Отбасылы еркекпен көңіл жарастырудың соңы - жалғыздық

Блог - Aya: Отбасылы еркекпен көңіл жарастырудың соңы - жалғыздық
Жұрттар блогиадаға қатысып, белсене блог жазып жатыр. Мен тіркеліп үлгермеген соң, тек оқуға мәжбүрліктен ішім пысып кетті)) Енді жұрттың баласынан қалмай осындай стилдегі жазбаларымды салып тұруды жөн көріп отырмын   Екі сөзге келместен бірден сөйлемді бастап кеткенім бір түрлі көрінсе де, оқып көріңіздер ал.
Үйленген, балалы-шағалы еркекпен көңіл жарастыру – уақытты өлтіру мен қатар ақымақтық, өзіңізге деген қиянаттың үлкені. Сөйте тұрсада неліктен көп әйелдер осындай қадамға баратындығы маған жұмбақтау. Біреулерге бұл ешкіммен кездеспей жүргенше уақытты қызық өткізіп, көңіл аулағанға жақсы болуы мүмкін. Кейбіреулері осы жағымсыз қылық пен нәтижесіз қарым-қатынасқа еті үйреніп, әдеттеніп алады. Үшінші бір тұзы жеңіл, жібі бостау қыз-қырқындар әйтеуір бір күні әйелімен ажырасып, өзімен бас қосатын күннің туатынынан үміттеніп, ілініп-салынып жүре береді екен.

Осындай әрекетке баратын әйелдер өз-өзін төмен бағалаушылықтың кесірінен зардап шегетіндер деп білемін. Егер сіз үйленген еркектермен кездесіп жүрсеңіз, жақсы көремін деп ойласаңыз өмір бойына оның ажырасқанын күтумен жүресіз. Күтумен өткен күндер енді әрқандай мерекелік күндерге жалғасады. Қолыңызда телефон, өзіңіз оның әйелі бала-шағасын ертіп әжелерін мерекемен құттықтауға кетсе екен деп үміт етесіз, сөйтіп оның сізбен аздаған сағат бірге болуына мүмкіндік туады деп ойлайсыз.

Жылайсыз, 14 ақпанда сізбен кездесіп, ерекше кешті бірге өткізе алмайтындығыңыз үшін. Оның бәйбішесінің туған күні сияқты отбасылық ерекше күндерінде екі бастан бірге бола алмайсыз. Әрқашан екінші орында жүресіз.
Үйленген еркекпен махаббат романыңыздың басы күтпеген романтикалық сәттер мен супер секске толы болатын шығар. Бірақ барлығы жалғыздықпен аяқталады. Соңында құрбыңыздың иығына басыңызды қойып жылап отырып, оның әйелін өлердей жек көретіндігіңізді айтасыз.

Үйленген еркектермен кездесемін деп жүріп өзіңіздің репутацияңызды құртып аласыз, соңыра сізді айналаңдағыларыңыз өзінің күйеуі мен жігітімен таныстырудан қашатын болады.
Егер сіз сондайлық оны жақсы көріп тұрсаңыз, алдымен өзіңіздің ерік-жігеріңізді қолға алыңыз. Жер жүзінде одан да артық қаншама бойдақ еркектер бар екенін ойлаңыз. Кешқұрым таза ауада сейіл құрыңыз, құрбыңызға біреумен таныстыр деп өтініш айтыңыз, танысу, үйлену бұрышына хабарландыру беріңіз. Фитнес-клубтарға жазылыңыз, мешітке, шіркеуге, синагога орталықтарына барыңыз, немесе қайырымдылық шарасымен айналысып көріңіз. Ең бастысы отырып алып, оны армандай беруді доғарыңыз.

Отбасылы еркекпен кездесудің бір себебі оған әйтеуір бір күні қолым жетеді деген фантазияға ерік беруден болады. Қалай болса да, басы бос емес жігіттермен кездесудің арты жақсылыққа ұласпайтындығын ұғыныңыз.
Иә, оның екінші әйелі болып қалам-ау деген есекдәме өте күлкілі болар еді. Болмаса балаларының көз жасына қалып, отбасын бұзуға қауқарыңыз жетсе байқап көрсеңіз болады. Бірақ «біреуге ор қазба – өзің түссесің» деген мәтелдің қазақтардың құлағына әбден сіңісті екені де есімізде. Яғни, бір әйелді тастаған еркектің, екінші-үшінші әйелді де тастауға ұяты жетіп-артылады.
Әрі қарай

Пыртфолио. Жаңылсын Бетанкур

...- Қалайша сіз Кирхгоф заңын білмей, 3 разрядты электрик болмақсыз?
— Кімнің несін???..

Аса хердірменді охуйрманнан мені осы жерде — тасым аңырған күйі паузаға қойып, мұндай күйге жеткізген алғыштарттарға назарбаударуын сұраймын.
Әрі қарай

Түсінгім келмейді немесе жоқтан жүйрік жоқ

Соңғы кездері «бензин қымбаттады!», «адам арзандады!», "қылмыс деңгейі сол қалпы жоғары" деген негативті реңкі бар мақалалар тым көбейіп кетті. Бірақ бір сәт ойланайықшы, жағдай сонша жаман ба? Тығырықтан шығатын жол шынымен жоқ па?

"Үй қымбаттады". Ол қашан арзан болып еді?
Әрі қарай

Риэлторды лақтырып кетудің жолдары

Блог - Rafaello: Риэлторды лақтырып кетудің жолдарыАстанада пәтер қымбат. Өте қымбат. Жалдау да қымбат. Өте-өте қымбат. Күннен күнге, айдан айға, жылдан жылға қымбаттауда. Жалдамалы пәтер табу да оңай емес. Алдымен келген жағыңның әдетіне салынып, жергілікті газеттердегі хабарландыруларды шолып шығасыз ( кешірерсіз, осыны ойлағанның өзін де күлкім келіп кетті)
Әлбетте газеттен хабарландыру таба алмайсыз. Одан кейін астаналық болып бара жатқан таныстарыңа телефон шаласыз (кешірерсіздер, тағы да бір күліп алайын  ) Әрине, әрине олардың ешқандай пәтер жалдайын деп жатқан танысы жоқ. Осылайша жолдың соңына келесіз. Ол — kn.kz, slando.kz, krisha.kz сияқты сайттардан пәтер іздеу. (  тап осы жерде сізді шынымен аяп кеттім, бірақ осы постты соңына дейін оқып, бір нәтиже шығарсаңыз сіз үшін қуанатын боламын)

Сайттардағы пәтер хабарландыруларының 99,98 пайызы риэлторлар, агенттіктер немесе жәй ғана боқмұрын делдалдар қойған хабарландырулар. «Без посредников» деп алдап жазып та қояды. Сонымен бағасы, ауданы және түрі сізге ұнағандай-ау пәтерді таңдаймыз да, телефон шаламыз жазылып тұрған номерлердің біріне. Әлбетте риэлтор көтереді де, үйді көрсету үшін қожайынмен уақытын келісіп алып, сізге хабарласады кейін.

Блог - Rafaello: Риэлторды лақтырып кетудің жолдарыБұрын елордалық (өзімді журналист сезініп, толқып кеттім шамалы  ) риэлторлар айлық пәтерақының 10 пайызын алатын еді. Қазір 20-ға көтерілді! Мына постымды жазуға осы түрткі болды. Иә, иә, 20 пайыз комиссия! Және бір құпия айта кетейін — дәл осындай пайыздық комиссияны пәтер иесі де төлейді. Бірақ, мұны риэлтор сізге айтпайды

Риэлтордың ең әлсіз жері осы. Біз оны ең әлсіз жерінен ұрамыз. Тек тағы бір әлсіз тұсын ұтымды пайдалануымыз керек. Қалай?

Былай: үйді көрсетуге келген кезде қожайынмен оңаша қалуға тырысуыңыз керек. Риэлторға білдірмей екі жақ болып комиссиядан құтылуды ұсынасыз. Пәтер иесіне де бұл ой ұнайды, қабылдайды көп жағдайда. Тек осындай сәтті сәтті пайдалана алуыңыз қажет. Ол үшін алдын ала бір қағазға өз номеріңізді жазып алыңыз, қасына «Келісейік, мына албастыны лақтырайық» деп те жазып қойыңыз. Қағазды білдірмей қолына ұстатып, пәтер ұнамағандай риэлтормен бірге шығып кетіңіз. Немесе үйді қарап жүрген кезде риэлтордың көзінен тыс, оңаша қалып қоятындай мүмкіндік іздеңіз. Кейде ол бейбақ сіз сияқты басқа бақытсыз, пәтер іздеушілерді төменнен кіргізіп алу үшін шығып кетеді. Бұл жиі болатын нәрсе, бір уақытқа бірнеше клиентті шақырады. Ең идеал мүмкіндік осы.

Қысқасы, риэлторды лақтырудың жалғыз жолы осы ғана. Ешқашан аямаңыз оларды, өйткені сіздерді аяп жатқан ешкім жоқ. Жәй ғана ойша есептеп көріңіз олар бір пәтерден 2 комиссия алған кезде қанша табатынын және пәтер бағаларын әдейі қымбаттатушы күштердің бірі осылар екенін. Қалай, оларды өлтіріп тастағыңыз келіп кетті ме?  Өлтірмеңіз, жәй ғана лақтырып кетіңіз. Сәттілік!

(Пост жеке өзімнің және достарымның тәжірибелеріне сүйеніп жазылды. 100 пайыз тексерілген, сенімді әдіс)
Әрі қарай

Жүрекке әжім түспейді...

Блог - ademi_alem: Жүрекке әжім түспейді...Күз мезгілін жақсы көрем. Бірақ сан алуан түске боялған жапырақтар қалықтай келіп қара жердің бетіне қонған сәтін көргенде бойымды көңілсіздік билеп, көзіме жас келеді. Күздің тағы бір таңы атты…

Жылы көрпемді басыма бүркеп алып, тәтті ұйқымды қимай жатырмын. Осы кезде әлдекім бетімді бүркеп жатқан көрпені ашып, суық алақанымен маңдайымнан сипағандай болды. Орнымнан тұрып, жан-жағыма жалтақтай қарап едім, қасымда отырған ешкімді көрмедім. Сөйтсем, соққан жел жартылай ашық тұрған терезені айқара ашып тастапты. Көрпемді ашып, маңдайымнан сипаған салқын самал екен…
Әрі қарай

Адасып барған жиын

Кеше Алматымызда (па, шіркін көсілуді ай деш) Қазконтенттің ұйымдастыруымен «Жаңа медиа баспа БАҚ болшағы» атты үлкен конференция өтті. Айтуларынша жас журналисттерді шақырған екен. Ресми жиын болғасын, ол да әдеттегідей бірнеше бөлімдерден тұрды. Атап айтар болсақ пленарлық бөлімде сөйлеген Қарылға апай, Алмас Алтайдың баяндамалары керемет тартымды болды. Алтай мекемесінің мақсатын толық аша білді.
Әрі қарай

Ана өсиеті

Ғибратты әңгімелер: Ана өсиетіИсламға дейінгі кезеңде өмір сүрген Үмамә деген ақылды әйел қызы Үнасты Кинда патшасы Хариспен үйлендіргенде, әлі күнге құны ескіре қоймаған мынадай өсиет айтқан екен:
«Қызым, егер бір қыз ата-анасының байлығы жеткілікті болып күйеуге шығуды қажетсінбейтін болса, онда бәрінен бұрын оған сен лайық болар едің. Алайда өмір заңы басқаша, ер адам қалайша біз үшін жаратылса, әйел де о баста ер адам үшін жаратылған.
Қызым, сен өзіңді туып, аялап өсірген әке-шешеңнің ұясынан ұшып, жат жұртқа кетіп бара жатырсың. Ендігі уақытта сен күйеуіңе бағынып, оның ризашылығын алып отырғайсың, сонда ол да сенің алдыңда құлыңдай құрақ ұшатын болады. Сен оны сыйлаған сайын ол да сені жақсы көріп қалағаныңды істейтін болады.
Мен саған қазір он өсиет айтайын, егер сен оларды бұлжытпай орындайтын болсаң күйеуіңмен ара-қатынасыңда мін болмайды:
Әрі қарай