Бастырылып (бастығырылып) қалу және одан шығу амалдары

Әлгі, сендердің ентерлеттеріңде бастырылу туралы алып-қашпа, әкеліп-тастама әңгімелер көп екен. Бастырылу себептері діннен бастап, физиологияға дейін ұласады. Бірден айтайын — барлығы да өтірік. Шылқыған өтірік. Әйтеуір мамаң деп барғасын, бірдеңе гәпіруі керек. Сондықтан оттай берген. Ал шындығында себеп басқада. Бірден есхертейін — дәріхерлік дипломым жоқ, арнаулы курстар оқымағам. Бірақ мен сіздерге дәрі берейін деп жатқам жоқ, сондықтан қорықпай-ақ қойыңдар, әбілдер өңшең.

Менде бір керемет сюжет бар...: Бастырылып (бастығырылып) қалу және одан шығу амалдары

Кеселдің мамамнезі

Бастырылу — ұйқы кезінде не ояу кезде дененің жансыздануы. Адамда бес сезім болса, тек көру мен есту қабілеті қалады. Ал денеңді қимылдата алмайсың. Дененің жансыздану кезінде көру қабілеті біршама жақсы сақталса, есту қабілеті нашарлайды, мысалы, сөйлеген дыбыстар — күңгірт, әлсіз естіледі, немесе филологиялық тұрғыда жер бетінде тіркелмеген тілдердің бірінде шым-шытырық сөздер легін естуіңіз мүмкін. Қызығы сол: сіз ол сөздерді түсініп жатқандай боласыз!

Физиологиялық ауырсыну белгілері жоқ. Тіпті кей тұстарда мына пәниге қарағанда рахат та көрінуі мүмкін (айталық, «мұнда» VKM -ды кездестіру ықтималдығы нөлге тең). Ал енді үрей сезімі билеуі мүмкін. Бұл енді адамның о дүния, тылсым, херуақ сияқты дүниелерді субъективті қабылдауына байланысты. Бастырылған түннен кейін өзінен өзі қорқып,
аллилуйялап жеті нан тарататын экземплярларды да біледі аффтар.

Бұл күйден шығуға әдетте сырттан болмашы тітіркендіру жеткілікті. Ноуқостың башайын басып, не енегін езіп кетсеңіз — жансыздану күйінен дереу шығады. Көңілшектік деңгейіне қарай — жай ғана рахмет дей салудан бастап, ағыл-тегіл жылап, абайсызда енегін басып кеткен аяғыңызды сүюге дейін баруы мүмкін. Айтпақшы, кейде тарс еткен қатты дыбыс та жеткілікті.

Қайталап айтамын, бұл күйден жасанды жолмен ТЕК ҚАНА СЫРТТАН ТІТІРКЕНДІРУ арқылы ғана шығуға болады. Яғни өзіңді өзің шымшып алуға, диваннан құлап кетуге Олегтенбей-ақ қойыңыз. Бұлшық еттеріңіз жұмыс істемейді. Яғни, әрекет түгілі, біреуге мені оятып жіберші деп айту да мұң. Дененің жансыздану кезеңінен тек қана табиғи жолмен шығуды күткеннен басқа амалыңыз жоқ. Ал ол бірнеше минуттарға созылуы мүмкін.

Осы жерде — менен бір қызық. Бірде бетібоқта каммент жазып, ұйқыға жатып, бес минөттен соң бастырылып қалдым. Әжесстің, «тірілгесін» мәңгіліктен келгендей болсам, сағатта — каммент жазған уақытымнан 7
минөт қана өтіпті. Ал мен таң атты деп ойлаппын.

Бастырылудың ең бір тылсым тұсы — «бірнеше рет ояну» эффектісі. Бұл өзі мынадай қызық эффект, әнасс. Бастырылып қалғаннан кейін, оянып кеткендей боласың. Бір кезде… әлі жатқаныңды сезесің! Одан кейін, енді шындап оянғандай боласың. Бірақ қуанба — бұл да алдамшы, шын мәнінде сен әлі шала-жансар жатырсың! Ал, Павловтан бастап бүкіл
физиологтардыкін өтпейтін бәкімен кесіп ала ғой!

Айтпақшы, постулат: мас кезде адам ешқашан бастырылмайды!

Алқашқы бастырылып қалуым немесе №3 емхана дәрігерлеріне лағнат

Алқаш рет бастырылып қалғанда тасым мұздап сала берген. Зәрем зәр түбіне жетіп, әрі қарай қуық бойымен дамбалға сырғып түсті. "Қарламқаш" (былайғы қаззақтарға «ақ сүйек» деген аттыкімен белгілі ойынға ұқсас) ойнағанда, түн ортасында зиратқа тығылып отыра беретін мен, анау-мынауға сенбеуші едім. Мазасы кеткен херуақтар ақыры маған қолдарын жеткізген екен деп шошыдым. Біттім дедім.

Екінші рет бастырылып қалғаным тіпті ауыр тиді. Себебі етбетімнен жатқанда бастырылып қаппын. Аид патшалығында қандай мамандықтың құлағын ұстасам деген ойлар келе бастаған кезде, таңғы беске оятуға қойылған телевизор саңқ етті. Енді шындап бұтқа жібердім.

Емханаға құстай ұштым. Сәтті пайдалана отырып, №3 емхана терапевті Қарсақбаев Т. мырзаға ланетімді жеткізгім келеді, себебі ол таусылып жылап, түндегі охуйғаны пұшайман бола айтып берген маған:
— Ааа, с кем не бывает, это в порядке вещей, иди, не парься — деді. Сукі нақ.

Атауы жоқ кесел маған серік боп, Атып жатты Жиренқопа таңдары...

Амал не, жансыздану дертімен күресте жалғыздан жалғыз қалдым. Әлбетте, Үбәк, Муңкә, Ракүшәй сияқты қандыкөйлек достарым көмектесер еді (және көмектспек те болған!), бірақ қалай?
Менде бір керемет сюжет бар...: Бастырылып (бастығырылып) қалу және одан шығу амалдары
Бастырылуды зерттеп жүріп том-том кітаптарды ақтардым. Хербетте, Донцова, апайынды әпшелі-сіңлілі Стругацкийлер, ортағасырлық инквыизицияның жын-перілермен күресі сияқты дімкәс еңбектер бірден наққа кетті. Норбеков деген аферистке де еменнің ең үлкен бұтағын қойдым. Жеке кабинеті бар психиатр-хихиатрларды бірден наққа жібердім: бейшараларға ақша төлесең — өзінің саласына қатысы жоқ мәселе бойынша да бірдеңе айтып беретін қасқалар деп естігем. Ал діндарлар — «бессімилдә!» деп айтсаң, жын қашып кетіп, оянасың деп еді.Бірақ жағың жұмыс істемесе, қайбір мантраны қарық қыласың?

Сондай күндердің бірінде Кәшәні жолықтырдым. Қуантқаны — ол тамаша стақандас ғана емес, сонымен бірге — бастырылып қалатын ауруы бар екен. Онысын естіген күннен бастап, екеуміздің ұқсас жерлерімізді аңдай бастадым. Сырт қарағанда әбүйіріміз бен қолтығымыздан басқа ұқсастық таба алмадым. Бірақ бір күні:

— Ептібайымайдтың белін атам құртты, сақ* құйғанда балшық тасытып! — деп, белін ұстап ыңыранған да, «охх!» дедім мен!

Қиагноз

Очм, құдайына қараған иудейлер, мен таптым адам неге бастырылатынын. Жезөкшелер, ну енД, өз еркімен, ол енді мысыққа да түсінікті. Ал адамдар — омыртқасы қисық болғаннан бастырылып қалады екен!
Менде бір керемет сюжет бар...: Бастырылып (бастығырылып) қалу және одан шығу амалдары
Мидан «жүр-тұр-ана қызбен жат!» деген сигналдарды жұлын денемізге — омыртқаның жамбаспен тістескен тұсындағы 32 кабельмен таратады. Кішкентайында ауыр көтеріп (Кәшә сияқты), я бірден құдай атып қисық боп туғандардың (мен сияқты) омыртқасындағы соңғы сақинасы — сол кабельдерді жаншиды!

Күндіз, яғни адам белсенді кезінде сақина үнемі қозғалыста, сондықтан кабельдердің қызметіне кедергі жоқ. Ал енді ұйқыға жатқанда сақина ұдайы жаншып тұратындықтан, денені қимылдату мұң болады. Басқаша айтқанда, бұл — ерікті түрде сал боп қалу деген сөз.

Әуелде бастырылып қалған кездерде, ояна сала омыртқам мен жамбасым астасқан тұсты уқалап көретін болдым. Ұйып тұрады әнасс, тіпті шымшысаң да ауырмайды! Эксперимент тазалығы үшін Кәшәға да айтып қойғам. Бірер күннен соң, ол да бастырылған күндері омыртқа-жамбас қорғас шекарасы ұйып тұратынын жеткізді.

Сонымен, ашетері — бастырылу омыртқаның қисық біткенінен болады. Әсіресе, сколиоз адамдар бастырылуға бейім. Тақырып өзім үшін осылай жабылды. Енді, шын дипломы бар, медицинадан Нобель сыйлығының лауреаты басқа себеп айтса да сенбейм, нақтың. Мен жаман боп жүргенде қайда қалдыңдар?!!!

Бастырылып қалу күйінен шығу амалдары

Біреу оятып жіберсе жақсы әрине. Бірақ, бастырылып қалу нарығында 25 жылдан бергі ойыншы ретінде айтайын: құрыған үміт. 25 жылда бір-ақ рет оятып жіберген екен мені, онда да жансыз жатқанымды білгеннен емес, сыраға барып келейік деп.

Тапқан жалғыз амалым — тыныс алу арқылы. Байқайсыз ба, сіз бастырылып жатқан кезде, тынысты да баяу алып жатасыз, тіпті кейде — тыныс алуды "ұмытып" кеткендей боласыз. Ендеше, мейлінше терең демала беріңіз. Денеңде қан жүгіріп жатқанын, санаңның айқындалып келе жатқанын байқайсыз. Тыныс алудың жиілі мен тереңдігін арттыра берсеңіз. бір кезде барып денеңізге жан бітіп, оянасыз. Әрі — ысылдап-пысылдап жатқан адамды біреудің оятып жіберу ықтималдығы да жоғары. Егер сіз тіпті бір жақсы амалын білсеңіз — мәрхабат, хуяна отырып тыңдауға уәде беремін.
Бөлісу:

31 пікір

ken
мен де солай істейм — терең, жиі-жиі дем ала бастаймын. әдетте жанымда жатқан адам содан оянып кетіп, мені оята қояды.
үйреніп алсаң ояну оңай. бірақ кейде двойной, тройной бастырулар боп кетеді. бастырылып жатып жаңағыдай тәсілмен оянасың, бірақ ұйқы қысып бара жатқасын қайта ұйықтап кетесің, дәл сол кезде тағы да бастырыласың.
DanaKuntuganova
Қызық екен. Бастырылып қалу дегенді бірінші естуім. Ондай менде болмапты. Әлде ол барлық адамда болады ма?
nazamat
Ол тек адамдарда ғана болады. *lol*
DanaKuntuganova
Жәәәәрайттт жардыныз))))*lol*
satibaldi
Әлде ол барлық адамда болады ма?
Кредиті жоқ адамдарда ғана.
merekeee
Бастырылып қалмау үшін ұйықтар алдында оқылатын дұғалар да бар көрінеді
patick
Менің жағдайымда ол астралды шақыру әдісі сәл басқаша: Қақ желкемде биіктеу бірдеңе болу керек. Яғни шалқалап жатқанда басың ылдиға қарай болуы керек. Сондайда басталады.
Бір жағынан қызық, бір жағынан қорқынышты. Астралға түсіп кеткенде аддинқұй бір құбыжық келеді. Әрине оны көрмейсің, бірақ жаныңда тұрғанын сезіп тұрасың. Сонымен қатар бұның бәрі өтірік екенін білесің, сонда да бәрібір көт дірілдейді.

Бір рет сөйтіп бастырылып қалдым. Ояна алмай жатырмын. Аяқ жағымда бір қара кемпір тұрғанын көрдім. Қорқып кеттім пездес. Бірақ сыр бермейін деп, екі жұдырығымды түйіп, блок ұстадым да: «мындагель, ссука» дедім. Әйелім оятып алды. Байқасам, айтатынымды айтыппын, бірақ ниқоя жұдырығымды түймеппін.
AKY
*lol**lol*
Джынд қимыл жасаған сияқты боласың, бірақ оянсаң сол күйі жатасың)
AKY
Мен қасқа айғайлауға әрекет жасайм, тыпырлайм, терең тыныстауды үйрену керек екен)
Қорықпаймын аса, «ой, блин, опять» деген оймен жатам, бірақ қиналып кетем.
Көбіне беймезгіл уақытта, екі кештің арасында ұйықтап қалсам сөйтем.
ademi_alem
Менде бұрын жиі болатын. Ондай жағдайда бар дауысыммен айғайлауға тырысамын. Дауысым шықпай жатқан сияқты болып көрінеді, бірақ шын мәнінде айғайлаймын екен. Бір рет Күршім ауданына командировкаға бардық. Қонақ үйге қондық. Түнде көзімді ашсам, өзім төсекте ұйықтап жатырмын, ал мен оған қарап отырмын. Шошып кетіп айғайладым. Қасымдағы төсекте жатқан Мадинаны оятайын деп оның жанына бардым. Оны түртіп оятайын десем, ол сезбейді. Тумбочканың үстінде бір кружка тур екен, сосын соны кулатайын деп ойладым. Бірақ оны да құлата алмадым. Сосын төсекте ұйықтап жатқан мені жұлқылауға тырыстым, бірақ жұлқылай алмаймын. Сосын бар дауысыммен шыңғыруға тырыстым, бірақ дауысым ешкімге естілмегендей көрінді. Бір кезде біз жатқан бөлмені біреу тоқылдатып, содан оянып кеттім. Қарасам қасымда Мадина маған қорқынышпен қарап отыр. Есік сыртынан „Бәрі дұрыс па?„ деген дауыс шықты. Сөйтсек, көрші бөлмеде жатқан адамдар екен. „Бәрі жақсы„ дедім дауыстап. Мадина маған „Біреу сені бауыздап өлтіріп жатқандай шыңғырдың„ деді. Мен қайтадан ұйықтап қалдым, ал Мадина сол түні ары қарай ұйықтамапты менің дауысымнан қорқып. ))) Алматыда мектеп-интернатта оқып жүргенде де сондай болған. Қасымдағы қыздар менімен бір бөлмеде жатқылары келмейтінін айтып, басқа бөлмеге ауыстым. Ол бөлмеде де солай болды, бірақ қасымдағы қыздар түсіністікпен қарайтын. Өзімді жаман сезініп, мектептен шығып кетпекші болдым, сосын мектеп психологымен сөйлестім. Оның кеңесімен тәрбиешім екеуміз бөлмеге магнитофон алып келіп, сүре, аят жазылған кассетаны қосып, соны бірге қайталап айтып жүрдім. Содан басылды.
satibaldi
сосын мектеп психологымен сөйлестім. Оның кеңесімен тәрбиешім екеуміз бөлмеге магнитофон алып келіп, сүре, аят жазылған кассетаны қосып, соны бірге қайталап айтып жүрдім.
Что как бэ намекает на состояние психологической науки в отечестве нашем
Gastarbaiter
Буахахахаха, психолог коньюктурщик болып тұр ғо, по совместительству молданың тірлігін істей беретін. Хрисламдарынсссс
satibaldi
ал Мадина сол түні ары қарай ұйықтамапты менің дауысымнан қорқып
Оған дейін әнші болып көрсем бе екен деп ойлаған шығарсың иә?
ademi_alem
Не шықса да менен әнші шықпайды. )))))
Aya
ондайды білмейді екенмін. Соңғы нашар болған кезімде дем салдырғанмын. Содан қазір тәуір болып кеттім)
Daniar-Alan
Білә бір сау адам бар ма өзі?
ademi_alem
Сізде де бола ма сонда? )))
Daniar-Alan
Құдай сақтасын )
Anar70
жастығыңның астына бір қорап сіріңке салып, жат, бастырылмайсың!
Gastarbaiter
Мен тренажеркадан келгенде труп болам, Сатыбалды айтқан сезу мүшелері не бірден оянад, не бәрі өліп жатады. Атсралды солай жеңдім десем де болады. Бірақ, үнемі жаттығып жүрмей арасында в сраное говно сырғанап тұратындықтан, боп тұрад бастырылу енді.
Бірақ, шыным сол, қарқынды жаттығудан кейін өліп ұйқтап, сергек оянам. Түс, мүс, атсрал болмайды.
ademi_alem
Араларыңызда наркозбен операция жасалғандар бар ма? Қандай күйде болып, не сезіп, не көрдіңіздер, айтыңыздаршы а.
nazamat
Ешқандай сезіну болмайды. Маған наркоз салғанда 3 секунд ішінде ұйықтап кеттім. Оянсам, палатада жатыр екенмін. Соқыр ішекті алып тастаған ғой. Әлбетте, жалаңаш жаттым. Он шақты күннен соң бәлінсадан шығарды. 3 күннен кейін қайтадан сол жерге түсіп қалдым. Екінші операция. Тағы да наркоздан соң 3 секунд ішінде ұйқыға кеттім. Оянсам, жалаңаш жатырмын. Орыстың әп-әдемі келіншегі операция жасаған еді. Наркоз салған соң әсер етпей, оянып кететіндер болады дегенді естігенім болмаса, нақты оқиғаны білмейді екенмін.
ademi_alem
Наркоз салғаннан кейін неше сағаттан кейін ояндыңыз? Ал мен наркоздан кейін оянғанға дейін өте қызық күйде болдым. Наркоз салғаннан кейін неше секунд, минут өткенін білмеймін, әйтеуір жаным денемнен бөлінгенін сездім. Еш жерім ауырмады, ештеңе сезбедім, не жылағың не күлгің келмейтін ештеңені қажет етпейтін бір рахат күй. Сөзбен түсіндіріп айта алмаймын. Содан бастап әлі күнге дейін өлгеннен кейін үнемі сондай күйде боламыз ба, әлде қырық күн ғана солай болып ары қарай басқаша нәрсе бола ма деп ойлаймын. Палатаға апарып, төсекке қалай жатқызғандарын бәрін өзім төбемнен қарап тұрдым. Сосын денеме кірдім. Басымды көтеріп отырғым келді, сосын басымды көтеріп отырдым, бірақ денем құлап қала береді. Денемнің салмағы бір тонна сияқты өте ауыр болды, оны көтеріп отыру да қиынға соқты. Адамның денесі киім сияқты ғана екенін, МЕН деген менін денем емес ЖАНым екенін сөзбен емес, іс жүзінде түсініп шықтым.
nazamat
Неше сағаттан кейін оянғаным есімде жоқ. Бірақ оянғанда наркоз әлі толық қайтпаған екен. Мен де денемді көтере алмай, төсекке құладым. Алға ұмтыласың, бірақ денені басқара алмайсың.
Gastarbaiter
Алдыңғы жазғаныңызды есепке алсақ, истеричная личность склонная к фантазерствуға ұқсайсыз)))
ademi_alem
Ой Алла ))))) мен өзім де қиялдың әсері ме деп ойлайтынмын, бірақ наркоздан кейін олай ойламаймын. Қазіргі уақытта мені осыған ұқсас жағдайлар қатты қызықтырып жүр. Түсінгім келеді. Бір досым Малайзияға оқуға кеткен. Олар сол жақта орман ішіне барыпты. Фотоға түсіпті. Сөйтіп бөлмелеріне келіп фотоаппараттағы фотоларды қарап отырып қызық жайды көріпті. Әлгі досым тұр қасындағы группаластарымен. Бәрі бір-біріне қарап тұр дөңгелек шеңберленіп. Ал сол досыма қарама қарсы сол досым тұр. )))))))))) Түсіндіре алдым ба?
satibaldi
Түсіндіре алдыңыз: спайс пен экстази сататын нүктелерді Алматыда жаптырғанмен, полиция аймақтарда қауқарсыздық танытып отыр
Abilakim
Құран сүрелері Мпүш нұсқада жазылған соткаңызды жастығыңыздың астына салып жатсаңыз бастырылмайды екенсіз. Тексерілген әдіс.