Қарттарым есен-сау жүрші...

Ауылда өскен бала болғандықтан ба, әлде жасымнан шалдың баласы болып (әкемнің әкесі, яғни атам)атының артына мінгесіп ауызашар, түрлі жиындарға барып өскендікі ме екен маған өз қатарымның әңгімесі көп қызық бола бермейтін. Үлкендердің айтқан әңгімелері әлі күнге есімде. Әттең, сол кезде бала болыппыз. Әңгімелерінің барлығын қағазға түсіре беруім керек еді.Қазір ойлап отырсам көп адамдарды көріппін. Біздің бір жамағайынымыз Бейімбет Майлиннің кенже қызы Розаға үйленген екен. Сол екі кісіні де көзім көрген еді. 60-шы жылдары Қытай асып келген туысқандарымыз да болған Біреуі тіпті қытай өкіметіне қызмет еткен полковник шеніндегі ақсақал еді.Кейінірек ҰҚК есебінде де тұрыпты дейді.Ол кісі қайтыс болған соң балалары жазбаларын жоғалтып алыпты. Шежіре жазумен айналысушы еді.Соғыс ардагерлерінің әңгімелері қызық болушы еді.Қазір ауылда көзі тірі ардагер жоқ. Қазір ауылға барсам шалдардың таусылып бара жатқанын көріп ішім ашиды. ашитын себебі бұл кісілерден соң жөні түзу шалда жоқ. Ауылда ең үлкен ақсақал 80 жастан асып отыр. ептеп ақыл-есін жоғалта да бастапты. Ол кісіден соң біздің аталар, жастары жетпістен асқандар. Бұл кісілердің өзі 5-6 ау қалыпты. 50-60 жас аралығындағы шалдарға көңілім тола қоймайды. Айтатын әңгімелерінің дәмі жоқ секілді.
Біз қандай шал болар екенбіз?!
Бөлісу:

6 пікір

Nurgisa
Жақсы сұрақ екен. Егде тартқанда интернетке сіңірген еңбегіңнен гөрі артыңда қалдыратын иманы берік, білімі алынбайтын қамалдай саламатты ұрпағыңмен мәртебең жоғарылайтын шығар. Кезінде өзің істегенде міндетсінбеген, бірақ жұрттың ықыласына бөленген қайырымды істерің шығар… Кім біледі, күйкі тірлікті қиқу мен лиләку күндер бір бөлек те, басқасы бір бөлек пе екен. Қазірдің өзінде титтейімізде өйтпеппіз, бүйтпеппіз деп сан соғып жатсақ, қартаюға жазса, ол кезде қаншалықты өкінер екенбіз. Оңай мәселе емес сияқты.
Erbol
Орында мәселее.Шынында да бұрындары ауылға барсаң батагөй, нағыз ақсақалдық кейіптегі қарияларды көруші едік. Қазіргі кеңес өкіметінің шекпенінен шыққан шалдарға қарасаң біртүрлі көңілің толмайды.Әңгімелері де дәмсіз. Бұрынғы ақсақалдардың көргені көп болушы еді.Ал КСРО-лық аталарымыздың көргені қолхоз, сопқоз деген дүниелер ғой.Ал бізді білмеймін. Немеремізбен агентке таласып отыратын шығармыз )))
AKY
Немерең үшін агент «ацтой» болады деп ойлайм))
Abilakim
«Мына сенің кіріп отырған „Кездесуің“ мен „Дабайыңның“ құрылғанының басы-қасында болғанбыз» деееп отырсақ)))
TOTY
50-60 жас аралығындағы шалдарға көңілім тола қоймайды. Айтатын әңгімелерінің дәмі жоқ секілді.

Рас. Кезінде тізесінен түспейтін, қазақы иісі бұрқыраған/мысалы, менің атам тымақ киетін/ аталарды сағынам.