Альтернативті тарих

Бір сәтке өзімізді уақыт мәшинесімен саяхаттап жүрміз деп елестетейік… Тарихта болған қандай оқиғаларды өзгертер едіңіз, енгізген өзгерістеріңіз неге алып келеді деп ойлайсыз?)
Бөлісу:

142 пікір

asaubota
19-ғасырдың басында қазақ даласында өмір сүріп көргім келер еді
GulL
мен де сол ғасырға саяхат жасағым келеді, тұрмыс тіршіліктерін өз көзіңмен көрсең шіркін
Gastarbaiter
Gastarbaiter
Сол жақта объективке қарап отырған марқұм әжей:
— Өш-қасқа, мынау бізді атайын деп жатқаннан сау ма?
Gastarbaiter
GulL
рахмет! Мен байлардың үйлерін көргім келген негізі
Gastarbaiter
Үстіңгі фотода ауқатты қазақтың үйі если чо
GulL
маа ужсқо мынауың
ауқатты дегендер бай емесқо енд шіріген байлардың үйінің суреттерін ешкім түсірмеген бе мана биреулер цифровойларын құшақтап кетейндеватыред осында
ken
қазақтарда шіріген бай болмаған. мүмкін өз араларында шіріген бай болып есептелгендер болған да шығар. бірақ оларды сол замандағы европалық байлармен салыстыруға келмейді.
GulL
неге кітаптарда жазады ғой осы
ken
мың жылқысы жоқ адам үшін мың жылқысы бар адам шіріген бай болып есептелген. ал ол шіріген бай жоғарыдағы секілді киіз үйде тұраған.
GulL
мда ал хандардың үйінің суреттері жоқ па екен
19 ғасырда еуропадағылар керемет тұрған
Луврдағы Наполеон III жиһаздарын көріп таң қалдым
ken
Ресей патшалығының құрамындағы қазақтың соңғы хандары орыс-татар көпестерінікіндей өз заманында керемет болып есептелген ағаш үйлерде тұрған. Басқа қарапайым жұрттікіне қарағанда олардың үйлері көлемді, үлкен болған.
Gastarbaiter
Иә, тіпті Шыңғыс Ханның ставкасы да Гүлдің өлшемдерімен қарапайым болды ма деп ойлаймын. Көшпенділердің эстетика туралы түсініктері бөлектеу болған шығар.
Daniar-Alan
… шынында да 16-ғасырға… жоо 13-ғасырға дәл осы біліммен түсіп кетсең. бүкіл әлем тарихында атың қалатын еД ия?
Gastarbaiter
Қайдам-ау Даниар АЛАн. 16-ғасыр түгілі, 19 ғасырға біздің бүгінгі көрген тәрбиеміз бен психологиямызбен бару қауіпті дер едім.
Әр адам өз заманының ғана қожайыны. Басқа заманға ауысу басқа коллективке ауысудан да қиын сын болуы мүмкін.
Оның үстіне 16 ғасырда орта есепті қала қазағы «компьютердің көтіне флэшканы қай жағымен тыққан дұрыс» немесе «Реферат көшіріп алу үшін гуглға не теру керек» деген білімдеріңді ешкім көтіне қыстырмайтын секілді.
Оның үстіне тіл ерекшелігі. 16- ғасыр адамдарының сөйлейтін тілі батырлар жырындағы санаулы тіркестермен шектелмесі анық.
Шамамен тағыдырың мынадай бола ма деп отырмын:
Түріңді көре сала, алғашқы бірнеше секундта шеттен келген малғұн деп садақ көздеп атып құлатып, саяхатың лезде бітуі мүмкін. Одан аман қалсаң, келесі екі сағаттың ішінде «сайтан қаққан» деген айыппен қамшымен жергілікті тәуіптер рахаттанып тұрып емдеп алады. Қамшымен ұру жын қуудың 20-ғасырда да да кеңінен қолданған әдіс екенін ескерсең, 16-ғасырда одан да қатыгез формалары болуы мүмкін.
Бәрі кинодағыдай романтика, жасыл-жібек киім екеніне күмәнім бар.
Жаугершілік, адам адамға сенбейтін заман, елде аласапыран, ислам дұрыс кірмеген, жер жерде шығыс елдерінен ілім алып келген ғұлама, ишандардың жүргізіп жатқан ғазауат соғыстары, орыстардың колонизаторлық саясаты енді басталып келеді, солға-оңға бұрылсаң піштіріп тастайды, не штыкқа отырғызып қояды, не табаныңды тіліп тұз сеуіп құл қылады (крышасы жоқ, тегі жоқ (олар үшін), еш жақтаушы жамағаты жоқ адамды мал қатарында малай қылмағанда қайтеді, тарихшылардың ауру фантазиясындағы «дат тақсыр» — ға қарамастан (тек Бухар жырау, түрлі батырлар сияқты атақты не еңбегі сінңген адамдарға ғана «дат, рұқсаты» болған деп ойлаймын, ал теңдік, әділеттілік дегендерге мүлде басқаша көзқарастар.
Сөз тапқанға қолқа болмайтын, сөзге тоқтаған таза рыцарлық «старые добрые времена» деген романтика болса, одан да оның идеалды версиясын кинодан қарап жүре берген дұрыс деп ойлаймын.

Бір атым насыбай үшін қарныңды жаруға дайын тұрған қарапайым халық ортасында қазіргі заманның метросексуалдыққа талпынған еркектері езіліп кетеді деп ойлаймын.
Оның үстіне сөзге тек жамағаттың үздіктері ғана тоқтаған қай заманда да. Ал жалпы халық қазіргі мәмбеттерден жаман тобыр болып шықса таң қалма.
Олар Абайдың 40 қара сөзін оқымаған, мораль-түсінік-адамгершілік деген ұғымдар да қазіргіден кедейлеу. Таза физикалық күшке сүйенген қауым күтеді сені.

Қанша намысқа тырысса да, пышақпен төбелесу, қылыштасу, найзаласу бізге экзотикалық фитнес түрі болса, оларға өмір шындығы.
Мен болдым
asaubota
оқып біз де болдық. рахмет на осындай көлемді каменттерің үшін!
dark_nazgul
Бір досыммен берге «Келін» фильмін көріп отырғанбыз. «Осындай бір дәуірлерде өмір сүргім келер еді» деп айтып отырғанмын. Содан қызды сүймеген жігітіне беріп, қодасқа отырғызып, айдап жібергенде досым: «сонда сені де өстіп сүймеген адамыңа сатып жіберер еді, сонда қайтер едің?» дейді. Мен айтам: "құдай біледі, мен сол кезде өмір сүрсем де феминистка болар едім".
Gastarbaiter
Сөйтіп, бәріміз тырқ-тырқ күлдік деші  Шындығында кім білед, финизмге патриархалды қоғам жылдап емес ғасырлап үйренді ғой, ал сол адаптациялық ғасырлардан өтпеген халық сен "әй" дегеніңнен ақсақалдардан рұқсат алып, шаңыраққа башпәйіңнан байлап астыртып қоятын шығар
dark_nazgul
Мен «ол жігітке өлтірсеңдер де тимеймін» деп бунт шығарар едім, сонымен он алты (бәлкім, он үш) жасымда жарық дүниенің көп қызығынан мақұрым күйде, туған әкемнің, не ағамның қолынан бақилық болып кете барар едім.
Gastarbaiter
Әсіресе «тимеймнағыңа» себеп болған көрші ауылда жылқы қайырып, айғырлармен мүше сынасқан Қодар екені белгілі болса, пақаның "Өзім тудым, өзім мойнына арқан будым" деп расходқа жіберуі мүмкін шығар.
Тіпті…
тіпті жолың болғыш болса, сен туралы Ләйлі-ва-Мәжнүн, немесе а-ля Еңлік-Кебек лиро-эпостық жырлар халық ауыз әдебиетінде қалуы мүмкін. Елестетші «Назғұл Көрпеш & Қодар Сұлу" әлде керісінше ме еді?!
dark_nazgul
Бүгін тура шабыт буып отыр ғой өзіңді.
konvict
«Дарақ Назғұл & Гастыр Батыр»
dark_nazgul
Гаста, екеуміз артымыздан қуып келе жатқан менің ағаларымнан қашып, құздың шетіне келіп тоқтағанда, менен бұрын секіріп кетер ме едің?
Gastarbaiter
Бұрын секіргенді айтпа, маған да жоқ басқаға да жоқ деп өзіммен бірге ала кетер едім. Өйтпесем, несін Гастамын
Zhan
«Бұрынғы заманда өмір сүрмегенім қандай жақсы болған» деген әңгімені мен де айтар едім. Теледидар жоқ, телефон мен сотка жоқ, порошок жоқ, зубный паста мен щетка жоқ, анау жоқ, мынау жоқ, айбыыый бұрынғы заманның адамдары қалай өмір сүрген?" деген ойды екінің бірі ойланатыны рас. Студент кезімде "Қап мен 80-100 жыл ерте туылып қойыппын. Мен заман бұдан да күшті дамып тұрған кезде дүниеге келуім керек еді" деген өкінішім болатын. Бірақ, Гаста айтпақшы

халық қазіргі мәмбеттерден жаман тобыр болып шықса таң қалма.
Олар Абайдың 40 қара сөзін оқымаған, мораль-түсінік-адамгершілік деген ұғымдар да қазіргіден кедейлеу. Таза физикалық күшке сүйенген қауым күтеді сені.

Қанша намысқа тырысса да, пышақпен төбелесу, қылыштасу, найзаласу бізге экзотикалық фитнес түрі болса, оларға өмір шындығы.
бұрынғымен салыстырған кезде қазіргі өмірім әлдеқайда жақсы.
Adiletshu
19 ғасырда бір қорап сіріңкенің бағасы 1 қоймен тең болған дегенді естігем.  Көп қып сіріңке алып-ап қойларға айырбастап, 21 ғасырға қайта кеп, қойларды сатып бизнес жасар едім
akbota
Абай туылған дәуірге барсамда жетеді.
edige
Абай Астанада… @konvict па?
akbota
 Астанадағы Абайда жұмысым жоқ, Құнанбайдың Абайын айтып жатырмын.
sigma
Абайдың қашан Абай болғанын қайдам? Өзім Мұқаңның жазбаларынан таним
akbota
Мен де сол Мұқаңның жазбаларынан табыларма едім...?!
edige
Қазіргі жазушылардың жазбаларынан табылуды ойламадың ба?
Бүгінгі күн де ертеңгі тарих, қазіргі жургендер де ертеңгі ғұламалар…
akbota
Кешіріңіз, шынымды айтсам ойламаппын…
aza
19-ғасырдың бас кезі жарап қалар еді маған.
Сері болар ем…
Жылқышы болар ем…
Таңдап жүріп, бір ғана қызға үйленер ем…
Gastarbaiter
Жатсам дейсің ғой талтайып «тұрмаймын, біреуің келіп сүймейінше тұрмаймын» деп
aikarakoz
Бәрі керемет болатын 2030-ды тезірек көргім келеді. Және ол кезге дәл осы жасыммен барсам деймін
aza
2030 деген тақырып ашсай)
aikarakoz
Ашылып қойған ғо. Елбасымыздың сындарлы саясаты да соған бағытталып жатыр. Соны ертерек көргім келеді, гүл болатын сияқты Қазақстан
aza
Елбасымыздың сындарлы саясаты деген сөз жатады ішіме… Тілектеспін, 2030 да да жайдары форумда отыруға жазсын)
Abilakim
бала кезімде қылышпен, садақпен соғысатын кезеңдерге қайта барғым келетін…
dark_nazgul
"қайта бару" тек сол жерден/кезден келген адамның ғана еншісіне бұйырған.
Zhan
Бұрынғы заманның адамдары меніңше қатал болған, сосын сана деңгейі гуманизмнің айтарлықтай деңгейіне көтерілмеген да ғой. Шауып тастай салу, атып тастай салу, соншама кең жерге сыймай бара жатқандай айдалаға барып толпа әскер жинап келіп, соғысады дейсің. Бір-бірін аямай қырып, қанды суша ағызып. Жер деген кең, адамдардың бәріне жетеді, тұра берсе болады ғой деймін тарихи киноларды көріп отырып. Оны біз «ойбай Отаны мен жерін қорғады, ерлік жасады» деп сыртынан баға береміз. Тамсанамыз, мадақтап жерге тигізбейміз. Сөйтіп жүріп тәуелсіздік алдық деп қаншама қан төгілсе де адамзаттық күнәні жуып-шаюға тырысып тұрады.
Иә, тарих «саған ұнамай тұр екен» демейді, болар іс болып жатыр менсіз де. Айтқым келгені уақыт машинасына мінсем, ештеңені де, ешкімді де өзгертпестен болып жатқан процестерге тамашалап қана қарап тұрар едім. Әрине біреу садағымен атып, болмаса қылышымен шауып кетпесе.Ал болашаққа барсам, ондағыларға кішкене ұсыныс айтып көретін шығармын. Қажет етсе әрине)))
ken
ол замандар қазіргідей болмаған ғой. сен оларды бірінші барып шауып тастамасаң, олар кез-келген уақытта келіп сені шауып кетуі мүмкін. сөйтіп сені күңдікке алып кетеді. ар жағын өзің де білесің не болатынын.)))
соны болдырмау үшін немесе қосымша мал/жайылым/құл/күң үшін немесе кек алу үшін көршілес тайпаны барып шабасың.
сосын бір күні қол жинап немесе сен шапқан тағы бір тайпамен одақтас болып олар келеді. тағы соғыс. осылай жалғасып кете береді.
konvict
Мен адамзаттың асыл тәжі Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар кезеңінде өмір сүргім келеді. Арабияда болып, сахабалардың бірі болсам ғой
Aldeken
сенімдісің бе, сахаба болатыныңа? Мания величия детектед…
edige

Бұтқа табынып кетпейсің ба?..
konvict
 Аллаһу акбар
Aldeken
ренжіме, шын тақуалыққа мойынсұнсам, мен үшін Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың заманында, хақ дін — исламның адамзатқа келген тұсында өмір сүргеніме де шүкіршілік қылар едім. Ал, былайынша келер болсақ, «итсория не знает сослагательного наклонения» деген сөз бар. Қазіргі өмірге шүкіршілік қыл. Тәубеңе кел. Сахабалар сахаба болуды аңсады деп ойлайсың ба, мүшірктер мен кәпірлер сахаба болуды армандамады деп ойлайсың ба, бәріне тек Алланың ұйғарымы болады. терең тыныс алып, сабыр қылуды рекомендеймін.
konvict
Мүшірік, ширк!  Ағузу билла, не деп отырсыз. Әрбір мұсылман пайғамбарымыз кезеңінде өмір сүруді қалауы тиіс
Aldeken
аха, дұрыс, дұрыс, қойдым. сенікі дұрыс.
Бірақ, көзіңді алартып, ақиланбай менің
Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың заманында, хақ дін — исламның адамзатқа келген тұсында өмір сүргеніме де шүкіршілік қылар едім.
дегенімді оқығаның дұрыс еді.
Екіншіден, мен сенің ол заманға бару арманыңа емес, міндетті түрде, сахаба болуды қалағаныңды сұрадым, неге, қарапайым мұсылман болу қиын ба? Әлде бесінші мәзһаб ашқың келіп пе еді?
Пы.сы.
Әрбір мұсылман пайғамбарымыз кезеңінде өмір сүруді қалауы тиіс
бұны кім айтты? әсіресе, тиіс деп міндеттегені қызық болып тұр…
Abilakim
Әрбір мұсылман пайғамбарымыз кезеңінде өмір сүруді қалауы тиіс

Әрбір мұсылман баласы жұмаққа түсуді ойлауы тиіс.Бос қиялға берілгенше
Aldeken
Шынымды айтсам, бәрі де салыстырмалы түрде сияқты…
Мысалы, 21 ғасырда өмір сүрудеміз. Жақсы, өркениеттің даму жемістерінің барлығына дерлік қолымыз жеткен, интернет, телефон, жарық, ыстық су мен суық су, жұмсартылған әжетхана қағазы, ішкиімімізді күн сайын ауыстырамыз, кейбіреуіміз оны тіпті үтіктелмеген болса, киюге жиіркенуге дейін барамыз, қой сойғанды көрсек, оны суретке түсріп, таң қалып, әлеуметтік жүйелерге іліп, жаңалықпен бөлісіп жатамыз, біреудің аяғын ит тістеп алса, қосылып, қайғырамыз, тышқанды өлтіргенді көрсек, жиіркеніп, құсуға дейін барамыз, қанды көрсек, түні бойы ұйықтай алмаймыз, ия…
Дәл сол 21 ғасырда бізбен қатар өмір сүре отырып, өркениеттің жұрнағы да жетпеген жерлер бар. гуманизм тұрғысынан, қарулы қақтығыс кезінде дүние есігін ашқан, Тәжікстанның, Ауғанстанның балалары, жау екенін біліп тұрса, алдында қанша адам тұрса да, шімірікпей автоматтың шүріппесін басуға дәті жетеді, себебі, қазір ол шүріппені баспаса, келесі сәтте, өзі оққа ұшуы мүмкіндігін түйсігімен сезінеді олар, ал, бірақ, олар біздің замандастарымыз. бір уақытта, бір заманда өмір сүріп келеміз. Сондықтан, экстрим керек болса, уақыт машинасын ойлап тауып қажеті жоқ, мақсат айқын болса, жүзеге асыратын орын әлбетте табылады деп ойлаймын.
Ал, мақалаға келер болсақ, мұңайған боқ дер едім. Әуелі өзіңді түзеп алмай тұрып, тарихты түзетуге ұмтылу, ең арысы психикалық ауытқудың, берісі қиялилықтың белгісі. Опшым, далбаса.
dark_nazgul
жұмсартылған әжетхана қағазы, ішкиімімізді күн сайын ауыстырамыз, кейбіреуіміз оны тіпті үтіктелмеген болса, киюге жиіркенуге дейін барамыз
Осыны айтсаңшы, бәрінен.
Әйтпесе мен өткенде «Туарегті» оқып, шөлде ұлы дәреттен кейін таспен сүртінгендеріне қайран қалғам.
Gastarbaiter
Өз заманында бірдеңе бітіріп қарқ қыла алмаған адам, бөтен ұрпаққа тиесілі заманда бірдеңе бітіре қоймайтынына сенімдімін.
Gastarbaiter
Мың калашник, үш танкі бір микрофон колонкасымен болса Аңырақайға барып, конфликтті бейбіт жолмен шешіп қайтуға болады.
alashaman
Гаста меніңше Куликовоға барып Мамайға және 1553 жылы Қазанды Иван Грозныйдан қорғап жатқан Жәдігер ханға барғаның жөн-ау
Gastarbaiter
Ұйғыр Державасына барып, қалай дәуірлегенін, қалай моңғолдарға жазу тәсілін беріп кеткенін сұрап едім, «Лібә, Енисей қырғыздары кеп зайыбымызды алып кетті осы жаңа ғана, сен де жоғал» де қуып шықты. Кеш қап қойыппын, ертең хронометрді жөндеп, қайта барып қайту керек
Armanjan
Бәрін басынан бастаса, бәрін. Тас дәуіріне барып, тас домалатып, тайпа боп үңгірде тұрып, аңдарды таспен аулап. Опшым таспен нетіп бәрін.
Aldeken
иә, Арманжан, сен үшін көп нәрсе моральдық тұрғыдан жеңіл болар ед… (әзіл)
Aldeken
Не ғо, осындағы тәжірибелі психологтар мен адам жанына шырақпен үңілушілер байқамай отыр ма?
пікірлерге қарасаң, жалпы әр пікіршінің басындағы «тарақандары» мен комплекстері, тіпті азғын қиялдары да қылаң беріп тұрған сияқты, әлде, мен қудым ба? күдік-күдік…
Armanjan
әлде, мен қудым ба?
Алдеке мырза, қуған жоқсың. Дәл тамырын басып отырсың
dark_nazgul
Аптыр күйеу бала болғысы келе ме, әлде келін болғысы келе ме?
Gastarbaiter
Жаңа 19 ғасырдағы Бакуға барғам. Сені байқамай көріп қалдым. Неғып жүрсің ол жақта?
dark_nazgul
Сен де барарыңды біліп, тым болмаса сол жерден бір көріп қалайын деп, күтіп жүргем ғой.
Daniar-Alan
киімдері жынды Ә… құралайфэшнің жолда қалды… цветной қып істеп көрсем ба екен…
Daniar-Alan
оң жақтағысы ажарлы һәм жас көрінді… бір бай-бағланның тоқалы шығар…
jako_83
Шыңғысхан өмір сүрген дәуірге барғым келеді
izbasar
Қазақ хандығы құрылған заманда өмір сүру арман. Ешкімге бай имеген заман. гүлдену дәуңрң қазақ халқының.
Gastarbaiter
Қазақ хандарының ешкімге бас имеуге тырысқан заманы))
Халық тут не причом Халық всегда басын ил, иеді, и будет ить
zholantai
тарихқа өзгеріс енгізбек түгілі, өткен шаққа өзгеріс енгізу жайлы ойлағым да келмейді, М.Мағауиннің «Подоногі» туралы әңгімелерін оқыған едім, бүгін,
Уақыт машинасы дегенге келсек, атамды сағынып жүрмін, бақилыққа аттанған күні басталған сағыныш еді, жалғасып келеді, таспиығын тартып отырып бастайтын әңгімелерін тыңдап, жазда пішенге, күзде отынға, көктемде жоңышқалыққа барғым келеді. «Абай жолын» кеш оқыдым, сол сәттен бастап Абайды емес, әкесі Құнанбайды тірідей көрсем деген қалау пайда болды, тек сыртынан бақылап ғана, және «Тақиялы періште» түсірілген уақыттағы Алматыны аралағым келеді, болды, әзірге осы, сол уақыт машинасы дегенге отырып жатсақ, басқа да қалаулар пайда болар,
Khorlan
Men diktofonymdy, kalam men kagazymdy kushaktap alyp kazaktyn kuilerin, olenderin, ertegilerin zhinap alatyn edim… Kobi bizdin uakytymyzga deiin zhetpei kalgan-au deimin. 

P.S. Osy zhurttyn «a» dese «ma» deitini sonshalyk kommentterdin zhartysynan kobi offtop, adamsha zhai surakka zhauap bergen kisilerdi «ornyna koyu» maksatymen zhazylgan goi
Men aaaali oz blogymdy bastaiyn ba, bastamaiyn ba dep zhurgenime de tankalmaimyn. Adamdar ZHEP KOYATYN siyakty goi
Gastarbaiter
Викиден тарихи мақалаларды егжей тегжейімен оқысаңдар сонда барып қайтқандай боласыңдар. Бразилия мен Португалия елінің өткен шағын аралап келдім, нақ. Неге жапон спорты джиу джитсу Бразилияда Жапониядан да мықты дамыған, Италиялықтардың Италиядан тыс ең көп диаспорасы Сан-Паулуда екенін, және нәсілдік демократиядан бастап, қалай Португалия Кастиллиядан егемендігін алып, өз алдына ел болғанының егжей тегжейлеріне қанып, Португал диктаторы Салазардың өмірбаянына дейін тіміскілеп, Перудың астанасы Лиманың халқымен "қауышып" келдім т.б, АҚШ- пен АШК (Америка Штаттарының Конфедерациясы) соғысының ерекшеліктерін, Қытайдың екінші үлкен провинциясы "Ішкі Моңғолия" мен оның астанасы Хух-хотоның тағдыры жайлы, жалпы Қытай тарихы туралы біраз серфинг жасадым. Лібә, Викидің сонша үлкейіп кеткенін білмеппін. Тарихи тұлғалардың тұқым-жұрағат, нәски түрсиіне дейін тармақ қылып жаза бергенін қайтерсің.
bazuka
екі күннен бері ойланып жүрмін қайда барайын деп
Armanjan
Базука менімен бірге тас дәуіріне баруға қалайсың Бәрін басынан бастаймыз, таспен ұрғанды таспен ұрып дегендей, азығымызды таспен тауып… ой енді толыватыр ғой қайсібірін айтайын…
Daniar-Alan
бетін жүн басқан маймыл тектес адам-сымақтар бетінде түгі жоқ, біздің көзімізше әдемі болып тұрған сендерді урод ретінде көретініне сенімім сол…
Abilakim
барғың келетін дәуірге сол дәуірге сай қалыпта баратын болсаң түк қызық емес қой,ә
Gastarbaiter
Базуканы Құдай Ана деп, ал Арманжанды Құдіретті Құдайдың өзі деп қабылдап, екеуінің күші бізге дарысын деген таза пәк ниетпен кішігірім фестиваль, ай-да-шу ән, би, күйлерден кейін асып жеуі мүмкін.
zholantai
капитан Джек Воробей боласындар онда
Daniar-Alan
Бәрін басынан бастаймыз, таспен ұрғанды таспен ұрып дегендей, азығымызды таспен тауып… ой енді толыватыр ғой қайсібірін айтайын…

тыр жалаңаш жүріп дейсің ғой
bazuka
қасқа, тас дәуірінде шөп-шаламда жоқ байлайтын уақақа
bazuka
жүр кеттік, тас боп қатып қаватцақ, машинемен жүргендер соғып, кейін қарай ала кетіндер еу)
bazuka
Шоқанға ғашық болғам, со заманға кетіп қалсам ба екен
Abilakim
бәрібір жастай жесір қаласың, бармай-ақ қой ол заманға.Одан да ескі болса да он теңге салып жүр қол сөмкеңе…
bazuka
соны айтам тынышы осы дәуірде жүру, еш жаққа бармайтын болып шештім, өз дәуірім ұнайды, ояха барсам компьютерсіз қалай күн көрем))
ken
Шоқанға ғашық болғам, со заманға кетіп қалсам ба екен
Шоқанға емес, Сағи Әшімовке ғашық болған шығарсың?
bazuka
жәй Шоқанға ғашық болғам)
Abilakim
атамның әкесі соғыс кезінде колхоздың бір сиырын бір кемпірдің отбасына сойып беріпті. әлгінің 4-5 немересі аштан өлгелі жатқан дейді-міс, балаларының бәрі соғыста екен. Малды құжат бойынша "өлтіріп", куәлердің барлығына Құран ұстатып, кемпірге көмектескендерін ешкімге айтпауларына анттасқан деседі. арасындағы біреуі сыртынан көрсетіп жіберіп үлкен атамыз сотталып кете барған. Обшым, тоқылдақты тоқылдатып үлгертпес үшін сол кезге барар едім…
ken
«уақыт машинасы тезірек ойлап табылса екен» деп армандайтындарға:
жасалып шығарылды дейік. енді мынадай мысалға қарайық.
Коля уақыт машинасымен баяғы заманға барды дейік. атасымен кездесті. атасы әлі үйленбепті. балалары да жоқ екен. Коля оны өлтірді дейік.
енді Коляның әкесі туылмайды. әкесі туылмаса, демек Коля да туылмайды. өйткені атасы жастайынан Коляның қолынан өліп кетті. онда Коля туылмайтын болса, демек ол уақыт машинасымен барып, атасын одүниеге аттандыра алмайды. демек атасы тірі қалады. демек Коля все таки туылады екен. сәйкесінше уақытаралық саяхатқа шығып, атасымен жолығып, оны…
Gastarbaiter
Тайм парадокс демеуші ме еді оны.  Жалпы физиктер уақыт деген тек адамның оқиғаларды қабылдауын жеңілдету үшін пайда болған түйсігі дейді.
Сәйкесінше уақыт континуумы деген шартты нәрсе. Тек жылдамдықтар айырмашылығы бар.
Мысалы, мен үшін таң мен кештің арасында бір уақыт өткен сияқты. Және әр процесстің басы мен аяғы болатын сияқты.
Ал басы мен аяғын, таң мен кешті «атттану нүктесі» немесе тірек нүктесі етіп белгілеген кім??? Мен. Яғни адамдар. Ал объективті түрде бұл хаоста ешқандай «аттану нүктесі» болмауы мүмкін. Немесе ондай аттану нүктелері шексіз көп болуы мүмкін.
Салыстырмалылық теориясы жайында да ой салып көріңдер.
Zhan
«Уақыт жоқ, уақыт бір орнында тұр» деп менің бір екі досым қоярда қоймай дауласатын. БІрақ сіз сияқты мысалдар келтіре алған жоқ еді. Сосын мен «жарайды, уақыт жоқ делік, адамның қартаю процесі уақытқа жатпай ма?» деп едім, «жоқ, оның уақытқа қатысы жоқ» деді.
Adiletshu
Бомайтын нәрсемен бастарын ауыртып қайтеді
Daniar-Alan
… мына бір посттағы мына бір пікір еске түсе кеткені…

…-Алайда әке, Сіздің менен бұрын туғаныңыз – кездейсоқ жағдай болғандықтан, маған бұлайша бұрйық беруіңізге түк хақыңыз жоқ сияқты.
satibaldi
Өткен жылға барар едім. 2011 жылы соткамды жоғалттым, ішінде мәлімет кетті қанша.
Ааа, ие, глобалды тұрғыдан десеңіз — сол баяғы сақ-массігеттер дәуіріне барар едім. Томиристі басжіверер едім.
Gastarbaiter
Рүстем не Бахтияр өзіңді басжвермесін.
Zhan
Уақыт машинасына мініп алып өткенге баратын болсақ, біраз фактілер жинап келуге болатын сияқты. Мысалы, диктофон, фотоаппаратымды менде арқалап алып, Македонскийдің, Спартандықтардың, Троя шайқастарынан репортаж түсіріп, болмаса ШЫңғыс хан туралы репортаж түсіріп, кішігірім сұхбат алып, реті келсе бірге суретке түсіп, қайтадан 2012 жылға келіп әлемдік сенсация жасауға болады екен ғо.
Бәрі маған қызығып қарап тұрғанын елестетіп қойдым. Сосын қайтадан өткенге оралып Гитлер, Сталиннің заманындағы соғысты, общм түсірем, әкелем дегенге фактілер жетеді)))))))))) Ал керек болса…
satibaldi
Цифровик алып, толтырып суретке түсіріп келер едім. Бабам батыр болған деп бұтақты жейтіндерге — чморик атасының мүсәпір суретін көрсетіп орнына қояр едім.
GulL
 қайдан келеді оындайлар сіздің басыңызға
Gastarbaiter
Есесіне «Алқаш лібә, бомж нақ» деп жүрген Дәруіштеріміздің түрі тәп тәуір бопТ:


Дерекөт: Верещагин, Третьяков Галереясы «Дервиши в праздничных нарядах»
ken
Осындағы Сатыбалды деген дәруіштің мағынасын қаңғыбас/бомж/алқаш қылып жіберді.
А так дәруіш дегендер ол — дүниәуи қызықтардан бас тартқан, тақуалық өмір салтын ұстанған, өмірлерін Құдайға құлшылық етуге арнаған кезбе сопылардың бір түрі емес пе еді?
monti
шегім қатып қалдужасна қыздар/балдар. менде ойланып қалдым ғо

мен 1941-45жж. аралықта болсам, Орыс қызы болсам, Еврей қызын құтқарып жатқан момент фюрер менің тұп/тұнық көкбеңбек көзіме ғашық болып қап, соғысты тоқтатса
сосын екеуміз хепи енд боуға келсім беретін едім
Gastarbaiter
Романтиктер өңшең, мынаны да қарай отырыңдар. Қазақтың үйлену алдындағы салттарының бірі (өкінішке/қуанышқа орай қазір бүгінгі күнге жетпеген)
«Шаш сынау» ғұрпы.
"Қазақтар шашын сипап көбейген" деген лақпа әңгіме осы дәстүрді дұрыс түсінбегендіктен, дұрыс түсіндірілмегендіктен шыққан болса керек. Біздің атамыздың заманында-ақ құрып біткен дәстүр әйтпесе.
Жігіт және оның уәкілдері киіз үйге кірместен, қыздың шашын ұстап, сынап жатыр (иісін, тазалығын, қалыңдығын
Khorlan
Shynymen eski suret pe? Alde spec.s'emka siyakty birdene me? Ne bolsa da — kushti! Magan osygan uksas suretter kerek edi! Kidan aldynyz?
Armanjan
Хорланжан, сіз өзі қаяқтансыз, Алтайдың арғы жағы ма, бергі жағы ма? Пікіріңізді оқып болғанша сілем құрып кетед ылғы.
Khorlan
Latyn arpimen zhazganymdy aitasyz ba? Alde v obshem be?)))
Armanjan
Jalpi aityp otirminda
Khorlan
Demek, zhazyp zhatkannyn ozi unamai tur goi. Kai zheri zharaspai kaldy eken?
Ozim Aktobenikimin, kazir uakytsha shet elde turmyn. Kerekinfoga songy kezderi kop kiretin boldym. Keide oz oiymdy da kosyp koyamyn… Kospai-ak koi deisiz be? Tut tol'ko svoi dep)))
Khorlan
Al latyn aripterin buiyrsa kele zhatkan aidyn ortalarynda kurtam! Ozim de sharshadym/// telefonnan zhazyp zhatkasyn baska amal zhok…
ken
осы суреттерді алған жеріңнің сілтемесін берші.
бұрын сол сайтқа кіріп қараған едім. ішінде қазақ, өзбек, қырғыздар бар болатын. сол сайтты өткенде іздеп таба алмай-ақ қойдым.
Khorlan
Men de sol siltemesin alamyn dep Vygovor aldym goi!
Daniar-Alan
мля… егер менде уақыт мәшинесі болса… сонааауу Мая дәуіріне барып 2012-де күнтізбені бітіріп қойған екі маялықты сабап кетер ем шешессс… өлгім келмид нақтың…
bazuka
нешінші ғасырға дин созар едіңіз тіршілікті?
Daniar-Alan
22  «После нас хоть потоп» Людовик ХІІ (кажется..)
bazuka
 Ұрпақтарыңызды не істейсіз?
Daniar-Alan
ұрпақтарым өздеріне жаңа уақыт машинасын жасап алаД…
Gastarbaiter
Оданда екі миллиард жыл бұрынғы уақытқа барып, ағашта отырып бананын жерге түсіріп алған дриопитекке «лібә, түспе нақ, түспе сука, нуи нақ лібә, жерде дым қызық жоқ» деп ұрсып келші.
VKM
Бұрынғы заманда тұрғым келмейді екен. Осы кез жақсы)
Gastarbaiter
enekereknak
Никті де әдемі қойыпсың))
AKY
енек ерек нақ неменесімен ерек екен
Gastarbaiter
Енекте басың қалсын, Ене керек нақ
AKY
е, не керек нақ? қой негізі ананы жай қалжыңдап жазғам
Gastarbaiter
Е-е, қалжың ба… Мен қалжың екен деп қалсам
AKY
cонымен, ене керек нақ па? е не керек нақ па?
enekereknak
ыңғайына қарай оқи берсей, көңіліңе жақса болды. негізі сол кезде ЕНЕ керек болған...қазір керек емес нақ) ощм қазір «е не керек нақ» деген никтемін
Onlasyn
Бір «к» түсіп қалған шыған: «енек керек нақ» )
saken
алысқа бармасам да болады.
Тоқсаныншы жылдардың басыда жеткілікті. Әке-шешеме дЖынды-дЖынды «экономикалық» кеңестер беріп қайтсам болғаны. Сол кеңестердің арқасында осы заманның рахатына бөленіп жүрер едім.
MickThatsMyNick
Гастаның коменті не, посты не  
мен ештеңе де өзгертпес едім, мен уақыт машинасымен болашаққа саяхаттар едім.)
Gastarbaiter
Енді жазбайм олай. Ауру ғой нақ, бала күнімде бір кино көрсем бүкіл ауланың бандасына бүге шүге спецэфекттерімен айтып бермейінше тынышталмайтынмын.
Әне тағы кеттім… Стоп стоп ойбай төрт ақ әріп СТОП! ©