
aikarakoz
 Қыздар «ат» бокете ма?
sammita
шынымен шашқа әсері күшті депті ғой пайдаланатындар. Дегенмен адамға зияны бар шығар.
aikarakoz
Адамның шашы аттың жалынан бірнеше еше нәзік. Сондықтан пайдасы бар деп ойламаймын, зияны болмаса. Біреулер қайта шашымды түсірді депті. Аттікі атқа ғана болсын да, адамға қажет емес
sammita
сұлулық үшін неге бармайды қыздар, солардың шығарғаны да)))
Gulistan
Естігем, бірақ іздемеппін.
Gastarbaiter
Гуглдегі саяхаттарың «Конский возбудитель», «шпанская мушкалармен» бітпесін)))))
sammita
оқысын. мен ол туралы бір фильмнен көргем негізі.
Gastarbaiter
не туралы?
sammita
не туралы айтып отырмын мен? шампунь.
Gastarbaiter
аттыкі де, ә-ійә айта бер, содан қызық?
Korkem
муахах жігіттер қыздардан көбірек біледі)))
Rozatai
3 жыл қатарынан «Сто рецептов красоты» сусабынын пайдаландым, бағасы 300-350 тг арасында. Өзіме қатты ұнайтын, қыздарым басында арзан сусабын деп мазақтап жүрді, қазір сол 4-5 қыз шашын осымен жуып жүр. Ең жаманы, бұл сусабын кез келген шашқа жарай бермейді.

Наурызда блогкемпке барғанда шашымды Aikona — ның мына шампунімен

жуып едім (бағасы — 750 тг). Содан бері осыны пайдаланамын. Одан кейін eveline-ның репейная маскасын жағамын.
Нәтижесі жақсы. Жоғарыда аталғандардан пияздың қабығы қайнатылған суға шашымды жуып көрдім. Шынымен, шашқа өзгеше өң береді
Gulistan
Аздап иісі жоқ па? Жуаның согынан жасалған маска жақса, өзіндік бір иісі болады деп естігем.
aikarakoz
Сасымай ма пияз қайнатқан суға жуған соң?
Gulistan
Мен де соны айтқым келген. Біреу айтыпты «сол масканы қолданғыларың келсе, демалыста жасаңдар» деп. Десе, шынымен бір гәп болғаны.
sammita
сасиды, жақсылап бірнеше рет жуу керек. Сосын білетін шығасыңдар құрамында ромашка (түймедақ) бар шампуньдер қоңыр-қара шаштыларға арналмаған. Ол сарғайтып өңсіздендіреді.
aikarakoz
Бірнеше рет жуған соң әрі кетпей ме… Мен қыста үйде болғанымда шашымды қолдың айранымен жудым. Былтыр күйдірген шашым киіз құсап қалған соң, емдемек болған түрім еді. Шашым сасып, қасыма адам жоламай қойды . Өзіме қатты білінбейд сасығы. 2 аптадай жудым тек айранмен. Кейін шашым керемет болды, жалтырап, салмақты боп. Біраз уақыттан соң баяғы қалпына келіп алды шашым. Ақыры қиып тындым
Rozatai
жоға, ол пияздың сыртындағы құр қабығы ғой, қыздар, пияздың өзі емес. ұзақ қайнатып, әлгі су қызғылтым болғанда, шашыңды жақсылап жуасың и все.
sammita
әрине, пияздың қабығын айтып отырмыз. әжем заманнан бар әдіс қой) Оның шашқа пайдасынан гөрі, рең беру үшін пайдаланады жирен шаштылар. Иісі қалып қояды қанша жусаң да, балама маска, қоспаларды таңдар ем.
Rozatai
анда-санда ғана жуу керек шығар онымен, мен жуғанда исі онша шықпаған сияқты. свежий емес пияз болған-ау, шамасы
Gulistan
Эвелиннің соңғы өнімін байқау керек екен.
Rozatai
иә, репейная маска жақсы, жақында ғана шыққан сияқты.
Aikona
менде мынамен жуам дей берейін десем
VKM
Қажет тақырып!!!
Бұрын шашым ұзын болғанда,өсіре алмай әлек болушы едім.Репейдің наборын алып та емдедім,Schwarzkopf Professionalдың да маскаларын жасадым, шашым өспеді.Енді қиып тастап едім, айына 2 рет корректировка жасаймын. Себебі жұмыста не жинап жүру керек, не қысқа болу керек.Өмір бойы шашпен «париться» етіп келемін.Билеген кезде тренер қиюға рұқсат бермейтін, сосын жұмыста жинап жүру керек болды.12 жыл билегенде жағылған гель мен лактан шашым жаман болып кетті. Енді норм қайта))))Бірақ өсіргім келіп жүр)
Gulistan
Көп байқайтыным — қоғамдық орындарда химиялық бұйралаудан, сәтсіз бояу кесірінен шаштары сарғайып, күйіп кетсе де жүре беретіндер бар. Ондай кезде де көмек бере алатын құрал, крем, маскалар бар ғой, тек соларды орнымен қолдану.
sammita
тобықтай түйінім: шампунь тек тазартқыш құрал, одан пайда күту дұрыс емес, жақсы көбіктеніп кірін кетірсе соған риза бол. Ал «шашым құрғақ, түсіп жатыр, қайызғақ бар, жиі майланады т.б.» деген сөздер оған күтім жетіспейтінін білдіреді. Ол үшін қосымша міндетті түрде бальзам, тәуір кондиционер, түрлі маскалар қолдану керек.
Gulistan
Мен Шисейдоның емдік СПА жиынына тапсырыс беріп қойдым
sammita
инет арқылы қымбаттау емес пе? бьютиманиден қарап көрмекпін мен.
Gulistan
Бьютиманияға жақын маңда түспейтін сияқты.
araika
Менде «Vichy», шашым Астанаға қалай келдім солай «ауру»-ға шалдықты. Бұрын табиғи түрін сақтап қаламын деп ойлаушы ем, бірақ болмады. Бір рет химияның зардабын(мелирование) көрді. Айналамдағы шашын бояйтындарды ұнатпайтын. Тіпті «шашымды бояп берші!» дейтіндерге әзілдеп «күнә жасағым келмейді» деп құтыламын
Gulistan
Вишидың сусабындарын білмеймін, бірақ мына капсулалардан пайда бар дейді:
satibaldi
Внутривенно?
Gulistan
Жоқ, шаш түбіне жағылады.
sammita
Вишидің өнімдері жақсы дейді. Аптекада сатылған соң солай ойлаймын))