Сенбистің туған күні

Жаңа медиаға қатысы бар «тусовкалардан» бұл «сенбистің» кейпін, бет-ажарын, түрін, бейнесін, әлпетін, жүзін, силуэтін көрмей қалу — ғылыми-фантастикалық қиялдар қатарынан.
«Ювижнда» жүргенімде Ертай дейтін фамилиясын ертіп алған бір қолданушы музыкаға байланысты бір камент тастап кеткен-ді. Оффлайн кездесуім өткендегі Блокемптың алдында жиі өтетін минибар кезінде болды.
«Мен — Димашпын» деп едім, бұттан кетіп «Уахахахаха, білемін ғой» дегені бар еді сол кезде. Сөйтсем, Жалғас үшін онлайн өмір мен оффлайн өмір бытысып, матасып, қабысып, жанасып кетіпті, яғни менің Фэйсбуктағы, т.б. жерлердегі оның «досы» болуым шартты түрдегі достық болып саналмайды екен. Олай болса, әлеуметтік желінің аталары мақсаттарына жетті…
Ал, Жалғас, мына
Терлеп-тепшіп, бірақ жақсы көріп істейтін қызметің, сенімді достарың, ақ-адал жарың болсыншы, бәрі құрысын…

Тілектің таяғын толпаға лақтырдым, білмеймін, кімге тиерін

Жалғас, шын жүректен құттықтаймын! Сені жақсы көреміз.
Кәмелеттікжасың құтты болсын. Реалдағы өміріңе де, виртуалдағы өміріңе де табыстар мен сәттіліктер тілеймін. Ішер сыраң таусылмасын, жейтін чечелің бітпесін. Түбінде адам болатыңа сенемін, сол мақсатыңның жолында кез-келген кедергіні оңай жеңуге қажетті қажыр-қайратың таусылмасын.… деп жылап жіберген дисің
Кешке қызың былай силығымен келіп тұрсын.