Қайшылық
Жайраң қағар сәттері бар мұңның да,
Жәудіркөзім жалған емес, тоқ күлсең.
Бір әкенің қызы болып тудың да,
Бір ақынның өлеңі боп кеттің сен.
Серуендесек екеумізді қимай бақ,
Мұңға батып кетуші едің әз үндім.
Бір сорлының маңдайына сыймай қап,
Бір бақтының маңдайына жазылдың.
Тағдыр солай заманыңды жазғырма,
Кемдік етсем, кермиығым кешіргін.
Бір жүрекке есіміңді жаздың да,
Бір жүректен есіміңді өшірдің.
Көшесімен жүрсең-дағы қаланың,
Көңілімді өміріңе жол қылдың.
Бір жанардың тұтаттың да алауын,
Бір жанардың қоламтасын сөндірдің.
Болмысына еніп кеткем тек күздің.
Көкейімді жегідейін кемірді ой.
Өкпе айтуға қақымыз да жоқ біздің,
Қайшылықтан құралатын өмір ғой.
Жәудіркөзім жалған емес, тоқ күлсең.
Бір әкенің қызы болып тудың да,
Бір ақынның өлеңі боп кеттің сен.
Серуендесек екеумізді қимай бақ,
Мұңға батып кетуші едің әз үндім.
Бір сорлының маңдайына сыймай қап,
Бір бақтының маңдайына жазылдың.
Тағдыр солай заманыңды жазғырма,
Кемдік етсем, кермиығым кешіргін.
Бір жүрекке есіміңді жаздың да,
Бір жүректен есіміңді өшірдің.
Көшесімен жүрсең-дағы қаланың,
Көңілімді өміріңе жол қылдың.
Бір жанардың тұтаттың да алауын,
Бір жанардың қоламтасын сөндірдің.
Болмысына еніп кеткем тек күздің.
Көкейімді жегідейін кемірді ой.
Өкпе айтуға қақымыз да жоқ біздің,
Қайшылықтан құралатын өмір ғой.
Үйірді-ау қамшыны бір.
Жүрегім, салшы дүбір.
Сені ойлап жанарымнан,
Үзілді тамшы-ғұмыр…
Еһ, кермиық қыз!» (Бауыржан Әліқожа)
(кей жерде «кермиық шал» дейді, түсініксіз)
Иығын керіп жүретін қыздарға арналса керекті бұл сөз. Өлең жақсы шыққан.
Гаста баяғыда жазған еді барлығы Нұрғиса сияқты сөйлеп кетсе, қызық болмай қалады деп…
Қайталағыш болмаса да, ондай персонаж уже бар да бізде. Сол! Шайнап бердім ғой аж )))
Құны жоғалды осы сөздердің, сын көтермейді деп ренжиміз еще.
Аяма, Ая, аяма!
дегің келеді ғой? :)
оқырманыңыз Мәди Емберген, «Лао Цзы» пәлсапалық курстарының тыңдаушысы.
Сосын көбі «Ыбрай, Мұхтар, Абайлар туып өскен, Мағжан, Сәкен, Жұбандар жырлап өткен, Кең даланың баласымын, Қайрат пен Ләззаттың інісі, Алты алаштың ұрпағымын!» деген стильде жазып, әруақтарды әрі бері аунатып, тушеге түсіріп жатады.
Орта есеппен қазақтың жас ақындары әрі кетсе, эволюциясы итаяқ жалағанмәймөңке жағымпаз а-ля патриоттық өлеңдерін бір-екі рет жазып көреді. Қолдауға ие болып, арқасынан қағып, бай-болыстың итаяғын қаспақ бұйырса, бірыңғай соны жырлайтын боп алады. Бітті.