Еуропасымақ қазақтар

Лібә, бір күні Алматыдағы қадеге бардым. (Түсініктеме: "Қаде" деп батыс өңірінде қайтыс болған адамға қатысты жасалатын рәсімдерді айтады. Мысалы: Үші, жетісі, қырқы, жүзі, жылы). Молда өсиеттерін айтып, ақсақалдар әңгімелерін бітіре берген сәтте
Әрі қарай

About.me



Өткен жолы «Buzz» желісінде Тимурдың жолағында көріп қалдым..About.me сайты өте пайдалы ресурс екен..Қазір резюиені сол жерге іле салуға болатын сияқты… Керек болса сілтемесін бере саласын… Сосын осы сайттың ішіне кіріп, ішіндегі суреттерді
Әрі қарай

Астанада блогшылар шаңғымен жарысты


Бекболат Тілеуханның бастамасымен, Намыс журналының ұйымдастыруымен бүгін Астанада, Есіл өзенінің үстінде астаналық блогшылар арасында шаңғыдан жарыс өтті. Барлығы жеті блогшы қатысқан бұл жарыста админдеріңіз бірінші орын алды. Екінші болып мәреге Жанасыл Болатбек, үшінші болып Рахат Жақсыбай келді. Қыздардан бірінші орынды Кәмшат Тасболат алды. Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар берілді, қалған қатысушылар да сыйлықсыз қалмады. Жарыстан кейін Намыс журналы жігіттері керемет дастархан ұйымдастырып жіберді, шәй ішіп, дәмнен ауыз тигеннен кейін марапаттау рәсімі болды. Жалпы жарыс алғаш рет өткенімен ұйымдастыру жағы күшті болды. Бекболат ағамызға және ұйымдастырушы жігіттерге рахметімді айтамын.
Әрі қарай

#QazzaqDepression. Суицидші

Блог - patick: #QazzaqDepression. Суицидші
Өзіңе қол жұмсауға бір ғана себеп аз екен. Жаңалықтардан оқитын: «Ер жігіт сүйгені үшін өзіне қол жұмсады», «Оқу озаты ҰБТ-да аз балл жинап, асылып қалды», тағысын-тағылар… Бұл жай ғана полицияның құрғақ есебін басшылыққа алған хабарлар ғана. Бірақ полиция психолог емес қой — өлген адамның ішкі жан-дүниесіне үңілмейді, қайғырғанда келіп басынан сипап ақыл айтпайды, мотивін тұспалдап айта салады.

Әне, төменде жиналып тұр. Полициясы бар, басқасы бар. Телефон ұстап қызық қуғандар да аз емес. «Жилстройсбербанк» маңайдағы ең биік ғимарат екен, әрі төмендегілерге де оның бойы тұтас көрінеді — көрініске кедергі болар ағаш та жоқ, жарнама-билборд та жоқ төңіректе. Несі бар, өлмекші болған екен — «ең болмаса танымал болып өлейін» дейді ғой баяғы, ішкі дауыс.

Себеп демекші, ондайлар көп. Әйтпесе Берік ондайға бара ма? Ешқашан бұлай болады деп ойламапты. Бәрі кредиттен басталды. Бірін жабу үшін екіншісін алатын. Сөйтіп жүріп қарызға батты да кетті. Миллиондап айлық алса да өтей алмас енді. Банктер түгілі, микрокредит ұйымдарының бәрі танып алған бұны. Әне, қалтасындағы телефонды «дызылдатып» алып бара жатыр. "Өлсең де маза бермес бұлар".

Бұл құпиясын білгеннен кейін сүйген қызы кетіп қалды. Үйленгелі жүр еді. Ата-анадан ұят болды, олар келін күтіп жүр еді. «Бижәкөш» деп еркелетіп те қоятын сыртынан. Неге Бижакөш, ақыры түсіне алмады. Қыздың аты — Гүлмайдан болатын. Әлде қариялар басқа біреумен шатастырып алды ма екен?

Бұның бәріне төзер ме еді, кім білген. Ағайынды Тайлановтармен танысу арқылы өз болашағына балта шапты. Олар пайызбен қарыз беретін. Қайтармаған адамдармен сыйласып тұрмайды, не көзіңді құртады, не солардың айтқандарын істеп өмір бойы ерікті құлға айналасың: өлтір десе өлтіресің, зорла десе зорлайсың, біреудің орнына түрмеге отыр десе — оған да көнесің. Қарызды кешіктіргеннен кейін бір аптадан соң Нексианы өртеп кетті. Бір жақсысы — өзінікі емес еді. Жаңадан ашылған такси қызметі берген болатын. Екінші аптаны күтуге шыдамы жетпеді. Енді ғимараттың төбесіне шығып алып тұрысы мынау.

Ойын әлдекімнің жүрген дыбысы бұзып жіберді. Көрді де полицияға біртүрлі іші жылып сала берді. Полиция психолог жіберіпті. Шерін тарқатып, өкіріп жылап алмаса бәлем. Өлуге деген құштарлығы да сейіле бастағандай ма?

Психолог жақындап келді де, темекі тұтатты. Берік те темекі шегіп кеткісі келді. Сұрайын деп аузын ашқаны сол — бір штугын ұсына қойды. Ойыңды айтқызбай біледі екен, нағыз маман! Үнсіздік бес минутқа созылды. Темекі де сол кезде таусылып еді.
— Неғып тұрсың? — деді психолог.
— Секіріп өлем, — деді бұл жыламсырап.
— Онда көп ойланбай секір! — деді де, шатырдың шетіндегі темір шарбақтан аттап өтіп, өзі төменге секіріп кетті.

Психолог емес екен.
Әрі қарай

#QazzaqDepression. Кілет

Блог - patick: #QazzaqDepression. Кілет
Қалай тап болғанын білмейді. Не үшін мына жерде жүргенін білмейді. Қалай басталғанын да білмейді. Білетіні — нөпір халықтың қозғалған бағытымен бірге бұл да келе жатыр. Қараңғы дәліз. Қабырғалары суық әрі ылғал. Кен орнындағы шахта ма деп қалды бір сәт. Бірақ оны қайдан білуші еді, өмірінде шахтаға түсіп көрген емес.

Артына бұрылып қарады. Адам қарасының шеті көрінбейді. Алды да солай. Кері бұрылмақшы болды. Тар дәлізге сыймай келе жатқан адамдардың арасында бұл мүмкін емес екен. Еріксіз көпшілік бағыт алған жаққа жүре берді.

Бір сәтте дәліздің шеті де көрінді. Ең шетте үлкен тор тұр. Торға адамдар сыйғанынша кіреді де төменге түседі. Оның да кезегі келді. Көтеріп-түсіргіш тордың алдында, қақпаны ашып-жауып тұратын екі адам бар екен. Қақпаны аша сала адамдарды жұлқылап итеріп торға тыға бастайды. «Тұрмаңдар, тез бол! Шешелеріңді сендердің!» — деп ашулы дауыспен айқайлап қояды кейде.

Солардан мән-жайды сұрамақшы болып еді, әлгі екеудің біреуі жағасынан қысып ұстады да, кілеттің ішіне итеріп жіберді. Шалқалақтап құлады.

Төмен түскен сайын қорқайын деді. Белгісіздіктен бойын үрей билеп, қалшылдай бастады. Қасындағы 60-70 жастағы шалға жармаса кетті:
— Көке, айтшы, бізді қайда апара жатыр?
— Білмеуші ме едің? Тозаққа, балам…
— Тозаққа? Біз сонда өліп қалғанбыз ба?

Шал үндемеді. Ол тізерлеп отыра кетті. Аяғынан әл кетті. Қолдан келер шара жоқ еді. Енді еміс-еміс есіне түсе бастаған секілді. Сағат кешкі он шамасы. Автобус. Соңғы рейс. Өзі салонда қалған соңғы жолаушы болатын. Ақырғы аялдамадан түсетін жалғыз өзі. Бүйірден соққан жүк көлік. Қараңғылық.

***

ЭПИЛОГ
— Қайда бұрылар екен?
— Оны өзі-ақ түсінеді. Әдетте ақылы бар адам қараңғы дәлізді таңдамайды. Интуитивті түрде жарық, жылы дәлізге бұрылады.
— Сол бейбақты қинамай-ақ, өзіміз жөн сілтеуіміз керек еді. Бұл біздің жұмысымыз ғой.
— Бір адам туда, бір адам сюда… Ештеңе етпес.
Әрі қарай

Жауапсыз xаттар

Блог - Aygaya: Жауапсыз xаттар

Фб-ны ақтарып отырып, бір жас келіншектің парақшасына жолықтым. Келіншек те емес, кішкентай қыз дерлік. Жанұясы бар еді. Күйеуі мен қызы. Күйеуі — әскер. Мемлекеттің шығысында басталған оқиғалар барысында, ол да, әрине, соғысқа аттанды. Ал 2014 жылдың жаздық шайқастарынан кейін ол тіпті жоқ болып кетті. Өлілердің арасында — жоқ. Тірілердің арасында — жоқ. Тұтқындалғандардың арасында — жоқ.

Соның желідегі парақшасын оқып отырмын. Ал ол парақшасы арқылы күйеуімен сөйлеседі. "Қызымыз үшке де толды. Әңгімені керемет айтады. Сен жайлы жиі сұрайды. Қайдасың, жаным?" дейді. «Бүгін сенің туған күнің. Мен торт пісіріп қойдым. Сен жақсы көретіндей етіп. Оралшы бізге. Біз сені қатты жақсы көреміз ғой» дейді. «Саған ұнайтындай борщты пісіруді үйрендім-ау, әйтеуір. Келші бізге. Сенсіз өмір сүре алмаймыз» дейді.

Осылайша, бітпестей ұзақ тоғыз ай бойы. Онымен сөйлесіп, онымен ақылдасып, оған сауал да қойды. Еш қысылмастан, еш қорықпастан, еш тығылмастан.

Оның аккаунты — біртұтас, бітпес, жібермес жан ауыруындай. Оқып отырған менің жаным осынша қиналса, ол қалай шыдап жүр екен?

Әсіресе, мен бәрінің біткенін біліп тұрсам, ал, әріптерді тізіп, жазып отырған ол — әлі де білмесе…

Сүйек қалдықтарын тексере отырып, жеке басы анықталды. Тоғыз айдан кейін. Қыздың парақшасында жалғыз сөз: «жерледік».

Және көптеген бақытқа толы суреттер. Ол, күйеуі, қызы. Осындай, өзгеше адамдар болады ғой, өзі. Суретте болсын, кафеде болсын, далада болса да — жанарына қарап — бақытты екендігін түсінесің.

Дәл қазір, жесір-қыз өз қызын әлдилеп, ұйықтатып отырған шығар. Мүмкін, өзі де ұйықтап қалған шығар. Мүмкін, ұйықтамаған да шығар.

Ал, мемлекеттің орталығында, біреулер портфель бөлісе алар емес. Бастарының амандығы осындай кіп-кішкентай қыздардың, жігіттердің, балалардың, әйелдердің, еркектердің періштенікіндей сабырларының арқасында екенін түсінбейді. Мемлекеттің жағдайын өзгертуге, аз ғана болса да, уақыт беру үшін өз өмірлерін пида еткен, ысырып қойған адамдардың арқасында екендігін түсінбейді.

© Зоя Казанжи. Украина. 2016 ж.
Әрі қарай

Бастырылып (бастығырылып) қалу және одан шығу амалдары

Әлгі, сендердің ентерлеттеріңде бастырылу туралы алып-қашпа, әкеліп-тастама әңгімелер көп екен. Бастырылу себептері діннен бастап, физиологияға дейін ұласады. Бірден айтайын — барлығы да өтірік. Шылқыған өтірік. Әйтеуір мамаң деп барғасын, бірдеңе гәпіруі керек. Сондықтан оттай берген. Ал шындығында себеп басқада. Бірден есхертейін — дәріхерлік дипломым жоқ, арнаулы курстар оқымағам. Бірақ мен сіздерге дәрі берейін деп жатқам жоқ, сондықтан қорықпай-ақ қойыңдар, әбілдер өңшең.

Менде бір керемет сюжет бар...: Бастырылып (бастығырылып) қалу және одан шығу амалдары

Кеселдің мамамнезі

Бастырылу — ұйқы кезінде не ояу кезде дененің жансыздануы. Адамда бес сезім болса, тек көру мен есту қабілеті қалады. Ал денеңді қимылдата алмайсың. Дененің жансыздану кезінде көру қабілеті біршама жақсы сақталса, есту қабілеті нашарлайды, мысалы, сөйлеген дыбыстар — күңгірт, әлсіз естіледі, немесе филологиялық тұрғыда жер бетінде тіркелмеген тілдердің бірінде шым-шытырық сөздер легін естуіңіз мүмкін. Қызығы сол: сіз ол сөздерді түсініп жатқандай боласыз!

Физиологиялық ауырсыну белгілері жоқ. Тіпті кей тұстарда мына пәниге қарағанда рахат та көрінуі мүмкін (айталық, «мұнда» VKM -ды кездестіру ықтималдығы нөлге тең). Ал енді үрей сезімі билеуі мүмкін. Бұл енді адамның о дүния, тылсым, херуақ сияқты дүниелерді субъективті қабылдауына байланысты. Бастырылған түннен кейін өзінен өзі қорқып,
аллилуйялап жеті нан тарататын экземплярларды да біледі аффтар.

Бұл күйден шығуға әдетте сырттан болмашы тітіркендіру жеткілікті. Ноуқостың башайын басып, не енегін езіп кетсеңіз — жансыздану күйінен дереу шығады. Көңілшектік деңгейіне қарай — жай ғана рахмет дей салудан бастап, ағыл-тегіл жылап, абайсызда енегін басып кеткен аяғыңызды сүюге дейін баруы мүмкін. Айтпақшы, кейде тарс еткен қатты дыбыс та жеткілікті.

Қайталап айтамын, бұл күйден жасанды жолмен ТЕК ҚАНА СЫРТТАН ТІТІРКЕНДІРУ арқылы ғана шығуға болады. Яғни өзіңді өзің шымшып алуға, диваннан құлап кетуге Олегтенбей-ақ қойыңыз. Бұлшық еттеріңіз жұмыс істемейді. Яғни, әрекет түгілі, біреуге мені оятып жіберші деп айту да мұң. Дененің жансыздану кезеңінен тек қана табиғи жолмен шығуды күткеннен басқа амалыңыз жоқ. Ал ол бірнеше минуттарға созылуы мүмкін.

Осы жерде — менен бір қызық. Бірде бетібоқта каммент жазып, ұйқыға жатып, бес минөттен соң бастырылып қалдым. Әжесстің, «тірілгесін» мәңгіліктен келгендей болсам, сағатта — каммент жазған уақытымнан 7
минөт қана өтіпті. Ал мен таң атты деп ойлаппын.

Бастырылудың ең бір тылсым тұсы — «бірнеше рет ояну» эффектісі. Бұл өзі мынадай қызық эффект, әнасс. Бастырылып қалғаннан кейін, оянып кеткендей боласың. Бір кезде… әлі жатқаныңды сезесің! Одан кейін, енді шындап оянғандай боласың. Бірақ қуанба — бұл да алдамшы, шын мәнінде сен әлі шала-жансар жатырсың! Ал, Павловтан бастап бүкіл
физиологтардыкін өтпейтін бәкімен кесіп ала ғой!

Айтпақшы, постулат: мас кезде адам ешқашан бастырылмайды!

Алқашқы бастырылып қалуым немесе №3 емхана дәрігерлеріне лағнат

Алқаш рет бастырылып қалғанда тасым мұздап сала берген. Зәрем зәр түбіне жетіп, әрі қарай қуық бойымен дамбалға сырғып түсті. "Қарламқаш" (былайғы қаззақтарға «ақ сүйек» деген аттыкімен белгілі ойынға ұқсас) ойнағанда, түн ортасында зиратқа тығылып отыра беретін мен, анау-мынауға сенбеуші едім. Мазасы кеткен херуақтар ақыры маған қолдарын жеткізген екен деп шошыдым. Біттім дедім.

Екінші рет бастырылып қалғаным тіпті ауыр тиді. Себебі етбетімнен жатқанда бастырылып қаппын. Аид патшалығында қандай мамандықтың құлағын ұстасам деген ойлар келе бастаған кезде, таңғы беске оятуға қойылған телевизор саңқ етті. Енді шындап бұтқа жібердім.

Емханаға құстай ұштым. Сәтті пайдалана отырып, №3 емхана терапевті Қарсақбаев Т. мырзаға ланетімді жеткізгім келеді, себебі ол таусылып жылап, түндегі охуйғаны пұшайман бола айтып берген маған:
— Ааа, с кем не бывает, это в порядке вещей, иди, не парься — деді. Сукі нақ.

Атауы жоқ кесел маған серік боп, Атып жатты Жиренқопа таңдары...

Амал не, жансыздану дертімен күресте жалғыздан жалғыз қалдым. Әлбетте, Үбәк, Муңкә, Ракүшәй сияқты қандыкөйлек достарым көмектесер еді (және көмектспек те болған!), бірақ қалай?
Менде бір керемет сюжет бар...: Бастырылып (бастығырылып) қалу және одан шығу амалдары
Бастырылуды зерттеп жүріп том-том кітаптарды ақтардым. Хербетте, Донцова, апайынды әпшелі-сіңлілі Стругацкийлер, ортағасырлық инквыизицияның жын-перілермен күресі сияқты дімкәс еңбектер бірден наққа кетті. Норбеков деген аферистке де еменнің ең үлкен бұтағын қойдым. Жеке кабинеті бар психиатр-хихиатрларды бірден наққа жібердім: бейшараларға ақша төлесең — өзінің саласына қатысы жоқ мәселе бойынша да бірдеңе айтып беретін қасқалар деп естігем. Ал діндарлар — «бессімилдә!» деп айтсаң, жын қашып кетіп, оянасың деп еді.Бірақ жағың жұмыс істемесе, қайбір мантраны қарық қыласың?

Сондай күндердің бірінде Кәшәні жолықтырдым. Қуантқаны — ол тамаша стақандас ғана емес, сонымен бірге — бастырылып қалатын ауруы бар екен. Онысын естіген күннен бастап, екеуміздің ұқсас жерлерімізді аңдай бастадым. Сырт қарағанда әбүйіріміз бен қолтығымыздан басқа ұқсастық таба алмадым. Бірақ бір күні:

— Ептібайымайдтың белін атам құртты, сақ* құйғанда балшық тасытып! — деп, белін ұстап ыңыранған да, «охх!» дедім мен!

Қиагноз

Очм, құдайына қараған иудейлер, мен таптым адам неге бастырылатынын. Жезөкшелер, ну енД, өз еркімен, ол енді мысыққа да түсінікті. Ал адамдар — омыртқасы қисық болғаннан бастырылып қалады екен!
Менде бір керемет сюжет бар...: Бастырылып (бастығырылып) қалу және одан шығу амалдары
Мидан «жүр-тұр-ана қызбен жат!» деген сигналдарды жұлын денемізге — омыртқаның жамбаспен тістескен тұсындағы 32 кабельмен таратады. Кішкентайында ауыр көтеріп (Кәшә сияқты), я бірден құдай атып қисық боп туғандардың (мен сияқты) омыртқасындағы соңғы сақинасы — сол кабельдерді жаншиды!

Күндіз, яғни адам белсенді кезінде сақина үнемі қозғалыста, сондықтан кабельдердің қызметіне кедергі жоқ. Ал енді ұйқыға жатқанда сақина ұдайы жаншып тұратындықтан, денені қимылдату мұң болады. Басқаша айтқанда, бұл — ерікті түрде сал боп қалу деген сөз.

Әуелде бастырылып қалған кездерде, ояна сала омыртқам мен жамбасым астасқан тұсты уқалап көретін болдым. Ұйып тұрады әнасс, тіпті шымшысаң да ауырмайды! Эксперимент тазалығы үшін Кәшәға да айтып қойғам. Бірер күннен соң, ол да бастырылған күндері омыртқа-жамбас қорғас шекарасы ұйып тұратынын жеткізді.

Сонымен, ашетері — бастырылу омыртқаның қисық біткенінен болады. Әсіресе, сколиоз адамдар бастырылуға бейім. Тақырып өзім үшін осылай жабылды. Енді, шын дипломы бар, медицинадан Нобель сыйлығының лауреаты басқа себеп айтса да сенбейм, нақтың. Мен жаман боп жүргенде қайда қалдыңдар?!!!

Бастырылып қалу күйінен шығу амалдары

Біреу оятып жіберсе жақсы әрине. Бірақ, бастырылып қалу нарығында 25 жылдан бергі ойыншы ретінде айтайын: құрыған үміт. 25 жылда бір-ақ рет оятып жіберген екен мені, онда да жансыз жатқанымды білгеннен емес, сыраға барып келейік деп.

Тапқан жалғыз амалым — тыныс алу арқылы. Байқайсыз ба, сіз бастырылып жатқан кезде, тынысты да баяу алып жатасыз, тіпті кейде — тыныс алуды "ұмытып" кеткендей боласыз. Ендеше, мейлінше терең демала беріңіз. Денеңде қан жүгіріп жатқанын, санаңның айқындалып келе жатқанын байқайсыз. Тыныс алудың жиілі мен тереңдігін арттыра берсеңіз. бір кезде барып денеңізге жан бітіп, оянасыз. Әрі — ысылдап-пысылдап жатқан адамды біреудің оятып жіберу ықтималдығы да жоғары. Егер сіз тіпті бір жақсы амалын білсеңіз — мәрхабат, хуяна отырып тыңдауға уәде беремін.
Әрі қарай