Түсінгім келмейді немесе жоқтан жүйрік жоқ
Соңғы кездері «бензин қымбаттады!», «адам арзандады!», "қылмыс деңгейі сол қалпы жоғары" деген негативті реңкі бар мақалалар тым көбейіп кетті. Бірақ бір сәт ойланайықшы, жағдай сонша жаман ба? Тығырықтан шығатын жол шынымен жоқ па?
"Үй қымбаттады". Ол қашан арзан болып еді? Бір адам аз-мұз ойланып тұрып айтыңдаршы: үй қашан арзан болып еді? Өзіңізді неге сатушының орнына қойып көрмейсіз? Ананы қара, әлі жоқ үйіңді ойша да арзанға беретін түрің жоқ! Ендеше, үй бағасы — сенің ниетіңнің айнадан шағылысқан сәулесі ғана. Басқа түк те емес.
«Медициналық қызмет сапасы төмен». Ол қашан жоғары болып еді? Сау тісті совет заманында да жұлған, айырмашылығы — тегін еді. Ал қазір шүкір: кез келген ауыл фельдшері заманауи Googleмен, Яндекспен, Mail.Ruмен жарақталған. Болмашы қызғынға бола, Алматыға ат арытпайсыз:Іздеу жүйесі ауру туралы сұраққа әп-сәтте жауап бермейді де, көз жұмасыз. «Емін анализдерден кейін ғана айтуа болад...» деген Алматылық профессорды күтіп жүріп, жырақта өлгенше, ауыл-аймақта қайтыс болғанға не жетсін: міне зират, міне үй!
«Жолақы қымбаттады!». Кәнеки, жолақының қымбаттау хронологиясын бірге қарайықшы, дос! Сүйтсек, жыл сайын жолақы қымбаттайды — сен жылайсың да, автобусқа отырасың. Қымбаттайды — сен күңіреніп аласың да, автобусқа отырасың! Бір жерде де автобусқа аяқты бір сілтеп, қара жаяу кете берген жерің жоқ! Бір жерде де! Ендеше, несіне жылайтыныңды түсінбедім, дос?
Қарап тұрсақ, қоғамдағы оқиғалар — сенің сығалау бұрышыңа қарай жақсы да, жаман да болып көріне беретін нәрселер. Сөз аяғында, әңгімемді «Matrix-2» көркем фильмінің кейіпкерінің сөзімен аяқтағым келеді: «Раз уж түбінде өледі екенбіз, так продадим же свою жизнь дороже!».

Жыламасаң осының бәрі болмайтын сияқты.
Белсебет сатып алып, соған көш, экологияға да, қалтаңа да, денсаулығыңа да пайда. Мүлдем бос уақытың болмасын, сонда бәрі де күшті болады.
Адам жалпы тіршілік иесі ретінде о бастан қанағатсыз болып жаратылған.
Ол, қанағатсыздықты біздің қазақтар, «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» деп пәтуасын шығарып, ресми түрде қасиетттілік статусын беріп қойған. Сөйте тұра, арасында «кедей байға жетсем дейді, бай құдайға жетсем дейді» деп типінақ әжуалап та қояды сол қасиеттерін. Сондықтан, қоғамдағы бұл тақылеттес келіспеушіліктер мен наразылықтар, қашан да болған, болып жатыр, бола береді де.
Тек… бір мәселе… Айналамдағылар наразы екен деп, сіз де наразы бола салуыңыз керек пе? Әлде, қарап отырып, тәубеңе келіп, қазіргі өміріңе шүкір етіп, ертеңгі өміріңді одан да керемет қылуға қолда бар мүмкіндіктеріңді пайдалана отырып, ұмтылған дұрыс па? Уоооот, мәселе осы жерде…
Пәтерақысы қымбат, комуслуга қымбат, ай сайын тапқан табысымды жырымдап, құмға су құйғандай құрдымға жіберем, ақша жетпейді деп наразы боламыз. Ғайыптан тайып, тегін үй берілсе, бір айдан кейін әлі жылап отырамыз, ақша жетпейді деееееп. (тексерілген, өзгенің де өзімнің де тәжірибемде, сондықтан нық сеніммен жазып отырмын бұны.) НЕГЕ? Себеп, адам деген мақұлық артық ақшасы көбейген сайын қажеттіліктері де көбейе түседі, табиғи процесс бұл. Бұрын, шөлдегенде су алп ішсеңіз, ақшаңыз көбейгесін кем дегенде сол суға лимон салып ішкіңіз келеді. сол сияқты мысалдар көп.
Қазақстанда Астана мен Алматыға ғана көңіл бөлінеді, қалғандары құрдымда деп байбалам салғанды түсінбеймін. Германияда, халық үй-жайын тастап, көшіп кетіп, қаңырап қалған қалалар бар, АҚШ-та, түгелімен бір штат, дағдарысқа кіріп, қаңырап бос қалудың аз-ақ алдында, бірақ АҚШ-тың Нью-Йоркы мен Вашингтонына федералдық бюджет бөлетін қаражат кеміген жоқ. Германияның Берлині мен Франкфурты да сол баяғы көлемде қаржыландырылуда. Оу, шамалы, малагенттен шығып, көкірек көздеріңді ашып, көкжиектеріңді кеңітсеңдерш, интернетте тек порно мен танысу сайттарын ғана іздемей…
Мемлекет бас-басымызға үй алып беру керек, баламды оқытуы керек, өзімді емдеуі керек, одан көмуі керек, керек, керек дейтіндер бар. Неге десең, мен оған салық төлеп отырмын дейді. Менің ойымша, сенің табысыңнан төлейтін 10 пайыз салығың (реті келсе, оны да кемітіп төлеуге дайын отыратының бөлек әңгіме) сенің белгіленген шекараңның болуы, сыртқы жаулардан қорғалу кепілдігіңнің болуы, қай жерге барсаң да, өзіңнің белгілі бір жерге тиесілілігіңді айқындайтын құжаттарыңның болуы, ел ішінде, кепілдендірілген құқықтарыңның болуын қамтамасыз етуіне ғана жеткілікті. Қалғаны өзіңнің міндеттерің мен өз мүмкіндіктеріңнің еншісінде. болды.
Қысқасы, жыламай, мүләйімсімей, жақсы өмір сүруге талпыныңдар, ойларыңды босатыңдар, кеңірек қараңдар айналаға, мүмкін сіздің өміріңізді жақсартатын мүмкіндік дәл алдыңызда болар, ал сіз өз наразылықтарыңыз бен пенделік қажеттіліктеріңіз арасынан көрмей тұрған боларсыз, талпыныңдар, адамзат өкілдері!
Пы.сы. Ия, мемқызметкермін…
Пы. сының Пы. сысы. Айқаракөз, сенің позитивіңді де қолдаймын, ия)))))))))
А корпусы мен Б корпусы, почувствуй разницу.
Сатыбалдыға мұң шаққандай болдық-ау. Да ну нақ, бәрі керемет.
құжат — әр құжатты алу үшін, тегімізді өзгерту және т.б. үшін мем. баж төлейміз
кепілдендірілген құқық — иә, иә, тегін білім алуға құқымыз бар, бірақ кітаптарды сатып аламыз, әрі қарай жырлай беруге болады
Осыған ғана жетеді дейді төлеп жатқан салықтарымыз, хахаха, сонда экспо, азияда, олимпиадаларды атасының басына жасайды ма осы мемлекет? Халықтан алған ақшасын мемлекет халыққа қарызға береді, оның үстіне пайыз қосады.
Ал бізді АҚШ пен Алманиямен салыстыруыңыз тіпті күлкілі ғой, онда АҚШ пен Алманиядағы әлеуметтік жағдай мен біздің жағдайды салыстырайық отырып алып?