Пыртфолио. Жаңылсын Бетанкур

...- Қалайша сіз Кирхгоф заңын білмей, 3 разрядты электрик болмақсыз?
— Кімнің несін???..

Аса хердірменді охуйрманнан мені осы жерде — тасым аңырған күйі паузаға қойып, мұндай күйге жеткізген алғыштарттарға назарбаударуын сұраймын.

… Бақытты едім. Бағанға мысықша мініп, қаззақша мыж-мыж байланған сымдарды енектің түбінен қиып тастап, жаңасын жалғап беріп, шай-пұлдығымды айырып жүргем, кейде тіпті, достармен арқа-жарқа болып, қауқылдасып отырып екі жарты ішуге де қалатын. Сөйтіп жүргенде… шетелдік тоңазытқыштар мен телевизорлар істен шығуды әдетке айналдырды. Хуйлық қалалық жарықпен қ амту мекемесін сотқа берді. Олар болса, «бағандардыңды әркімге жалғатасыңдар, сосын өртенбей қайтед!» деді. Сөйтіп, о аспан! — ауылдың күпәйке киген соңғы алқашына дейін… лицензия сұрауды шығарды! Ненің лицензиясы лібәд-ау!

Сөйтіп, жоқшылықтың шеті көріне бергенде (айталық, Сабаның туған күнінде 25 теңгеден жылу жинағанда өмірімде алғашқы рет түк бере алмадым), хуйлалық еңбекпен қ амту бөлімі:
«Жұмыссыз ептібайымайдтарға! 6 айлық электрик курстары!»
деген хуйбарландыру іліп қойыпты! Жетіп бардым нақ! 3 разрядты электрик боласың, жүмхүриенің есебінен оқисың дейд!!!

… Қалаға келгеннен проблема басталды. Біріншісі және бастысы — электриктер курсына адам жоқ, сондықтан… телемастерлер тобына ауысасыз деді. Проблема екінші: бізге берілген шатақхананың шайпау иесі+коменданты «ақшаларыңды аударған жоқ, кіргізбейм!» деп, шашын, жалпы — барлық жердегі шашын жұлып тастады. Проблема үшінші: ә дегеннен сабақ… Кирхгоф деген ғалым-бұтақбастың заңынан басталды: лібә, мұныңыз енді… Дәптер мен қалам арқалап жүру керек деді очм, «Измерительные приборы» пәнінің мұғалимасы Жаңылсын Бетанкур.

— Тігем бе мен оны? Мен практиктпін! Тек жалғау, тығжіверу, салжіверу, оталдыру, басжіверу менікі! — дейм бой бермей.

— Дорогой! — деді, — сабақ осылай, оқымасаң — кет!

Бетіне ұзақ қарадым. Мен адам танысам — мынаусы жасанды қатаңдық сияқты. Есіме бірден ұлы көсеміміз В.И. Лениннің «Екі қадам алға — бір қадам кейін» атты тамыздық тезисі түсті де, адам үңгірден шыққалы қатындарға қарсы 30 мың жыл бойы тоқтаусыз жұмыс істеп келе жатқан — комплимент жаудыру әдісіне көштім.

— Кішкене күлімдеңізші! — дедім мен, — сіз жымиып оқытсаңыз — Кирхгоф түгілі… Кирхгоф түгілі… (електрге қатысы бар ғалым-бұтақбастың атын білмей қиналдым)… Кирхгоф түгілі… ядролық физиканы да меңгеріп кетем!
Ойбай-оу, қатынбысың деген: жаңағы әбжылан дереу әңгіге айналып, бөлмені жап-жарық қылып жымия қойғаны!

Ұлы көсеміміздің тамыздық тезисін курс бойы тоқтаусыз қолдандым. Ақыры бітіруге (бұл жерде — курсты, ред.) екі апта қалғанда үйіне шайға шақырды…

… Аз-мұз жәукемдеген болдым. Ішпыстырарлық, күнұзаққа тұңғиыққа қарап отыра беретін, әлденеге қамкөңіл қатын екен. Меніңше үйінен гөрі, сабақта көп сөйлестік пе деймін. Қызық: қазір маған тұрмысқа шық десең, шыға салатын сияқты. Шықпа десең, шықпай-ақ та отыра беретін сияқты. Бүгін барсам бола ма десең — кел дейді. Бүгін бара алмайтын шығармын десең — жақсы дейді. Не керек: сезімнің ұшқынын жағам дегенше тасым (оттығымның тасы — ред.) мұқалып бітті. Курстың горышкысын салтанатты тапсыру күні болмады. Мұнысын паңдыққа балап, мен де қоштасып кетуге бармадым. Бірақ пойызда есімнен шықпай қойды.

Тамыздық тезисіңдісс(((
bk
Бөлісу:

10 пікір

zholantai
Аз-мұз жәукемдеген болдым.
ademi_alem
Қызық: қазір маған тұрмысқа шық десең, шыға салатын сияқты. Шықпа десең, шықпай-ақ та отыра беретін сияқты.
))))))))
asaubota
мен де ұнатып қалғандай сезімде болып отырмын
AnarAlibayeva
жәукімдеп әукіңдеп әлі жүрсің бе, өзіңдікін әлі таппаған әркімге бір мін табады деген осы ау.
Ispek92
AnarAlibayeva келді де кетіп қалды
Aldeken
Ақыры бітіруге (бұл жерде — курсты, ред.)
sigma
Мен де осы жеріне бітірдім
Dzhonsaken
жаңағы әбжылан дереу әңгіге айналып
satibaldi -ның бір сөзді керегінше құбылта алатын қасиетіне ырзамын лібәт. Бұл саған ғана Әбдіраш тамыр…