Асқар Базарбай: Бодибилдинг жарнамаға зәру емес

Гастаны блогшыларға таныстырудың қажеті жоқ шығар. «Нұр Астана» газетінің кезекті санында оны оқырмандарымызға таныстырудың сәті түсті. Сұхбат төменде.

– Блогосфераға қалай келдің?
— Студенттік кезімде мұғалімдердің кеңесімен ағылшын тілінде күнделік жүргізетінмін. Кейде қазақша, кейде орысша жазып кетіп жүрдім. Сонау 2005-ші жылдары орыс блогосферасында күнделік жүргізе бастадым, онда өзімнің қалалық тіршілігімді, оқыған білгеніме көзқарастарымды жазып, жеке өмірімдегі өзгерістерімді баяндайтынмын. Бейтаныс адамдарға сыр ақтару оңай ғой. Оның үстіне орыс блогосферасы сол кездегі қазақ сайттарына қарағанда еркіндеу болатын. Қызықсыз, құнсыз сандырақ жазсаң, тезектен алып, қиға салып, тақияңды теріс кигізіп жіберетін (тап қазіргі Керекинфо сияқты). Ақыл сұрасаң барымен бөлісетін. Ал қазіргі қазақ блогосферасына әлдеқайда кешірек келдім. Бір кездері атышулы бейресми solai.de – сайты болатын. Оның мықты тұсы мейілінше либералды форумы болатын. Талай блогерлерге сынақ ортасы мен шынығу майданына арналған форум менің де содан кейінгі баяндау стиліме үлкен ықпалын тигізді.
Әрі қарай

Қымбат тағамдар!

Менің сүйікті ісімнің бірі тамақ әзірлеу. Керемет аспаздық өнерім жоқ, бірақ күнделікті тамаққа бұрын жеп көрмеген асты әзірлеуді әдетке айналдырғам. Әртүрлі тамақтардың жасалу жолдарын іздеп отырып, әлемде байлардың жейтін тамақтарына назар аударғам. Кей тамақтарға менің бірнеше айлығым кетеді екен)) кейбіріне бірнеше жылдық айлығым болуы мүмкін)) Мен енді осы тамақтарды жеу үшін бай болуға тырысам шығар.

Әрі қарай

Суреттер сөйлейді

Айналамызға зер салып қарар болсақ, өмірдің сәулелі сәттерін аңғара білмейтін көзі бар соқыр, тіршіліктің жанға тыныштық сыйлайтын сазды әуендеріне құлақ түре білмейтін құлағы бар керең, сөйлейтін жерде сөйлемей қалатын тілі бар мылқау, өмірдегі өз орнын таба алмай адасып жүрген рухани мүгедек жандарды кездестіруге болады. Өмір сынағына мойымай, сүрінсе тұра біліп, үмітін үзбей, алға жылжи білетін мына бір адамдар шынайы бақытты жандар болар, бәлкім… Қазақстанда қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күні ретінде атап өтіледі.



Әрі қарай

Ая қыз. Алматы

Жалықты ма екен қаладан қабағы ғарып,
Мұңайып тұрды Ая қыз жанары налып.
Бұрымын тербеп, жанына еркелейтұғын,
Сағынды ма екен Семейдің самалын-мамық.

Талпынып еді арманның жырақ таңына,
Жолықты жаны ызғарлы жыл ақпанына.
Ұяттан, жаным, Алматы өртеніп жатыр,
Семейдің ерке елігін жылатқанына.

Мұзбалақ емес қанатын дауыл шыңдаған,
Жасүлпек еді қайырылды, қауырсын — қадам.
Бір қызды несін жылаттың, нән шахар едің,
Миллион адам әуенін ауырсынбаған.

Құшағына алып «Періште», «Періні» кілең,
Құшатын еді даңсалы еріні бір ем.
Көз жасын қыздың қорқаудай сіміріп жатыр,
Алматы енді арудан жеріді білем.

Сұлуға айтушы ең сырыңды, елден жасыра,
Үркіттің неге, елікті келген қасыңа.
Алматы ішті тойынып атаукересін,
Шөлі бір қанып Аяның кермек жасына.
Жақсылық Қазымұрат, 18.09.2009 жыл
Әрі қарай

Альтернативті тарих

Бір сәтке өзімізді уақыт мәшинесімен саяхаттап жүрміз деп елестетейік… Тарихта болған қандай оқиғаларды өзгертер едіңіз, енгізген өзгерістеріңіз неге алып келеді деп ойлайсыз?)
Әрі қарай

Ильяны қарсы алу сәт қалай болды?

Твиттерде Мұрат Әбенов, Асхат Садырбай, Маржан Сұлтанбаева сияқты патриоттардың бастамасымен Илья Ильин батырды қарсы алу кеші ұйымдастырылды. Қанша сағат күтіп тұрып, Ильяның шашын да көріп үлгере алмағанымызды айтпағанда, күшті кеш болды. Жанкүйер болған жақсы екен жалпы . Қарсы алуға келем деуші әр жанға ақ киім киіп келуден басқа еш талап болмады. Сонымен… біз Ильяны қалай қарсы алдық?

Парасат тобының PR-менеджері — Марал Ерман

Әрі қарай

Бурабай бардым не көрдім

ескерту: пост Бурабайдан шықпайтын қасқырларға емес, өзім секілді жаңа барғандарға арналған.


Өткен сенбі, жексенбі коллегалармен Бурабайға бардық. Негізгі сылтауы — мекемеміздің 10-жылдығы және журналисттер күнін кешігіп болса да тойлау болғанмен, негізгі себебі — мына жүгірісі мол пендеяуи өмірден сәл болса да босап, ұялы телефонды өшіріп тастап демалып қайту болды.
Әрі қарай

Әр еркектiң өлместен бұрын iстеу керек нәрселерiнiң тiзiмi

Блог - asaubota: Әр еркектiң өлместен бұрын iстеу керек нәрселерiнiң тiзiмi
1.Жұмыстан өз еркіңізбен шығып кетiңiз.
2.Бiр рет болсада мылтық атыңыз.
3.Бiр мезгiл жалғыз өмiр сүрiңiз.
4.Кем дегенде бiр рет басыңыз ауған жаққа жолға шығыңыз.
5.Негр қызбен жатыңыз.
6.Мумкiн болса барлық нәсiлдiң қыздарымен жыныстық қатынасыңыз болсын.
7.Қымбат виски iшiңiз
8.Барлық жағынан сүйiктiңiзден алда болыңыз.
9.Мәжбүр қалып ыстық сыра iшiңiз.
10.Ғашық болыңыз.
Әрі қарай

Шаршааааап кеттім

Отпусктен келгеннен бері үй көрмей, ыстық тамақ ішпей кеттім. Сондағы шаруам папамыздың туған күні… ролик деді, сролик деді, әйтеуір айтқан қызыл жолағын ұмытпай 3 күнде 2 роликті жасап, уххх деп өткіздім.
Әрі қарай