Сенбі (22.01.2011) сағат 18.30 мына жерде боламыз

«Медианет» Халықаралық Журналистика Орталығының кеңсесінде жиналамыз. Осы аптадағы істерімізді қорытындылап, келесі аптаға істерімізді жоспарлаймыз.


Тотының "Іздеп келген бала арман" жазбасын оқып, өзімнің армандарым есіме түсіп кетті… Солардың ішіндегі ең тәттісі — қаламгер болу еді. Республикалық "Ұлан" газеті, «Ақжелкен» журналдарына өлең, мақалаларымды үздіксіз жіберіп тұратынмын. Бірсыпырасы жарияланды да. Бірақ "Ұланның жас тілшісі" деген куәлікке қолым жетпей-ақ кетті. Мектептің соңғы жылдарында жазуды мүлдем қойып кеттім. Мамандық таңдау барысында ойлана келе ортақол журналист болғанша, ортақол технарь болсам, елге пайдам көбірек тиер деген желеумен «Есептеу техникасы» мамандығына оқуға түстім. Әлі де сол мамандығым бойынша оқуды жалғастырудамын. 




Бұл ерекше бұғыны малшылар байқаған еді. Ол Керинея тауларының жартасында басын биікке шалқайтып тұрды. Бұғы өте әдемі болатын: терісі Гелиос шапағымен жез секілді алаулап, ал мүйізі таза алтыннан жасалғандай жарқырап тұрды.