Ана өсиеті

Ғибратты әңгімелер: Ана өсиетіИсламға дейінгі кезеңде өмір сүрген Үмамә деген ақылды әйел қызы Үнасты Кинда патшасы Хариспен үйлендіргенде, әлі күнге құны ескіре қоймаған мынадай өсиет айтқан екен:
«Қызым, егер бір қыз ата-анасының байлығы жеткілікті болып күйеуге шығуды қажетсінбейтін болса, онда бәрінен бұрын оған сен лайық болар едің. Алайда өмір заңы басқаша, ер адам қалайша біз үшін жаратылса, әйел де о баста ер адам үшін жаратылған.
Қызым, сен өзіңді туып, аялап өсірген әке-шешеңнің ұясынан ұшып, жат жұртқа кетіп бара жатырсың. Ендігі уақытта сен күйеуіңе бағынып, оның ризашылығын алып отырғайсың, сонда ол да сенің алдыңда құлыңдай құрақ ұшатын болады. Сен оны сыйлаған сайын ол да сені жақсы көріп қалағаныңды істейтін болады.
Мен саған қазір он өсиет айтайын, егер сен оларды бұлжытпай орындайтын болсаң күйеуіңмен ара-қатынасыңда мін болмайды:
Үйге ішіп-жейтін не әкелсе де шын жүрекпен қабыл ал, қанағат иесі бол.
Не істе десе, соны істе, тыйым салған нәрселеріне жолама.
Үй ішін де, үсті-басыңды да таза ұста.
Күйеуіңе жақсы көрінуге тырыс, жақсы иістеріңнен себіне жүр. Ол сенен тыжырынбайтын болсын.
Ұйықтайтын, тамақтанатын кездерін жақсы біл. Ол бұларды қай уақыттарда жасайтын болса сен сол уақыттарда тамағын әзірлеп, төсегін салып қой. Өйткені аштық пен ұйқысыздықтан барып адам ашу шақырғыш келеді.
Күйеуіңнің дүниесін көзіңнің қарашығындай сақта, ысырапшылдыққа жол берме.
Оның абыройын ойла, тума-туыстарына да құрметпен қара.
Оған қарсы шығушы болма.
Күйеуіңнің сырын елге жайма. Қарсы шықсаң, саған деген өшпенділігі оянады, ал сырын елге жайсаң, қиянаттан көз ашпайтын боласың.
Күйеуің қайғырып отырғанда — сен қуанышты болма, күйеуің қуанышты кезде — сен қайғырма»
bk
Бөлісу:

20 пікір

Daniar-Alan
ал бізде қалай…
totiya
бізде қалай болса солай…
Daniar-Alan
жалпы қазақ қоғамында осындай өсиет айтатын аналар қалды ма дегенім ғой…
satibaldi
Ай құдай-ай, егілттің-ау, егілттің! Бір босап қалдым ғой. Өзі оразада адам баласы көңілшек бола ма дейм.
asaubota
дұрыс айтады. ұйқы мен қарын еркектің көңіл күйінің басты факторлары
Nodar
айтқаннан пайда жоқ. Тек анасы өзі айтқан ақылдарын кезінде өзі орындаған болса болды. Екіншіден дәл осыны ұлдарға да айтуға болады, бір-екі өсиетінен басқасын.
totiya
айтқаннан пайда жоқ.
пайдасы бар. біреуі тыңдамаса, екінші құлақ аса жатар. Көпке топырақ шашудың қажеті жоқ.
Соңғы түзету:
Marco
«Күйеуіңлі уысыңда ұстаудың он әдісі» деп тақырып қойғанда оқушылар көп болар еді)
neoaskar
тамаша жазба. өзім оқып алдым.
Ispek92
Ооо, Шива менің анама осындай тәрбиемен өскен қызды бұйырта көөөөр
kydyrbai
Осы өсиеттерді өмірде ұстанатын қыз болса, арманы болмас оны алған ерінің
AnarAlibayeva
Он кагиданын 2 уин гана орындаган жокпын. Кырсыктыгым оянып кетти.
asaubota
содан енді бірдеме ұттың ба?
AnarAlibayeva
Ангиме уту емес бир нарсени тусиндим. Канагатсыздык. Берип жатырсын берип жатырсын бирак тойдым деп ешким айтпайды.
AishaUrlibayeva
Keremet osiet)
MamaAya
Мәссаған, менің Мамамның сөздері ғой мынау, Еще: мүрын қанайтын тірлік жоқ сенде, міндет қылма істегеніңді, Жоқ! дей берме, ол ашуланғанда үніңді шығарма оныкі дұрыс емес кезде де! дейді ғой… бірақ кейде шығып кетіп жүр соңғы кездері.
Adiletshu
Құдай-ау, мынау кімнің әйелі? Осындай әйелге үйлену керек қой