В тобы
Топтық кезеңде бейтарап жанкүйерлердің назарын жаулайтын В тобы болатынына күмән жоқ. Мамандардың пікірінше дат футболшылары үшін бұл турнир топтық кезеңмен аяқталады. Негізгі талас қалған үш құраманың арасында өтеді.
Голландия
Голандия футболшыларының есімдері кез-келген қарсыластың көңіліне үрей ұялатады. Ван Перси, Снейдер, Ван дер Ваарт, Роббен, Хунтелаар. Шабуылдаушы топ кез-келген қамалды бұзып өте алады. Ал, Ван Боммель, Найджел Де Йонг секілді орталық жартылай қорғаушылар қарсыластан допты аяғымен қоса жұлып алуға дайын. Оларға Люк Де Йонг, Кевин Стротман, Джетро Виллемс секілді жастарды қосқанда, кез-келген жаттықтырушы армандайтын команда дайын. Бірақ, жоғарыда аталған шебер ойыншылардың көпшілігі кез-келген уақытта жарақат алып, қатардан шығып қалуы мүмкін. Голландияның ең әлсіз тұсы да осы. Команданы істен шығып қалу қауіпі жоғары Ван Перси, Снейдер, Ван дер Ваарт, Роббендерсіз елестетсеңіз, тек жағаңызды ұстау қалады.
Дания
Дания құрамасы осы турнирдегі әділ бағасын алмаған командалардың бірі. Сарапшылар олардың өз тобынан шығатынына сенбейді, алайда, дат футболшылары іріктеу сынында Португалия құрамасын шаң қаптырып кеткен болатын. Ендеше, ауызбіршілігі мықты, тәжірибе мен жастық жалын үндескен Дания құрамасынан сенсация күтуге болады. Әсіресе Аякстың жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксеннің ойынын зейін салып қарау керек.
Құраманың ардагерлері Ларс Якобсен, Кристиан Поульсен және Деннис Роммедаль үшін бұл Европа чемпионаты соңғы халықаралық турнир болуы мүмкін. Сондықтан олар да, қартайғанда айтып жүретін әңгіме болуы үшін аянып қалмайды деген ойдамын.
Германия
Германия құрама командасы өз тобының ғана емес, жалпы турнирдің бас фавориті. Іріктеу сынында неміс машинасының қарқына ешбір қарсыласы төтеп бере алмады. Қазақстан құрамасы оларға екі матчта 7-0 есебімен жеңілді.
Бундестим турнирдің ең жас командасы, орташа жасы 24. Бүкіл ел үмітін артып отырған Томас Мюллер, Марио Гетце, Андре Шюрлле сынды ойыншылар бар жоғы жиырма екіде. Бірақ, осы жастық та кері әсер етуі ықтимал. Әсіресе қорғаныста Филипп Ламнан басқа көпті көрген, психологиялық тұрақты, бастысы әбден тексерілген спортшы жоқ. Дегенмен, жақында ғана Чемпиондар Лигасының кубогін қолынан шығарып алған, құрама сапындағы бавариялықтар, іштегі шерін Еврода шығаратын шығар.
Португалия
Селесау жанкүйерлер үшін ыңғайлы команда. Португалдықтар гол соғуды да, өз қақпасына гол жіберіп алуды да қатырады. Іріктеу сынында олар 27 рет гол соғып, он үш рет өздері қапыда қалды. Қақпашы мен жартылай қорғаныс футболшылары өте мықты. Европаның бас жұлдызы Криштиану Роналду ойын тағдырып бір ғана соққымен шеше алады. Алайда, қорғаушылар мен шабуылшылар мұндай шеберлік таныта алмауы мүмкін. Бір сөзбен, құрамада әлі де баланс жоқ.
(Роналдудан әдемі емес пе?! )
Әрине қағаз бетінде Голандия мен Германия айқын фаворит. Бірақ, есеп-қисап, болжам-сенім, бәрі-бәрі алаңда әдірәм қалатыны хақ. Немістерді ширек финалда көретінімізге күмәнім жоқ. Ал екінші орынмен, романтика үшін Данияның шыққанын қалар едім.
Ойындар кестесі:
09.06.2012 22:00 Голландия — Дания
Стадион: Металлист, Харьков (UKR)
10.06.2012 00:45 Германия — Португалия
Стадион: Арена Львов, Львов (UKR)
13.06.2012 22:00 Дания — Португалия
Стадион: Арена Львов, Львов (UKR)
14.06.2012 00:45 Голландия — Германия
Стадион: Металлист, Харьков (UKR)
18.06.2012 00:45 Дания — Германия
Стадион: Арена Львов, Львов (UKR)
18.06.2012 00:45 Португалия — Голландия
Стадион: Металлист, Харьков (UKR)
акел құманды....
(Осыны жазу үшін архив ақтардым әкессс )
Фигу, Нуну гомеш, Манишелердің кезінен бастап солай. Әсіресе, Гомеш ұнайтын еді. Еуро-2000-дажартылай финалда Франциямен тең ойнап жатып, Шавьердің кесірінен пенальти алып, жеңіліп қалғанда жәмән өкініп едім.
Қазір де сорлы емес Португалия. Қақпашы Эдуардуға сенімдімін. Өткен мундиальда Испания әзер жеңген-ді. КриРО жанын салып ойнауға тиіс. Мейрелеш «Челсиде» бекер жүрген жоқ қой, опыт жетет. Нани, Пепе… маңдайалды клубтардың негізгі құрамында.
Алға, Португалия. Эйсебионын көзі тірісінде қолына кубокты ұстатыңдаршы…
Голдар: Казарян 6, Казарян 36, Мовсисян 41
ал Испаниянікі 3.5 Голландия 6.85
қай топта гол көп соғылады деген де бар. А мен Д топтарында гол аз соғылады деп күтілуде.
ең аз және ең көп гол соғатын командаларға да бәс тігуіңізге болады. ең аз соғатын құрама деп қазір Ирландияны атап отыр букмекерлер, оларға берілген кэф 4.
үздің мергендердің коэффициенттерін Гомес пен Ван Перси бастап тұр.
Баяғыда Қазалыдағы біраз таксисттердің нанын жүргізіп еді.
Голландия Данияны ұтады. Есеп мөлшермен 2 доп айырмашылығы. Мүмкін 3-1 немесе 4-2 болатын шығар.
Ал немістер Португалияны минималды есеппен ұтады. 1-0 немесе 2-1 болады.
Очм топтан бірінші орынмен немістер, екінші орынмен Голландия шығады. Сәйкесінше немістер чехтармен, голландия орыстармен кездесетін шығар ширек финалды.
Қайдан екені белгісіз Турция алғааааа дейді мына жақта қазақтың қыздары.)))
Голдарды соққан: Микаэль Крон-Дели '24
Голландия құрамасы: Стекеленбург — Ван дер Вил (Куйт, 85), Хейтинга, Влаар, Виллемс — ван Боммель, де Йонг (Варт, 72) — Роббен, Снейдер, Аффелай (Хунтелар, 72) — ван Перси
Дания құрамасы: Андерсен — Якобсен, Кьяер, Аггер, Симон Поульсен — Цимлинг, Эриксен (Шене, 74), Квист, Роммедаль (Миккельсен, 84), Бендтнер, Крон-Дели
Бас төреші: Дамир Скомина (Словакия)
Голдарды соққан: Марио Гомес '72
Германия құрамасы: Мануэль Нойер — Жером Боатенг, Матс Хуммельс, Хольгер Бадштубер, Филипп Лам — Сами Хедира, Бастиан Швайнштайгер, Месут Озил (Тони Кроос, 87), Томас Мюллер (Ларс Бендер, 90+2), Лукас Подольски — Марио Гомес
Португалия құрамасы: Руи Патрисиу — Жуан Перейра, Бруно Алвеш, Пепе, Фабио Коэнтрао — Мигель Велозу, Жоао Моутиньо, Рауль Мейрелеш (Сильвестр Варела, 79) — Нани, Криштиано Роналдо, Элдер Поштига (Нельсон Оливейра, 70)
Бас төреші: Стефан Ланнуа (Фғанция)
көреміз 3 турдан кейін қалай болатынын
алдын ала рахмет!!!
үйде телезебір жоқДанные ставки Сумма
17.06.2012 14:01:57 #4475. Экспресс (Коэф.: 3.46). Выплата: не рассчитана…
Дата Команда 1 — Команда 2: Исход Коэф. Статус
18.06.2012 00:45:00 Футбол. Чемпионат Европы 2012. Польша-Украина. Статистика. Замены Дания — Замены Германия:
Замены Германия замен (2.5) бол 1.3 Не рассчитано…
18.06.2012 00:45:00 Футбол. Чемпионат Европы 2012. Польша-Украина. Статистика. Замены Португалия — Замены Нидерланды:
Замены Нидерланды замен (2.5) бол 1.3 Не рассчитано…
18.06.2012 00:45:00 Футбол. Чемпионат Европы 2012. Польша-Украина. Статистика. Офсайды Португалия — Офсайды Нидерланды:
Тотал Офсайды Нидерланды (1.5) бол 1.3 Не рассчитано…
18.06.2012 00:45:00 Футбол. Чемпионат Европы 2012. Польша-Украина. Статистика. Угл Дания — Угл Германия:
Победа второй 1.5 Не рассчитано…
Бонус 1.05 Не рассчитано…
ал голландықтар роналдуды балмұздақсыз қалдырып, жылататын сияқты)))
Голландия, бірінші кезекте жаттықтырушының кесірінен ұтылды деп ойлаймын. Хунтелаа мен Ван Персидің арасында салқындық барын бүкіл әлем сезіп отыр, Марвейк, құраманың тағдыры шешілетін ойында екеуін бірге шығарады. Атағынан ат үркетін ойыншыларды алаңға шығарсас бірден жеңіске жетемін, деп ойласа керек. Болмады. Ал, скамейкада бір атарлары бар жастар толып отыр еді. Люк Де Ионг, Нарсингх, Стротман… Эххх, ең болмаса тұяқ сермеп қалар еді, бұл жігіттер. А так голландия ашымаған қымыз сияқты болып кетті. Ішкің келеді, бірақ дым дәмі жоқ, іш өтіп кетуі де мүмкін.
Португалия Роналдуға рахмет айтып жатқан шығар. Әйтпесе, бұлардан да команда көре алмадым. Әркім өз бетімен ойнайды. Бірақ, әңгіме жоқ, Роналдуды плей-оффта көретініме қуаныштымын.
Даниялықтарға бірінші турдан-ақ бүйрегім бұрып тұрды. Нағыз команда. Тіпті механизм деуге болады. Бағыты бар, ойы бар, нені қалай істеу керектігін білетін команда. Әттең, шеберлік жетпей қалды.